Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды жазбаша көбейту мен бөлудің жаңа түрімен таныстыру

Loading...


Дата08.04.2020
өлшемі24.36 Kb.
түріСабақ

Сынып комплекті:  3 - 2 сыныптар

Сыныбы: 3 сынып

2 сынып

Пәні:       Математика

Тақырыбы:    Разрядтан екі рет аттау, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері

1-ді санға көбейту. 0-ді санға көбейту

 


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды жазбаша көбейту мен бөлудің жаңа түрімен таныстыру;

Тәрбиелік: оқушыларды әдептілік, достық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге баулу;

Дамытушылық: өрнектерді баған түрінде есептеу, жазбаша көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру

 

-оқушыларды көбейту мен бөлудің дербес жағдайларымен таныстыру;

-оқушыларды әдептілік, достық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге баулу;

-кері есептер құрастыру, ауызша есептеу және жазбаша қосу және азайту дағдыларын жетілдіру



Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың техналогиясы: Дамыта оқыту техналогиясының, Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, мадақтау, формативтік бағалау әдістері, иллюстрация әдісі, имитация әдісі, «Ойлану», «Топтау», ІNSERT, «Т кестесі» әдістері.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу

Сабақтың көрнекілігі: білім бағалау фишкалары, бейнелі суреттер, үлестірме-таратпа қағаздары

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу

- Сәлеметсіздер ме оқушылар!

ә) Оқушыларды түгелдеу.

- Оқушылар, бүгін сабаққа түгел келдік пе?

(журналға белгі қою).

б)Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеу

- Қанеки,  бәріміз оқу-құралдарымызды алайық!

в) Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау

- Бүгінгі сабақта біздің көңіл-күйіміздің қандай екенін білейік?



ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі

  • Оқушылардың дәптерлерін жинап алып, екінші дәптерлерін тарату. Алған бағаларын хабарлау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі

  • Оқушылар сабақты бастамас бұрын ең әуелі біз топқа бөлініп алайық.

  • Оқушыларға стикерлер тарату. Сол бойынша топқа бөлу.

  • Сонымен біз 2 топқа бөліндік. Бірінші топ «Көбейту», екінші топ «Бөлу» тобы.

  • Әр топ өз топ басшыларын сайлайды.

Әр топ өз тобының атауын қорғап шығуы керек. Ол үшін алдарыңда тұрған плакатты пайдаланыңдар.

ІV. Білімді тексеру кезеңі

  • Демек көбейту мен бөлу деген не екен балалар?

  • Дұрыс бұлар математикалық амалдар.

  • Олардың қандай қасиеттері бар?

  • Олардың компонетттері мен нәтижелерін атап берейіңдерші?

V.Жаңа сабақты баяндау кезеңі

  • Күннің ретін, тақырыпты хабарлау

ІNSERT әдісі

  • Әр топ кестені толтырып, жауаптарын оқып шығады.

Ү – «білемін»

–  - «мен үшін түсініксіз»

+ – «мен үшін жаңа ақпарат»

? – «мені таң қалдырады»

 

 

 

 

 

 


Мұғалімнің түсіндіруі

1-мысал. Көбейтудің қалай орындалғанын түсіндіру.

165 · 3 = 495

495 : 3 = 165

Баған түрінде жазып көрсету, түсіндіру.

1 оқушыны тақтаға шығарып, қайта есептеу.

2-мысал. Баған түрінде жазып, есепте.

144 · 3 = 432        789 : 3 = 263

261 · 3 = 783        964 : 4 = 241

145 · 2 = 290        356 : 2 = 178

204 · 3 = 612        460 : 2 = 230

Өзіндік жұмыс

3-есеп. Есепті шығар.  


  • Топтың жұмысын келесі топ сэндвич

әдісімен бағалайды. 1 жетістік, 1 кемшілік, 1 жетістік айтады.

 

 



 

 

 



 

 

Мұғалімнің түсіндіруі



4-есеп.

Р – 340 см

а – 150 см

в - ?    70 см қысқа

с - ?

Шешуі: 150 - 70 = 80



150 + 80  =  230

340 – 230 = 110

Жауабы: в – 80 см,

с – 110 см.

 

 

 



Өзіндік жұмыс

6-мысал. Сызба бойынша өрнек құрастыр, ондағы амалдардың орындалу тәртібін белгіле, есепте.

7-мысал. Есепті шығар.

8-мысал. Геометриялық фигураларды қиып, пішін құрастыру

 

Үлестіме-таратпа материалымен жұмыс.

 


Өзіндік жұмыс

1.Үлгі бойынша мысалдар құрастыр:

10 : 5 =         8 : 2 =       

5 · 2 =


2 · 5 =

6 : 3 =           9 : 3 =

 

 

 



  • Топтың жұмысын келесі топ сэндвич

әдісімен бағалайды. 1 жетістік, 1 кемшілік, 1 жетістік айтады.

 

Мұғалімнің түсіндіруі



1-мысал

1 · 3 = 3  

1 · 2 = 2  

1 · 4 = 4  



  • 1-ді санға көбейткенде сол

санның өзі шығады.

2-мысал

0 · 3 = 0  

0 · 2 = 0  

0 · 4 = 0  



  • 0-ді санға көбейткенде нөл

саны шығады.

Өзіндік жұмыс

3-мысал.

а) 1 · 8 = 8  

0 · 10 = 10  

1 · 9 = 9  

0 · 7 = 0

1 · 12 = 12  

0 · 25 = 25  



б) 5 : 5 = 1  

0 : 6 = 0  

4 · 1 = 4  

0 · 8 = 0  

7 · 0 = 0  

10 : 10 = 1  



Мұғалімнің түсіндіруі

4-мысал. Амалдарды орында

5-есеп.

Түсірілді – 80 қап арпа

Жұмсалды – 23 қап арпа

Жіберілді – 32 қап арпа

Қалды - ? қап арпа

Шешуі: 80 – (23+32) = 25

Жауабы: қалды – 25 қап арпа

7-есеп.

а – 5 дм


в – 6 дм

Р - ? дм


Р = 5 + 6 + 5 + 6 = 22 дм

VІ.Жаңа сабақта меңгергендерін тексеру кезеңі

- Үлестірме-таратпа материалдарымен жұмыс

Оқушылардың жұмысын тексеру.

Қалған топтар өз бағаларын 2 жұлдыз 1 тілек арқылы білдіреді.



VІІ. Бекіту кезеңі

«Т кестесі»

Әр топ кестені толтырып, топ басшысы оқып шығады.



Неі үйрендің?

Нені үйренгің келеді?

 

 

 

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі

  • 5 мысал 143 бет

  • Үй жұмысын түсіндіру, күнделіктеріне жаздырту

  • 6 мысал 219 бет

  • Үй жұмысын түсіндіру, күнделіктеріне жаздырту

ІХ. Бағалау кезеңі

  • Әр топты 2 жұлдыз, 1 тілек әдісі арқылы бағалау.

 


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...