Сабақтың мақсаты: Студенттердiң мемлекеттiк басқару теориясын және оның ерекшелiктерiмен оқып танысу болады. Жоспары

Loading...


бет2/2
Дата13.04.2020
өлшемі0.65 Mb.
түріСабақ
1   2

Бақылау сұрақтары:

1 Әлеуметтiк жүйе дегенiмiз не?

2 Әлеуметтiк жүйенiң қандай түрлерi бар?

3 Адам және жеке тұлға туралы түсiнiктеме берiңдер.

4 Салалық бастама дегенiмiз не?

5 Функционалдық бастама дегенiмiз не?


5 ДӘРIС



Тақырып:Мемлекеттiк басқарудың мазмұны”

Сабақтың мақсаты: тыңдаушылардың мемлекеттiк басқарудың маңызы неде екенi туралы оқып-танысуы

ЖОСПАРЫ:

1 Мемлекеттiк басқарудағы саясат пен мақсат

2 Басқару функциялары: ұйымдастыру (басқару жүйесi мен үдiрiстерiн), жоспарлау (болжамалар мен бағдарламалар жасау), кадрлармен қамтамасыз ету, реттеу, бақылау

3 Мемлекеттiк басқарудың нысандары

1 Мемлекеттiк басқарудағы саясат пен мақсат

Әрбiр мемлекеттiң өзiне тән саясаты болады. ҚР сыртқы жене iшкi саясатын анықтаушы ел басына жүктелген. Саясат дегенiмiз - ол, әр қоғамның өзiне қажеттi деген билiк жүргiзудiң әдiс-тәсiлiн айтады. Саясат дегенiмiз - ол, мемлекеттiк iстердi жүргiзу деп аталады (polis-мемлекет), (politika- мемлекеттiк iстердi жүргiзу). Әрбiр саясатта алдына қойылған мақсат болады. Мемлекеттiк билiктi жүргiзу кезiнде ол саяси режимге байланысты болады. Саясаттың өмiрiндегi ең басты мақсат - ол, көздеген билiкке ие болу. Әрбiр саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстардың өз саясатын құрады. Осы аталған ұйымдар өз уәкiлдерiн мемлекеттiк билiкке енгiзуге тырысады. Мемлекет болғасын саяси режим де болады. Ал саяси режим екiге бөлiнедi: демократиялық және антидемократиялық. Демократиялық дегенiмiз - ол, мемлекет билiгiне көпшiлiк халықтың қатысуы және өздерiне қажеттi деген билiк жолдарын, заңнамаларды өзгерту, Парламент пен Президеттi сайлауға қатысуы туралы айтылады. Антидемократиялық дегенiмiз - ол, көпшiлiк адам қауымының пiкiрiмен санаспай, тек бiр адамның немесе адам тобының мемлекеттiк билiктi өз бетiнше жүргiзуiн айтады. Бұған мысал ретiнде фашистiк режимдi айтуға болады.

Мемлекеттiк билiктегi мақсатты тек саясат анықтайды. Мысалы, ҚР саясатын анықтаушы ҚР Президентi болып табылады. Оның себебi, ҚР Президенттiк билiк жүргiзу жүйесiнде тұрады.

ҚР саяси мақсаты мынадан тұрады:

- ҚР демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет деп бекiтедi;

- адамның құқығы мен бостандығына ерекше көңiл бөлу;

- азамат мүддесiнiң мемлекет мүддесiнен басымдылығы;

- адамның әлеуметтiк қорғауын қамытуы;

- заң және сот алдында тең құқықта болуы;

- азаматтардың еркiн түрде қоғамдық ұйымдарды құруы;

- нарықтық экономиканы дамыту;

- ұлттық қаупсiздiктi қамтамасыз ету;

- шетелдермен интеграцияны ұйымдастыру.
2 Басқару функциялары: ұйымдастыру (басқару жүйесi мен үдiрiстерiн), жоспарлау (болжамалар мен бағдарламалар жасау), кадрлармен қамтамасыз ету, реттеу, бақылау

Мемлекеттiк басқаруда, ең басты мәселе ол ұйымдастыру болып табылады. Ұйымдастыру дегенiмiз - ол, алда қойылған белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн және соны үздiк орындау үшiн, одан қажеттi нәтиженi алу үшiн жасалатын iс-шараларды айтады. Ұйымдастыру шарасы болмаған жерде ешқандай мақсатқа жету мүмкiн емес. Мемлекеттiк қызметтi басқару саласында ұйымдастыру мәселесi бiрден-бiр iс-шараның негiзi болып табылады. Ендiгi бiр маңызды мәселе - ол, жоспарлау. Жоспарлау дегенiмiз - ол, мақсат ретiнде алда қойылған алдын ала болжап, ақылдасып, мамандармен кеңесiп жазбаша түрде шешiм қабылданған iс-әрекеттi айтады. Жоспарлау - ол, алдын ала теория жүзiнде жорамалдап ой толғауды айтады. Ендiгi мәселе - ол, кадрлармен қамтамасыз ету. Кадрлармен қамтамасыз ету дегенiмiз - ол, қызмет органдарына қажеттi деген мамандарды даярлап, оқытып, қайта даярлықтан өткiзетiн iс-шараларды айтады. Мысалы: IIО (полицияны) кадрларын даярлау - ол ең алдымен арнайы ведомстволық оқу орындарында даярлықтан өтуi керек. Кадрларды реттеу және бақылау жұмыстарын мемлекет органдарының басшылары үнемi бақылау және оны ретiне келтiру жұмыстарымен айналысуы қажет болады.


3 Мемлекеттiк басқарудың нысандары

Мемлекеттiк басқарудың нысандары жалпы алғанда мынадай түрлерден тұрады: Президенттiк нысанда, Парламенттiк нысанда. Президенттiк басқару нысаны дегенiмiз - ол, республиканың үш билiк тiзбегiн реттеушi немесе атқарушы билiгiнiң басшысы болып табылады. ҚР бойынша мемлекеттiк билiк нысаны Президенттiк билiк нысанына жатады. Президент үш билiк тiзбегiн үйлестiрушi болып табылады. Президент елбасы, ең жоғарғы лауазымды тұлға, президенттi бүкiл халық болып немесе референдум арқылы сайлайды (Конституция). Ал АҚШ Президент тек атқару билiгiнiң төрағасы болып табылады. Ал Францияда Президент елбасы. Президент - ол, елбасы ретiнде мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын анықтаушы лауазымды тұлға. Елдiң экономикасын және әлеуметтiк жағдайларын жақсартуға нақты iс-шараларды жүргiзедi. Президенттiк нысанда елдiң билiгiн жүргiзушi тек бiр адамға жүктелген.

Келесi түрі, ол Парламенттiк нысандағы басқару. Парламенттiк нысандағы басқару дегенiмiз - ол, мемлекеттiк билiктi толық билiк жүргiзушi және ең жоғарғы лауазымды қызметтi атқарушы бiрнеше лауазымнан тұратын, мемлекеттiк билiктi жүзеге асырушы органды айтады. Парламенттiк басқару - ол, алқалы және бiрнеше адамнан тұратын және сол алқаның қабылдаған шешiмiнiң нәтижесiн айтады. Парламенттiк нысанда басқару - ол, әрбiр депутаттың дауыс беруi арқылы шешiледi. Парламент мiндеттi түрде депутаттардан тұрады және екi палатадан тұрады. Өйткенi, Парламент төрағасы өзi шешiм қабылдай алмайды. Ол үшiн депутаттардың қажеттi деген сан мөлшерi қатысуы керек. Ал саны жетпесе онда дауыс беру заңсыз болып табылады. Президенттiк нысан мен Парламенттiк нысанның айырмашылығы: Президенттiк нысандағы билiк онда тек бiр адам билiк жүргiзедi, ал, Парламенттiк басқаруда онда әр палатаның депутаттарының дауыс беруi арқылы шешiмге келедi. Яғни Президент бiр адам тұлғасы, ал Парламент алқалы (ұжымдық) орган болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттiң саясатын кiм немесе қандай лауазымды тұлға анықтайды?

2 Басқарудағы мамандардың атқаратын ролi қандай?

3 Мемлекетте басқарудың қандай нысандары болады?

4 Мемлекет билiгiнде қандай нысандар бар?

6 ДӘРIС



Тақырып: Мемлекеттiк тұрғыда шығарылған шешiм

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушылардың мемлекеттiк тұрғыда шығарылған шешiм мәселесi жөнiнде оқып-танысуы.

ЖОСПАР:

1 Мемлекеттiк тұрғыда шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi

2 Орталық атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу

3 Орындалған шешiмге баға (нәтижесiне) беру


1 Мемлекеттiк тұрғыда шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi

Мемлекеттiк тұрғыда шығарылатын шешiмдi тек мемлекеттiк органдары қабылдайды. Шығарылған шешiмнiң ерекшелiктерi:

-нормативтiк маңызы бар;

-мiндеттi түрде орындауға жатады;

-нақты бiр мәселе бойынша көзделедi;

-конституцияға және тиiстi заңнамаларға сәйкес болуы керек;

-уәкiлеттi орган шығарады;

-иерархиялық деңгейi болады;

-негiзгi және өндiрушi түрге бөлiнедi;

-реквизиттерi болады.



Нормативтiк құқық актілерiнiң иерархиясы (4-бап.”Нормативтiк құқық актлерi туралы” ҚР Заңы, 24.03.1998):

-ҚР Конституциясы;

-Конституцияға енгiзiлетiн және толықтыру жасалатын заңдар;

-Конституциялық заңдар, ҚР Президенттiң конституциялық заң күшi бар жарлықтары;

-ҚР кодекстерi;

-ҚР Заңдары, ҚР Президенттiң заң күшi бар жарлықтары;

-ҚР Парламентiнiң нормативтiк қаулылары;

-ҚР Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

-Орталық мемлекеттiк органдарының ( министрлiктiң, комитеттiң,

агенттiктiң, басқа ведомствалардың) нормативтiк бұйрықтары, қаулылары;

-Масилихаттың нормативтiк құқықтық шешiмдерi; Әкiмнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, шешiмдерi.

Төменгi деңгейдегi мемлекет органдары шығарған нормативтiк құқық актілерi жоғарғы деңгейдегi нормативтiк құқықтық актілерге қайшы келмеуi керек. Осы аталған иерахиядан тыс мынадай нормативтiк құқықтық актілерi де бар: ҚР Конституциялық Кеңесiнiң, ҚР Жоғары сотының, ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары.
2 Орталық атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық

актілерiн мемлекеттiк тiркеу

Мемлекеттiк билiктi жүргiзу кезiнде орталық атқарушы органдары өз билiгiн жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық актілерiн шығарады. Ал сол актілердiң заң күшiне ену үшiн мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өтуi қажет. Ал ондай болмаса ол актiлерде заң күшi болмайды, яғни заңсыз болып табылады. ҚР .”Нормативтiк құқықтық актілерi туралы” Заңы, (24.03.1998), 36-баптың 1-бөлiгiндегi, 38-бап: Конституциялық кеңестiң, Жоғарғы соттың нормативтiк қаулыларынан басқа органдар, ведомстволар шығарылған нормативтiк құқықтық актілерi ведомствоаралық сипаты немесе азаматтардың құқығы мен бостандығына әсер ететiн болса, мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өтуi керек.

Нормативтiк құқықтық актiсiн тiркеуден бас тарту негiздері (38-бап, 2-б):

-Азаматтардың құқығын және бостандығын кемiтетiн болса;

-жоғарғы деңгейдегi органның шығарған актлерiне қайшы келетiн болса;

-нормативтiк құқықтық актiнi шағарған органның құзыреттiк шегiнен шығып кететiн болса;

-келiсiм жасалмаса, егер келiсiм мiндеттi түрде қажет болатын болса;

-орнатылған мемлекеттiк тiркеу ережесiн бұзу арқылы қабылданған нормативтiк құқықтық актілерi.



3 Орындалған шешiмге баға (нәтижесiне) беру

Мемлекеттiк билiктi жүргiзу кезiнде әрбiр орган өздерiнiң атқарған жұмыстары жөнiнде шешiм шағарады. Сол шығарылған шешiм ҚР Конституциясына, заңнамаларға және жоғарғы деңгейдегi органның шығарған нормативтiк құқықтық актілерiне қайшы келе ме? Мiне осы мән-жайларды ескере отырып, нақты баға берiлетiн болады. Баға беру дегенiмiз - ол, мемлекет органдары шығарған шешiмдi заңды немесе заңсыз екенiн анықтау үшiн жасалатын iс-әрекеттердi айтады. Мысалы: облыс әкiмiнiң шығарған қаулысына баға беру - ол, халықтар мен заңгерлер және басқа да тұлғалар болуы мүмкiн. Оны қайта қарауға және оны бұзуға тек мына органдардың құзыреттiгi бар: ҚР Президентi, ҚР Үкiметi, сот органы. Әкiмшiлiк құқық бұзу, қылмыс жасағаны үшiн үкiмдi орындау т.б.баға беру ол жауапқа тартылушы, адвокаттар және жоғарғы деңгейдегi сот алқасы тиiстi баға берiп шығарылған шешiмдi қайта қарап өзгертуге мүмкiндiктері бар. Заңсыз түрде немсесе заң ережесiне қайшы келетiн актілердiң нәтижесiнде орындалған iс-әрекеттер дереу түрде тоқтатылуға тиiстi. Егер соттың шығарылған үкiмi орындалып жатқан кезде, ал қадағалау сот алқасы үкiмдi қайта қараудың нәтижесiнде бұрын шығарылған үкiм заңсыз деп танылса, онда орындалып жатқан жаза дереу тоқтатылып сотталушы адам босатылуға тиiстi. Орындалған шешiмдi қайта қарау және оған баға беру –ол, жоғарғы деңгейдегi органдарға немесе прокуратура мен сот органдарына жүктелген. Прокуратура органдары қадағалауды жүргiзу нәтижесiнде заңсыз қабылданған шешiмдерге өзiнiң наразылық актiсiн шығаруға тиiстi болады. Сот органдары шығарған шешiмдер мен үкiмдердi тек жоғарғы деңгейдегi сот алқалары қайта қараудың нәтижесiнде баға берiп, тиiстi шешiмдерiн шығарады. Мемлекеттiк органдар төменгi органдардың шығарған шешiмдерiн қайта қарап, егер заңсыз фактілер табылған жағдайда, оны бұзуға құзыреттiгi болады.


Бақылау сұрақтары:

1 Ортылық атқару органдарына қай органдар жатады?

2 Шығарылған шешiмдi қайта қараудың қандай жолдары бар?

3 Облыстық әкiмнiң шешiмiн кiм немесе қай орган бұзуға құқығы бар?

4 Конституциялық Кеңестiң шешiмiн қай орган немесе лауазымды тұлға қайта қарауға құқығы бар?

7 ДӘРIС



Тақырып: “Әкiмшiлiк түрде орындау тәртiптерi”

Сабақтың мақсаты: әкiмшiлiк түрде орындау тәртiптерi туралы мәселенi оқып-танысу болады

ЖОСПАРЫ:

1 Әкiмшiлiк тәртiптер: түсiнiгi және басқару қызметiне қатыстылығы

2 Бақылау және оның түрлерi

3 Мемлекеттiк басқарушылық қатынастарының субъектiлерi



1 Әкiмшiлiк тәртiптер: түсiнiгi және басқару қызметiне қатыстылығы

Әкiмшiлiк тәртiп дегенiмiз - ол, мемлекеттiк органның және ондағы лауазымды тұлғалардың өздерiне жүктелген қызметтiк мiндетiн атқарудағы iс-әрекеттi айтады. Әкiмшiлiк қызметтiң басқару қызметiне әртүрлi байланыстар болады және тығыс қарым қатынастар жүргiзiледi. Өйткенi әкiмшiлiк басқару болмаса, онда мемлекеттiк билiктi жүргiзу мүмкiн емес.



Әкiмшiлiк басқару қызметiнiң iс әрекеттерi:

-мемлекет деңгейiнде тиiстi шешiмдi қабылдаудың және оны өкiлеттi органдардың жүзеге асыруы туралы ереженi айтады;

-мемлекеттік аппараттың жұмыстарын ұйымдастыру;

-азаматтардың өтiнiштерiн қарап, оған тиiстi шешiм қабылдау;

-экономика және басқа да мәселе бойынша нақты шешiмдердi қабылдау.

Әкiмшiлiк тәртiптiң басқару қызметiне қатыстығы:

-әкiмшiлiк тәртiптi тек билiгi бар органдар мен лауазымды тұлғалар орнатады;

-әкiмшiлiк нұсқаудың нәтижесiнде билiк жүргiзiледi;

-әкiмшiлiк iс-әрекеттiң нәтижесiнде төменгi деңгейдегi бағынысты органдар мен лауазымды тұлғаларға мiндет артылады;

-әкiмшiлiк тәртiптiң нәтижесiнде мемлекет органдарында жедел шешiмдер қабылданады;

-әкiмшiлiк тәртiптiң нәтижесiнде мемлекет органдарының көздеген мақсатқа жетуi болады.

Әкiмшiлiк тәртiп пен мемлекеттiк басқару бiр бiрiмен тығыз байланысты. Оның себебi, мемлекет органдары төменгi деңгейдегi органдарға және басқа да органдар, кәсiпорындар мен мекемелерге заңға сәйкес, заңның негiзi бойынша әкiмшiлiк iс-әрекеттерiн жүзеге асырады. Мысалы: салық саласында әкiмшiлiк құқықты бұзғаны үшiн салық инспекторы әкiмшiлiк хаттаманы толтырып, жауапқа тартады т.б. Жаңадан құрылған кәсiпорындар мен мекемелер мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өтiп және жергiлiктi салық органында есепке тұруы керек. Ондай болмаса заңсыз кәсiпкерлiк болып табылады.



2 Бақылау және оның түрлерi

Бақылау дегенiмiз - ол, қоғамдық қатынастардағы, мемлекеттiк билiктi жүргiзудiң бiр тәсiлi ретiнде белгiлi бiр объектiлердi тексеру iс-әрекеттерiн айтады. Бақылау, мiндеттi түрде лауазымдық мiндет пен қызметтiк құзыретке байланысты болады. Бақылаудың мақсаттары:

- алдын ала жоспарланған нақты мақсатқа жету;

- тексеруге жататын объектiлердiң жұмыс барысын, заң мен тәртiптiң сақталуын байқау;

- жұмыс ережесiнiң сақталуын тексеру;

- жiберiлген қателiк пен кемшiлiктердi қалпына келтiру;

- жоғарғы деңгейдегi орган мен лауазымды тұлғалардың бұйрықтары мен нұсқауларын дер кезiнде орындау.

Бақылаудың түрлерi:

- Президенттiк бақылау;

- Парламенттiк бақылау;

- Үкiметтiк бақылау;

- ведомстволық бақылау;

- ведомстводан жоғары бақылау;

- жергiлiктi бақылау.

Бақылау жұмыстарын тек мемлекеттiк органдар және оны орындауға құзыреттiгi бар органдар мен лауазымды тұлғалар жүзеге асырады.

Бақылау жұмыстарын жеке кәсiпорындар мен мекемелер де жүргiзедi.
3 Мемлекеттiк басқарушылық қатынастарының субъектiлерi

Мемлекеттiк басқарушылық дегенiмiз - ол, мемлекеттiң өз аумағында нақты билiктi жүргiзуiн және оны iс жүзiнде жүргiзе отырып белгiлi бiр көздеген мақсатқа жетудi айтады. Мемлекеттiк басқару саласының түрлерi: Экономика саласындағы басқару; қаржы және салық саласындағы басқару; бiлiм және ғылым саласындағы басқару; сыртқы iстер саласын басқару; әдiлет саласын басқару; денсаулық сақтау саласын басқару; саяси-қорғаныс және ұлттық қаупсiздiк саласын басқару; әлеуметтiк қорғаныс және еңбекпен қамту саласын басқару; iшкi iстер саласын басқару; сыртқы -экономикалық қатынастар саласын басқару.

Мемлекеттiк басқару субъектiлерi:

-ҚР Президентi;

-ҚР Парламентi;

-ҚР Үкiметi;

-ҚР Жоғарғы соты;

-министрлiктер;

-агенттiктер;

-ведомстволар.

Мемлекеттiк қадағалау жүргiзетiн субъектiлер:

-ҚР Бас прокуратурасы және төменгi деңгейдегi прокурорлар;

-Соттық қадағалау органдары;

-әкiмшiлiк қадағалау органдары.

Осы аталған субъект ретiнде жоғарыда аталған органдардың лауазымды тұлғалары жетекшiлiк рөлдерiн атқарады. Мысалы: Үкiметтi басқарушы Премьер министр, ал агенттiкте оның төрағасы, министрлiкте министр, ведомствода төраға басшылық етедi. Басқару субъектiлерiне мыналар жатады: бастықтар, директорлар, бас директор, төраға.


Бақылау сұрақтары:

1 Әкiмшiлiк басқару дегенiмiз не?

2 Бақылаудың қандай түрлерi бар?

3 Мемлекеттiк бақылау дегенiмiз не?

4 Басқару субъектiлерiне кiмдер және қандай лауазымдар жатады?

8 ДӘРIС



Тақырып: Мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз ету

Сабақтың мақсаты: мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз ету мәселесiмен оқып танысуы

ЖОСПАРЫ:

1 Мемлекеттiк басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету

2 Мемлекеттiк басқаруда заңдылық пен тәртiптiлiктi қамтамасыз ету

3 Мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiн ғылыми негiзде талдау тәсiлдерi



1 Мемлекеттiк басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету

Ақпарат дегенiмiз - ол, кең түрде көпшiлiкке аудио немесе бейнежазу арқылы жеткiзiлетiн немесе қамтамасыз етiлетiн iс-әрекеттердi айтады.



Ақпарат дегенiмiз - ол, мемлекеттiк атрибуттың бөлiнбес бiр бөлiгi болып табылады. Оның себебi, мемлекетте болып жатқан әр iс-қимылдар мiндеттi түрде мәлiмдеуге жатады.

Мемлекеттiк басқарудағы ақпараттың маңызы:



- мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын мәлiмдейдi;

- мемлекеттiк басқарудағы аппараттың жұмыс iстеуiн бақылауға кең жағдай жасайды;

- мемлекеттiң халыққа деген қарым-қатынастың байланысын жеткiзу;

- халықтың мемлекеттiк билiктi жүргiзуiне қатысуын қамтамасыз ету;

- халықтың мемлекет билiгiнде жүргiзетiн жұмыс нәтижесiн жария ету;

- мемлекеттегi қоғамдық қатынастарды реттеу жөнiнде мәлiмдеу;

- мемлекеттiң шығарған заңдары мен басқа да құқықтық актілерiн көпшiлiкке тарату;

- мемлекетте өткiзiлген сайлау мен референдумның нәтижесiн бiлу;

- мемлекеттегi билiк тiзбегiнiң жұмыс iстеуiн ретiне келтiру;

- ел басының жалпы мемлекеттiк билiктiң қалай жүрiп жатқанын бiлу.

Ал осы ақпараттың шығу көзi неден тұрады деген сұраққа былай жауап берiледi. Ақпараттық басқаудың шығу көздерi мынадан тұрады:

1. Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi стратегиялық дамуына байланысты мемлекеттiк басқаруды ұйымдастру бағдарламасының мазмұны;

2. ҚР Конституциясы - мемлекеттiк шешiм қабылдауының түкпiлiктi базасы (заңды және заңға сәйкес актілердi қабылдау);

3. ҚР Конституциясы негiзiне қарай қабылданған нормативтiк құқықтық актілерi;

4. Жекеленген құқықтық актілер - ол, дегенiмiз нақты бiр ведомствоның өзiнiң бағынысты органына жiберу актілерiн айтады (бұйрықтар, қаулылар, өкiмдер т.б.);

5. Ұйымдастырушылық iс-шаралар - ол дегенiмiз құқықтық емес сипаттағы iс-шараларды айтады, мысалы: жиналыс, отырыс, мәжiлiс, нұсқау жасау, тапсырма беру т.б. лауазымды тұлғаның өкiлдiгi;

6. Стратегиялық есеп беру - ол, экономикалық және әлеуметтiк мәлiмдер туралы;

7. Азаматтардың өтiнiштерi - ол, дегенiмiз әрбiр жеке тұлғаның мемлекет органына өз құқығын, бостандығын қорғау үшiн мәлiмдеме жасауы;

8. Бақылау және қадағалау жасайтын органдарының актілері - ол, дегенiмiз мемлекет органдарының бақылау және қадағалау нәтижесiнiң жұмыстары туралы айтылады;

9. Ақпарат - хабар құралдары - ол, дегенiмiз осы аталған мекемелер арқылы мемлекетке әртүрлi мәлiметтер келiп түседi;

10. Ғылыми зерттеудiң нәтижелерi - ол, дегенiмiз ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргiзу нәтижесiнде ашылған жаңалықтарды баршаға мәлiм ету.

2 Мемлекеттiк басқаруда заңдылық пен тәртiптiлiктi қамтамасыз ету

Заңдылық дегенiмiз - ол, қоғамдық қатынастардағы мемлекет органдарың тиiстi шешiм қабылдау кезiнде заң талабын және заң шеңберiнде жүргiзiлетiн iс-әрекеттердi айтады.

Тәртiптiлiк дегенiмiз - ол, қоғамдық қатынастардағы жалпыға бiрдей мiндеттелген және нақты мәселенi шешу жөнiндегi бөлiнбес элементтiң бiрi болып табылады. Оның себебi, тәртiп болмаса заңдылық та болмайды. Тәртiпсiз қызметшi ол қылмыскердiң сыбайласы деуге болады. “Тәртiп бар жерде жеңiс бар”, деген (М.Фрунзе).

Заңдылықты қамтамасыз етудiң тәсiлдерi:

1.Бақылау;

2.Қадағалау.



Тәртiптiлiктi қамтамасыз етудiң тәсiлдерi:

1.Бақылау;

2.Тексеру;

3.Есеп беру;

4.Сынақ жасау.

5.Тәртiп бұзушыны жауапқа тарту, жазалау.


3 Мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiн ғылыми негiзде талдау тәсiлдерi

Қазақстан жеке өз алдына егемендiк алған соң өзiнiң саясатын, экономикасын қалыптастыруы қажет болды. Оның себебi әрбiр мемлекет өз өмiрiн өзi құрастыратын болды. Сол себептен, Мемлекеттiк басқарудың ғылыми тұрғыда жаңалықтар енгiзудiң мақсаты - ол, тиімді жолдарын табу болады. Бұл туралы Қазақстан - 2030 стретегиялық бағдарламасында көрсетiлгендей мемлекеттiк қызметтi нығайту, жаңарту және тиімді жолдарын пайдалану керек деген.

Мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiн ғылыми тәсiлде талдаудың маңыздылығы мынадан тұрады:

-дүниежүзiлiк мемлекеттiк билiктiң жүргiзу тәсiлдерiн зерттеу;

-мемлекеттiк қызметтегi реформаларды жүргiзу;

-нарықтық экономиканы нығайту жолдарын қарастыру;

-мемлекеттiң интеграциялық iс-шараларын кеңейту;

-мемлекеттiк саясатты анықтау;

-халықаралық деңгейде мемлекеттiң мүддесiн көрсете бiлу.

Әрбiр мемлекет - өз экономикасын, саясатын нығайту үшiн және дүниежүзiлiк аренаға шығу үшiн ғылыми-зерттеу iс-шараларын жүргiзу ең басты мәселе болып табылады. Өйткенi ұлттық ғылым тек өз мемлекет мүддесiн қорғап және көптеген тиімді жолдарын табатын болады.


Бақылау сұрақтары:

1 Ақпарат құралдарына нелер жатады?

2 Мемлекеттiк қызметте ақпараттың жұмыс iстеу маңызы неде?

3 Заңдылықтың маңызы неде?

4 Тәртiптiң маңызы неде?

9 ДӘРIС



Тақырып: “Мемлекеттiк қызметтiң түсiнiктемесi және ерекшелiктерi”

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттiк қызметтiң түсiнiктемесi мен ерекшелiктерi жөнiнде оқып танысу болады.

ЖОСПАРЫ:

1 Мемлекеттiк қызмет азаматтардың кәсiби қызметтерiнiң бiр түрi

2 Мемлекеттiк қызмет қоғамдық еңбектегi ұйымдастырудағы атқаратын рөлi және алатын орны

3 ҚР 2030 жылға дейiнгi стратегиялық бағдарламасына сәйкес, жаңа тұрпатты шенеуніктердi даярлау



1 Мемлекеттiк қызмет азаматтардың кәсiби қызметтерiнiң бiр түрi

Мемлекеттiк қызмет дегенiмiз - ол, азаматтардың еңбек ету қызметiнiң бiр түрi болып табылады. Оның басқа қарапайым жәй жұмыстан айырмашылғы мынадан тұрады:

-мемлекеттiк органда қызмет атқарады;

-арнайы құқығы болады;

-билiк жүргiзу мiндетiн атқарады;

-мемлекеттiк билiкпен тығыз байланысты;

-үнемi бақылауда болады;

-есеп беруi. Мемлекеттiк қызметтiң еңбек ету ережесi ҚР Заңы “Мемлекеттiк қызмет туралы” айтылған. Кейбiр мемлекеттiк қызмет органдары өздерiнiң ведомстволық жарғылары мен ережелерi бойынша жұмыс iстейдi. Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметтiң жұмыс уақыты ҚР “Еңбек туралы” заңы бойынша анықталады. Мемлекеттiк қызметтiң өзге жұмыстан ерекшелiгi де болады. Сол себептен мемлекеттiк қызметтiң ерекшелiгi мынадан тұрады:

- мемлекеттiң iшкi және сыртқы функциясын мемлекет iшiнде және шетелде атқаруымен байланысты;

- мемлекеттiң алда қойылған мақсатын және мiндеттерiн: экономика, әлеуметтiк, және саяси-әкiмшiлiк құрлысын жүзеге асыруына әсер етедi;

- мемлекеттiк қызмет тек арнайы орган құру арқылы жүзеге асырылады;

- мемлекеттiк қызметтiң ерекшелiгi сол - ол, тек басқару функциясын орындауға байланысты;

- мемлекеттiк қызметшi өзiне жүктелген қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде мемлекет атынан көрнiсiн табады (сөз сөйлейдi);

- мемлекеттiк қызмет тек Конституция нормасы мен ҚР заңнамалары шегiнде, ҚР Президент жарлығын басшылыққа ала отырып, қызмет атқарады;

- мемлекеттiк қызмет - ол, iс-жүзiнде ұйымдастыру және атқарушылық сипаттан тұрады;

- мемлекеттiк қызмет өкiмдiк ету сипатынан тұрады;

- мемлекеттiк қызмет саясаттан тыс болады.


2 Мемлекеттiк қызмет қоғамдық еңбектегi ұйымдастырудағы атқаратын рөлi және алатын орны

Мемлекеттiк басқару дегенiмiз - ол, белгiлi бiр адамдардың басқа бiр адамдар тобын басқаруын айтады. Сол себептен мемлекеттiк басқаруға барлық азаматтар қатысты болады. Бiрақ, әр адамның қоғамдық қатынастардағы мүддесi әртүрлi және әр деңгейде болады. Олар басқару кезiнде субъект немесе объект ретiнде болуы мүмкiн. Мемлекеттiк басқару субъектiсiне жататындар: қоғамдағы, мемлекеттiк басқару функциясын кәсiби маман негiзiнде, мемлекет атынан қызметтiк мiндетiн атқаратын адамдар жатады. Сол себептен, мемлекеттiк қызмет қоғамның даму деңгейiне байланысты болады. Оның себебi адам қоғамы тым өте бiлiмдi және сана-сезiмi жоғары болса, сол ғұрлым мемлекеттiк қызметшiнiң де қызметтiк сана-сезiмi де жоғары болады. Өйткенi мемлекеттiк қызметшi – ол, халықтан яғни азамат қоғамынан шыққан тұлға. Сондықтан мемлекет қызметiне мамандарды даярлау сол адам қоғамының құрамынан iздеп қалыптастырылады. Мысалы полиция қызметiне алу үшiн ҚР азаматтар құрамынан алынады. Оны тиiстi тексеру мен бақылау жүргiзу арқылы қабылданатын болады. Қоғамның сана-сезiмi, тәртiптiлiгi тым жоғары болса соған сәйкес мемлекеттiк қызметшi де соған сәйкес болады.


3 ҚР 2030 жылға дейiнгi стратегиялық бағдарламасына сәйкес, жаңа тұрпатты шенеуніктердi даярлау

“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасын орындау жолында мемлекеттiк қызметшлердi (шенеуніктердi) даярлау өзектi мәселе ретiнде алға қойылған. Оның себебi, мемлекеттiк аппараттың үздiк жұмыс iстеуi мамандандырылған мемлекеттiк қызметшiге байланысты болады. Сол себептен ҚР Президентi тұсында ҚР мемлекеттiк қызмет академиясының ашылуы тегiн емес. Өйткенi, мемлекеттiк билiктi жүргiзушi және атқарушы тек мемлекеттiк қызметшiлер тобы жүзеге асыратын болады. Осы аталған бағдарламада ҚР кәсiби үкiмет туралы айтылған, ал кәсiби үкiметке мынадай талаптар қойылған:

-стратегиялық жоспар бойынша жұмыс iстеу;

-ведомствоаралық реттеу;

-министрлiктiң құзыреттiгiн және жауапкерлiгiн арттыру;

-мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру;

-мемлекеттiк қызметшiлердiң мансаптық өсiру және құрастыру жүйесiн жаңарту;

-мемлекеттiк қызметтi нормативтiк құқықтармен қамтамасыз ету;

-сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргiзу.

Мемлекеттiк қызметке деген қызметшiлердi (шенеуниктердi) даярлау үшiн қойылатын талаптар:

-мемлекеттiк қызметшiлердiң мамандарын жаңа дәуiрге сай даярлау;

-қызметшiлердiң әр категориясына қарай бiлiктiлiгiн тексеру;

-нақты, бiр түкпiлiктi түрде конкурс арқылы қызметке қабылдау және қызметке жарамды немесе жарамсыз екенi туралы аттестациясын өткiзу;

-мемлекетткi басқару жүйесiн бiркелкi түрде қалыптастыру.

Мемлекеттiк қызметте туыс, жекжат, iлiк-жұрағат, iлiк-шатыстық байланыс және қызметтiң атқаруына ешқандай әсер болуына жол берiлмейдi. Ондай жағдайда, сол сауазымды тұлға жауапқа тартылуға тиiстi. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттiк қызмет тарапында болу - ол, мемлекеттiк билiктiң әдiл жәнге ақиқат түрде жүруiне кедергi жасайды.
Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттiк қызмет дегенiмiз не?

2 Мемлекеттiк қызметтi ұйымдастырудың ең басты органын атап берiңдер?

3 Мемлекеттiк қызметке кiру жас шамасы қай жастан кем болмауы керек?


10 ДӘРIС



Тақырып: “Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жағдайлары”

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушылардың мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жағдайы туралы оқып тынысу болады.

ЖОСПАРЫ:

1 Мемлекеттiк лауазым және мемлекеттiк қызметшiнiң түсiнiгi

2 Мемлекеттiк қызметшiлердi саяси және әкiмшiлік деп бөлу, олардың

бiртұтастығы және бiр бiрiнен айырмашылығы

3 Мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық құқықтары мен міндеттерiн жүзеге асыру кепiлдiктерi олардың құқықтық жағдайларының айрылмас элементтерi

1 Мемлекеттiк лауазым және мемлекеттiк қызметшiнiң түсiнiгi

Мемлекеттiк қызметтiң атқарылуы және жұмыс iстеуi, ол әрбiр органның лауазымды тұлғаларының басқаруы мен атқаруы бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан мемлекеттiк лауазым және мемлекеттiк қызметшiге анықтама беремiз:



Мемлекеттiк лауазым дегенiмiз-ол, мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгiн айтады;

Мемлекеттiк қызметшi дегенiмiз-ол, мемлекеттiк органда заңда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не ҚР Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын ҚР азаматын айтады;

Мемлекеттiк қызмет дегенiмiз-ол, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметтi айтады;

Лауазымды адам (тұлға) дегенiмiз-ол, ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адамды айтады;

Лауазымдық өкiлеттiк дегенiмiз-ол, заңдарда белгiленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнiн, нақты мемлекеттiк лауазымен көзделген өкiлеттiктi айтады.
2 Мемлекеттiк қызметшiлердi саяси және әкiмшiлiк деп бөлу, олардың бiртұтастығы және бiр бiрiнен айырмашылығы

Мемлекеттiк қызметтi атқаруына және жүктелеген мiндеттерiне қарай, лауазымдық өкiлдiгiне қарай, жауапкершiлiк деңгейiне қарай, мемлекеттiк қызметшiлер тобы екi түрге бөлiнедi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң түрлерi:

1 Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi;

2 Мемлекеттiк саяси қызметшi.



Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi дегенiмiз-ол, мемлекет органында мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасын айтады;

Мемлекеттiк саяси қызметшi дегенiмiз-ол, тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызмет саяси-айқындаушы сипатта болатын және мақсаттары мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшiнi айтады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi мен мемлекеттiк саяси қызметшiнiң арасындағы айырмашылықтар:

-әкiмшiлiк қызметшiлердiң тағайындалу тәртiбi жалпы конкурс бойынша және нақты тағайындау бойынша орындалады;

-әкiмшiлiк қызметшiлер әрбiр үш жыл сайын қызметке жарамдылығы туралы аттестациядан өтуге мiндеттi;

-саяси қызметшiлердiң қызметке ену тәртiбi тек ҚР Президетiнiң тағайындауымен немесе ҚР Парламент палатасының сайлауы бойынша жүзеге асырылады;

-саяси қызметшiлер аттестациядан өтпейдi;

-саяси қызметшiлер отставкаға кетуге құқығы бар;

-саяси қызметшi терiс қылық жасаған жағдайда, ол отставкаға емес тек қызметтен кетiрiлетiн болады.


3 Мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру кепiлдiктерi олардың құқықтық жағдайларының айрылмас элементтерi

Мемлекеттiк қызметшi өзiе жүктелген мiнднеттерiн атқау кезiнде оның мүддесi ҚР заңнамаларымен қорғалатын болады. Әрбiр iс-қимылдары заң шеңберiнен шықпауы керек.

Мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық құқықтары:

-ҚР азаматтарына ҚР Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтары мен бостандықтарды пайдалануға;

-өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

-белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

-лауазымды мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

-басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес, қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

-әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

-қызметшiнiң пiкiрiнше, негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

-зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға.

Негiзгi мiндеттерi:

-Конституция мен заңдарды сақтауға;

-ант беруге;

-азаматтар мен заңды тұлғалардың мүддесiн қорғауға;

-өзiне жүктелген өкiлеттiгiн орындау;

-мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға.


Бақылау сұрақтары:

1 Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызмет дегенiмiз не?

2 Саяси мемлекеттiк қызметшi дегенiмiз кiм?

3 Әкiмшiлiк пен саяси мемлекеттiк қызметшiнiң айырмашылығы неде?

4 Лауазымды тұлға дегенiмiз кiм?

11 ДӘРIС



Тақырып:Мемлекеттiк қызметке кiру”

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттiк қызметке кiру туралы мәселе бойынша студенттердiң оқып –танысуы болады.

ЖОСПАРЫ:

1 Азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруі және мемлекет iсiн басқаруға конституциялық құқықтары

2 Мемлекеттiк қызметке кiретiн тұлғаларға қойылатын талаптар (азаматтығы, жасы, бiлiктiлiгi), олардың ерекшелiктерi

3 Мемлекеттiк қызмет аясындағы шектеулер мен тыйым салулар


1 Азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруі және мемлекет iсiн басқаруға конституциялық құқықтары

Мемлекеттiк қызметке тек ҚР азаматтары кiруге құқылы болады. Бұл туралы заңда көрсетiлген. Сондықтан ҚР Конституциясының талабы бойынша ҚР азаматтары Отан алдында атқаратын мiндетi мен Отанды қорғау мiндетi - ол әрбiр азаматтың қасиеттi борышы болып табылады. ҚР азаматтары мемлекеттiк қызметке тек өз еркiмен кiруге құқылы болады. Оған ешқандай зорлық болуы немесе мәжбүрлiк етуге жол берiлмейдi. “Мемлекеттiк қызмет туралы” ҚР Заңы (23.07.1999) 3-шi таруында мемлекеттiк қызмтке кiру тәртiбi көрсетiлген.



11-бап. ”Мемлекеттiк саяси қызметке кiру: Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ заңдарда белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

12-бап ”Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру: ҚР азаматтарының әкiмшiлiк лауазымға орналасуы және жоғары тұрған санаттағы лауазымды атқару жолымен қызметi бойынша жоғарылауы, осы Заңмен өзге де көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негiзде жүзеге асырылады. 4-бөлiгiнде: мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде адамның жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тұратын жерiне қарап шектеулер қойылуына жол берiлмедi.

ҚР Конституцияның 33-бабы бойынша азаматар мына құқықтарға ие бола алады:

-ҚР азаматтары мемлекет iстерiн басқаруға тiкелей немесе өздерiнiң өкiлдерi арқылы қатысуға құқылы;

-мемлекет органына өтiнiштi жiберуге құқылы;

-сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқылы;

-ҚР азаматтары мемлекеттiк қызметке кiруге құқылы.


2 Мемлекеттiк қызметке кiретiн тұлғаларға қойылатын талаптар (азаматтығы, жасы, бiлiктiлiгi) және олардың ерекшелiктерi

13-бап ”Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын талаптар“:

Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдарға мынадай талаптар қойылады:

-ҚР азаматы болуы;

-жасы 18-ден кем болмауы;

-қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлығы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына

сәйкес келуi;

-жергiлiктi салық органына өз мүлкi туралы декларациясын тапсыруы;

-арнайы тексеруден өтуi керек;

-мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды ҚР Президентi айқындайды.

Мемлекеттiк қызметке кiру тәртiбi мына негiздер бойынша жүзеге асырылады: 2003 ж 17 наурызда шыққан “ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi туралы” Агенттiгiнiң төрағасы бекiткен № 02-01-02/27 бұйрығымен жүзеге асырылады. Осы бұйрықта штаттың саны мен атқару мiндеттерi көрсетiлген. Мысалы: IIО қызметтерi заңнан басқа “IIО қызметтi өткеретiн ереже”, деген нормативтiк құқықтық актісiмен реттеледi. Сонымен қатар, әкiмшiлiк лауазымға ие болу үшiн үмiткерлер тест тапсырулары керек. Сондан соң бiлiктiлiгiн анықтау кеңесi өткiзiледi.


3 Мемлекеттiк қызмет аясындағы шектеулер мен тыйым салу

Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде үмiткердiң азаматтық кейбiр құқықтарына шектеулер қойылады. Ол тиiстi заңның баптарда көрсетiлген.



10-бап. ”Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер”.

Мемлекеттiк қызметшiге мемлекеттiк қызметке кiруге байланысты мынадай шектеулер қойылады:

-өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесi болуға;

-педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға болмайды;

-кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысуға ҚР заңдарына сәйкес, оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға болмайды;

-үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттiк органда өкiл болуға болмайды;

-өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға болмайды;

-ереуілдерге, тосқауылға тұруға және басқа да мемлекет iсiне кедергi келтiретiн iс-әрекеттерге қатысуға болмайды;

-лауазымдық құқығын пайдаланып азаматтар мен заңды тұлғаның көрсететiн қызметiн жеке мақсатта пайдалануға болмайды.

Мемлекеттiк қызметшi қызметке кiрген соң, бiр ай iшiнде жергiлiктi салық органына өзiнiң жеке мүлкi мен табысы туралы декларациясын тапсыруға мiндеттi. Өзiнiң жеке кәсiпорнын сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруi керек. Осы мүлiктен дивиденттер, ұтыстан түскен табыстарды алуға құқылы болады. Өзiнiң жұбайы, туған iнiсi, баласы бiр органда iстеуге болмайды. Мемлекетiк қызметке бұрын сотталған болып оның мерзiмi және сотталған туралы заң бойынша жойылмаған болса, ол азамат қызметке қабылданбайды. Мысалы: бұрын қылмыс жасап сотталған адамды полицияға алмайды.


Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттiк қызметке кiрудiң қандай тәртiбi, ережесi бар?

2 Конкурс пен тағайындау арасындағы айырмашылық неде?

3 Мемлекеттiк қызметтiң неше түрi бар?


12 ДӘРIС



Тақырып: “ Мемлекеттiк қызметтi өткеру”

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттiк қызметтi өткеру туралы оқып-танысуы болады.

ЖОСПАРЫ:

1 Мемлекеттiк органдарының жұмысын ұйымдастырудың жалпы негiздерi

2 Дербес және алқалы мемлекет органдарының қызметi

3 Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылықтары



1 Мемлекеттiк органдарының жұмысын ұйымдастырудың жалпы негiздерi

Мемлекет органдарының жұмыстарын ұйымдастыру дегенiмiз-ол, басқарудың бiр түрi болып табылады. Басқарудың мiндетiн мемлекет органдарында тек құзыреттiгi бар қызметтiк мiндеттерi артылған лауазымды тұлғаларды айтады. Ұйымдастырудың жалпы негiздерi:

-құзыреттiгi;

-функциясы;

-мiндетi;

-мақсаты.

Әрбiр мемлекет органдарының қызметтiк мiндетiне байланысты құзыреттiгi болады. Мысалы, кеден қызметшiсi шекара арқылы өтетiн тауар мен көлiк құралдарын кедендiк рәсiмнен өткiзу және одан баж салығын алуға толық құзыреттiгi бар. Мемлекет органдары алуан түрлi болғандықтан, әрбiр органда өздерiне жүктелген функционалдық мiндеттерi болады. Мысалы, учаскелiк инспектордың мiндетi өз учаскесiне бұрын сотталған адамдары есепке алуға және әкiмшiлiк қадағалау орнатылған адамдарды үнемi тексеруге мiндеттi болады. Мемлекеттiк қызметшi немесе органдардың алдарына қойылған қызметтiк мiндеттерi болады. Ол мiндеттер тiкелей қызметке байланысты. Мiндеттi орындау - ол, өз жұмысын тиянақты түрде орындау болып табылады. Мемлекет органдарында немесе мемлекеттiк қызметшiнiң әрқайсысында алда қойылатын мақсаттары болады. Мақсат дегенiмiз - ол, алда қойылған мiндеттiң орындалуын айтады. Мемлекет органдары осы көрсетiлген нгегiздердi орындау үшiн ұйымдаструшылық жұмысы пайда болады. Ал ұйымдастырусыз ешқанда қызмет iске аспайды. Мысалы, IIО қылмысты ашу үшiн бiрнеше ұйымдастыру iс-шараларын ұйымдастыру қажет болады, атап айтқанда: оперативтiк жұмысты нығайту, көптеген анықтама-сұраныстар жiберу, сараптамалар жасау т.б.


2 Дербес және алқалы мемлекет органдарының қызметi

Дербес қызметтiк органы дегенiмiз - ол, мемлекет органы тек бiр лауазымды тұлғаның басқаруы бойынша жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық қызмет саласын айтады. Мысалы, ҚР Прокуратуа органдарын алатын болсақ, бұл органда шешiмдi тек прокурор қабылдайды. Министрлiкте тек министр өзi қабылдайды. Бұл органдар жедел түрде шешiм қабылдау үшiн дербес басқару өте қолайлы болып табылады. Дербес басқаруға жататындар: құқыққорғау органдары, қарулы күш органдары. Кейбiр мемлекеттiк органдар. Алқалық қызмет органы дегенiмiз-ол, бiрнеше лауазымды тұлғалардың заң ережесi бойынша бiрiгуi нәтижесiнде дауысқа салып немесе кеңес жасау арқылы мәселенiң қабылдану нәтижесiн айтады. Мысалы, ҚР Парламентi және оның Палаталары, ҚР Конституциялық кеңесi, ҚР Жоғарғы сот алқасы, Жергiлiктi әкiмшiлiк, маслихаттар. Алқалық органда шешiмдi тек бiр лауазымды тұлға немесе оның мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысу арқылы шешiлетiн ұйыдастыру басшылық ету әдiсiн айтады. Алқалық органда дауыс берудiң нәтижесiнде шешiм қабылданып және сол iс бойынша шешiм шығарылатын болады.
3 Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылықтары

Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылығы дегенiмiз - ол мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде құқықты немесе заң талабын бұзғаны үшiн жауап беру рәсiмiн айтады. Жауапкершiлiктiң түрлерi:

-азаматтық (материалдық);

-қылмыстық жауапкершiлiк;

-әкiмшiлiк жауапкершiлiк;

-тәртiптiк жауапкершiлiк.

Мемлекеттiк қызметшiлер өздерiне жүктелген мiндеттерiн орындамаса және сыбайлас жемқорлық жасағаны үшiн, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн мынадай тәртiптiк жазалар қалданылады (28-бап):

-ескерту;

-сөгiс;

-қатаң сөгiс;



-қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;

-атқаратын қызметтен босату туралы шешiм.



Тәртiптiк жазаны салуға құқығы бар лауазымды тұлғалар:

-лауазымдық құзыреттiк өкiлдiгi бар адамдар салады;

-жасағаны үшiн ҚР заңында өзгедей жауаптылық көзделген әрекет үшiн қолдануға болмайды;

-ҚР нормативтiк құқытық актiлерiмен белгiленген тәртiппен қолданылады.

Тәртiптiк лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi, оны тағайындаған басшы белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымды мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн. Мемлекеттiк қызметшi өз iс-әрекетiнiң заңсыздығы үшiн жауап бередi. Атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығын күмәнданған жағдайда, бұл жөнiнде ол өзiнiң тiкелей басшысында және өкiмдi берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкiмдi жазбаша растаған жағдайда, мемлекеттiк қызметшi, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиiс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға мiндеттi. Мемлекеттiк қызметшiнiң заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн осы өкiмдi растаған басшы жауап бередi.

Мемлекеттiк қызметшiлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылық жасаған жағдайда, ҚР заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық және тәртiптiк жауапқа татылады.


Бақылау сұрақтары:

1 Дара басқарушылықты қалай түсiнесiз?

2 Алқалы басқарушылықты қалай түсiнесiз?

3 Алқалық басқарушылық органдарын айтып берiңдер.

4 Мемлекеттiк қызметшi кiмнiң алдында немесе органның алдында есептi және жауапты болады?

13 ДӘРIС



Тақырып: Мемлекеттiк қызметтi тоқтату

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушылардың мемлекеттiк қызметтiң тоқтатылуы туралы оқып-тансуы болады.

ЖОСПАРЫ:

1 Мемлекеттiк қызметтi тоқтату негiздерiнiң жалпы сипаттамасы

2 Мемлекеттiк қызметшiлердi жұмыстан босату тәртiптерi

3 Заңсыз жұмыстан босатудан сот арқылы қорғау (материалдық және моральдық шығындары өтеу)


1 Мемлекеттiк қызметтi тоқтату негiздерiнiң жалпы сипаттамасы

Мемлекеттiк қызметтiң тоқтатылу негiздерi ҚР Заңы “Мемлекеттiк қызмет туралы” (23.07.1999) көрсетiлген. Заңның 6-шы тарауында анық көрсетiлген. Бұл заңда саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiнiң тоқтатылуы туралы айтылған. 26-бап.”Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға шығуы және қызметтен босатылуы” туралы айтылған. Отставка дегенiмiз - ол, мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша арызы негiзiнде жүзеге асырылады. Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан дәлелдi бас тартылады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешiм жазбаша арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Саяси қызметшi отставкадан бас тартылған жағдайда, қызметтiк өкiлеттiгiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның ҚР заңдарында көзделген тәртiппен қызметтен босауға құқығы бар. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер Конституцияда, осы Заңда және ҚР өзге де заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша отставкаға шығады. Лауазымдық өкiлеттiгiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуы үшiн негiз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшiн негiз болады. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен босатудың негiздерi мен тәртiбiн ҚР Президентi белгiлейдi. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер тiзiмi ”Мемлекеттiк қызмет туралы “ҚР Заңының 7-баптың 2-шi тармағында көрсетiлген.

27-бап:”Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтауының негiздерi“: Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына мынадай негiздер болады:

1. мемлекеттiк қызметшiлердiң өз еркі бойынша жұмыстан босатуын сұрауы туралы арыз беруi; екi жақтың өзара келiсiмi бойынша;

2 келiсiм-шарт мерзiмiнiң бiтуi, не ҚР заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;

3 мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрнеу жалған мәлiмет берген болса;

4 “Мемлекеттiк қызмет туралы” ҚР Заңында белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамаса;

5 Меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеген болса;

6 ҚР азаматтығын жоғалтқан болса;

7 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;

8 мемлекеттiк қызметке заңда белгiленген ережеден тыс және конкурстан тыс әкiмшiлiк қызметтi атқарған болса;

9 Аттестацияның терiс нәтижесi болса;

10 ҚР Еңбек заңының ережелерi бұзылған болса.
2 Мемлекеттiк қызметшiлердi жұмыстан босату тәртiптерi

Мемлекеттiк қызметшiлердi жұмыстан босату - ол, тек сол қызметшiнi кiм және қай орган қабылдады, сол орган немесе сол лауазымды тұлға шешiм қабылдауға тиiстi болады. Яғни мемлекеттiк қызметке қабылдағаны туралы бұйрық жазған лауазымды тұлға жұмыстан босатуға құқылы болады. Мысалы учаскелік инспекторын облыстық IIД бастығы қабылдаса, сол бастық оны қызметтен босатуға да құқылы болады. Мемлекеттiк қызметтен босату ҚР Еңбек кодексінде толық белгiленген. Осы аталған заңдар бiр-бiрiмен қайшы келмейдi.

Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң уәкiлеттi органға шағым беруге, сондай-ақ өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мемлекеттiк саяси қызметшiнiң ауысуына байланысты, әкiмшiлiк қызметшiлердiң жаңадан (қайта) тағайындалуына немесе қызметiнiң тоқтатылуына негiз болмайды.

Мемлекеттiк қызметшiнi қызметтен босату тәртiбi ҚР тиiсмтi заңнамалары бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қызметтiк ернежелер де болады. Мысалы, ҚР “Iшкi iстер органдары туралы” Президент жарлығымен қатар, IIО қызметтi өткеру ережесi де бар, бұл ҚР iшкi iстер министрдiң бұйрығымен бекiтiлген.


3 Заңсыз жұмыстан босатудан сот арқылы қорғау (материалдық және моральдық шығындарды өтеу)

Мемлекеттiк қызметшi қызметтен заңсыз босатылған жағдайда, мына органдарға шағым беруге құқылы болады:

- қызметтi өткерген органның жоғарғы деңгейде тұрған органның басшысына;

-сот органына. Егер жоғарғы орган қанағатты шешiм қабылдамаса, онда мiндеттi түрде сот органына шағым беру керек болады. Практикада мемлекеттiк органдар өздерiнiң бағынысты органдарын жиі–жиі қолдайтын болады. Яғни бiр жақты қарайтын болады. Ал, сот органы ол бейтарап орган және тәуелсiз шешiм қабылдайтын болады. Материалдық жауаптылық дегенiмiз - ол, қызмет бабына байланысты, қызметте мүлiктiң, нәрселердiң сақталуын және кiрiс-шығысты есепке алмау нәтижесiнде, талан-таражыға әкеп соққызатын, азаматтық кодекс талабы бойынша жауапқа тартылуды айтады; Моральдық жауаптылық дегенiмiз - ол, зардап келтiру нәтижесiнде адамның денсаулығына, тұрмысына психологиялық ыңғайсыздық пен келеңсiз жаңғдайға ұшыратқан хал-жайды айтады. Мысалы: бiр адам екiншi адамды қылмыс жасады деп ақпарат арқылы жария етiп, ал ол туралы еш дәлелi болмаса, кiнә қойылған адам бiрiншi адамға сот арқылы моралдық зардапты төлеуiн талап етуге құқылы болады. Сол секiлдi мемлекеттiк қызметшiнi заңсыз жұмыстан босатқан басшы материалдық зардап мен моралдық зардаптың орнынын ақшалай түрде толтыруға мiндеттi болады. Мемлекеттiк қызметшi өзiне байланысты заңсыз қабылданған шешiм құжаттарымен толық танысуға құқылы болады. Жұмыстан босады деген бұйрық көшiрмесiн алуға құқылы болады.


Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттiк қызметтiң тоқтатылуына қандай негiздер болады?

2 Мемлекеттiк қызметшi заңсыз бұйрықты орындауға мiндеттi ме?

3 Мемлекеттiк қызметшiнi заңсыз немесе лауазымнан босатқаны үшiн қай органға өтiнiш беруi керек?

4 Саяси мемлекеттiк қызметшi лауазымынан төмендетiлсе немесе босатылса сотқа беруге құқылы ма?

14 ДӘРIС



Тақырып:Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет реформасын жүргiзу”

Сабақтың мақсаты: ҚР мемлекеттiк қызметке реформа жүргiзу мәселесi туралы оқып-танысу болады.

ЖОСПАРЫ:

1 ҚР Мемлекеттiк қызмет және кадр саясатын қайта қараудың концептуальды негiздерi

2 Республикадағы мемлекеттiк кадр саясатының басты мақсаты, қағидалары және басымдылығы

3 Мемлекеттiк қызметтi қайта қарауды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету




1 ҚР Мемлекеттiк қызмет және кадр саясатын қайта қараудың концептуальды негiздерi

Мемлекеттiк қызметке кiрудiң ең бастамасы және негiзiн қалаушы - ол, кадр резервi болып табылады. Резерв дегенiмiз - ол, алдағы уақытта пайдаланатын қосалқы керек-жарақтар мен мамандардың қорын айтады. Яғни, бос орын пайда болған кезде осы резервте тұрған адамдар сол орынға қызметке кiретiн болады. Бұл жөнiнде “Мемлекеттiк қызмет туралы” ҚР Заңның 20-бабында көрсетiлген:

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымдарға орналасуға арналған кадрлар резервiн уәкiлеттi орган мен оның аймақтық бөлiмшелерi калыптастырады. Кадрлер резервi мынадан тұрады:

-конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадрлер резервiне тiркеу үшiн ұсынған азаматтардан тұрады;

-мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде оқудан өткен азаматтардан тұрады;

- мемлекеттiк органдар кәсiби деңгейiн көтеру мақсатында халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтардан тұрады;

-аттестациядан өткен және аттестаттау комиссиясы кадрлар резервiне есепке алуға ұсынған мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерден жасақталады. Кадрлер резервiне тiркелген азаматтар бiр жыл iшiнде конкурстан өтпестен мемлекеттiк органдарға тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға тағайындалуы мүмкiн. Кадрлер резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша ҚР Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң кадрлер резервi туралы ережемен реттеледi.
2 Республикадағы мемлекеттiк кадр саясатының басты мақсаты, қағидалары және басымдылығы

Кадр саясатының басты мақсаты:

-мемлекеттiк қызметтi бiлiктiлiгi жеткiлiктi қызметшi мамандармен қамтамасыз ету;

-бiлiктiлiк мамандығын үнемi жаңарту;

-заманның күннен-күнге өзгеруiне байланысты мамандарды қайта даярлаудан өткiзу;

-мамандардың қазiргi заманның талабына сай болуы керек;

-нарықтық экономиканың дамуына және оның мемлекет аумағында нығайтуға мамандардың тiкелей қатысуын талап ету;

-ҚР iшкi және сыртқы саясатын дамыту жолында мамандардың белсене қатысуы керек;

-ҚР ұлттық қаупсiздiктi сақтау және оны нығайту жөнiнде мамандарды ынталандыру керек.



Мемлекеттiк қызметтегi қағидалар: заңдылық; қазақстандық патриотизм; мемлекеттiк әкiмшiлiктiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүддесi алдындағы басымдығы; жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсiби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарлатуға тең құқығы болуы; азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi; мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiлiктiлiгi; мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу; жоғарғы деңiгейдегi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың шығарған шешiмдерiн, төменгi, бағынысты органдар мен лауазымды тұлғалар үшiн орындау мiндеттiлiгi; мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi; мемлекеттiк құпиялар мен заңда көрсетiлген өзге де құпияларды сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялықты ескеру; мемлекеттiк қызметшi ерекше тапсырманы орындағаны үшiн көтермелеу, марапаттау; мемлекеттiк қызметшi тасырманы орындамағаны үшiн немесе толық орындамағаны үшiн тиiстi жауапқа тартылуы; мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттырыуды үздiксiз принциптерiне негiзделедi. Мемлекеттiк органда саяси партиялар ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
3 Мемлекеттiк қызметтi қайта қарауды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету

ҚР мемлекеттiк басқару мен мемлекеттiк қызметте құқықтық реформаны жүргiзу туралы концепциясы ҚР Президентiнiң 2002 ж. 20 қыркүйекте шыққан №949 жарлығымен мақұлданған. Осы аталған реформада мына мән –жайлар қарастырылған:

-ҚР Конституциясының қалыптасуы;

-Конституциялық заңдардың пайда болуы: ҚР Президентi туралы; ҚР Парламентi туралы; ҚР Үкiметi туралы; ҚР Сот және сот жүйесi туралы; Республикалық референдум туралы; ҚР Конституциялық Кеңесi туралы; ҚР Мемлекеттiк рәмiздерi туралы. Басқа да маңызды заңнамалар қабылданды. Осы аталған және басқа да заңнамалардың орындауы нәтижесiнде мемлекеттiк басқару әдiс-тәсiлдерiн үнемi өзгерiстер енгiзудi қажет етедi. Ол дегенiмiз, мемлекеттiк басқарудың және мемлекеттiк қызметтi атқару мәселесiн қайта қарап халықтың талабына сай болуы керек. Шығарылған заңның орындалуы; Мемлекеттiк қызметке кiрудiң көпшiлiкке қол жеткiлiктi болуы; Отанды сүйю, қастерлеу; Iзгiлiктi ниетпен қарау; адам құқығы мен бостандығының артықшылығы басым болуы. Өйткенi билiктiң ең басты қайнар көзi халық болып табылады.



Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттiк қызметтi нығайту жолында ҚР Президенті тұсында қандай оқу орыны ашылды?

2 Саяси мемлекеттiк қызметтiң қызметке кiру тәртiбi қандай?

3 Облыстық, қалалық, аудандық әкiмдер мемлекеттiк қызметтiң қай түрiне жатады?



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1 ҚР Конституциясы 31.08.1995ж. (7.10.1998ж., 21.05.2007ж. енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған)

2 ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы 23.07.1997ж. №453-1.

3 Законодательство о государственной службе РК. Алматы 2003г.

4 Алихан Байменов. Государственная служба. Астана, 2000г.-87с.

5 В.Уваров.Государственная служба и управления. Петропавловск, 2004


Қосымша:

6 Оболонский А, Барабашев А. Государственная служба. Москва, 2000

7 Демин А.А. Государственная служба.Москва, 2002. –74с.

8 Акчурин А.Г. Государственная служба в РК: поступательность в совершении профессионализма государственных служащих. Алматы 2002 Т.1. 221с.

9 Акчурин А.Г. Результаты социального исследования по анализу состояния и путей реформирования государственной службы РК. Алматы 2002 Т.2. 124с.

10 Указ Президента РК “Об утверждении правил служебной этики государственных служащих РК” от 21.01.2000 г.,//Казахстанская правда. №7,25.01.2000.

11 Указ Президента РК “Об образовании комиссии при Президенте РК по

вопросам коррупции и соблюдения служебной этики государственных служащих”.,от 02.04.2002 г. ,//Казахстанская правда № 27, 05.04.2002.

12 Дуйсенов Э. К проблеме возникновения, становления и развития понятия государственной службы в Республике Казахстан //Саясат, 1997. №7, -36с.

13 Токтыбеков А. Досымбекова М. О концепции реформирования государственной службы //Саясат 1996. №7 –23с.

14 Оболонский А. Государственная служба во Франции //Государство и право., 2000. №11 223с.

15 Жумагулов Б. “О правовом статусе государственных служащих” //Фемида 1998, №5.-78с.

16 Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждения положения о порядке прохождения государственной службы” от 10.03.2000 г. №357.//Казахстанская правда № 31,12.03.00г.

17 Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении правил проведения аттестации административных государственных служащих” от 21.01.2000 г. №327. //Казахстанская правда №5, 25.01.00

18 ҚР «Ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңы 26.06.1998. №223-1.

19 ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңы 15.03.1999. №349-1.

20 Постановление Правительства Республики Казахстан “О порядке передачи имущества государственных служащих в доверительное управление” от 20.01.2000 №199., // Казахстанская правда № 8, от 24.01.00г.

21 Распоряжение Президента Республики Казахстан “О декларировании государственными служащими доходов и имущества, подлежащих налогообложению” 19.11.1996., Каз.правда 21.11.96.

22 Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении положения о

порядке пенсионного обеспечения государственных служащих”

от 17.06.1996 г., //Казахстанская правда № 45,21.06.96г.

23 Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении положения о

стаже государственной службы для выплаты процентных надбавок за

выслугу лет и порядке исчисления выслуги лет для назначения пенсии

государственным служащим РК” от 30.06.1996 г. №3014. //Казахстанская правда №48, 03.07.96.

24 Крепак П.И. Прохождение государственной службы: карьерный рост,

условие труда // Право и государство. 2001 г. №3 –49с.

25 Зубкова А. Особенности характеристики содержания и организации труда

государственных служащих // Труд в Казахстане 2002 г. №5 с.36..

26 Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении правил

Проведения аттестации административных государственных служащих” от 21.01.2000 г. №327., //Казахстанская правда №5, 25.01.00 г.

27 Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении правил

наложения дисциплинарных взысканий на административных

государственных служащих” от 31.12.1999, //Каз.правда №1, 01.01.2000.

28 Приказ Председателя Агентства РК по делам государственной службы

“Об утверждении правил аттестационных создания аттестационных

комиссий для проведения аттестации руководителей государственных

органов” от 26.06.2002 г.

29 Сапаргалиев Г. О политических государственных служащих // Правовая

реформа в Казахстане 2002 г. №1 –17с.

30 Уваров В.Н. Теория государственного управления ,Алматы.2001 г.-225с.

31 Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении реестра

должностей административных государственных служащих и перечня

категорий административных государственных должностей” от 19.12.1999

32 Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении текста присяги

административного государственного служащего и порядка принесения присяги административными государственными служащими” от 09.12.1999

33 Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении положения о

кадровом резерве для занятия должностей административных

государственных служащих” от 04.02.2000. //Казправда №5,6.02.00г.

34 Приказ Председателя Агентства РК по делам государственной службы

“О правилах проведения конкурса на занятие вакантной административной

должности” от 24.11.1999г.

35 Приказ Председателя Агентства РК по делам государственной службы “О типовых квалификационных требованиях к категории административных государственных должностей” от 30.12.1999

36 Приказ Председателя Агентства РК по делам государственной службы

“Об утверждении инструкции, программ тестирования и пороговых

значений результатов тестирования кандидатов на занятие вакантных

административных государственных должностей” от 17.04.2002

37 Распоряжение Премьер-министра РК “О поощрении административных

государственных служащих, осуществляющих подготовку документов на

государственном языке” от 21.09.2000

38 Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении реестра

должностей политических государственных служащих и правил порядка

наложения дисциплинарных взысканий на политических государственных служащих” от 29.12.1999 //Казправда 30.12.1999

39 Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении текста присяги

политического государственного служащего РК и порядка принесения

присяги политическими государственными служащими РК” от 13.04.2000

40 Приказ Председателя Агентства РК по делам государственной службы “Об утверждении правил о порядке проведения проверок деятельности

государственных органов РК по вопросам соблюдения законодательства о

государственной службе и антикоррупционного законодательства” 13.07.00

41 Манохин В.М. Концепция Закона о государственной службе

// Советское государство и право 1991 г. №12.,-74с.

42 Сакиева Р.С. Вопросы правового регулирования государственной службы в РК // Вестник университета Кайнар 2001г. -62с.

43 Яруллин Р. Понятие и классификация принципов постсоветской

государственной службы // Саясат 1998г. №8. –47с.

44 Габричидзе Б.Н., Коланда В.М. Принципы профессионализма в государственной службе // Государство и право., 1995 г. №12. 19с.

45 Досболов А.Д, Жасузакова С.С. Проблемы совершенствования административного налогового регулирования статуса государственного служащего РК // Научные труды академии налоговой полиции выпуск 1 Алматы 2000 г. -79с.

46 Приказ МОН РК “Об утверждении правил исчисления стажа работы по

специальности для работников академии государственной службы. при

Президенте РК” от 22.04.2002г. №325.

47 Мамытов Б. Главный ориентир профессионализм //Фемида 2000 №8. –28с.

48 Лассинг, Райнер Правовое положение государственных служащих в

Германии // Правовая реформа в Казахстане 2002 г. №1.,54с.

49 Тургумбаев Е. Вопросы ответственности за преступления против интересов государственной службы // Фемида 2004 г. №4. -26с.

50 Омаров Ш. Современный государственный служащий и проблемы

обеспечения национальной безопасности //Высшая школа Казахстана 2004 №1.-56с.

51 Джетибаева А. Относительно административной ответственности кандидатов на государственную службу за непредставление декларации о доходах на имущество //Вестник налоговой службы РК 2003. №12.,11с.

52 Амажолов Б. О некоторых проблемах понятия государственного служащего // Правовая реформа в Казахстане 2003 г. №3. –37с.

53 Турисбек А. Правовые основы продвижения на государственной службе

//Фемида 2003 г. №2. -21с.

54 Турисбек А. Конкурсный отбор кадров на государственную службу

//Мысль 2004 г. №5. –38с.

55 Воротной И. Ближе к народу: Президент разъяснил чиновникам принципы государственной службы. //Известие № 12, 20004. 14 апреля ,7с.

56 Гаськов А. Систему надо менять //Технологии управления 2004 №4 ,-50с.

57 Турисбек А. Концептуальные вопросы совершенствования системы

обучения государственных служащих в Казахстане //Фемида 2004. №2. –43с.

58 Ташенов И. Совсем непрост карьерный рост //Казправда, 24.11. 2003

59 Банцикин А. Госслужащий – “человек государственный” или “человек

казенный” //Экспресс К 2003г. 4 июня –3с.

60 Добрякова Т. Формирование системы непрерывного профессионального

образования государственных служащих //Труд в Казахстане 2003, № 3. ,36с.

61 Лотова И. Субъективно-акмеологический подход в исследовании профессиональной карьеры государственных служащих //Труд в Казахстане 2003г. №5. - 33с.

62 Турисбек А. К вопросу об оплате труда государственных служащих

//Фемида 2003 г. №5. -59с.

63 Шекимова Л. Имидж и этика //Казахстанская правда. 2003 г. 6 мая –3с.


64. Бисенова С.Ш. Модульные программы как инструмент эффективного обучения при подготовке государственных служащих //Вестник КазНУ 2003 №3 103с


65 Рахметов К. Политическая государственная служба в Казахстане: теория и практика организации, сопоставительный анализ, проблемы и пути

совершенствования // Евразийское сообщество 2003г. №3 -25с.

66 Турисбеков З. Для совершенствования госслужбы необходима

переориентация общественного менталитета // Фемида 2003г. №2. –8с.


67 Турисбек А. Вопросы кадровой политики государственных служащих.

// Правовая реформа в Казахстане 2003г. №.2. –63с.


68 Рехмет К.М. Правовой статус политических государственных служащих в

США и Казахстане // Право и государство 2003 г. №1. –16с.

69 Турисбек А. О некоторых аспектах профессионализма государственной

службы //Фемида 2003 г. №1 ,22с.

70. Удотова Н. Контроль – элемент системы управления //Правовой вестник

2002 №45, 2003 №1 –8с.

71 Федосеенко О. Основные принципы организации альтернативной службы

// Правовая реформа в Казахстане 2003 г. №2. –68с.

72 Беглов И. Формирование эффективной государственной службы //Мысль

2002г. №9. –25с.

73 Абайдельдинов Т. Некоторые вопросы совершенствования государственной службы //Труд в Казахстане 2002 г. №8. -14с.

74 Шагиева Б. Новые формы непрерывного профессионального образования // Труд в Казахстане 2002. №8. -21с.

75 Айтбаев С. Под грифом. Доверительное управление имуществом государственного служащего //Юридическая газета 2002. 31 июня, 3с.

76 Турисбеков З. Для обеспечения профессионализма //Казахстанская правда

2002г. 15 июня ,-2с.

77 Досанова Ж. Отбор – конкурсный: о правилах проведения конкурсов на

занятие административной государственной должности //Юридическая газета 2001. 4 июня.

78 Хасенов Е.М. Проблемы духовно-нравственного воспитания государственной службы.//Закон и время.,№7.,2001 г,-78с.

79 Крепак П. Проблемы повышения эффективности госслужбы //Закон и время 2000 г. №6.-51с.

80 Постановление правительства РК от 13.11.2000г. Концепция обучения

государственных служащих. //Казахстанская правда №58, 15.11.00г.

81 Приказ Председателя Агентства по делам государственной службы “Об

утверждении инструкции, программ тестирования и пороговых значений

результатов тестирования кандидатов на занятие вакантных административных должностей” от 14.04.2002 г.

82 Сапаргалиев Г. Идеологические основы государственной службы

//Фемида 2000 г. № 7.-19с.

83 Крепак П. Объективные предпосылки совершенствования законодательства о политических должностях государственной службы

//Правовая реформа в Казахстане 2002, №1 –21с.

84 Уваров В.Н. Классификация государственных органов //Право и государство 2000. №3 , -38с.

85 Баильдинов Е. Эффективность государственного управления как основное условие устойчивого развития Казахстана //Саясат 2000г. №4-5, -47с.

86 Искашев К. Государственная служба на пороге реформ //Саясат 1997 №4. –35с.

87 Уваров В. Политика и цели государственного управления //Право и Государство.,2002г. №1.,-58с.

88 В.Уваров.Государственная служба и управления. Петропавловск 2004.,87с

89 Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как

суверенного государства, Алматы,1992.-45с.

90 Назарбаев Н. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучение

благосостояния всех казахстанцев (Послание Президента страны

народу Казахстана ) //Казахстанская правда.1997.11.10.

91 Сапаргалиев Г.С.Конституционное право РК., Алматы. 1998.-87с.

92 Таранов А. Проблемы организации местного государственного управления и самоуправления.//Вестник Минюст РК. 1996,№6

93 Токтыбаев А.А.Теоретические основы реформирования государственного

управления. В книге: Модернизация: мировой опыт и современный Казахстан. Часть1.Алматы:1998,-51с.



94 Уваров В. Теория государственного управления: предмет и система. //Право и государство,1998, №1,- 4с.

95 Уваров В. Предмет и методология науки государственного управления. //Право и государство, 1998, №2,-1с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...