Сабақтың мақсаты: студенттерді жануарлармен жұмыс жасағанда техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаумен таныстыру


Иттермен жұмыс жасау және оларды бекіту



бет4/21
Дата20.11.2021
өлшемі1 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Иттермен жұмыс жасау және оларды бекіту. Иттер өз иелеріне және оларды күтетін адамдарға сенімді қарайды. Сондықтан мал дәрігері шара қолданғанда олардың жанында тұрғаны дұрыс болады.

Итті тік тұрған, отырған және жатқан бойы бекітуге болады. Ит тік тұрғанда оны бір қолмен мойындағы тері қаптарынан немесе құлақ артынан, ал екінші қолмен алқымынан ұстайды. Иттің басын тұмылдырықтан ұстауға болады немесе қозғалмайтын затқа байлайды. Ашулы итті мойнынан ұзын қысқышпен ұстайды. Ол мақсатта арнаулы тұзағы және бекіткіші бар бекіту таяғын қолданады (1-сурет).



1-сурет. Жануарларды бекіту: 1 – мүйізінен бекіту; 2 – кеңсірік пердесін қысу; 3 – арқанмен артқы аяқты бекіту; 4 – артқы аяқты құйрықпен бекіту; 5 – алдыңғы аяқты көтеру; 6 – шағылыстыру шідерімен артқы аяқты бекіту; 7 – түйені бекіту; 8 –түйені жатқан бойы бекіту; 9 – шошқаны Троицкий станогінде бекіту; 10 – бұрама салу; 11 – иттің жағын бекіту; 12 – итті арнаулы үстелде бекіту.

Иттің жағын жабық күйінде тұмылдырықпен, бинтпен немесе жіппен бекітіп, жіптің соңын желкеден жай босайтын әдіспен байлайды. Мұндай әдіспен бульдоктарды бекіткенде аса сақ болу керек, себебі олардың тұмсығы қысқа. Итті тұншықтырып алмау үшін аузына тіске шіңішке таяқ салып, оның бір шетін жіппен бекітеді. Жіпті төменгі жақтың астынан жұтқынқаштан қайшылап, желкеден байлайды. Ашулы иттердің алдыңғы аяғын байлауға тура келеді немесе мойнынан бағанаға байлап қояды. Иттің жағын езулікпен, сынамен, екі таспамен ашады. Итті жатқан жағдайда бекіту үшін ұсақ малдарға арналған операциялық үстел және бас ұстайтын тақта қолданылады. Қажетті жағдайда итке ауыртпайтын немесе есірткілік дәрі енгізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік