Сабақтың тақырыбы: «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін».
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, адал достықты қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, слайдтар, буклеттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезең.
Таныстыру
Саламатсыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің тәрбие сағатымызға ауданнан білім бөлімінен тәрбие ісі жөніндегі методисті жоғары білімді көп жылғы еңбек өтілі бар, өзіжас та әдемі басшымыз Гүлнұр Жұмашқызы және келіп отыр.
Ал енді балалар тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңбер аясында Абай атамыздың нақыл сөздерімен жақсы көтеріңкі күй қалыптастырып алайық
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан
Жігіттер ойын арзан,
Кұлкі қымбат
Еңбек қуаныш,
Жалқаулық арылмас азап
Өте жақсы, рахмет балалар.
Кіріспе
Бүгінгі « Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты тәрбие сағатымыз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. Мұндағы мақсатымыз Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздерін болашақ жас ұрпаққа үлгі өнегесін насихаттау.
. Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бабамыздың 175 жылдығын атап өттік болды демей, жыл сайын тіпті күнде ғибратты ілімін тәрбиесін өмір бойы басшылықта ұстайтынымыздың дәлелі ретінде Абай атамыз туралы тәрбие сағатымызды бастайық
ЖҮРГІЗУШІ. АРДАҚ
Армысыздар Құрметті оқушылар,ұстаздар
Абай-дара,Абай-кемел,озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа
Бар жазғаны даналық боп саналған
Жалғыздардың жалғызы ол-қазақта
Абай философ ,заңгер ,ақын, аудармашы,сазгер,дара ойшыл ,кемеңгер ,Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. .
Ал енді белсенді тақтаға назар аударайық Абай Құнанбаевтің өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық.
Достарыңызбен бөлісу: |