Сабақтың тақырыбы Ақиқатты іздеу жолында Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/2
Дата20.05.2022
өлшемі58.5 Kb.
#256417
түріСабақ
1   2
Байланысты:
М.Сағындықова сабақ жоспары
Вебинар 24.02.2022, тексерілді 1сынып 25 сабақ, Ұлттық құндылықтар негізінде руханилық, перевод Час самопознание 1и 2, Stop bullying me
1. Ақиқат дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Ал ақиқат білім деген, сенің ойыңша, қандай білім?
3.Адамға ақиқат білім не береді? Ол не үшін қажет?
4. Кейбір адамдар білім алмай-ақ жақсы тұрмыста өмір сүреді. Оған көзқарастарың қандай? т.б.

Оқушылардың жауабын тыңдап, бір-бірімен пікір алысқан соң, мұғалім, өзі қорытынды жасайды.


Дәйексөзді талқылатқанда мұғалім ақиқат, ақиқат білім деген ұғымдардың мәнін ашып, оның адам өмірін бағалауға, тұрмыс құруға үйретіп, жол сілтейтін рөлін, білім алудың ешқашан да кеш болмайтындығын, өмір бойы білім алып, оны көтеру қажеттілігін, қазіргі уақыт талабының осындай екендігін ұғындырады.
Дәйексөзді қайталатып айтқызады, дәптерге жаздырады.
Дәйексөз бойынша түсініктерін кеңейтеді.
Нақыл сөздің авторы туралы қысқаша ақпарат береді.

дәйексөзді қайталайды, дәптерлеріне жазады.
Өз түсініктерін ашып айтады.
Нақыл сөздің авторы туралы қысқаша ақпарат алады.

Презентация.
Жұмыс дәптері.
Шоқан Уәлиханов – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым, ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф және фольклоршы. Шоқанның өмірі мен қызметі жайында Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз», Нұғыман Баяндиннің «Дала жұлдызы» т.б. көптеген еңбектер, көркем әдебиет туындылары жазылып, кинофильмдер түсірілген.

Оқиға айту, әңгімелесу
(7-8мин)

а) Оқушыларға «Дара тұлға. Әл-Фараби» мультфильмін көрсетеді.
ә) Фильм бойынша берілген тұжырымдар негізінде құндылық пен қасиеттердің ашылуына бағыт берерлік талдау жұмысын жүргізеді.
1.Әл-Фараби өте зерек, білімге құштар болды.
2.Әл-Фарабиді «Әлемнің екінші ұстазы» деп атайды.
3.Әл-Фараби 70-ке жуық тіл білген.
4. Ұлы ойшыл ежелгі грек ғалымдарының күрделі еңбектерін зерделеді.
5.Көптеген ғалымдар шығыс әдебиетімен, мәдениетімен әл-Фараби шығармалары арқылы таныс болды.
6.Әл-Фараби шығыс пен батысты жалғастырған алып көпірге айналды.
7.Адам үшін ақиқат білімнің, өмір бойы ізденудің маңыздылығы, өзін-өзі кемелдендірудің жолдары.

а)мультфильмді тамашалайды.
ә)Ұсынылған тұжырымдарды одан әрі өрбітіп, ақиқат құндылығы мен адалдық, шынайылық, жауапкершілік қасиеттерін ашатын терең ой-пікірлерін ортаға салады.

https://www.youtube.com/watch?v
=r7iGPUsVbxQ&t=5s
3мин.40 сек.

5. Шығармашы-лық жұмыс
(15-20 мин)

оқушыларды 3 топқа бөліп, оларға төмендегідей тапсырманы орындатады.

1-топ. «Шын білім... әрдайым ақиқат, анық болатын білім» ( Әл-Фараби) тақырыбы бойынша постер жасап, қорғаңдар.


2-топ: «...Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек»(Абай). тақырыбында постер жасап, қорғаңдар.
3-топ. «Бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану (Шәкәрім) тақырыбында постер жасап, қорғаңдар.

Оқушылар өз топтарымен берілген тапсырманы орындайды.

Дәйексөзбен байланыстыра отырып, қорытынды жасайды.



Презентация

6. Үйге тапсырма
(1-2 мин)

Жүсіпбек Аймауытовтың «Неге арналсаң, соны істе» атты шығармасынан үзіндіні оқып келуді тапсырады.

Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазады.

Оқулықтың 18-19-беттері. Күнделік

7. Топпен ән айту
(2-4 мин)

оқушыларға ақын Серік Ақсұңқарұлының сөзіне жазылған Есжан Әміровтің «Жас ұландар әнін» топта айтуды ұсынады.
Еркін елдің түлектері - жас ұландар еліміздің ары мен намысын мәңгі қорғауға, жұмақ бағындай жеріміз бен елімізді бар әлемге таныту үшін сап түзеп, алға қарай нық басуда. Ғаламның түнегін ашқан қазақтай ұлы елдің ұландары елімізді көркейту жолында ақиқат біліммен қаруланып, ән мен жырдан шашу шашып келеді.

мұғаліммен бірге үнтаспаға ілесіп, әнді бірге айтады.

https://youtu.be/z3XQKzlMAMk

8. Сабақтың қорытынды сәті
(1-2 мин)

Жағымды музыканың сүйемелдеуімен сабақтың мақсаты мен мазмұнына байланысты тілек сөздерін айтады.
Құрметті оқушылар, сабағымызды қорытындылай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: Әрбір адамның қоршаған әлемді, болмыстың мәнін танып-білуге деген ұмтылысы және игерген білімі оған адам өмірі қалыптасуының алғашқы негіздерін саналылықпен игеруге мүмкіндік беріп, ақиқатқа жетуіне жол ашады. Бұл үшін ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүру қажеттілігін есте сақтауымыз керек. Бүгінгі сабақта талқылаған әңгімеден, тамашалаған фильмнен, орындаған шығармашылық тапсырмалардан жинақтаған жақсы ойларыңды жүректеріңе терең бойлатыңдар!

Мұғалімнің қорытынды тілек сөзін тыңдап, өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қысқаша айтып өтіп, кері байланыс жасайды.

https://youtu.be/LCiAfCCwc7A

АҮДҰИ Ақпараттық технологиялар
орталығының аудармашысы
М.Сағындықова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы