Сабақтың тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»
Күні: 27.12.2022 ж
Сабақтың мақсаты:Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: мақал - мәтелдер, суреттер, ырым- тыйымдар.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Қ.Р. Гимн орындау.
2. Негізгі бөлім
1) Кіріспе әңгіме
«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.
Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )
Ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Суреттер бойынша әңгімелету.
- Балалар енді мына суретке назар аударайық. Жаңа аталған адамгершілік қасиеттерінің қайсысын көруге болады?
Адамгершіліктің қарапайым қағидалары: қамқорлық, амандасу, тілін сыйлау, мейірімділік, дінін саттау, үлкенді құрметтеу, Отанын қорғау.
Үлкен адамға сәлем беру - кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем ермей кетсе, ол - әдепсіздік, көргенсіздік.
Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау - халықтық дәстүр, әдеп. біз осы адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз..
Сондай ақкүнделікті өмірде қолданылатын сиқырлы сөздер де бар, біз оны жиы айтамыз.
3. Сұрақ-жауап.
- Балалар біз жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру үшін үлкендердің ақылына құлақ түреміз.
1. Адамға ақыл беретін кімдер? (ата-ана, дос, ұстаз)
2. Адамның ақылы қайда?
Ханнның ақылы тағында,
Әкімнің ақылы жанында,
Ғалымның ақылы басында,
Ананың ақылы жасында,
Жігіттің ақылы жақсылығында,
Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.
3. Дос табу оңай ма?
Өмірде ақылдыға дос тау қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп. Ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ адамның қастығы аяқ астында жатады.
4. Үйдегі алтын қазық кім?
Үйдегі алтынқазық – ана. Ана ақылды болса, ала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәриесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың.
5. Өмір сүру үшін не қажет?
Адам өмір сүруі үшін – су, от, тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл – мәнін береді.
6. Достықты нығайтатын не? Достық пен жолдастықты нығайтатын ынтымақ, ірлік, теңдік, бауырмалдық. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рақмет те айта алады. Жөн сөз көңіліңді көтереді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |