Сабақтың мақсаты: Студенттердiң мемлекеттiк басқару теориясын және оның ерекшелiктерiмен оқып танысу болады. Жоспары

Loading...


бет1/2
Дата13.04.2020
өлшемі0.65 Mb.
түріСабақ
  1   2
Дәрістер тезистері
1 ДӘРIС

Тақырып: Мемлекеттiк басқарудың мәнi мен ерекшелiктерi

Сабақтың мақсаты: Студенттердiң мемлекеттiк басқару теориясын

және оның ерекшелiктерiмен оқып танысу болады.


ЖОСПАРЫ:

1 Мемлекеттiк билiктiң түсiнiктемесi

2 Мемлекеттiк басқарудағы жалпылық пен ерекшелiк

3 Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары



1 Мемлекеттiк билiктiң түсiнiктемесi

Мемлекет болған соң мiндеттi түрде мемлекеттiк билiк болуы мiндеттi болады. Оның себебi, мелекеттiң өзi саяси қоғамдық ерекше ұйым болып табылады. Мемлекеттiк билiк үш тiзбектен тұрады: заң шығару билiгi-Парламент; атқарушы билiгi - Үкiмет; Сот билiгi - Жоғарғы соттан бастап төменгi деңгейдегi сот органдары. Бiздiң талқылауға жататын мемлекеттiк билiк - ол атқару билiгi болып табылады. Мемлекеттiк билiк дегенiмiз - ол, белгiлi бiр мемлекеттiң, өзiнiң аумағы бойынша, қоғамдық қатынастарды; елдiң саясатын, экономикасын және халықтың ынтымақтастығын бiрiктiретiн, елдiң егемендiгiн сақтап, тәуелсiз жеке өз алдына билiктi жүргiзетiн iс-әрекеттi айтады. Мемлекеттiк билiктiк тек мемлекет механизмдерiнiң (аппараттарының) жұмыс iстеуi нәтижесiнде жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттiк билiк халықтың жақсы және ешкiмнен тәуелсiз өмiр сүруiне жағдай жасайды. Мемлекет билiгi халықтың құқығын, бостандығын қорғайтын болады. Қазақстан Республикасы жеке өз алдына егемендi мемлекет. Өз саясатын, экономикасын ешкiмге тәуелсiз түрде жүргiзедi. Қазақстан - өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет деп бекiтедi. Мемлекеттiң ең қымбат қазынасы - халық және олардың денсаулығы. Ең басты билiктi әкелушi және негiзiн қалаушы - ол ҚР халқы болып табылады.



2 Мемлекеттiк басқарудағы жалпылық пен ерекшелiк

Мемлекеттiк басқару тәсiлдерi негiзiнен екiге бөлiнедi:

1.Жалпы басқарушылық; 2.Арнайы (ерекше) басқарушылық.

Жалпы басқарушылық дегенiмiз - ол, мемлекет аумағы бойынша халықтың мемлекет шығарған заңдары бойынша өз еркiмен орындай отырып тиiстi қызмет жасауын айтады. Мысалы, ҚР конституциясын сақтау, сайлауға қатысу, сайлану, салықты төлеу т.б. Арнайы басқарушылық дегенiмiз - ол, мемлекет органдарының ҚР заңнамалары бойынша немесе ҚР Президентiнiң Жарлығын орындауы бойынша нақты мәселенiң жүзеге асыруды айтады. Мысалы, ҚР Үкiметiнiң қаулысын орындау, министрлiктiң, жергiлiктi әкiмнiң шығарылған өкiмдерiн орындау, басқа да ведомстволардың басқару актілерiн орындау.

Басқарудағы ерекшелiк:

1. Тек мемлекеттiк органдар басқаруды жүзеге асырады;

2. Тек мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары басқаруды жүзеге

асырады;


3. Арнайы құзыреттiгi бойынша басқару жүзеге асырылады;

4. Тек нормативтiк құқық негiзiнде жүзеге асырылады;

5. Заң жүзiнде орындауға мiндеттi;

6. Мемлекеттiк мүдденi қорғау;

7. Мемлекеттiң бiртұтас саясатын жүзеге асыру.
3 Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары

Мемлекеттiк басқаруда мiндеттi түрде ұйымдастыру iс-шаралары жүргiзiледi. Ұйымдастыру дегенiмiз - ол, мемлекеттiк билiк жұмыстарын жүзеге асыру кезiнде жасалатын iс-әрекеттердi айтады. Мемлекеттiк басқару кезiнде заңдылық пен тәртiптiлiк қамтамасыз етілуi керек. Мемлекеттiк басқару аясында заңдылықты қамтамасыз етудiң ерекшелiктерi: 1.Әкiмшiлiк құқықтық реттеу аясындағы құқық шығармашылығы және құқықты қолданушы өкiлдiгiне иеленген субъектiлерi; 2.ҚР заңдылық күшi бар актілердiң және олардан туындайтын мемлекеттiк басқару органдары актілерi; 3.Лауазымды тұлғалардың өз көзқарастарына қарай басқару әрекеттерiн жасауы.



Ұйымдастырушылық пен басқару арасындағы байланыстар:

1. Ұйымдастырушылық бағалау;

2. Функционалдық бағалау;

3. Функционалдық және ұйымдастырушылық бағалау.

4. Шаруашылық және басқа да мемлекеттiк басқару құрлысына байланысты;

5. Өндiрiстiк тәртiп;

6. Жоспарлық;

7. Қаржыландыру;

8. Орындаушылық;

9. Есептік-статистикалық;

10. Өндiрiстiк технологиялық және инновациялық.

Мемлекеттiк басқаруда мiндеттi түрде ұйымдастырушылық билiктi атқару және нақты министрлiктер мен ведомстволар арқылы жүзеге асырылады. ҚР билiктi атқару органының ең басты органы - ол, ҚР Үкiметi болып табылады. Министрлiктер әр сала бойынша құрылады. Ведомстволар мемлекеттiң арнайы қызметтерi атқарады. Өйткенi ведомстволар үкiмет құрамына кiрмейдi. Агенттiктер дегенiміз - ол, мемлекет органының бiр саласы ретiнде мемлекеттiк қызметтi атқарады. Ол Үкiмет құрамына кiрмейдi. Ведомстволарға мысалы, ҚР Ұлттық банкiсiн айтуға болады. Ұлттық банктiң төрағасы тек ҚР Президентiне есеп бередi және тiкелей бағынысты болады. Оның төрағасын ҚР Праламентiнiң келiсiмi бойынша ҚР Президентi тағайындайды. Сондықтан, басқару тек ұйымдастырушылық негiзде жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттiк басқару - ол, тек ҚР билiк тiзбегiнiң бiрiгiп және оларды үйлестiрiп, ұйымдастру нәтижесiнде жүзеге асырылатын iс-әрекеттерiн айтады.


Бақылау сұрақтары:

1 Басқарудың қандай түрлерi бар?

2 Әлеуметтiк басқарудың қандай түрлерi бар?

3 Мемлекеттiк басқарудың ерекшелiгi неде?

4 Ұйымдастыру мен басқарудың арасында айырмашылық бар ма?

2 ДӘРIС



Тақырып: Мемлекеттiк басқарудың қағидалары

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушылардың мемлекеттiк басқару қағидасын оқып танысуы

ЖОСПАРЫ:

1 Мемлекеттiк басқару қағидаларының теориялық және тәжiрибелiк маңызы

2 Мемлекеттiк басқарудың салалық қағидалары, олардың ерекшелiктерi

3 ҚР Конституциялық қағидалар және олардың әлеуметтiк қызметi



1 Мемлекеттiк басқару қағидаларының теориялық және тәжiрибелiк маңызы

Мемлекеттiк басқару қағидалары ҚР аумағында ҚР Президентiнiң “Қазақстан-2030” деген жолдамасында мына мән-жайлар айтылған:

- бiз мемлекетiмiздiң егемендiгi мен тәуелсiздiгiмiздiң негiзiн жасадық;

- басқарудың негiзгi генерациясын даярлау болды;

- мемлекеттiк басқару жұмысы бiлектi түрiп жұмыс iстеудi қажет етедi;

- көздеген мақсатқа жету;

- болашаққа деген жаңа мамандарды даярлау;

- мемлекеттiк басқару- ол, ҚР Конституция негiздерiн басшылыққа ала отырып, оны бұлжытпай орындау болып табылады.

Мемлекеттiк басқару қағидалары:

- заңдылық;

- Қазақстандық патриотизм;

- жүктелген мiндеттi бұлжытпай орындау;

- өз iсiне деген жауапкершiлiк;

- атқараған еңбегi үшiн есеп беру;

- адам мүддесiнiң мемлекет мүддесiнен артықшылығы;

- Мемлекет органдарының өзiнiң қабылдаған шешiмдерi үшiн адам алдындағы жауапкершiлiгi;

- адамның өз iсi үшiн жауаптылығы.

Теориялық маңызы:

- мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк қызметшiнiң барша халыққа деген маңыздылығы;

- мемлекеттiк басқарудың адам қоғамына қажеттiлiгiн таныту;

- мемлекеттiк басқарудың нарықтық экономиканы реттеу жөнiндегi маңызы;

- мемлекеттiң әрбiр азамат үшiн құқығын және бостандығын қорғау жөнiндегi кепiлдiгi;

- адам мен азаматтың субъективтiк құқығын жүзеге асыруға жағдай жасауы.

Тәжiрибелiк маңызы:

- мемлекеттiк басқарудың iс жүзiнде жүзеге асыру нәтижесiнiң маңызды болуы;

- пайдаланған тәжiрибе жолдарын үнемi жаңарту iс-шараларын жүргiзу;

- iс-шаралардың нәтижесi конституцияға және заңнамаларға сәйкес болуы;

- теория жолын қолдану кезiнде жаңа әдiс-тәсiлдерiнiң пайда болуы;

- жаңа пайда болған әдiс-тәсiлдерiн пайдаланған жағдайда нәтижесiне тиiстi баға беру.


2 Мемлекеттiк басқарудың салалық қағидалары, олардың ерекшелiктерi

Салалық басқару дегенiмiз - ол, мемлекеттiк деңгейдегi қоғамдық қатынастарда әрбiр жұмыстың түрiне, сипатына байланысты басқарушылық пен ұйымдастырушылық әдiс-тәсiлдерiн пайдаланатын iс-әрекеттерiн айтады. Өйткенi, мемлекеттiк басқаруда, қоғамдық қатынастарда көптеген шаруашылық түрлерi кездеседi. Мысалы: қаржы немесе экономика саласы, бiлiм және ғылым саласы, өнеркәсiп саласы, ауыл шаруашылық саласы, әскери және құқыққорғау, соттық iстер саласы т.б. Осы аталған салалардың бәрi мемлекеттiк басқару және реттеушiлiк әрекеттерiн қажет етедi.

Салалық қағиданың конституциялық қағидадан айырмашылығы:

- конституция негiзгi жалпыға бiрдей мақсатты көздейдi;

- салалық қағида арнайы мәселенi шешу немесе реттеу үшiн тек заңнамаларға байланысты жүзеге асырылады;

- кейбiр ерекшелiгiне байланысты болады.

Салалық қағиданың түрлерi:

- экономикалық салалар;

- әлеуметтiк салалар;

- әкiмшiлiк-саяси құрылыс саласы;

- әдiлеттi басқару саласы;

- бiлiм және ғылым саласы;

- денсаулықты сақтау және қадағалау саласы.

Салалық басқаруда өзiнiң материалық-техникалық базасы болады (баспана, ғимарат, көлiктер, құрал-жабдықтар т.б.) қоғамға қажеттi қызметтi атқару. Мысалы, медициналық көмек көрсету. Әрине медицина жеке меншiктер де бар. Оның айырмашылығы мемлекетте ол бюджет қорынан қаржы бөлiнедi, ал жеке өз қалтасынан қаржыны жұмсайды.

Салалық басқаруда әрбiр сала бойынша өздерiнiң мамандалған мамандары мен кадрлары болады. Мысалы, бiлiм беру саласын алсақ, онда оқытушылар, доцент, профессорлар және докторлар, академиктер жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк басқаруда әртүрлi қызмет салалары бар, атап айтқанда:

-салық қызметi;

-кеден қызметi;

-әдiлет қызметi;

-әкiмшiлiк қызметi;

-денсаулық сақтау қызметi;

-ветеринарлық қызметi;

-қаржы қызметi;

-әскери қызмет;

-құқыққорғау қызметi.

Осы атаған қызмет түрлерiнiң әр саласына сай нақты және тиiстi заңдармен, ережелерiмен және жарғыларымен, нұсқауларымен бекiтiлген. Яғни тиiстi нормативтiк – құқық актiлерiмен бекiтiлген. Осы аталған актiлер бойынша мемлекеттiк органдар өз қызметтерiн атқарады.



3 ҚР Конституциялық қағидалар және олардың әлеуметтiк қызметi

ҚР Конституциясының II-шi тарауында “Адам және азамат” мына қағидалар көрсетiлген:

- ҚР азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады және оның қалай алынғанына еш әсер етiлмейдi;

- ҚР азаматы, ешқашанда және қандай жағдайда болмасын ҚР азаматтығынан айырылмайды және елден кетiрлмейдi;

- ҚР азаматтығына бөтен елдiң азаматтығы танылмайды;

- ҚР Азаматы бөтен елге берiлмейдi, егер халықаралық келiсiм-шартта көрсетiлмесе;

- ҚР өз азаматына елден тыс жерде қорғау және қамқоршылықты қамтиды;

- ҚР адам және азамат құқығына және бостандығына Конституцияға сәйкес кепiлдiк ету және танылатын болады;

- ҚР Конституцияға сәйкес адам құқығы мен бостандығы танылады және құқықтық кепiлдiк берiледi;

- ҚР Азаматы өзiнiң жағдайына байланысты құқыққа ие және мiндеттеме алады;

- Өз құқығын жүзеге асыру кезiнде бөтен бiреудiң құқығын бұзуға болмайды.

Әлеуметтiк қызметi:

- атқарған қызметi үшiн тиiстi еңбек ақының төленуi;

- қиянат жылдары үшiн зейнетақының төленуi;

- денсаулығына байланысты жәрдем ақының берiлуi;

-қоғамдық көмектiң көрсетiлуi;

-әлеуметтiк жағдайы нашар адамдарға материалдық жәрдем көрсетiлуi;

Әлеуметтiк қызмет - ол, мемлекеттiң материалдық көмек беруiн айтады.

Әлеуметтiк қызмет - ол, әрбiр мемлекет органында мемлекетттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк қорғауын айтады. Мысалы, мемлекеттiк қызметшi өзiнiң баспанасын жақсарту үшiн ширеттен тыс жер учаскесiн алуға құқылы. Кезектi демалысқа шыққанда мемлекетттiк қызметшiге лауазымдық қызмет ақшалай өлшем еңбек ақысының 2 не 3 айлық шамасындағы еңбек ақысы берiледi. Оған бiр мысал, полиция қызметкерлерi күнделiктi коммуналық төлемдi төлеуiн жеңiлдету үшiн ай сайын ақшалай компенсациялық жәрдем ақы берiледi.

Сонымен қатар әлеуметтiк үй-жайы нашар, көп жанұялы жанұяға әлеуметтiк жәрдем ақы төленуге тиiстi. Сонымен қатар 25 жыл қиянат еңбек еткен адамдар, жасы 58 және 63 жасқа келгендер зейнетақы алуға құқылы.
Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттiк басқару қағидаларын айтып берiңдер.

2 Мемлекеттiк басқарудағы қызмет саласын айтып берiңдер.

3 Әлеуметтiк қорғау дегенiмiз не?

4 Мемлекеттiк қызмет саласын айтып берiңдер.

5 Әлеуметтiк көмек дегенiмiз не?

3 ДӘРIС

Тақырып: Мемлекеттiк басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушылар мемлекеттiк басқарудың ұйымдастырушылық құрамымен оқып танысуы

ЖОСПАРЫ:

1 ҚР 2030 жылға дейiнгi Стратегиялық бағдарламасында белгiленген мемлекеттiк басқарудың жүйелiгi туралы

2 Заң шығарушы, атқарушы және сот билiгі тармақтары органдарының құрылымы

3 Мемлекеттiк бақылау - қадағалау органдары



1 ҚР 2030 жылға дейiнгi Стратегиялық бағдарламасында белгiленген мемлекеттiк басқарудың жүйелiгi туралы

“Қазақстан - 2030” стратегиялық бағыттар әр сала бойынша көрсетiлген. Мемлекеттiк басқару саласына ең алдымен экономика саласын қою қажет.

Экономика саласын нығайту үшiн 10 қағидалар осы аталған стратегия бойынша белгiленген. Экономиканың даму қағидалары:

- мемлекеттiң экономикаға тiкелей нақты шектелген түрде кiрiсуi;

- макроэкономикалық тұрақтылық;

- бағаны либерезациялау;

- ашық түрдегi экономика және ерiктi түрде сауданы өткiзу;

- жекеменшiк институтын нығайту;

- жекешелендіру;

- шетел инвестициясын сапалы түрде қорғауды қамтамасыз ету;

- энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарын өндiру;

- индустриалдық технологиялық стратегиясын қалыптастыру;

- өндiрiстi диверсификациялау.

Келесi мәселе - ол, ҚР ұлттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету.



Ұлттық қаупсiздiктi түрлерi:

- экономикалық қаупсiздiк;

- саяси қаупсiздiк;

- экологиялық қаупсiздiк;

- ақпараттық қаупсiздiк;

Ұлттық қауіпсiздiк дегенiмiз - ол, сақтықта қорлық жоқ деп аталады.

Ұлттық қауіпсiздiк - ол, мемлекет механизмдерiнiң өз қызметтерiн ойдағыдай дер кезiнде орындап, оның дайын болуын айтады.

Үкiмет алдына қойылған қағидалар:

- ұлттық және қоғамдық келiсiмдегi ынтымақтастығын сақтау;

- шынайы экономиканың нақты экономика аумағында сақталуы;

- мемлекеттiк бюджеттiң шынайы түрде болуы;

- жағдайы нашар тұлғаларға әлеуметтiк жәрдем көрсету;

- сыбайлас жемқорлықпен үнемi, тоқтаусыз күрес жүргiзу;

- қоғамның имандылыққа деген көңiл бөлу мәселесiн нығайту;

- сыртқы саясаттың көп қырлы болуы.

- жүйелiгi туралы.

2 Заң шығарушы, атқарушы және сот билiгі тармақтары органдарының құрылымы

Заң шығарушы дегенiмiз - ол, мемлекет билiк тiзбегiнiң бiр түрi ретiнде және оның мiндетiн ҚР Парламенті органын айтады.

Атқару билiгi дегенiмiз - ол, мемлекеттiк билiктiң бiр тiзбегi ретiнде мемлекеттiң мәселесiн, шығарылған заң мен басқа да нормативтiк құқық актілерiн жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн ҚР Үкiмет органын айтады.

Сот билiгi дегенiмiз - ол, мемлекет билiгiнiң бiр тiзбегi ретiнде, ҚР аумағында әдiлдiк пен теңдiктi қамтамасыз ететiн және әлеуметтiк әдiлдiктi орнатудағы заңды шешiм қабылдау нәтижесiнде жүзеге асыратын ҚР Жоғарғы сотынан бастап төменгi деңгейдегi сот органдарын айтады.

Мемлекеттiк билiк мiндеттi түрде үш билiк тiзбегiнен тұру себебi мынада:

- мемлекет билiгiнiң демократиялық айқындығын байқату;

- құқықтың жоғары деңгейде болуы;

- тек заңдылықтың нәтижесiнде әдiл шешiм қабылдау.

ҚР Конституциясына жүгiнсек, онда IҮ-тарауда Парламент деген бөлiмiнде 49-баптан бастап, 63-бапқа дейiн ҚР Парламентiнiң құзыреттiк мiндетi мен қызметi туралы айтылған.

ҚР Конституциясының 49-бабында: ҚР Парламентi Республика бойынша жоғарғы өкiлеттi орган, заң шығару функциясын жүзеге асырады деген. Өкiлеттi орган дегенiмiз - ол, халықтың сайлауы бойынша жасалатын мәселенi айтады. Мысалы ҚР Парламентiнде депутаттар қызмет атқарады. Ал депутаттар екi палатаға бөлiнедi, атап айтқанда Мәжiлiс және Сенат палатасын.

ҚР Конституциясының Ү-тарауында: 64-баптан бастап 70-бапқа дейiн ҚР Үкiметi туралы айтылған. 64-бапта: Үкiмет ҚР аумағында атқару билiгiн жүзеге асырады.

ҚР Үкiметi ҚР Президентке бағынады және ҚР парламент алдында есеп бередi.

ҚР Үкiмет құрамын Премьер –министр тағайындалған соң 10 күн iшiнде құрып, оның тiзiмiн ҚР Президентiне ұсынады. ҚР Үкiмет мүшелерi халық және Президент алдында ант бередi. Үкiмет құрамына барлық салалық министрлiктер кiредi. ҚР саясатын және экономикасын ұйымдастырушы және оны жүзеге асырушы Үкiметке жүктеледi. ҚР Сот билiгiн ҚР Жоғарғы сотынан бастап төменгi деңгейдегi аудандық және оған теңестiрiлген сот органдары кiредi. ҚР Конституциясынынң ҮII-тарау: 75-баптан бастап 84-бапқа дейiн көрсетiлген.


3 Мемлекеттiк бақылау - қадағалау органдары

Мемлекеттiк бақылау дегенiмiз - ол, мемлекеттiң атынан белгiлi бiр объектiлердiң тексеруiн қажет ететiн, оның қызметiне баға беретiн iс-әрекеттi айтады. Бақылаудың түрлерi:

- Президенттiк бақылау;

- Парламенттiк бақылау;

- Үкiметтiк бақылау;

- жергiлiктi бақылау;

- салалық (ведомствалық) бақылау;

- салааралық (ведомствадан тыс) бақылау.

Қадағалау дегенiмiз-ол, бақылаудың бiр түрi ретiнде, қатаң түрде бақылау жұмыстары жүргiзiлетiн iс-әрекеттерiн айтады.

Қадағалаудың түрлерi:

-Прокурорлық қадағалау;

-Соттық қадағалау;

-Әкiмшiлiк қадағалау.

Бақылау мен қадағалаудың айырмашылығы:

- бақылау жасау кезiнде тек қызметтегi жетiстiктердi тексеру нәтижесiнде түзету және қалпына келтiру және басқа да ұсыныстар айтылады.

- тексеру нәтижесiнде жiберiлген кемшiлiктердiң ауырлығына және оның маңыздылығына қарай тексеру жүргiзiлген объектiлердiң лауазымды және басқа да қызметшiлерiне тиiстi жазалардың түрлерi қолдануы мүмкiн.

Яғни прокурорлық қадағалаудың нәтижесiнде мынадай заңды жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн: қылмыстық, материалдық, әкiмшiлiк және тәртiптiк. Соттық қадағалаудың нәтижесiнде мынадай шешiм шығарылуы мүмкiн: сотталған адам жауаптылықтан босатылуы мүмкiн, сот үкiмi, шешiмi бұзылуы немесе қайта қаралуға жатады. Әкiмшiлiк қадағалау дегенiмiз - ол, мемлекет органдарының кейбiр қызмет саласының және шаруашылық саласын бақылау жасаудың нәтижесiнде шығарылатын шешiмдi айтады. Әкiмшiлiк қадағалаудың түрлерi: жол қаупсiздiгiн, өрт қауіпсiздiгiн, санэпидемиялық, техникалық, атом қуатын қадағалау. Арнайы әкiмшiлiк қадағалау - ол, бас бостандығынан айырылып келген тұлғалардың екi рет және одан да көп рет сотталған, рецидивистердi IIО есепке алу және үнемi бақылауын айтады.

Ендiгi мәселе - ол, бақылаудың түрлерi туралы айтылады.

Бақылаудың түрлерi:

1. Президенттiк бақылау- Бұл бақылауда ҚР Президентi немесе оның әкiмшiлiк қызметi бақылауды жүзеге асырады.

2. Парламенттiк бақылау - ол, тек Парламент депутаттарының палатасы не тұрақты комитетi бақылау жұмысын жүргiзедi, мысалы, Сенат палатасы бюджеттiң шығыс - кiрiсiн бақылауды жүзеге асырады.

3. Үкiметтiк бақылау - ол, Премьер-министрдiң тiкелей нұсқауы бойынша не үкiмет құрамының бiрауыздан шешiм қабылдауы бойынша жүзеге асырылады.

4. Ведомстволық бақылау;

5. Ведомстводан жоғары бақылау;

6. Жергiлiктi бақылау.


Бақылау сұрақтары:

1 ҚР 2030-Стратегиясында мемлекеттiк басқару туралы қандай бағдарлама айтылды?

2 Мемлекеттiк бақылаудың қандай түрлерi бар?

3 Қадағалаудың қандай түрлерi бар?

4 Әкiмшiлiк қадағалудың қандай түрлерi бар?

5 Ведомстводан жоғары бақылау дегенiмiз не?

4 ДӘРIС

Тақырып: Әлеуметтiк жүйе мемлекеттiк басқарудың объектiсi ретiнде

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушылардың әлеуметтiк жүйе мемлекеттiк басқарудың объектiсiн оқып-танысу болады.

ЖОСПАРЫ:

1 Әлеуметтiк жүйе және оның элементтерiнiң құрлымы

2 Адам - әлеуметтiк жүйенiң негiзгi элементi және азаматтардың мемлекет iсiн басқаруға қатысуға заңдылық кепiлi

3 Мемлекеттiк басқарудағы салалық және функционалдық бастама



1 Әлеуметтiк жүйе және оның элементтерiнiң құрлымы

Әлеуметтiк жүйенiң негiзiн қалаушы - ол, адам болып табылады. Ал адамдар қоғамы халықты құрайды. Сондықтан халық ұйымы белгiлi бiр мемлекеттi құрайтын болады (Ф.Энгельс). Әлеуметтiк жүйе дегенiмiз - ол, адам қоғамынан тұратын және адамның iс-әрекет жасауының нәтижесiнде пайда болатын қоғамдағы iс-әрекеттер мен құбылыстарды айтады. Мысалы: ғылыми жұмыстар мен жаңалықтар, сол жаңалықтарды iс жүзiнде жүзеге асыру оны адам қоғамына тарату, iске асыру, адам өмiрiне қажеттi деген құрал-жабықтарды әзiрлеу, өндiргiш күштердiң пайда болуы, құрылыс пен өнеркәсiптiң т.б. Осыған орай әлеуметтiк жүйе неден тұрады? Әлеуметтiк жүйесiнiң элементтерi мынадан тұрады:

- адамнан;

- ұйымдардан;

- тұрғындарды аумақтық қағида бойынша бөлу (мемлекетке);

- адамдарды өндiрiстiк салалық қағидасына қарай бөлу (жұмыс түрiне);

- салалық және функционалдық мiндеттi атқару жағдайына байланысты;

- мемлекеттiк басқарудағы объектi мен субъектiнiң арасындағы өзара байланыстар;

- мемлекеттiк басқарудағы “сыртқы ортаның” (экономикалық жағдай, табиғат т.б.) әсер етуi. Адам - ол, адам қоғамының негiзiн қалаушы және қоғамдағы құбылысты өзгертушi, реттеушi, қалыптастырушы, көптеген iс-әрекеттердi атқарушы тұлғаны айтады. Ұйым дегенiмiз - ол, адамдар қоғамынан тұратын белгiлi топты айтады. Аумақтық қағида дегенiмiз - ол, белгiлi бiр адамдар тобының бiр жер аумағында топтасып өздерiнiң салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын сақтау нәтижесiнде мемлекеттiң пайда болуына негiз екенiн айтады. Мысалы: Ежелгi Рим, Афина және Германия.

Өндiрiс саласы дегенiмiз - ол, адамдардың әр салаға байланысты жұмыс iстеуiн айтады. Салалық және функционалдық дегенiмiз - ол, әр салаға байланысты, әрбiр қызметшiге жүктелген мiндеттi атқаруды айтады.

Мемлекеттiк басқарудағы субъектi мен объектiнiң арасындағы өзара байланыс дегенiмiз - ол, қоғамдық қатынастардағы мемлекеттiң басқаруына, бақылауына жататын белгiлi бiр объектiнi айтады. Субъектiге жататындар:

Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар. Объектiге жататындар: бағынысты немесе қызмет бабына байланысты тәуелдi жеке және заңды тұлғаларды айтады. Мысалы: ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi (субъект) болса, ал Қостанай МУ (объект) болып табылады. Өйткенi Министрлiкке бағынады. Ал министрлiк өз билiгiн жүргiзетiн болады.


2 Адам - әлеуметтiк жүйенiң негiзгi элементi және азаматтардың мемлекет iсiн басқаруға қатысуға заңдылық кепiлi

Адам дегенiмiз - ол, абстрактілiк құбылыс емес, ол нақты түрде қоғамда өмiр сүрiп, тиiстi iс-әрекеттердi жасайды (Ф.Энгельс). Адам – ол, қоғам құрлысының негiзiн қалаушы болып табылады. Ал халық адамнан тұрады. Мемлекеттiң билiгiн әкелушi және iске асырушы - ол, халық болып табылады. Халық мiндеттi түрде мемлекет билiгiне араласады. Халықтың мемлекеттiк билiкке қатысуы – ол, демократияның нақты орнауы деп аталады (Солон). Адам мемлекеттiк басқаруда әрi субъект, әрi объект болып табылады. Мемлекеттiк iстi басқару - ол, әр адамның нақты артылған қызметтiк мiндетiне, оның атқаруына байланысты екенiн айтады. Қоғамдық қатынастарда әр адамның өз орны болады. Адамның бiрi жұмысшы болса, ал ендi бiреуi бастық, ал басқасы ғалым, саяси қайраткер т.б. Адам туғаннан бастап өз орнын өмiрде табу үшiн бiрнеше iзденiстерден, тексеруден, сындардан яғни тар жол, тайғақ кешуден өтедi. Сондықтан адамның мемлекеттiк билiкке қатысуы заңды құбылыс. Оның себебi, тек адамның қатынасуы бойынша дүниедегi iс-әрекеттер жүзеге асырылады. ҚР азаматтары мемлекеттiк қызметке кiру қағидасы тек өз еркiмен орнатылады. Өйткенi мемлекеттiк қызметке әр азамат өзiнiң қалауы бойынша, еркi бойынша кіреді. Сондықтан азаматтарға мемлекеттiк қызметтi атқару кезiнде конституциялық және заңды кепiлдiк берiледi.

ҚР Конституциясында адамның әлеуметтiк жағдайы әр қилы түрлі болады. Оның себебi күнделiктi қоғамдық қатынастарда қызметтiк мiндеттерiне байланысты, қоғамдағы болып жатқан өзгерiстер мен басқа да табиғи құбылыстарға байланысты болады. Адам өмiрi ол – қоршаған қоғамдар мен адамдар қоғамына қарай айқындалады.

Адам туралы түсінікті алып қарасақ - ол, тек бiр адам туралы айтылмайды, ол барлық жалпы адам қоғамы туралы айтылады деген (К.Маркс).

ҚР Президентiнiң 2030 - Стратегиялық бағдарламасында: ”Қазақстанның болашағы жастардың қолында” деп айтылған. Ол дегенiмiз, алдағы уақытта Қазақстанның келешегiн алға апарушы болашақ жастар қоғамына жатады дегенді білдіреді. Жастар өсiп жетiледi, өз Отанына қызмет етеді және борышын өтеуге тиiстi болады.

Болашақ жастар бiздiң алдағы келешекте бiздiң елдi көркейту, дамыту, қорғау және атадан қалған мұра жолдан тайынбауды көксеу керек екенi айтылған. Бұрынғы қазақ ғұламалары мен мемлекеттiк қайраткерлер. Абылай-хан, Әбiлхайыр-хан, Тәуке-хан, Қасым-хан, Кенесары –хан т.б. қазақ жерiн, даласын сырттан келген басқыншлыққа, жоңғар шарпқыншылығынан қорғап қалғанын ғұмыр бақи ұмытпауымыз керек.

Жеке тұлға - ол, биологиялық тұрғыда басқару жүйесiнде объект және субъект болуы мүмкiн. Мысалы, мемлекеттiк басқаруда, мемлекет аппаратында адамдар қызмет етедi, ал сол қызметте әр қайсының лауазымы әр түрлi және әр деңгейде болады. Яғни бiрi бастық болса, ал екiншiсi соның қарауында iстейтiн қызметшi болып табылады. ҚР Президентi оның құрамында Президент әкiмшiлiгi, Президенттiң кеңесшiлерi. Сонымен қатар, Мемлекеттiк қызмет органында бастық және оның бағынысты қызметшiлерi болады. Мiне, осыған байланысты жеке тұлға әрi объект әрi субъект болуы мүмкiн.


3 Мемлекеттiк басқарудағы салалық және функционалдық бастама

Мемлекеттiк басқарудағы салалық және функционалдық бастамасын табу – ол, мемлекеттiк органдар жүйесiнiң құрылысын айтуға болады. Азаматтық институтын алсақ, онда саяси - құқықтық жағын қарастырады, яғни адамның мемлекетпен байланыстығын көрсетедi. Ал құқықтық -ұйымдастыру нысанын алсақ, онда азаматтардың бiрiгуi, тұрғындарды әкiмшiлiк - аумақтық және өндiрiстерге бөлу болып табылады. Мемлекеттiк басқарудағы салалық және функционалдық бастама туралы анықтама мынадан тұрады. Салалық бастама дегенiмiз - ол, мемлекеттегi қоғамдық қатынастардағы әрбiр жұмыс саласына байланысты бөлiнетiн қызмет түрiн айтады. Мысалы: ғылым саласы, құқыққорғау саласы, экономика саласы, өндiрiс саласы т.б. Функционалдық бастама дегенiмiз - ол, мемлекет органында қызмет атқарушы әрбiр тұлғаға жүктелген қызметтiк мiндетiн айтады. Мысалы: судьяның, прокурордың, министрдiң, директордың, бухгалтердiң т.б. фунционалдық мiндеттерi болады. Функционалдық мiндеттi атқару дегенiмiз - ол, қоғамдық қатынастардағы әр адам - қызметшiнiң өзiне нақты жүктелген қызметтiк мiндеттi айтады. Мемлекеттiк басқаруда мемлекет аппараттарында адамдар қызмет етедi. Ал сол адамдардың әр қайсысына тиiстi қызметтiк мiндеттер артылады. Сол қызметтiк мiндеттi атқарудың нәтижесiнде мемлекеттiк басқару функциясы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк аппараттың жұмысын жүзеге асыру - ол, лауазымды тұлғалардың басшылық етуiмен және нақты iс - әрекет жасау нәтижесiнде орындалады. Мысалы: Премьер-министр ол, ҚР Үкiметiнiң басшысы, министр өз қарамағындағы адамдарды басқарады.

Салалық басқарманың сипаттамасы:

1.Нақты бiр сала бойынша қызмет атқару;

2.Бiр мақсатты көздеу;

3.Бiр мiндеттi атқару;

4.Дара басшылық;

5.Орталықтандырылған басшылық.

Функционалдық басқарманың сипаттамасы:

1.Әрбiр қызметтiң нақты бекiтiлген мiндетiн атқару;

2.Орнатылған мерзiмде орындау;

3.Әрбiр сала бойынша бекiтілген тұлғаның өз мiндетiн орындау;

4.Басқарушы тұлғаның жалпы ортақ болуы.

Мемлекеттiк басқаруда салалық және функционалдық басқару саласы қиылысу нәтижесiнде жалпы мемлекеттiк билiк жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...