«Сабақтан соң мен... жасағым келді»;
«Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»;
«Мен... орындадым»;
«...қызықты болды»;
«...қиын болды»;
«...мен түсіндім»;
«Енді мен ...»;
Үйге тапсырма.
13-тапсырма. Ұлылардың құқық және бостандық туралы айтқан пікірлеріне сілтеме жасап, эссе жазу. Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолдан.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау
|
Бағалау
|
Денсаулық және қауіпсіздік
|
Сабақтың өн бойында саралап оқытуда әрбір оқушының жеке қажеттілігіне сәйкес әдіс-тәсіл дерді іріктеп қолданамын.
Тақырыптағы негізгі ақпарат тарды шынайы өмірмен байланыстыра алады. «Адам құқығы мен бостандығы» тақырыбында жинақы мәтін жазады. Жазылым барысында салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратады. Оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында сараланған тапсырмалар беремін.
|
Сабақ барысында оқушылардың бірлескен жұмыстарын бағамдау үшін «Мадақтау», «Үш шапалақ», «Бас бармақ», «Күн! Тас! Қоршау!» әдістері арқылы ынталандырылып, бағаланады.
Оқушының оқу жетістігіне жеткенін білу үшін бағалау критерийі мен дескрипторы ұсынылады. Сабақта оқушылардың ішкі уәжін ояту, алға ұмтылуын қамтамасыз ету мақсатында кері байланыс жүргізіп отырамын.
|
Сынып тазалығы мен оқу құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
Жоспарлау бойынша рефлексия. Сабақ мақсаттары SMART өлшеміне сай жоспарланды. Әр деңгей оқушы мүмкіндігіне қарай қолжетімді, уақытқа есептелген. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мақсатында «DEAL», «Қазымыр оқушы», «Әңгімеге негізделген жазу», «Сәйкесін тап!» әдістері қолданылады. Әр оқушының оқу мақсатына жеткенін білу үшін бағалау критерийіне сай дескрипторлар ұсынылады.
|
Ықшамсабақтың ықпалы. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруда оқу бағдарламасын басшылыққа алдым. Оқу мақсаттарына негізделген оқылым, жазылым дағдыларын қолдана, сабақ мақсаттарымды айқындадым. Әріптестер мен тренер тарапынан айтылған пікірлерді ескере отырып, сараланған тапсырма беруде әдіс-тәсілдердің тиімді түрін таңдауды үйрендім. Ұжыммен бірлесе жұмыс жасай отырып, сабақ құрылымының дұрыс құрылуына ықпал етіп, біріміздің ойымызды біріміз толықтыруға негіз болдық. Тренер кеңесін басшылыққа алдым. Жоспарлаудың маңыздылығын арттыру үшін теориялық біліміме сүйендім.
|