Сабақтың оқу мақсаттары


(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру



бет3/5
Дата20.01.2023
өлшемі24.03 Kb.
#417608
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1- сынып Мен сурет салам

(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру.
«Мен күнмін» (қол ұстасып, өз сезімдерін айтады).
«Мен кішентай күнмін. Мен оянамын, жуынамын. Сәулелерімді тараймын және көкжиекке көтерілемін.
Мен үлкен шармын. Менің жылуым мен жарығым көп. Мен жер бетіне және барлық адамдарға жылу сыйлаймын. Мен жылу таратамын, жер бетімен ұшамын және оны жарықтандырамын».


(Ұ) Педагог алуан түсті әуе шарларымен Сурет еліне ұшуды ұсынады.

Педагог Сурет елінде балаларға суреттер көрсетеді және олардан қандай сурет салуды ұнататындықтары туралы әңгімелеуін сұрайды.


Сурет салу кезінде нені пайдалануға болады?

Сабақтың ортасы
III.Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс.

6 – 25 минут



(Ұ) Әліппе – альбомдағы материалмен жұмыс.
Қуаныштың шарларының жіптеріне назар аударыңдар, Қуаныштан сыйлыққа қандай шарларды алғанды қалар едіңдер?
Әрбір шардың жібі не түрінде салынған? (Сызық түрінде)
Сызықтар түзу, қисық, ирек, үзік, т.б.болады.
Жіңішке сызық болу үшін қылқаламды қағаз бетінде қалай жүргізуді көрсетіңдер? Жуан сызық үшін ше? Үзік сызық үшін ше?
Бүгін біз қарапайым шеңберді түрлі заттарға айналдырамыз. Бұған бізге сызықтар көмектеседі.
Проблемалық жағдаят: шеңберді неге айналдыруға болатынын ойластыр.

Бүгін біз қандай құралдарды қолданатын боламыз?


(Қылқалам.) Бізге акварельді бояулар да қажет болады.


(К) Сергіту сәті
Сурет салу талабы,
Шабыттандырар баланы! (Жұдырықтарын ашып, саусақтарын ауада қимылдатады.)
Ашып альбом – дәптерді,
Бастаймыз сурет салуды: (Алақандарын ашады.)
Алдымен түзу сызамыз, (Қолдарымен түзу сызық салады.)
Содан соң, достым,
Кікентай шеңбер саламыз. (Білезігін қозғамай, саусақтарымен кішкентай шеңбер салады.)Міне, біз салған шеңберлерден дөңгелек ауа шары пайда болады.(Қолдарымен үлкен шеңбер салады.)Ол жоғары қарай көтеріліп, бізге қол бұлғағандай болады. (Білезіктерімен жоғары қарай ирек тәріздес қозғалыстар жасайды.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет