Сабақты ұйымдастыру сәті 5 минут

Loading...


бет2/2
Дата31.03.2020
өлшемі0.67 Mb.
түріСабақ
1   2

Стенокардия – кеуде клеткасының артқы жағының немесе одан солға қарай тұсының қысып ауруы болып саналады. Ол шамадан тыс жизикалық жұмыс жасағанда немесе тыныштық жағдайында да болуы мүмкін. Ауырсыну бірнеше минутқа созылып, нитроглицериннің таблеткасын қабылдаған соң басылады. Ұстама ауырсыну симптомының басылуы үшін пациентке 2-3 тамшы 1% нитроглицерин ерітіндісін немесе бір таблетка нитроглицеринді тілдің астына беру керек. 2-3 минуттан соң ауырсыну басылады. Егер нәтиже болмаса 5 минут ішінде қайталап беруге болады. Кейбір жағдайларда ұстама 2-3 тамшы немесе 1 таблетка тілдің астына валидол салумен де басылады. Бірақ валидолдан болатын нәтиже нитрогицеринге қарағанда аздау болады.

Миокард инфарктысы – жүрек бұлшық етінің некрозға ұшыраған аймағы, миокардтағы қан айналымының жедел бұзылуынан пайда болады.



Ұстама ауырсыну симптомы – кеуде қуысының артқы жағында немесе одан солға қарай өте төзгісіз, шаншып ауыру пайда болады, ауырсыну сол жақ жауырынға немесе екі жауырынға, арқаға, сол қолға немесе екі қолға беріледі. Көбінесе ауырсыну пациенттің өлімнен қорқып үрейленуімен қоса жүреді. Миокард инфарктісінде ауырсыну симптомы бірнеше ондаған минуттан бірнеше тәулікке созылуы мүмкін. Қайталап нитроглицеринді пациентке беру нәтиже бермейді. Миокард инфарктісінің жедел кезеңінде тез арада ауырсыну симптомын басу қажет болады. Ол үшін промедол, омнопон немесе морфинді тері астына 0,1% атропин ерітіндісінің 0,5 мл – мен қоса енгізу керек. Дәрігер келгенше жүрек тұсына қыша қағазын, пациенттің аяғына және қолдарына жылытқыш қою қажет. Егер дәрігер кешірек келетіндей болса, ауырсыну симптомын басу үшін бұлшық етке 2 мл 50% аналгин ерітіндісін енгізу керек.

Демікпе –көмірқышқыл газының көп мөлшерде жиналуынан тыныс алу орталығының тітіркенуінен болады. Қанның оттегімен аз мөлшерде қанығуынан және көмір қышқыл газдың көбеюінен кіші қан айналым шеңберінің көк тамырында қанның тұрып қалуы байқалады. Өкпе тмырларында шамадан тыс қанның болуынан жүректің сол жақ жүрекшксінің жетіспеушілігі немесе митралды стеноз (сол жақ жүрекше – қарынша байланысының тарылуы) пайда болып, демікпе ұстамасы мазалайды. Бұл жүрек демікпесі тез арада шұғыл көмек көрсетуді қажет етеді.

Тұншығу ұстамасы – көбінесе түнгі уақытта мазалайды. Демді ішке алудың, демді сыртқа шығарудың қиындауымен сипатталып, науқас жағдайының тез арада нашарлауына әкеліп соқтырады. Ұстама кезінде пациент төсектен аяғын салбыратып отырады, мәжбүрлік қалыпта болады. Пациенттің терісінің түсі көкшілденеді, тер басады. Тыныс алу жиілігі бір минутта 30-40 ретке дейін жиілейді. Бастапқы кезде құрғақ, соңынан алқызыл түкірікті қақырықпен жөтел пайда болады. Бұл өкпе ісігінің пайда болғанын көрсетеді. Пульс жиі, кернеуі жоғары, ритмі ретсіз болады. Медбике пациенттің отыру жағдайына көмектеседі, пациентке оттегі беріп, дәрігердің тез арада келуін қамтамасыз етеді. Дәрігердің нұсқауымен тері астына морфин немесе омнопон, көк тамырға жайлап натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде немесе глюкозада 20 мл строфантин немесе коргликон енгізеді. Осы шприцпен көк тамырға фуросемид (лазикс) енгізеді. Осы препараттарды көк тамырға эуфиллинмен қоса енгізу жақсы нәтиже береді. Жеңілдеу жағдайда аяқ қолға түтікті жгут қоюға болады, бұл жағдайда медбике жгут тек көк тамырды ғана қысуын қадағалауы тиіс, ал артерияларда пульстің соғуын ескеруі қажет. Жгутты барлық көктамырлардан бірден алуға болмайды.

Ісіктер – жүрек қан – тамырлар ауруларында жүректің оң жақ жүрекшесінің жетіспеушілігінде пайда болады. Үлкен қан айналым шеңберінде қанның шамадан тыс көптігі байқалады. Пациенттің бауыры үлкейеді, тері асты ісіктері пайда болады, қуыстарда су жиналады. /плевра, құрсақ қуысы/ Ісіктің пайда болуымен судың ағзадан шығуының кешігуі сәйкес келеді. Зәрдің сыртқа шығуы азаяды./олигурия/ Ісігі бар науқастар жартылай төсек режимінде болады. Медбике пациенттің суды қабылдауы мен сыртқа шығаруын қадағалайды. Күнделікті диурезді есептеп, ауру тарихына мәліметті түсіреді. Ісінген терінің қоректенуі бұзылады, осының әсерінен оның қорғаныштық қасиеті төмендейді. Тері қабатының тұтастығының бұзылуы ағзаға инфекция енудің көзі болып табылады. Пациентке күтім жасауда мұны ескеру қажет. Пациенттің төсеніші ыңғайлы болуы тиіс, төсеніште тамақ қалдықтары, қиқымдары, төсек қыртыстары болмауы шарт. Керісінше жағдайда ойылулар пайда болады. Ол үшін пациентті төсекте жиі ауыстырып, жамбас пен шынтақ астына үрленген резеңке айналма қою қажет. Ісік болған жағдайда төсекке тиетін жерлеріне камфорлы спирт жағу немесе тальк ұнтағын пайдалану қажет. Гигиеналық ванна немесе душ дәрігердің нұсқауымен ғана іске асырылады. Пациенттің плевра қуысындағы немесе іш қуысындағы суды алу үшін көбінесе пункция жасалады. Жүрек жетіспеушілігі кезінде іш қуысы мүшелерінде қозғалыстың нашарлауы болуы мүмкін. Ол әр түрлі диспепсиялық симптомдардың пайда болуына әкеледі – тәбеттің нашарлауы, лоқсу, іштің жоғарғы бөлігінің қысылуы, қаталау.

Медбике пациенттің физиологиялық сыртқа шығаруларына көңіл бөлуі тиіс. Дәрігердің нұсқауымен медбике пациентке сыртқа шығаруды жақсартатын таблеткалар береді, тазалау клизмасын жасайды. Әдетте уақытылы жасалған ішекті тазалау процедуралары пациент жағдайының жақсаруына көмектеседі. Жүрек қан – тамырлар жүйесі ауруларына жасалатын күтім барынша жүрек жұмысының жақсаруына бағытталуы тиіс. Пациентке психологиялық тыныштық болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл әсіресе стенокардия ауруы бар пациенттерге өте қажет болады. Себебі кез келген көңіл күйдің толқуы бұл пациенттердің жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Жүрек жиырылуының жиілеуін наукастар жүрек дүрсілі деп кабылдап, бұл көбінесе жүрек патологияның дамуының бірінші белгісі болып табылды.

Кейде жүректің жиырылуының жиілеуі жүйке жүйесі регуляциясы калыпсыз дені сау адамдарда кездеседі, мүндай жағдайларда валериана тамырының препараттары және үйлесімді дене еңбегі эффективті болып келеді.

Егер жүрек дүрсілі наукаста жайсыз жағдай (дискомфорт) тудыратын болса, оған міндетті түрде алғашкы медициналык көмек көрсету кажет.
Жүрек дүрсілі кезіндегі алгашқы көмек:

1.наукасты тыныштандыру;

2.науқасты ыңғайлы калыпка отырғызу;

3.таза ауаның келуін камтамасыз ету;

4.кысып турған киімдіріп босату;

5.пульс жиілігі мен сипатын аныктау;

6.егер жүрек дүрсілі бұрын болған болса, оған наукас кандай ем, қандай дәрі колданға-нын, жүрек дүрсілі өздігінен кеткен - кетпегенін сұрау қажет;

7.кайталанатын жүрек дүрсілі кезінде дәрігер консультациясы кажет болады.


Жүрек тұсынын ауырсыну симптомы:

Жүрек тамырларының спазмы немесе тарылуы әсерінен пайда болатын жүрек бұлшык етінің қанмен камтамасыз етілуінің жеткіліксіздігінен жүрек тусында аурысыну пайда болады. Мұндай жағдай стенокардия ұстмасында болады. Бұл кезде ауырсыну төстің артына немесе төстің сол жағына таралып, сол қолға немесе жауырға беріледі, басып, кысып түрғандай ауырсыну болып, әлсіздікпен, өлім алдындағы коркынышпен, кейде дене дірілімен тершеңдікпен бірге жүреді. Ауырсыну бірнеше минуттан бірнеше сағатка дейін созылады. Жүрек тұсында ауырсынуы бар наукас жедел медициналык көмекті және күтімді кажет етеді.


Жүрек түсы ауырсыну кезіндегі алғашқы көмек:

1.наукасты тыныштандырып, ыңғайлы калып беріңіз, оған толык физикалык және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз, таза ауа келуін кадағалап, кысып түрған түймелерін босытыныз, пульсін, артериалды кан кысымын өлшеңіз;

2.наукасқа тіл астына валидол дәрісін беріңіз;

3.егер валидолдан нәтиже болмаса, ал ұстама жалғасы берсе, наукасқа тіл астына нитроглицирин таблеткасын (немесе 1-2 тамшы 1% нитроглицирин ерітіндісін + кантпен немесе валидол таблеткасымен) беріңіз. Наукасты нитроглицирин кабылдаудан- бас ауруы болатындығы жөнінде ескертініз;

4.дәрігердің шақырылуын кадағалаңыз;

5.жүрек тұсына және төс үстіне кыша, наукастың аяк - колына грелка койыңыз;

6.егер ауырсыну ұстамасы кайтпаса, 5-10 мин салып кайта берілген нитроглицириннің эффективтілігі болмаса дереу дәрігер консультациясы және жедел госпитализация қажет етіледі, себебі жедел кан айналым бұзылысы әсерінен жүрек бұлшық етінде өзгеріс тууы мүмкін (инфаркт миокарда);

7.наукаска қатаң төсек режимін камтамасыз етіңіз;

8.тыныс алу, пульс жиілігін, АҚ қысымын өлшенуін, дене кызуынын өлшенуін камтамасыз етіңіз (ауырсыну үстамасынан кейін пайда болған дене кызуын миокард инфарктының белгісі болуы мүмкін) мүмкіндігіне наукаска оттегі беріңіз.
Ентігу симптомы.

Жүрек - кан тамыр жүйесінін функциясының бузылуы кезіндегі ентікпе көміртегі газының көбейіп кетуінен тыныс жолдарынын тітіркенуі әсерінен көміркышқыл газының көбейіп кетуі кіші қан айналым шеңберіндегі кан іркілісіне байланысты болады. Физикалык жүктемеге байланысты пайда болатын ентігуге коса жүрек дүрсілінін болуы енді басталып келе жатқан жүрек жетіспеушілігінің бірінші белгісі болып табылады. Жай ағып жатқан вена тамырындағы кан іркілісіне коса оттегінін жетіспеушілігіне байланысты тері жамылғысы көкшіл түске болады (цианоз).



Жүрек жүмысы бұзылысы кезінде пайда болатын жедел ентігу ұстамасы жүрек астмасы деп аталады. Жүрек астмасы - бүл жүрек жетіспеушілігінің кауіпті симптомдарының бірі болып табылады.
Жүрек астмасы кезіндегі алғашкы медициналык көмек:

1.наукасты тыныштандырып, қысып тұрған киімін босатып, таза ауаның

келуін камтамасыз етіңіз;

2.онын АҚ кысымьш өлшңеңіз;

3.егер наукас жаткан болса, онда оны жартылай отыратын калыпка келтіру қажет;

4.егер систололық қан кысымы 100 мм. с.б. астына нитроглицерин беріңіз;

5.оксигенотерапия жүргізіңіз. егер науаста күркілдеген тыныс алу болса

және ақшыл - кызыл көпіршікті какырык бөлінсе, онда оксигенотерапияны көпірікбасушы арқылы беру керек. Көпірік басушы ретінде 70% этил спирті немесе 10 % антифомсилан-ның спирттік ерітіндісі колданылады;

6.аяк пен колға жгут салыңыз, бірак жгут тек венаны кысу керек, ал артерияда пульс болуы қажет. Осы жағдайда қанның бір бөлігі периферияда жиналады, айналымдағы қан-нын көлемі азаяды, осының арқасында сол жақ карыншаның жұмысы жеңілденеді;

7.жгуты бірден барлык перифериялык мүшеден шешуге болмайды;

8.келесі әрекеттерді дәрігердің нұсқауымен орындаңыз.


Ісіну симптомы:

-Жүрек-қан тамыр жетіспеушІлігі кезіндегі ісіну жүрек жұмысынын жетіспеушілігі, үлкен кан айналымы шенберіндегі кан көбеюі, ондағы кысымның жоғарлауы, қаннын сұйық бөлігінің тамырлардан айналадағы тіндерге сіңуінен болады. Наукастарда бауыр үлкейеді тері асты шел қабатында ісіну пайда болған, куыстарға су жиналады (плевралык, ішастарлык). Ісіктердің пайда болуының алдында суйықтыктың жиналу периоды, яғни зәр шығарудың азаюы және дене салмағының артуы байқалады.



Ісіну кезіндегі күтім:

1.қатаң емес төсек режимі және психикалық тыныштык сақталуы кажет;

2.ісіну кезінде терінің қорғаныстық қабілеті күрт төмендеп, тіліктер пайда болады, ал бұл жер инфекцияны кіру қақпасы болуы мүмкін. Сол үшін науқастың төсегі мен төсеніші ыңғайлы болуы тиіс;

3.сұйықтык ішу режимін кадағалау (тәуілік сайын зәр шығару мөлшерін есептеп, жазып отыру) керек;

4.үйлесімді емдік тамақтандырылуын камтамасыз ету;

5.наукастың туысқандарына күтім туралы түсінік беру;

6.гигиеналык ваннаны немесе душты тек дәріегрдің рұксатымен қабылдайды;

7.іркілу қуысындағы іркіліс әсерінен тәбет төмендейді жүрек айныйды, кұсу болады, іштің жоғарғы бөлігінде керілу болып, іш қатады ішекті мезгілінде босату наукастын халін жақсартады.



Гипертониялық криз - бұл артериялдык қан кысымының бірден жоғарлауы. Ол бас ауруымен, кұлақ шулау, жүрек айнуымен, кұсумен, көз каратуымен сипатталады. Бұл симптомдар пайда болуы кезінде бірден дәрігерге қабарлап, дәрігералды көмек көрсету керек.
Гипертониялык криз кезіндегі алғашқы көмек:

1.АҚ кысымын өлшеңіз, наукасты тыныштандырыңыз, оған ығайлы калып табуға көмекте-сіңіз, толык физикалык және психикалык тыныштықтың сакталуын камтамасыз етіп, кысып түрған түймелерін ағытыңыз, таза ауа келуін кадағаланыз;

2.жүрек тұсы ауырсынатын жағдайда науаска тіл астына валидол немесе нитроглицерин дәрісін беріңіз;

3.желкеге және балтырға кыша кою.аякка ыстык ванна, колға жылы ванна қабылдау, баска суық кою жаксы нәтиже береді;

4.дәрігердін нұскауымен дәрі кабылдап жүрген науқастың дәрісін кабылдату керек;

5.үнемі АҚ кысымын қадағалап, дәрігер консультациясын камтамасыз ету қажет.


АҚ кысымы жоғары наукастарга көмек көрсету барысында мынаны ескерту қажет:

1.психикалык тыныштык, ұзак ұйкы өте пайдалы әсер береді;

2.наукастың тағам кұрамында тұз мөлшерін азайтып, ащы, өткір, қоздырғыш заттарды шығарып тастау керек. Семіздік жағдайында тамак мөлшерін азайту кажет;

3.алкоголь, темекі шегу сияқты зиянды заттарды мүлдем кабылдауға болмайды;

4.дәрілік заттарды белгілеу барысында дәрігер наукасқа кабылдау ретімен мүмкін болатын асқынуларын айту керек;

5.егер наукастың кан кысымы қалыпты болса, ол өзіне үйреншікті жұмыстарды орындауға болады. Аздап жаяу жүрген, таза ауаға шығып турған пайдалы.


Талма кезіндегі алғашкы көмек.

Талма кезінде мейіргер келесідей алғашқы көмек көрсетуі тиіс:

1.наукасты горизонтальды қалыпта жаткызып (жастыксыз), аяк жағын көтеріп кою керек;

2.кысып турған киімін босатып, таза ауа келуін камтамасыз ету, кеудесімен бетін суык сумен сулау, көкірегі мен самайын колмен укалау, бетін қолмен немесе дымқыл орамалмен шапалакпен соғу;

3.наукастың мұрнының алдына мүсәтір спиртімен дымкылдалған тампонды жакындату (самайын сүртседе болады);

4.аяғына грелка койып, көрпе жабу. Осының бәрі жасалғанда, науқас 20-40 минут ішін-де өзіне келеді. Медикаментозды көмек тек талма ұзарып кетсе ғана көрсетіледі. Тал-мадан шыккан наукасқа тыныштык кажет етіледі. Егер талма үйде болса, онда наукас-тын госпитализациясы жөніндегі сүракты шакырылған дәрігер шешеді.


Коллапс кезіндегі алғашқы көмек:

1.наукаска төсекке горизонтальды және тыныштыкты камтамасыз ету керек;

2.наукасты жылыту үшін оны көрпемен жауып, аяғына грелка кою керек;

3.бөлмеге таза ауаньщ кіріуін кадағалау;

4. Кейін дәрігердін нұсқауы бойынша наукастың кан тамырларынын тонусын жоғарылататын шаралар: тері астына кордиамин, кофеин немесе мезатон егу колданылады. Егер коллапс ауруханадан тыс жағдайда дамыса, оны алғашқы медициналык көмек көрсетілген сон госпитализациялау қажет;
Созылмалы қанайналым жетіспеушілігімен наукастарды күту, қадағалау.

СҚЖ (созылмалы канайналым жетіспеушІлігі) көптеген жүректін органикалык ауруларының ішІндегі ең ауыры көбінесе жүрек ақаулары, кардиосклероз және т.б. кезінде дамиды. Ол жүрек бұлшык етінің жиырыну жылдамдығынын төмендеуімен, үлкен және кіші кан айналым шеңберлерінде қанның іркілуімен, ағзада сұйыктыктың жиналуымен сипатгалады ентікпе, ұстамалы тұншығу, аяқ, бел тұсындағы ісіну, гидроторокс, асцит, гидроперикардит, анасарка сияқты көрінІстер болады. Уақыт өте келе ауру өршіп, барлык мүшелердің функциясы төмендейді, (өкпе, бауыр, асказан, ішек, ОЖЖ, бүрек), тері асты кабаты жұкарады.

Науқаска күтім көрсету кан іркілісі үлкен немесе кіші шеңберде болғанына байланысты болады. Егер, кіші кан айналымында іркіліс болса, онда наукастың бас жағын биіктеу жаткызу керек, мүндай жағдай ентігу мен тұншығуды басады. Үлкен кан айналым шеңберінде іркіліс болса, наукастын алғы, белі ісініп, зәр шығаруы азайып, осы кездерде терінін трофикалык өзгерістері пайда болады. Мұндай жағдайда науқастың күтіміне ойықтардын профилактикасы, терінің арнайы күтімі керек.

Науқастардың тағамы калориясы жеткілікті, жеңіп сіңетін, дәрумені көп, өсімдік клетчаткасы, бар бірак тұз бен сұйықтық шектелген болуы тиіс. Сонымен қатар тағам кұрамында калий тұздары (картоп, орамжапырақ, курага, ілжіл) және метаболизімді жақсартатын заттар (сүт, сүт тағамдары), зәр айдайтын заттар (№ 10, 10а диета) қолданылады.

Іш қатпасында (ішек атониясы әсерінен пайда болады) гипертониялық немесе майлы клизма жасайды.

Қосымша-2:



СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП:

  • Сіз кардиология бөлімінде жұмыс істейсіз. Сізді бірден суық тер және әлсіз-дік пайда болғаннан науасқа шақырды, науқас бозарған. Пульсі жиі, ырғақ-ты, әлсіз толады, кернеуі әлсіз. АҚ қысымы 70-20 мм. с.б. Бұл пульс қалай аталады? Сіздің әрекетініз ?








СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП:

  • Мейіргеді бірден төс астында кысып ауырсыну, оның сол қол мен жауырын-ға берілуі пайда болған науқас көршісін шакырды. Оның әрекеті кандай болды?








СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП:

  • Кардиология бөліміндегі науқасты туыстарымен кездесуден кейін бас ауру (желке тұсында), бас айналу, жүрек айну пайда болған кездегі мейіргер әрекетіқандай?




СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП:

  • Хирургиядан тәжірибеде жүрген К деген студент қан көру кезінде бозарып, есін жоғалтып, кұлап калды. Не болды? Мейірбике әрекеті ?




Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс.

I нұсқа:


Қосымша- 3

1. Қалыпты жағдайда пульс:

  1. минутына 60-80 соққы;

  2. минутына 40-50 соққы;

  3. минутына 90-95 соққы;

  4. минутына 50-58 соққы ;

  5. минутына 100 соққы.

2.Егде жастағы адамдар үшін ДДСҰ анықтамасы бойынша артериалдық қысымның қалыпты көрсеткіші:



  1. 139/89 мм сын.бағ.

  2. 150/120 мм сын.бағ.

  3. 120/80 мм сын.бағ.

  4. 140/90 мм сын.бағ.

  5. 120/140 мм сын.бағ.

3.Артерия жүйесіне қанның лақтырылуы-нан артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі қалай аталады?



  1. Систолдық қысым.

  2. Дем алу жиілігі.

  3. Артериальды пульс.

  4. Артериальды қысым.

  5. Диастолдық қысым.

4.Қалыпты жағдайда тыныштықта саналған пульстің жиілігі құрайды:



  1. 60-80 рет минутына;

  2. 150-160 рет минутын;

  3. 60-100 рет минутына;

  4. 40-60 рет минутына;

  5. 50-60 рет минутына.

5.Дене температурасы 1 С көтерілсе, пульс минутына ... жиіленеді:



  1. минутына 11-18;

  2. минутына 1-2;

  3. минутына 6-11;

  4. минутына 8-10;

  5. минутына 2-3.

5.Әдетте пульс анықталады:



  1. сәулелі артериядан;

  2. сан артериясын;

  3. ұйқы артериясынан;

  4. бунақ сыртынан;

  5. үлкен ұршық сүйегі артериясынан.

6.Пульсті анықтайтын жерлер артерияны басатын нүкте орны болып саналады:



  1. қан кетуде;

  2. пульстік толқындарда;

  3. жөтелгенде;

  4. қан түкіруде;

  5. дем алғанда;

7.Толуы және қуаты әлсіз қалайпульс аталады:



  1. «жіп тәрізді»;

  2. қатты;

  3. бос ;

  4. жұмсақ;

  5. толық.

8.Дене қызу парағына пульс жиілігінің көрсеткіштерін мына түсті қарындашпен белгілейді:



  1. жасыл;

  2. қара;

  3. сары;

  4. көк;

  5. қызыл.

9.Сәулелі артерияның тербелісін қалайанықтайды?



  1. 2-4 саусақпен;

  2. 3-4 саусақпен;

  3. 1-4 саусақпен;

  4. 2-5 саусақпен;

  5. 1-5 саусақп.


Жүрек - қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі

мейіргрелік үрдіс.
II нұска:



  1. Жедел қан тамырлық жеткіліксіздігінің белгісі болып табылады?

  1. тері жамылғысының бозаруы;

  2. әлсіздік;

  3. суық тер;

  4. жіп тәрізді пульс;

  5. барлығы дұрыс.




  1. Пульстің қандай жиілігі пороксизмальді тахикардия болып табылады?

  1. 25-50 соққы 1 минутта;

  2. 60-80 соққы 1 минутта;

  3. 80-90 соққы 1 минутта;

  4. 90-140 соққы 1 минутта;

  5. 140-200 соққы 1 минутта.




  1. Гипертониялық криз кезінде науқасқа дәрігерге дейін қандай көмек

көрсету керек?

  1. науқасты жатқызу;

  2. желке мен балтырға қыша қою;

  3. тіл астына клофеллин беру;

  4. дәрігерді шақыру;

  5. барлығы дұрыс.




  1. Клиникалық өлімнің нақты белгісін көрсетіңіз?

  1. тыныс алудың тоқтауы;

  2. жүрек жұмысының тоқтауы;

  3. өліктік дақтардың болуы;

  4. АҚ төмендеуі;

  5. барлығы дұрыс.




  1. Жедел коронарлы жеткіліксіздігіне тән емес:

  1. ұстама тәрізді ауырсыну;

  2. ауырсынудың төс артына орна-ласуы;

  3. ауырсынудың сол қолға иррадиа-циясы;

  4. қалыпты тыныс алу;

  5. ауырсынуды нитроглицеринмен басу.




  1. Жүректік астма белгісіне жатпайды ?

  1. науқас мәжбүрлі қалыпқа көшеді;

  2. брадипноэ;

  3. тыныс алу жиі;

  4. тыныс алу;

  5. кейде көпіршікті қақырық шығады,




  1. Тізімдегі әдістердің қайсысы кардиологиялық науқастың негізгісіне жатады?

  1. лабораториялық;

  2. пальпаторлық;

  3. рентгенологиялық;

  4. электрокардиографиялық;

  5. эндоскопиялық.




  1. Науқас айналаға қатыспайды. Сұрақтарға жауап бермейді. Көз қарашығы жарыққа әсер бермейді. Ес жағдайы қалай бағаланады?

  1. анық;

  2. ступор;

  3. сопор;

  4. кома;

  5. галлюцинация.




  1. Ортостатикалық гипотензия қалай пайда болады:

  1. науқас тұрған сәтінен жату қалпына ауысқанда;

  2. жоғарлағанфизикалық күш түскенде;

  3. бас айналдыру кезінде;

  4. науқас жатқан қалыптан тұру қалпына ауысқанда;

  5. өкпе гипервентиляциясы кезінде.




  1. Кәрі жілік артериясын пальпация-лағанда бағалауға болмайды:

  1. жүрек соғысының дұрыстығы;

  2. пульс формасы;

  3. пульстік АҚ;

  4. қысымды пульс;

  5. пульс жиілігі.





Жүрек - қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі

мейіргелік үрдіс.
ІІІ-нұсқа:


  1. Қалыпты жағдайда пульс:

  2. А. минутына 60-80 соққы;

  3. В. минутына 40-50 соққы;

  4. С. минутына 90-95 соққы;

  5. Д. минутына 50-58 соққы;.

  6. Е. минутына 100 соққы.



  7. Егде жастағы адамдар үшін ДДСҰ анықтамасы бойынша артериалдық қысымның қалыпты көрсеткіші:

  8. А. 139/89 мм сын.бағ.

  9. В. 150/120 мм сын.бағ.

  10. С. 120/80 мм сын.бағ.

  11. Д. 140/90 мм сын.бағ.

  12. Е.120/140 мм сын.бағ.



  13. Артерия жүйесіне қанның лақтыры-луынан артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі қалай аталады?

  14. А. Систолдық қысым.

  15. В. Дем алу жиілігі.

  16. С. Артериальды пульс.

  17. Д. Артериальды қысым.

  18. Е. Диастолдық қысым.



  19. Қалыпты жағдайда тыныштықта саналған пульстің жиілігі құрайды:

  20. А.60-80 рет минутына;

  21. В.150-160 рет минутын;

  22. С. 60-100 рет минутына;

  23. Д. 40-60 рет минутына;

  24. Е. 50-60 рет минутына.



  25. 5.Кәрі жілік артериясын пальпацияла- ғанда бағалауға болмайды:

  26. А. жүрек соғысының дұрыстығы;

  27. В. пульс формасы;

  28. С. пульстік АҚ;

  29. Д. қысымды пульс;

  30. Е.пульс жиілігі.



  31. 6.Артериялық гипертензия:

  32. А.қан қысымының төмендеуі;

  33. В.қан қысымының жоғарылап кетуі;

  34. С.ентігу;

  35. Д.тұншығу;

  36. Е.ешқайсысы дұрыс емес.



  37. 7. Асцит дегеніміз:

  38. А.құрсақ қуысында сұйықтықтың жиналып қалуы;

  39. В.өкпенің ісінуі;

  40. С.кеуде қуысының ауырсынуы;

  41. Д.барлығы дұрыс.



  1. Жедел коронарлы жеткіліксіздігіне

  1. тән емес:

  2. А. ұстама тәрізді ауырсыну;

  3. В. ауырсынудың төс артына орналасуы;

  4. С.ауырсынудың сол қолға иррадиациясы;

  5. Д.қалыпты тыныс алу;

  6. Е. ауырсынудың нитроглицеринмен басу.



  1. Жүректік астма белгісіне жатпайды?

  1. А.науқас мәжбүрлі қалыпқа көшеді;

  2. В. брадипноэ;

  3. С. тыныс алу жиі;

  4. Д. тыныс алу;

  5. Е.кейде көпіршікті қақырық шығады.



  1. Тізімдегі әдістердің қайсысы кардиологиялық науқастың негізгісіне жатады?

  1. А. лабораториялық;

  2. В. пальпаторлық;

  3. С. рентгенологиялық;

  4. Д. электрокардиографиялық;

  5. Е.эндоскопиялық.

















  1. Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі

  2. медбикелік үрдіс.



  3. ІY-нұсқа



  1. 1.Анасарка дегеніміз:

  2. А.теріасты шел майларына түгелдей жайылған ісінулер;

  3. В.перикард қуысына сұйықтықтың жиналуы;

  4. С.өкпеқап қуысында сұйықтықтың жиналуы;

  5. Д.құрсақ қуысына сұйықтықтың жиналуы.



  6. 2.Коллапс дегеніміз:

  7. А.тамыр тонусының күрт төмендеуі;

  8. В.тамыр тонусының күрт жоғарылауы;

  9. С.тыныстың жиілеуі;

  10. Д.тыныстың сиреуі.



  11. 3. Парентеральді тамақтану ол:

  12. А.көктамыр арқылы;

  13. В.асқазанды тесу арқылы;

  14. С.тік ішек арқылы;

  15. Д.ешқайсысы дұрыс емес.



  16. 4.Артериялық гипотензия:

  17. А.қан қысымының төмендеуі;

  18. В.қан қысымының жоғарылап кетуі;

  19. С.өкпенің ісінуі;

  20. Д.естен тану.



  21. 5.Артерия жүйесіне қанның лақтырылуынан артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі қалай аталады?

  22. А. систолдық қысым;

  23. В. дем алу жиілігі;

  24. С. артериальды пульс;

  25. Д. артериальды қысым;

  26. Е. диастолдық қысым.



  27. 6.Қалыпты жағдайда тыныштықта саналған пульстің жиілігі құрайды:

  28. А.60-80 рет минутына;

  29. В.150-160 рет минутына;

  30. С. 60-100 рет минутына;

  31. Д. 40-60 рет минутына;

  32. Е. 50-60 рет минутына.



  33. 7.Кәрі жілік артериясын пальпациялағанда бағалауға болмайды:

  34. А. жүрек соғысының дұрыстығы;

  35. В. пульс формасы;

  36. С. пульстік АҚ;

  37. Д. қысымды пульс;

  38. Е.пульс жиілігі.



  39. 8.Артериялық гипертензия:

  40. А.қан қысымының төмендеуі;

  41. В.қан қысымының жоғарылап кетуі;

  42. С.ентігу;

  43. Д. тұншығу;

  44. Е.ешқайсысы дұрыс емес.



  45. 9. Асцит дегеніміз:

  46. А.құрсақ қуысында сұйықтықтың жиналып қалуы;

  47. В.өкпенің ісінуі;

  48. С.кеуде қуысының ауырсынуы;

  49. Д.барлығы дұрыс.



  50. 10.Журек соғысының жиілеуі:

  51. А. тахикардия;

  52. В.брадикардия;

  53. С.гипотензия;

  54. Д.гипертенз








Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...