Оқушылар:
Бір дегенім – бесік,
Шықтық содан өсіп. Азамат
Екі деген – Елім,
Далам, тауым, көгім.Алихан Т.
Үш дегенім – Үміт,
Үміт аптар жігіт. Амирлан
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім. Сәния
Бес дегенім – Бақыт,
Бағалайтын уақыт. Олжас
Алты деген – Ақыл,
Тыңдағаның мақұл. Жасен
Жеті деген – жалау,
Жүректегі алау. Ұлдана
Сегіз деген – сөзің,
Серт беретін кезің. Айша Н.
Тоғыз деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау. Рамазан
Он дегенім – Отан,
Қорға оны, ботам! Айша А.
Төле би: Арнұр
- Рақмет! Дәл тауып шештіңдер, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарларым менің!
Әйтеке би:Али
Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.
Төле би: Арнұр
Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, Қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған халайыққа не айтасың?
Қазыбек би: Алихан А.
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай
Жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзағай үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз!
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса –
хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса –
құл боламын деп тумайды,
анадан қыз туса –
күң боламын деп тумайды,
ұл мен қызын жатқа
құл мен күң етіп
отыра алмайтын елміз.
Төле би: Арнұр
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар.
Қол бастайтын ерің бар,
Атадан қалған жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!
Жүргізуші:
Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария-
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ өзі нәр,- дегендей келесі кезекте «Мақал – мәтелдер айтысы.»
Нұрәлі:
Ассалаумағалейкум, ата. «Көрген жерде ауыл бар» деп келіп қалдық.
Димаш:
Нариман:__«Мыңның_түсін_танығанша,_бірдің_атын_біл»_деген._Есіміңіз_кім_болады__Димаш'>Нариман:
Уағалейкумәссалам, «Алыстан сәлем береді, әдепті
елдің баласы» дегендей қандай әдепті баласыңдар!
«Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деуші еді, келіңіздер, төрге шығыңыздар, қонақ болып кетіңіздер!
Ернұр:__«Қонағын_сыйласа,_төрге_шық»_дегендей_төрге_шығайық.__Димаш'>Ернұр:
«Қонағын сыйласа, төрге шық» дегендей төрге шығайық.
Димаш:
«Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше» демекші таныса отырайық.
Нариман:
«Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл» деген. Есіміңіз кім болады?
Димаш:
Есімім – Дінмұммед, досымның аты- Нұрәлі.
Нариман:
«Ас – адамның арқауы.» Ас алып отырыңыздар.
Нұрәлі:
«Дастарқанға ас қойдым, екі қолды бос қойдым» деген, ас алып отырайық.
Ернұр:
«Көңілмен берсе, қара су да бал татыр»
Нұрәлі:
Ия, «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» демекші, досың көп болғанға не жетсін.
Нариман:
Халқымызда «Қонақ кәде» деген болушы еді. «Өнерлі өрге жүзер» дегендей өнерлеріңіз болса, көрсете отырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |