Қазіргі кездегі футбол ойындарында қақпаға тек қана шабуылшылар доп соғуы қажет емес екендігі ескеріліп оған орталықтағы тіптен қорғаушылар да қосыла беретін болған. Сондықтан олар да қақпаға доп соғудың түрлерін үйренулері қажет.
Орталық бөліктен доп әр түрлі бағытпен қақпаға әкелінеді де айып алаңы тұсынан тебіледі.
а ) жаттығу жылдамдықпен орындалады;
б) жаттығу өте жоғары жылдамдықпен орындалады, мұнда доптан көз айырып қалмау қажет;
в) доп мақсатты болып соғылады. Жаттықтырушы қақпаның сыртында тұрып ойыншы оны қақпаның қай бұрышына соғу керектігін көрсетіп тұрады. Оң жоғары, сол төмен т.б. (343-сурет).
г) Допты алып келе жатқан ойыншы алдамшы жүріс жасайды;
д) Жаттығу қарсыластың қимылына байланысты жасалады. Шабуылшы допты айып алаңына алып келеді, қарсыласы оны алдымен алыстан ізіне түседі, сосын жақындайды, сосын бірге жүріп біресе оң жағынан артына шығып, сол жағынан немесе оң және сол алдынан шығады т.б. Шабуылшы допты тебетін аяқтан алшақтау ұстайды. Қақпаға допты қорғаушының да артқы аяғымен соғылады. (344-сурет).
А ойыншы қақпадан 40 метр жерде оған арқасымен тұрады. Б ойыншы оған 10-15 метр жерден доп береді де өзі А-ға қарай тез жүгіреді. А ойыншы айналып келіп допты алып қақпаға доп соғу үшін оны айып алаңына дейін әкеледі. Б ойыншы А-ны өкшелеп қуып А-ның қақпаға доп соғуына кедергі жасайды да добын алып қоймақшы болады. Алғашқы доп беру жерлетіп немесе орташа биіктікте және биіктете беріле береді.
Түрлері:
Б ойыншы А-ға көлденеңдете доп береді, ол оны алып қақпаға қарай жүреді. Б ойыншы доп беріп өзі А-ның қақпаға баратын қиып өтпекші болып жүгіреді. Допты жерлете, орта биіктікте, биіктете беруге болады.
Ойыншы қақпаға қатар (параллель) айып алаңы тұсындағы қаптал сызығынан допты өзі жақындағы қақпа бағанасына қарсы тұрып орталық қақпаға не қақпаның алыс бағанасы тұсына доптытебеді. Айналып келіп доп соғуда жерге тіреліп тұрған аяқтың ұшы қақпаға қарап тұруы қажет. Сондықтан ойыншының денесі кез келген бағытқа қарай оңай бұрыла алады.