Білім беру ұйымының атауы
|
№115 жалпы білім беретін мектеп
|
Пәні:
|
Математика
|
Бөлім:
|
4А. Күнделікті өмірдегі есептеулер
|
Практиканттың аты-жөні:
|
Мейрамбек Б.Б
|
Күні:
|
14.04.2022ж.
|
Сынып: 1 «В»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
11-ден 20- ға дейінгі сандар. Сандарды салыстыру / Саяхатқа алатын тағамдар
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
1.1.1.2** 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру;
1.5.2.2** «+», «-», «=», «>», «<» белгілерін қолдану;
1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану;
1.5.1.6 қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:11-ден 20-ға дейін сандармен танысады,санайды.
Оқушылардың басым көпшілігі: сандарды өсу және кему ретімен жазып, амалдарды қатесіз орындайды.
Кейбір оқушылар: сандарды салыстыруды дұрыс,қатесіз салыстыра алады
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен білімді еске түсіру
|
1.Сынып тазалығына назар аудару
2.Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа керекті құрал-жабдықтарды түгендеу .
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Саған есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен,
Санды тура табатын
Математика болатын .
Математиканы оқимыз
Миға бәрін тоқимыз.
20-ға дейін 2-ден топтап санауды қайталау.Сұрақтар қойылады.
Үй тапсырмасы тексеру.
№4 97-бет.
|
•Оқушылар сабаққа керекті құрал-жабдықтарын парта үстіне шығарып қояды.
•Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып,тілді жаттықтыру және сабаққа назар аудару.
•Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру арқылы өткен білімді қайталайды.
Үй тапсырмасын тексертеді.
|
«Комментарий» әдісі арқылы
ҚБ: Дұрыс орындалған үй жұмысына ( 1 балл)
|
Сары,қызыл,жасыл житондар
|
Сабақтың ортасы
30 минут
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту (0-5)
|
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.
Ынталандыру
Біздің кейіпкерлер саяхатқа шықты.
Оқулықтағы №1 тапсырманы орындайды.
Суретке қара. Әрбір саяхатшы қанша таяқшадан әкелгенін сана. Сандарды ата.
12, 14, 11
Өсу ретімен ата.
11, 12, 14
Қайсысының таяқшасы көп?
Сандарды өсу ретімената. Сандарды 1-ге арттыр. Сандарды 1-ге кеміт.Осы сандардың көршілерін ата.
|
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.
Сандарды өсу және кему ретімен айтады. Сандарды 1-ге арттырады және 1-ге кемітеді.
Сандарды 1-ге арттыр.
11+1=12
12+1=13
14+1=15
Сандарды 1-ге кеміт.
11-1=10
12-1=11
14-1=13
Осы сандардың көршілерін ата.
10, 11, 12
11,12, 13
13,14,15
|
«Шапалақтау» әдісімен бағалайды
|
кітап,
дәптер
|
5-10
|
Өзектендіру.
Оқулықтағы №2 тапсырманы орындайды.
Есепте.
|
Есептеуді орындайды.
14 + 1=15
14 – 0=14
14–14=0 14 - 1=13
16 – 6=10
20 – 2=18
|
|
Оқулық.
Дәптер.
|
Мағынаны тану
10-15
|
Өзіндік жұмыс.
Оқулықтағы №3тапсырманы өз бетімен орындайды.20-ға дейін жұптап сана. Сандарды өсу жәнекему ретімен жаз.
|
Тапсырманы өз бетімен орындайды
|
“Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау
|
Оқулық.
Дәптер.
|
Сергіту сәті
3 минут
|
Серігу жаттығу биі орындалады.
|
Оқушылар сергіту сәтін орындайды.
|
|
Интерактивті тақта. видеоролик.
|
18-25
|
Қиындықтарды түзету.
Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындықтар туындады?
– Сендер қай жерде қателік жібердіңдер?
– Жіберілген қателіктің себебі неде?
– Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
– Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай?
(Қателіктерді түзету).
– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.
Қателікті түзету үшін оқулықтағы №4 тапсырманы орындайды.
|
Қатемен жұмыс жасайды.
Салыстыруды орындайды.
10+9>10+3 10+2=15-3
14-2<20-2
10+7=19-2
18+2>20-8
20-9=10+1
|
|
Оқулық.
Дәптер.
|
25-30
|
Өткенмен жұмыс
Оқулықтағы №5 зерттеушілік тапсырманы орындайды.
«Кел, ойнайық». Санның орнымен қатарын
жасыр. Бұл санды тапқан бала төмендегі жоспар бойынша сол сан туралы айтып берсін.
1)Біртаңбалы немесе екітаңбалы.
2)Санның «көршілері».
3) Санның құрамы.
|
Оқушылар көршісіне сан жасырады.
Мысалы: 13 саны
1) Екітаңбалы.
2) 12 мен 14 сандары «көршілері»
3) 10 ондық және 3 бірлік
13=10+3.
|
Оқушылардың жұмысы смайлик беру арқылы бағаланады.
|
Оқулық.
Дәптер.
|
Сабақтың соңы
5 минут
Рефлексия
|
«Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ баында екі түсті «алма» беріледі . Сабақ соңында оны алмаағагына ілу керек .Жасыл түсті алма -мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: Менің көңіл күйім көтеріңкі.Қызыл түсті алма-мен тапсырманы орындайды алмадым ,көңіл күйім жоқ .
Үйге тапсырма : №5. 99-бет
|
Сабақ соңында қалаған түсті алманы Алмаағашынына іледі .
|
|
«Алмаағашы» әдісі .
|