Сабақтар: 25-26 Тақырыбы: 25-26. Өмірбаянды түсіндіру. Тж №17. Өмірбаян құру. Сабақтың мақсаттары

Loading...


Дата31.03.2020
өлшемі16.92 Kb.
түріСабақ
Пәннің атауы: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

2 кус Д 206Р

Сабақтар: 25-26
Тақырыбы:

25-26. Өмірбаянды түсіндіру. ТЖ №17. Өмірбаян құру.


Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: өмірбаян туралы ақпарат беру, оларды ресімдеу ережелерімен таныстыру, түрлі үлгілерді қарастыру.

Дамытушылық: білім алушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру және өмірбаянмен жұмыс дағдыларын жетілдіру
Тәрбиелік: білім алушыларға ұқыптылық, жауапкершілік қасиеттерін баулу.

Жаңа сабақты түсіндіру

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі - адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977), Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.

Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар - А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мүқанов - «Аққан жүлдыз», М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.

Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1. Құжаттың аты (өмірбаян)

2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері

3. Ұлты


4. Білімі, оқыған оқу орындары

5. Қоғамдық-саяси қызметі

6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет

7. Қазіргі жұмысы, мекенжайы

Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.
Өмірбаян үлгісі

Мен, Талғатова Қарлыға Талғатқызы, 1996 жылғы 19 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Мойынқұм ауданы, Сарыөзек ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Мойынқұм ауданы, Сарыөзек ауылындағы Қ.И. Сәтпаев орта мектебін 2013 жылы бітірдім.

2014 жылы КМҚК «Алматы көпсалалы колледжінің» 1 курсына оқуға түстім. Мамандығым – Іс жүргізу және мұрағаттану. Біліктілігім – хатшы-референт. Мамандық бойынша кәсіби тәжірибені Мойынқұм ауданы, Сарыөзек ауылындағы Қ.И. Сәтпаев орта мектебінен өттім.

Қазір осы арнайы оқу орнының 3 курсында оқып жүрмін. Мақсатым – ары қарай жоғары білім алып, білікті маман болып шығу, өз елімнің өркендеуіне еңбегім арқылы үлес қосу.

Анам бар – Нұрқыдырова Сәуле, мектеп қарауылы болып жұмыс істейді.

Мен тұрыста емеспін.

Мекенжайым: Тараз қаласы, Мойынқұм ауданы, Сарыөзек ауылы Жандосов көшесі 42 үй, тел. 5-21-89.

02.05.2016 Талғатова Қ.


Жаңа тақырыпты бекіту

1. Сұрақтарға жауап беру

1. Өмірбаян қандай құжат?

2. Ол қандай жағдайларда, нешінші жақта жазылады?

3. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?


2-тапсырма. Берілген сөзер мен сөз тіркестерін аударыңыз.


Өмірбаян –

Закончить –

Ұлт –

Работать –



Мамандық –

Образование –

Жоғары білім –

Среднее образование –

Родители –

Владею в совершенстве –



Үйленген –

Семья –


Не женат –

Обязан к войнской службе -

Қосымша мәліметтер –

Адрес –

Родиться –

Оқу –


Поступать –

Жұмыс істеу –




3-тапсырма. Орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

  1. человек, орналасарда, өмірбаянын, әр, өз, жазады, жұмысқа.

  2. орналасу, кезінде, өмірбаян, қызметке, жазылады, новый.

  3. өмірбаян, жазылады, түрлі, тәжірибеде, три, болып.



Үйге тапсырма: Үлгіге қарап өз өмірбаянын құрастыру

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...