Сабақтың оқу-әдістемелік жоспары. Өткізілу күні: 27. 11. 2015 ж. Өткізілу орны және уақыты: №12 аудитория, сағат 10. 40-11. 25

Loading...


бет2/2
Дата09.04.2020
өлшемі156 Kb.
түріСабақ
1   2

Өзіндік жұмыс. 8 минут

Есеп №1

Жұмысшының ауысымда шығарған біркелкі өнімінің өнімділігі былайша бөлінеді:



Өнімділік, дана


40

42

45

46

48

50

Жұмысшылардың саны, адам


25

50

100

125

150

50

Бір жұмысшының ауысымдағы орташа өнімділігін, мода мен медиананы есептеңіз. Шешуі: Белгінің дискреттік мағына қатары болып және олар жиі кездескен жағдайда, белгінің орташа шамасы келесі арифметикалық орташа шама формуласымен есептеледі:



х =(∑х /  (40 × 25 + 42 × 50 + 45 × 100 + 46 × 125 + 48 × 150 + 50 × 50)/(25 + 50 + 100 + 125 + 150 +50) = (1000 + 2100 + 4500 + 5750 + 7200 + 2500)/500 = 23050/500 =46,1.

Біздің жағдайда мода 48-ге тең болады өйткені осы вариантқа жиі кездесетін өнімділік сәйкес келеді (150 жұмысшы ауысым ішінде бөлшектің осы санын шығарады). Медиандық варианттың нөмірі 500/2 + 0.5 = 250.5-ке тең¸ өйткені медиана 250 және 251-варианттардың арасында орналасқан. Жиелікті жинақтап, медиана төртініші топта (25 + 50 + 100 + 125 = 300) және 46 бөлшекке тең екенін аламыз. Есеп №2 Екі кәсіпорын есепті кезеңде іс жүзінде әрқайсысы 10 млн теңгенің өнімін шығарады. Мұның өзінде бір кәсіпорын өндіріс жоспарын -112%-ға, ал екіншісі 105%-ға орындады. Осы екі кәсіпорында өнім өндіру жоспары бірге орташа қанша пайызға орындалғанын есептеңіз. Шешуі: Осы мысалда екі кәсіпорын бойынша жоспарлы тапсырманы орындаудың орташа мағынасын арифметикалық орташа шама формуласы бойынша есептеу үшін өлшем ретінде пайдалануға болатын жоспарланған өндіру жоспарының мағыналары келтірілмеген. Алайда жоспарланған өндіріс көлемі мен өндірістің өсу қарқынының көбейтіндісі білдіретін шығарылған өндіріс көлемінің мағыналары бар. Сондықтан жоспарлы тапсырманы орындаудың орташа шамасын табу үшін гармоникалық орташа шаманың келесі формуласын қолдану қажет:

х = (∑w /∑w × 1/х).

Гормоникалық салмақталған орташа шаманы есептеу үшін мына амалды орындау қажет: а) салмақты тиісті варианттарға бөлу: 10 / 1,12 = 8,929,10 /1,05 = 9,524. ә) салмақтың сомасын бірінші бөлуден алынған бөліндінің сомасына бөлу: 20 / (8,929 + 9,524) = 20 / 18,453 = 1,084. Сөйтіп, екі кәсіпорында өнім өндірісінің жоспары орташа 108,4%-ға орындалады.



Есеп №3 Жұмысшылардың орташа еңбекақысын келеді деректер бойынша есептеңіз:

Жұмысшылардың тобы


Бір жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы


Барлық есептелген еңбекақы, теңге


А

28000

3500000

Б

31000

4340000

В

27000

2538000



Шешуі: Бұл жағдайда өлшем ретінде «Барлық есептелген еңбекақы» деген көрсеткіші пайдалануға болады, ол жиынтықтың бірлігін емес осы бірліктердің белгінің мағынсына көбейтіндісі білдіреді (яғни, w = x. Сондықтан орташа шаманы есептеу үшін гармоникалық орташа шама формуласы қолданылуы тиіс:

х =  =

Өлшемді варианттарға бөлеміз (осылайша әрбір топ бойынша жиынтық бірліктерінің мағыналарын аламыз);

3 500 000 / 2800 = 125; 4 340 000 / 31000 = 140; 2 538 000 / 27000 = 94.

Бұдан кейін салмақтың сомасын бірінші бөлуден алынған бөлінділердің сомасына келесідей бөлеміз:

(3 500 000 + 4 340 000 + 2 538 000) / (125 + 140 + 94) = 10 378 000 / 359 = 28908 теңге. Яғни осы бөлу қатарында бір жұмысшының орташа еңбекақысы 28908 теңгені құрайды.

Есеп №4 Моменттік (мезеттік) тәсілді пайдалана отырып келесі деректер бойынша орташа астық өнімділігін, мода мен медиананы есептеңіз:

Астық түсімділігі, ц/га


25

28

31

34

37

40

Жиыны

Егістіктің көлемі, жиынға %-бен

11

19

30

27

8

5

100



Шешуі: Астық түсімділігін орташа шамасын монеттік (мезеттік) тәсілмен есептеу үшін барлық варианттардан жиелігі ең көп варианттың мағынасын шегереміз (31) және аралықтың мөлшеріне (3) бөлеміз:

(Астық түсімділігі – 31) / 3 ()


-2

-1

0

1

2

3

Жиыны

Егістік көлемі, жиынға %-бен (f)

11

19

30

27

8

5

100

Варианттардың жиелікке көбейтіндісі ()

-22

-19

0

27

16

15

-47+57=17


Осыдан, жаңа варианттардың арифметикалық орташа шамасы (бірінші реттің сәті) келесіні құрайды:



 = (∑f)/∑f=17/100=0.17.

IV. Сабақты бекіту.

Тест тапсырмалары арқылы 7 минут



1. Жиынтық бірлігіне шаққанда қайсысы бір белгі бойынша әлеуметтік-экономикалық құбылыстың талдап қорытып сипаттайтын көрсеткіштері не деп аталады?

1. жинақтамалы көрсеткіш

2. индекс

3. қатысты көрсеткіш

4. орташа көрсеткіш

5. коэффициент



2.Орташаландырылған белгінің мөлшері не деп аталады?

1. абсалюттік мән

2. варианты

3. жиілік

4. жиілік шамасы

5. жиынтық бірлігі



3. Көп заңдар санының мәні мен оның мағынысы орташа шамада қалай байқалады?

1. кездейсоқ себептер туындататын белгінің мағынасының ауытқуын өтегенде

2. моменттік тәсілмен орташа шаманы есептеу мүмкіндігінде

3. типтік топтар құру және олар үшін топтық орташа анықтау мүмкіндігінде

4. арифметикалық салмақталған орташа шама формуласын қолдану мүмкіндігінде

5. вариацияланатын белгінің көптеген себептерге байанысты әр түрлі деңгейлерінде білінуден

4. Арифметикалық орташа шама және гармоникалық орташа шама формулаларын қолдану неге байланысты?

1. талдау мақсатына

2. бақылау объектісін таңдауға

3. объектінің экономикалық маңызына

4. объектінің математикалық маңызына

5.вариацияланатын белгінің жалпы көлемі қалай құрылатынына



5. Облыстың жекелеген аудандарында бір гектар және егістік көлемінің бидайдың түсімділігі жөніндегі деректер болған жағдайда облыстағы орташа астық түсімділігі қай формула бойынша анықталады?
1. Гармоникалық жай орташа шама

2. гармоникалық салмақталған орташа шама

3. арифметикалық жай орташа шама

4. арифметикалық салмақталған орташа шама

5. геометриялық орташа шама

6. Белгінің мағынасының мөлшерінің барлық варианттарын 5-ке кеміткен жағдайда 100 тастан тұратын жиынтықтың 20 кг арифметикалық орташа шамасы қалай өзгереді?

1. 25 кг

2. 95 кг

3. 15 кг

4. 5 кг

5. 100 кг



7. Егер белгінің мағынасының барлық варианттарын 10есеге кемітсе арифметикалық орташа шама қалай өзгереді?

1. 10 есеге кемиді

2. 10 есеге ұлғаяды

3. өзгермейді

4.10-ға ұлғаяды

5. 10-ға кемиді



8. Барлық жиіліктерді 5-ке бөлсе арифметикалық орташа шаманың мөлшері қалай өзгереді?

1. 5 есеге кемиді

2. 5 есеге ұлғаяды

3. өзгермейді

4.5-ға ұлғаяды

5. 5-ға кемиді



9.Белгінің кері мағынасының негізінде есептелген орташа шама деп аталады?

1. арифметикалық

2. квадраттық

3. кубтық

4. геометриялық

5. гармоикалық



10. Бөлу қатарындағы мода қайсысы?

1. ең жиі кездесетін вариант

2. ең үлкен вариант

3. ең көп жиілік

4. сараланған қатардағы екі тең бөлікке бөлінетін вариант

5. қатардың орташа деңгейі



11. Бөлу қатарындағы медиана қайсысы?
1. Жиілігі ең көп вариант

2. жиілігі орташа вариант

3. сараланған қатарды екі тең бөлікке бөлетін вариант

4. бөлудің сараланған қатарындағы төменгі квартильді кесетін вариант

5. қатардың ортасындағы аралықтың белгісінің жиілігі

12. Арифметикалық орташа шаманы моменттік (мезеттік) тәсілмен есептеу формуласы қайсысы?

1. m1*i+A

2. x2* f/ f

3. I (m2+ m1)2

4. I2 (m2+ m1)2

5. I (m2+ m1)2



Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар: 8 минут

1. Орташа шама дегеніміз не?

2. Статистикада орташа шаманың қандай түрлері бар?
3. Арифметикалық жай орташа шама қалай есептеледі?

4. Гармоникалық орташа шама дегеніміз не?

5. Мода дегеніміз не?

6. Медиана дегеніміз не?

7. Аралық вариацияланатын қатарда мода қалай есептеледі?
8. Аралық вариацияланатын қатарда медиана қалай есептеледі?

9. Квартильдер мен децильдерге анықтама беріңіз.



Рефлексия: 2 минут

Екі топқа А1 фортатында қағаз беріледі, берілген қағазға ереже жазылады. Жазылған ереженің ішінен сөздер қалдырылғын, келесі топ қалған сөзді тауып, сөйлемді аяқтайды.



V. Үй тапсырмасы: Ю.К. Шоқаманов « Статистика» 104-109 бет. 1 минут

1999 жылғы және 2009 жылғы халық санағы мәліметтері негізінде туу, өлу көрсеткіштерімен облыстар бойынша мода мен медиананы есептеу. Мәліметтерді жай және күрделі кесте салу, диаграмма құру.




VI. Бағалау: Студенттерді сабаққа қатысу және жауап берулеріне

байланысты бағалау. 1 минут

Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...