Сабақты ұйымдастыру сәті 5 минут

Loading...


бет1/2
Дата31.03.2020
өлшемі0.67 Mb.
түріСабақ
  1   2
Сабақтың құрылымы


  1. Сабақты ұйымдастыру сәті5 минут.

Аудиторияның дайындығын тексеру, оқушылармен сәлемдесу, студенттерді түгендеу. Білім алушыларды сабақ жоспарымен және өткізу әдісімен таныстыру.

  1. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру – 25 минут.

Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылыстары

  2. Ентігу, демікпе, жөтел (құрғақ, қақырықты бөлінуімен), кеуде торының ауыруы, қан түкіру, өкпелі қан кету сипаттамалары

  3. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылыстары кезіндегі мейіргерлік күтім және пациенттерді бақылау

  4. Оксигенотерапия түсінігі.

  5. Оксигенотерапия өткізуге арналған жабдықтар дайындау және орындау техникасы (оттегі баллоны, жастық, орталықтандырылған беру).

  6. Өкпеден қан кету кезіндегі көмек

  7. Қалта ингаляторы және жеке түкіргішті қолдану тәртібі.

  8. Тыныс алу мүшелерін аспапты зерттеулерге дайындау.




  1. Манипуляциялардың , лабораториялық жұмыстардың орындалу техникасын демонстрациялау және түсіндіру – 45 минут

«Жүрек – қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс» тақырыбы бойынша қаралатын сұрақтар:

  1. Жүрек дүрсілі кезіндегі мейіргерлік үрдіс;

  2. Жүрек тұсында ауырсыну кезіндегі мейіргерлік үрдіс;

  3. Ентігу кезіндегі мейіргерлік үрдіс;

  4. Тұншығу (жүрек астмасы) кезіндегі мейіргерлік үрдіс,

  5. Жүрек талмасы кезіндегімейіргерлік үрдіс;

  6. АҚ кысымы бірден көтерілгенде немесе түскен кезіндемейіргерлік үрдіс

Жаңа тақырыпты меңгерту материалдары және бір жүйеге келтірілген дәріс мәтіні қосымша 1-ге тіркеледі

  1. Оқушылардың өз бетінше жүргізетін жұмыстарына және бағалау критерийлеріне әдістемелік нұсқау жүргізу –10 минут

Оқытушы өзіндік жұмыс жасаудың мақсатын түсіндіру, оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған үлестірмелерді таратып беру.

  1. Білім алушылардың өз бетінше тапсырмаларды орындауы және күн-делікке түсіруі - 80 минут.

  • Жүрек дүрсілі кезіндегі алғашқы көмек.

  • Жүрек тұсы ауырсыну кезіндегі алғашқы көмек.

  • Жүрек астмасы кезіндегі алғашкы медициналык көмек.

  • Гипертониялык криз кезіндегі алғашқы көмек.

  • Талма кезіндегі алғашкы көмек.

  • Коллапс кезіндегі алғашқы көмек машықтарын стандарт бойынша жасау.

  • Оқушыларға берілген ситуациялық есептерді шешу (қосымша 2-де тір-келген).

  1. Сабақты қорытындылау және білімді бағалау- 10 минут.

Сабақты қорытындылау үшін тақырып бойынша тест жұмыстарын беру. Берілген тапсырмалардың нәтижелері бойынша оқушыларды бағалау:


  1. Үйге тапсырма- 5 минут:

  • «Жүрек - қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргер-лік үрдіс» тақырыбы бойынша мейіргерлік үрдісті құрастырып келу.


Қосымша- 1:
Жүрек қан – тамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі себептерге байланысты жүректің түрлі бөлімдерінің жұмысының бұзылуымен сипатталып, жүрек қан – тамырлар жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Жүрек қан – тамырлар жүйесі ауруларының маңызды симптомдарына:

- жүрек қағуы



- жүрек тұсының ауыруы

- демікпе

- түншығу

- жүрек ырғағының бұзылуы

- шеткі ісінулер

- асцит


- артериалды қан қысымының жоғарылауы

- артериалды қан қысымының төмендеуі

- естен тану жатады.
Асцит – іш қуысында сұықтықтың жиналуы.

Тұншығу – кенеттен дамитын ұстама тәрізді ауа жетіспеу жағдайы.

Демікпе - бронхтар қуысының жіті тарылуынан немесе жүрек ауруының көрінісі ретінде дамитын тұншығу ұстамасы. Жүрек демікпесіне шуылды, ылғалды тыныс алу, көбік сипатты қанды қақырықтың бөлінуіне тән. Бронхты демікпесіне қиындаған тыныс алу және ұзарған дем шығаруға тән.

Жүрек қағысының жиілеуін пациенттер жүрек соғысының жиілеуі (тахикардия) ретінде қабылдайды және бұл симптомдар жүрек жетіспеушілігінің алғашқы белгілері болып табылады. Жүрек қағысының жиілеуі байқалған жағдайда медбике тез арада дәрігерге хабарлауы тиіс. Дәрігер себебін анықтап, қажетті ем мен режимді тағайындайды. Кей жағдайларда жүрек қағысының жиілеуі сау, бірақ жүйке жүйесі реттелуінің тұрақсыздығы жағдайында да байқалуы мүмкін. Бұл жағдайда валериана ертіндісі, тиімді денешынықтыру жақсы нәтиже береді.



Жүрек тұсының ауыруы - өте қауіпті ауру, миокард инфарктысының симптомы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...