Сабақтың мақсаты: студенттерді жануарлармен жұмыс жасағанда техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаумен таныстыру



бет11/21
Дата20.11.2021
өлшемі1 Mb.
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
CоққылауПеркуссия Percussion – балғамен немесе саусақпен ырғақты соғу арқылы зерттеу. Әртүрлі тығызтықты мүшелердің дыбысты әртүрлі қайтаратынына негізделген әдіс. Әуе және газы жоқ мүшелер (ет, май, сұйық) доғал деп аталатын қысқа, төмен, бәсең дыбыс шығарады. Газы бар мүшелер (тазқарын, соқыр ішек) қатты, дабылды немесе кепкен дыбыс шығарады.

Тыңдау Аускультация Ausculto – жүректің, тыныс алу мүшесінің, ішектің жұмысын зерттеуге мүмкіндік береді және әуе тамырындағы қырылды, кеуде қуысындағы үйкелу және шалпылдау шуын анықтауға болады.

Жылылықты өлшеу - Термометрия Termometria – дене қызуын өлшеу. Дене температурасы тыныс алған соң, азықтандыруға және су ішкенге дейін өлшейді. Термометр тік ішекке 5-10 минутқа қойылады (1-кесте). Дене қызуының көтерілуі індеттік және инвазиялық ауруларда болады. Дене қызуының төмендеуі уланғанда, өлдеуден кейінгі салдануда, талмада, қартайған және көтерем малдарда болады.
1-кесте.Әр түрлі жануарлардың дене температурасы

Жануар түрі

Температурасы

Жануар түрі

Температурасы

Сиыр

37,5-39,5

Кролик

38,5-39,5

Қой жән ешкі

38,5-40,0

Түлкі

38,7-40,5

Шошқа

38,0-40,0

Күзен

39,5-40,5

Жылқы

37,5-38,5

Ақ түлкі

39,1-41,4

Есек

37,5-38,5

Ит

37,5-39,0

Қашыр

38,039,0

Тауықтар

40,5-42,0

Солтүстік бұғы

36,0-38,5

Қаздар

40,0-41,0

Түйе

36,0-38,5

Үйректер

41,0-43,0

Арнаулы зерттеу әдістері: артериялық қысымды анықтау, электрокардиография, руминография, рентгенография, флюорография, қарынды зондтау, катетерлеу, серологиялық жәнеаллергиялықзерттеулер. Зертханалық зерттеулер: несепті, қанды, сүтті, нәжісті, ағындыларды, бөлінділерді, өлекселердің материалдарын.

Жануарларды киникалық зерттеу тәртібі.



  1. Алдын ала танысу:

а) жануарды жорналға тіркеу немесе жазу,

б) ауру жайындағы мәлімет.



  1. Өзіндік зерттеулер.

а) жалпы зерттеулер: мал денесінің сыртқы тұрпатын, кілегейлі қабықтарын, тері жамылғысын, лимфа түйіндерін, термометрия,

б) мүшелерді және жүйелерді зерттеу: жүрек қан-тамыр, тыныс алу, асқорыту, несеп-жыныс, жүйке жүйелері, қозғалыс мүшелері.

Жорналда жануардың түрін, жынысын, жасын, түсін, атын, нөмірін, кімдікі екенін, диагнозы және тағайындалғн емі жазылады.

Ауру жайындағы мәлімет АнамнезAnamnesis – ауру жануар туралы сұраумен алынған кешенді мәліметтер. Тіршілігі туралы мәлімет: қайда және қалай ұсталды, азықтандыру ерекшеліктері, пайдалану сипаты, ертеректе ауырдыма. Ауруы жайлы мәлімет: қашан ауырды, аурудың себебі және жағдайы, тексеру кезінде болмаған клиникалық белгілері (тырысып бүрісуі, қояншығы, құсуы), бұрын жануар емделдіме, емделсе кім емдеді, немен емдеді.

Тікелей тексеру қараудан бастлады. Жануардың дене бітіміне, қоңдыдығына, мінез-құлықтың қызбалығына, дене тұрысына, кеңістікте дененің жағдайына көніл аударады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Диагностика.

  2. Ауру белгілері.

  3. Балау.

  4. Болшау.

  5. Байқау.

  6. Сипалау.

  7. Соққылау.

  8. Тыңдау.

  9. Термометрия.

  10. Ауру жайындағы мәлімет.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырма: Ветеринарлық клиникада ауру малды қарап, оған диагноз қойып, қажетті емдік және алдын алу шараларын жаса. Диагноз қою үшін қандай әрекет жасау керек екенін ата. Диагноз қою үшін қажетті саймандарды ата.
4-5 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік