Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық анықтамалық құжаттар»



бет1/2
Дата10.06.2022
өлшемі23.9 Kb.
#267641
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
2d303bfe-b930-47ee-9165-499c3101d47b


Сабақтың технологиялық картасы № 10


Пән: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Мерзімі: 24.01. 2022 жыл
Топ: 3 курс
Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық – анықтамалық құжаттар»


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Іс қағаздарын жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын ұғындыру. Басқарманы құжаттамамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.


Дамытушылық: Іс қағаздарды мемлекеттік стандартқа сәйкес толтыру әдістері, құжаттың стилі, оларға қойылатын талаптардың ерекшеліктерімен таныстырып, іс жүзінде жүзеге асыру. Құжаттарды ресімдеуде тиянақтылықты, нақтылықты дамыту
Тәрбиелік: Ресми құжаттарға сүйене отырып, сауатты түрде құрастыруға, құжаттарды ресімдей алуына мүмкіндік беру.


Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Көрнекілік құралдары: А) оқу-көрнекілік құралдар: сызбалар, құжаттың әртүрлі үлгілері, сөздіктер, Б) үлестірмелі материалдар: таратпа қағаздары, кестелер. В) техникалық оқу құралдары: интербелсенді тақта, слайдтар,


Пәнаралық байланыс қазақ тілі, кәсіптік қазақ тілі
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  • Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Сабақтың мақсаты ме міндетін түсіндіру.



Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
(Конспект)
Ақпараттық - анықтамалық құжаттар.
Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық-анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау мен бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.
Ақпараттық - анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар немесе түсініктемелер, актілер, әртүрлі хаттар және т.б. жатады. Олар ұйымдастыру-шылық - бұйрық құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс-әрекетке итермелегенімен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.
Анықтамалық - ақпараттық құжаттар ұйымдық - құқықтық және өкімдік құжаттарға қарағанда қызметтік рөл атқарады. Оларда өкімдік құжаттардағы-дай тапсырма болмайды, міндет жүктемейді, тек белгілі бір мәселелер бойынша шешім қабылдауға итермелейтін мәліметтер болады, яғни басқару ісіне байланысты тиісті шараларды қарастыруға ықпал етеді, басқаша айтқанда, басқару жолымен әсер ету әдістерінің бірін таңдауға мүмкіндік жасайды.
Анықтамалық - ақпараттық кұжаттардың бір ерекшелігі - олар басқару жүйесі бойынша төменнен жоғары: қызметкерден бөлімше басшысына, бөлімше басшысынан ұйым басшысына, ведомствоға қарасты ұйымдардан жоғарғы орындарға қарай жүреді.
Ақпараттық - анықтамалық құжаттардың қатарына:

  1. Хаттар. Оның ішіне келесі хат түрлері жатады:қызметтік, ілеспе, хабарлама, жарнамалық, шақыру, растау, ескертпе, кепілдік беру, бастама, коммерциялық, жауап хаттар.

  2. Актілер

  3. Баяндау хат (докладные записки)

  4. Түсініктеме

  5. Факстер және электрондық пошта

  6. анықтамалар

  7. сенімхат: ресми және жеке

  8. телефонограммалар жатады

  9. іскерлік хат

Іскерлік хат - кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы әлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат аркылы алдын - ала келіссөздер жүргізіледі, кәсіпорындар арасындағы қарым - қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады.
Хатты жылдам әрі сауатты дайындау үшін қазіргі кездегі ресми хат-хабар стилін және оған қойылатын талаптарды білген жөн.
Қызметтік хаттар - бұл іс құжаттарының ең көп тараған түрі. Хат басқа кәсіпорынмен немесе мекемелермен әртүрлі мәселелер бойынша жедел байланысу үшін жасалады.
Хат мазмұны және мақсаты бойынша ақпараттық, кепілдік, рекламаңиялық (наразылық), коммерциялық, сұрату-хаттар, шақыру хаттар және т.б. болады.
Ақпараттық хаттар хабарлау, өтіну, есіне салу, ұсыныс және т.б. тұрады.
Кепілдік хаттар ақы төлеуге, жеткізу мерзіміне немесе өнім мен қызметтің сапасына кепілдік беру туралы хабарлауға арналған.
Рекламациялық (наразылық) хаттарда келісім-шарттың немесе шарттардың талантарын басқа тараптың (контрагент) бұзуы салдарынан шеккен зиянды өтеу талаптары баяндалады. Рекламаңия хатқа қоса берілетін акті, анықтама және т.б. тұріндегі құжаттармен расталуы тиіс.
Коммерциялық хаттар келісім-шарттар жасау және орындау кезінде жазылады, оларда негізінен тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат ұсыну немесе керісінше тауарлар мен қызметтер ұсыну туралы өтініштер жазылады.
Сұраныс хаттарда контрагенттен қандай да бір фактіні немесе әрекетті түсіндіру сұралады. Қызметтік хаттарды ресімдеу ережесі

  1. Қызметтік хаттар хатқа арналған бланкіде ресімделеді, оның жалпы бланктен айырмашылығы онда кәсіпорынның почталық және банктік деректемелері болады.

  2. Қызметтік хаттың құрамына мынадай деректемелер кіреді:

  • адресат;

  • күні;

  • құжаттың индексі;

  • мәтіннің тақырыбы;

  • мәтін;

  • қосымшаның бар екендігі туралы белгі (бар болса);

  • қолы;

- орындаушының аты-жөні мен телефоны.

  1. Хат тек бір нәрсе туралы ғана жасалады, мысалы, бір нәрсе туралы өтіну немесе хабарлау. Бірнеше мәселе - өтініш және бір нәрсе туралы хабарлау - қозғалған хаттарды өңдеу қиын, өйткені әр түрлі мәселемен әр түрлі орындаушы айналысады. Сондықтан әрбір мәселе бойынша жеке хат жасаған орынды.

  2. Іскерлік хаттың ұсынылатын көлемі - 2 беттен аспағаны жөн (кейбір жағдайларда - 5 бетке дейін).

  3. Хат екі данада ресімделеді, хаттың тұпнұсқасы мекеменің бланкісінде басылады, ал көшірмесі ғана стандартты қағазға басылады. Көшірме данасына бастық қол қоймайды, оны хатшы растайды.

  4. Қызметтік хат мекемеге, оның құрылымдық бөлімшесіне, нақты лауазымдық тұлғаға немесе жеке адамға жіберілуі мүмкін. Егер хат мекемеге жіберілсе, онда адресаттағы мекеме атауы атау септігінде жазылып, лауазымды адамның аты-жонін - барыс септігінде жазылады.

ҚР Әділет министрлігі Заң басқармасы немесе ҚР Әділет министрлігі Заң басқармасының бастығы А. Омаровқа Адресат атауынан кейін оның почталық мекен-жайы көрсетілгені жөн:


ҚР Әділет министрлігі


Заң басқармасының бастығы
А. Омаровқа
480035,
Астана Кенесары к-сі, 12-үй



  1. Егер бір мазмұндағы хат бірнеше адресатқа бағытталған болса, алдымен негізгі алушының мекен-жайы, содан кейін басқалары тізіледі. Бір хатта Адресаттар деректемелері тортеуден аспауы керек. Егер құжат тортеуден көп адресатқа жіберілетін болса, тарату тізімі жасалып, әрбір данада нақты дана жіберілетін бір адресат корсетіледі.

  2. Хаттар мен факстерде құжат түрінің атауы көрсетілмейді. Хаттың тақырыптық бөлігіне мынадай деректемелер ресімделеді: егер жауап хат болса, Күні, Индексі және хаттың нөмірі мен күніне сілтеме ресімделеді. Хат мәтінінің тақырыбы барынша кысқа және нақты болуы тиіс. Ол әдетте былайша ресімделеді: өзгерістер туралы, КҰРУ туралы, өткізу туралы, т.б.мазмұны 4-6 жолдан аспайтын хаттарға тақырыпша ресімделмейді.




  1. Хаттың мәтінін екі бөлікке - кіріспе және негізгі бөлікке - бөлген жөн:

  • кіріспе бөлікте хат жазуға себеп болған нәрсе көрсетіледі, хаттың нөміріне, күніне, кұжатқа сілтеме жасалады;

  • негізгі бөлікте хаттың негізгі мақсаты тұжырымдалады.

Мысалы:
Кіріспе бөлік: « »
Негізгі бөлік: « »
Көпшілік қызметтік хаттардың кейбір сөз орамдары бірдей болып келеді, оларды меңгеріп алған соң, әр түрлі хаттарды оңай құрастыруға болады.

  1. Қолы деректемесін ресімдеу жалпы талаптарға сәйкес жүргізіледі.

  2. Орындаушының фамилиясы мен телефоны деректемесі бланктің беткі немесе екінші жағының төменгі сол жақ шетіне орналастырылады.

Әр хаттың өзіндік мақсаты бар, сондықтан ол осындай мақсатқа қол жеткізетін үлгіде жазылуы тиіс.
Сыпайылық пен дәлдік іскерлік хат-хабарлардың ажырамас бөлігі болып табылады. Маңызды мемлекеттік қайраткерге жазылған хаттардың мәнері әдеттегідей іскерлік хаттарға қарағанда ресми және құрмет білдіру сипатыида болғаны жөн.
Іскерлік хаттарды дайындау барысында мына жайды есте ұстау керек, хаттар арқылы оларды жазып отырған адам ғана емес, оның артында тұрған ұйым да бағаланады. Нәтижесінде хат адамға немесе ұйымға жақсы бедел әкеледі немесе керісінше болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы