Сабақ тың түрлер Тақырыптардың атаулары және қысқаша мазмұны 4 апта



Дата11.04.2022
өлшемі43.17 Kb.
#219804
түріСабақ
Байланысты:
Рух каз
общая энергетика русс, ТОЭ-1русс

БАОӨЖ тақырыптары, орындау формалары, тапсыру мерзімі.

 

«Рухани сабақтастық /әл-Фарабиден хакім Абайға дейін/» пәні бойынша БАОӨЖ мынандай тақырыптарды қамтиды.



 

Апталар

Сабақ

тың түрлер

Тақырыптардың атаулары және

қысқаша мазмұны

 


 

4 апта

 


 

БАОӨЖ

1

 


«Орталық Азия жеріндегі ислам мәдениетінің ескерткіштері»  тақырыбына 12 слайдтан кем емес презентация дайындау.

 


 

6 апта

 

БАОӨЖ

2

 


Оқытушы берген тақырып бойынша әл-Фарабидың рухани мұрасы жайлы 8-10 бет көлемінде реферат жазып, оны қорғау.

 


 

8 апта

 

БАОӨЖ

3

 


№1 аралық бақылау сұрақтарына дайындалып, оқытушы берген сұрақтар бойынша тапсыру.

 


 

10 апта

 

 БАОӨЖ

4


«Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулар мен би-шешендердің шығармашылығындағы рухани құндылықтар» тақырыбына12 слайдтан кем емес презентация дайындау.

 


 

12 апта

 

БАОӨЖ

5



Оқытушы берген тақырып бойынша Зар заман ақындары мен қазақ ағартушыларының шығармашылығындағы әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар жайлы 8-10 бет көлемінде реферат жазып, оны қорғау.

 


 

14 апта

 

БАОӨЖ

6

 


№2 аралық бақылау сұрақтарына дайындалып, оқытушы берген сұрақтар бойынша тапсыру.

 


 

1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Ежелгі сақтар өнеріндегі мифологиялық дүниетаным көрінісі. Әлемдік тәртіп және оның құрылымы.

2. Ежелгі сақтар өнеріндегі аңдық стиль: киелі аңдар және синкреттік бейнелердің мазмұны.

3. Ежелгі сақтардың әскери-теократиялық идеологиясы («Алтын адам» киімінің үлгісінде)

4. Ежелгі сақтар өнеріндегі түстердің әлеуметтік-символикалық мәні.

5. Түркілер өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуы және оның ерекшеліктері.

6. Ежелгі түркі жазба ескерткіштеріндегі («Тоныкөк», «Күлтегін») құндылықтық бағдарлар және олардың рухани-дүниетанымдық мазмұны мен сипаты.

7. Қорқыт жайындағы аңыз және ондағы адам өмірінің мағынасы мен құндылығы жайлы мәселе.

8. Ислам дінінің VIII-X ғасырлар аралығында Орталық Азия жеріне таралуы және жергілікті халыққа ислам мәдениетінің әсері.

9. Орта ғасырлар кезіндегі Орталық Азия жерінде сауданың, қала өмірінің, мәдениет пен ғылымның дамуы.

10. Қарахандар мемлекетінде исламның мемлекеттік дінге айналуы және оның түркілердің рухани және мәдени өміріне тигізген әсері мен ықпалы.

11. Тәңіршілдік дүниетаным мен исламдық дүниетанымның сабақтастығы мен ерекшеліктері.

12. Түркілер арасынан шыққан ислам мәдениеті мен ғылымының көрнекті өкілдері және олардың қол жеткізген жетістіктері.

13. Әл-Фарабидың энциклопедиялық мұрасының басты салалары және олардың рухани құндылығы мен маңызы.

14. Әл-Фарабидың қоғам және мемлекет туралы ойларының басты бағдарлары мен ұстанымдары.

15. Әл-Фарабидың іліміндегі мемлекет басшысына қойылатын 12 талап және олардың рухани-адамгершілік сипаты.

16. Әл-Фараби философиясындағы «бақыт» мәселесі және оның әлеуметтік-этикалық мазмұны.

17. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны жғне ондағы басты рухани құндылықтар.

18. Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты түркі тілдерінің сөздігі және оның дүниетанымдық мазмұны мен рухани-адамгершілік маңызы.

19. Ахмет Иүгінекидің діни-этикалық іліміндегі құндылық әлемі.

20. Қожа Ахмет Йассауидың сопылық ілімі және ондағы рухани-адамгершілік құндылықтар.

21. М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабы және ондағы тарихи-философиялық ойлардың мазмұны мен сипаты.

22. М.Х.Дулатидың еңбегіндегі сопылық ілімнің рухани-дүниетанымдық маңызы.

23. М.Х.Дулати шығармашылығындағы мемлекет басқарудың ережелері мен әдістері.

24. М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабындағы рухани-адамгершілік құндылықтар.

 

 

2 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:



1. Қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік-мәдени жағдай және ұлттық рухани-философиялық ойлаудың бастауы.

2. Асан Қайғының рухани-әлеуметтік ізденісінің құндылықтық мәні.

3. Қазақ ақын-жыраулары дүниетанымының рухани-адамгершілік негіздері.

4. Қазақ би-шешендерінің әлеуметтік ойларының құндылықтық ерекшеліктері.

5. «Жеті Жарғы» – қазақтың рухани-әлеуметтік болмысының туындысы.

6. Қазақ хандығы дәуіріндегі би-шешендердің дүниетанымында елдік, бірлік, ынтымақ мәселелерінің алатын орны мен маңызы.

7. Қазақ мемлекеттілігінің әлсіреуі және хандық биліктің жойылуы, оның қазақтың рухани өміріне тигізген кері әсерінің көріністері.

8. Зар заман ақындарының шығармаларындағы елдік, тәуелсіздік құндылықтарының дәріптелуі.

9. Қазақ ағартушылығының тарихи алғышарттары және заңдылықтары мен негізгі ерекшеліктері.

10. Қазақтардың рухани өміріндегі Ш.Ш.Уәлихановтың әлеуметтік прогресс идеясының маңызы.

12. Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы қазақтардың рухани өмірі жайлы көтерілген мәселелер.

13. Абайдың дүниетанымы және оның негізгі бағдарлары мен ерекшеліктері.

14. Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы.

15. Абайдың «Адам бол!» қағидасының рухани-дүниетанымдық мәні мен сипаты.

16. Абайдың «Қара сөздеріндегі» рухани құндылықтар жүйесі.

17. Шәкәрім Құдайбердіұлының ар іліміндегі басты рухани құндылықтар.

18. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жағдайы. Столыпиннің аграрлық саясаты және жер мәселесі.

19. Қазақтың алғашқы баспасөз органдары: «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті және олардың қазақтың ұлттық сана-сезімін оятудағы маңызы.

20. 1917 жылғы Ақпан революциясы және Алаш қозғалысының қалыптасу тарихы.

21. Алаш қозғалысының саяси бағдарламасы: негізгі идеялары мен мақсаттары.



22. Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері мен олардың рухани-дүниетанымдық ұстанымдарының ерекшеліктері.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан