Сабақтың көрнекілігі: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, Қ. Р. картасы,тақырыпқа байлынысты фотолар. Ұйымдастыру



Дата20.09.2021
өлшемі15.23 Kb.
түріСабақ

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз Отанымның патриотымын!
Мақсаты: 
1.    Балаларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2.    Балалардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3.    Балаларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, Қ.Р. картасы,тақырыпқа байлынысты фотолар.

  1. Ұйымдастыру.

   Аспаны ашық еліміздің
Көркі сұлу жеріміздің, 
Біз-бақытты баламыз! 
Ақпыз,қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз! 
2.    Тәрбиешінің кіріспе сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
  Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Көп аузынан түспейтін,


                     Отан деген немене?
                     Оның тұлға түс кейпін,
                     Достым білгің келе ме? 

:   Отан дейміз от жаққан жерімізді,


                    Отан дейміз өсірген елімізді.
                    Отан дейміз туған жер, атамекен – 
                    Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

   Отан дейміз кең-байтақ астананы,


                 Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
                  Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
                  Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Отан- тарих, Отан – тіл,


                    Жасаған елің, өз- халқың.
                    Отан – өлең, Отан-жыр,
                    Көтерген көкке ел даңқын.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?


-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
         

   Ел болдық ерік алдық астаналы


               Енді кімнен қазағым жасқанады?
               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
                Нұрсұлтанның атымен басталады.

Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

Ел болдық ерік алдық астаналы
               Енді кімнен қазағым жасқанады?
               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
               Нұрсұлтанның атымен басталады.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.


Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің


халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.

Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.Гимннің сөзін Н.Ә. Назарбаев пен Ж. Нәжмеденов, әнін Ш.Қалдыаяқов жазған.

Тәрбиеші: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
-    Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.

Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.



Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: 
                         Өткеніңді еске алсаң, 
                         Өскеніңнің белгісі. 
                         Өткеніңді ұмытсаң, 
                         Өшкеніңнің белгісі, 
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! 

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік