Сабақтың тақырыбы: Алып планеталар Сабақ/ оқу мақсаттары: Білімділік мақсаты



Дата20.01.2023
өлшемі20.99 Kb.
#417576
түріСабақ
Байланысты:
2 курс 10.02.202222
vozrastnaya psihologiya 1, vozrastnaya psihologiya 1, vozrastnaya psihologiya 1, proekt obrazov kredit, 2 курс 19.02.2022, 2 курс сабақ жоспар 07.02.2022, 1 курс 08.02.2022, 1 курс 14.02.2022, 11 сынып Қазақстан тарихы билеттері

Күні:

10.02.2022

«Бекітемін»




Курсы:

ІI

Қармақшы аграрлы-техникалық колледж




Тобы:

Ас-20/9

директорының оқу- ісі жөніндегі










орынбасары: Г.Аралбаева

















Сабақтың тақырыбы:
Алып планеталар
Сабақ/ оқу мақсаттары:

  1. Білімділік мақсаты: Студент білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Алып планеталар таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Студенттің білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабаққа қажетті:
Көрнектілігі: Оқулық,плакат
Сабақ беру әдісі: Кесте толтыру
Сабақ түрі: Жаңа сабақ


Сабақ/оқу барысы

Реттік №

Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Журналға белгі соғу.
Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Күн жүйесіндегі планеталар неше топқа бөлінеді? (жер тобы планеталары, алып планеталар)

  2. Күнге өте жақын орналасқан планета (Меркурий)

  3. Меркурийдің беткі жоғарғы температурасы? (4000С)

  4. Жерге ұқсас планета. (Шолпан)

  5. Шолпанның жоғарғы температурасы? (5000С)

  6. Алғаш рет Шолпанға ғарыштық станса қай жылы қондырылған? (1970ж. «Венера – 7»)

  7. Тіршілігі бар планета (Жер)

  8. Күн жүйесінде Марс нешінді орында? (4)

  9. Күнге жақынырақ орналасқан планеталарды ата. (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс)

  10. Алып планеталарды ата. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)

Адасқан объектіні сәйкестендір.
1. Ең ыстық Шолпан 4620 С
2. Ең суық Плутон шамамен 2350С
3. Ең жылдам Меркурий 172 000 км/ сағ
4. Ең алыс Плутон телескотан ғана көрінеді
5. Ең тығыз Жер судан 5 есе тығыз
6. Ең алып Юпитер



3



Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру



Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Алып планеталармен танысамыз. 



  1. Шолпанда жыл маусымдарының ауысуы бар ма?

  2. Неге адамдардың бірінші экспедициясы Марсқа баруы керек?

  3. Неге Жер бетінде метериттер соққыларының ізін табуға болмайды?

  4. Плутон мен Харонды «қос планета» деп атауға бола ма?

  5. Меркурийде айқайды естуге бола ма?

  6. Марс аспанынан Күн қалай көрінеді?

АЛЫП ҒАЛАМШАРЛАР
Алып планеталардың ерекшеліктері. Төрт алып планетаның бәрінен жақсы зерттелгені Юпитер. Бұл әлгі топтағылардың ең үлкені, бізге және Күнге ең жақыны. Юпитердің айналу өсі оның орбита жазықтығына перпендикуляр дерліктей, сондықтан онда жарықталынудың маусымдық өзгеру шарттары болмайды.
Алып планеталардың бәрінің де өсінен айналуы едәуір шапшаң, ал тығыздығы аз.
Барлық алып планеталар ұланасыр қалың атмосферамен қоршалған, бірақ біз тек олардың ішінде экваторына параллель болып созылып жатқан жолақ-жолақ бұлттарды көреміз, бұл олардың тез айналуынан болады.
Алып планеталар Күннен алыс болғандықтан, олардың температурасы (кем дегенде бұлттарының үстіндегісі) өте төмен: Юпитерде - 145°С, Сатурнда - 180°С, Уран мен Нептунда одан да төмен.
Алып планеталардың атмосфералары негізінен молекулалық сутегінен тұрады, онда тағы метан СН4 бар және гелий көп болуы ықтимал, ал Юпитер мен Сатурнның атмосферасында және аммиак 3 бары анғарылады.

4

Өтілген сабақты(материалды) бекіту

  1. Жер тобындағы планеталардан алып планеталардың айырмашылығы неде?

  2. Алып планеталар атмосфераларында күшті дауылды желдердің болу себептері неде?

  3. Уран планетасы неге көгілдір жасыл түсті?

5

Үйге тапсырма

Алып планеталар

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Студенттердің білімін тексеріп бағалау


Физика пәнінің мұғалімі: Қ.Ибрагимов

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет