Кәусәрия:
-Ия, Рамина, Тәрбие басы – тіл. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген еді, Ахмет Байтұрсынұлы атамыз. Осы орайда кітапханадағы бір оқиға есіме түсті.
Бірде мектеп кітапханасында отыр едім. Артымда отырған екі оқушының әңгімесіне еріксіз құлақ түрдім.
Жасик, представляешь, бүгін қызық кино болады.
Ой, мен оны көре алмаймын. Бүгін в бассейн собираюсь.
Ана тілімізді шұбарлап отырған құрдастарыма ренжідім. Қадыр Мырза Али атамыз айтқандай:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,-деген. Әрине, басқа тілді білген де жөн. Бірақ ең бірінші өз тіліңді құрметтеуің керек қой. Сонда ғана тілге деген қамқорлық болады. Сондықтан да, бүгінгі жастар, ана тілін біліп, құрметтеп, қастерлеуді өзімізге басты міндет етіп қоюмыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |