Сабақ Тапсырма: Берілген мақалаға аннотация (үш тілде), кілт сөздер (үш тілде) жазыңыз!

Loading...


Дата27.02.2021
өлшемі15.91 Kb.

№8,9 практикалық сабақ
Тапсырма: Берілген мақалаға аннотация (үш тілде), кілт сөздер (үш тілде) жазыңыз!

ҚАЗІРГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ

«Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді [1]. Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин.

Кейбір ғалымдардың еңбектерінде оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды.

Инновацияны «білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. «Инновация» ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған. «Инновация» латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді екен. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация - бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.

«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан, әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін қарастыра келе, Ресейде, Еуропа, ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз. Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, ХІХ-ХХ ғасыр басындағы бірдебір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіс өткен, бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды.

Ал, Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрамына материалдық ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс» деп түсінеді [1]. Нейхоз инновацияны үрдіс деп есептейді де, «инновация қандай да бір идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдануы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс» дейді.

Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деп жазған. Ал, инновация негізін құраушы ұғымдардың: «инновация», «нововедение», «новшество», «новое» т.б. қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин атындағы білім мәселелерін ғылыми-зерттеу институтының әдіскері Қ.Құдайбергенова болып табылады. Ол өз еңбектерінде «инновация»-жаңарту, «нововедение»-енген жаңалық, «новое»-жаңа, «новшество» жаңалық, «инновациялық процесс»-жаңарту үрдісі деп таратады [1].

«Инновация» сөзі-қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді, яғни дәл қазіргі жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» қажеттілігі туындап отыр. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:

- үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;

- оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;

- мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;

-үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;

- көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына әсер ету [2, 11].

Енді оқырманға таныс және беймәлім білім беру жүйесіндегі инновациялық ұғымдарға және олардың беретін мағынасы мен мәніне тоқталайық. Инновация (жаңашылдық) – жаңа немесе жетілген өнім (технология, қызмет, тауар) негізінде алынған инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі. Инновациялық қызмет – ғылыми-техникалық, ғылыми-технологиялық жетістіктерді енгізуге бағытталған және инновацияны құрып, меңгеру мақсатындағы зияткерлік қызмет нәтижелері.

Инновациялық орталық – ғылыми-зерттеу қызметі мен білім беру үрдісіне инновациялық оқу бағдарламаларын енгізуде және құруда ғылыми және практикалық қолдау көрсететін құрылымдық бөлімшелердің бірлестігі. Инновациялық педагогика (педагогикалық инноватика) - мемлекеттік инновациялық саясатты жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық қызметті жаңарту үрдісін, қағидаларын, әдіс-тәсілдерін анықтайтын педагогикалық ғылымдар саласы. Құрылымы: Педагогикалық аксиология – педагогикалық жаңалықтар мен инновацияны педагогикалық ұйымның меңгеруі, бағалауы, қабылдауы туралы ғылыми тұжырым. Педагогикалық неология – жаңа педагогикалық теория мен практика туралы ғылыми тұжырым.

Педагогикалық праксиология – педагогикалық жаңалықты енгізу және қолдану қызметі туралы ғылыми тұжырым. Инновациялық педагогикалық қызмет – қалыпты қызметтің шығармашылық қызметін бейнелейтін әлеуметтік-педагогикалық феномен. Педагогтің инновациялық қызметінің деңгейлері:



  1. Бейімделу деңгейі – педагогикалық жағдаяттарға қажетті дайындықтың жеткіліксіздігі.

  2. Репродуктивті деңгей – педагогикалық жаңашылдыққа деген алғашқы баспалдақ.

  3. Эвристикалық деңгей – жаңащылдықты енгізудегі бекемділік, мақсаттылық.

  4. Креативті деңгей – педагогтың шығармашылық белсенділігі, инновациялық қызметтің жоғары сатылы нәтижелілігі.

Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық – білім беру жүйесіндегі мақсатты шынайы өзгеріс. Оқу-тәрбие үрдісінде көрініс табатын жаңашылдық түрлерін былай топтастыруға болады: білім беру мазмұнында; педагогикалық үрдістегі әдістеме, технология, түр, әдіс-тәсілдерде; білім беру үрдісін ұйымдастыруда; білім беру мекемелерін басқару жүйесінде;

Өзгеріс көлеміне байланысты: жекелей (бір-бірімен байланыспаған); модульдік (бір-бірімен байланысқан кешен); жүйелілік (барлық білім беру мекемесін қамтыған).

Инновациялық потенциалына байланысты: модификациялық инновация – біліктілікті арттыру, түрді өзгерту, бағдарлама, әдістеме, құрылымдарды сәйкестігінше модернизациялау.

Комбинаторлық инновация – ерте кезден белгілі, қазір қолданыста болмаған белгілі әдістің элементтерін жаңамен байланыстыру. Радикалды инновация – білім беру мекемелерінің даму деңгейін түбегейлі өзгерту.

Қоршаған орта аспектісі: Инновациялық ахуал – отандық және әлемдік білім беру тәжірибесінде инновациялық үрдістің оны басқарудағы оң және теріс әсері және білім беруді ұйымдастырудағы жаңашылдықтардың бірлігі. Инновациялық алаң – инновациялық үрдіс жүзеге асып жатқан білім беру кеңістігі (мектепке дейінгі мекеме, мектеп, кәсіптік мектеп, колледж, ЖОО және т.б.) Инновациялық орта – педагогикалық жаңашылдықты тудырып, оның жүзеге асуын жеделдететін, жалпы инновациялық үрдісті қоршаған орта. Инновациялық жағдаят – педагогикалық жаңашылдықты тудырып, жүзеге асыру, қолдануға негіз болатын жағдай, талап, талғамдар. Инновациялық білім беру консорциумы – келісім шарт негізінде ерікті түрде, тең құқылы ЖОО, ғылыми ұйымдар мен өзге де заңды тұлғалардың бірігуі. Өндіріс аймағында инновациялық технологиялар, фундаменталды, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары базасында жоғары білікті мамандарды дайындау үшін зияткерлік, қаржылық және басқа да ресурстарды біріктіреді. Инновациялық педагогикалық ұйымдастыру – шынайы технологиялық аспект. Инновациялық үрдіс субъектісі – білім беру мекемесін жаңарту процесіне тартылған ұйымдар, тұлғалар мен мекемелер.

Тұлғалы-қызметтік аспект: Педагог-инноватор-педагог (педагогикалық ұжым, ұжымдық инноватор), инновациялық үрдісті жүзеге асырушы, яғни жаңаны құру, оны жүзеге асыру және қолдану, педагог-ойлаушы, педагог-зерттеуші. Инновациялық жанұя – инновациялық тәртіп қызметіндегі қоғамдық білім беру, ұжым. Инновациялық мәдениет – тек педагогика саласында ғана емес, өмірдің өзінде де жаңашылдықтың шынайылығына деген қолдау мен қабілет, дайындық, жаңа идеяларды жақын қабылдап, білім, білік, дағдыны шыңдау. Инновациялық құндылықтардың адамның рухани өмірінде көрініс беруі. Инновациялық аспектегі ақпараттық мәдениет – жаңаны меңгерудегі ақпараттық ортамен байланысты адамның кәсіби маңызды құндылықтары, тиімді, рационалды, этикалық тағылымдары. Инновациялық ойлау – танымның ең жоғарғы сатысы. Инновациялы-моделділік қызмет – педагогикалық мамандықтарды оқытуда жалпы білім беретін, мәдени және әлеуметтік негізге бағытталған жаңа педагогикалық ойлау. Инновациялық потенциал – педагогикалық жаңашылдықты қабылдаудағы рухани мәдениет.

Ұйымдастырушылық-тенологиялық аспект: Инновациялық ниет – мүмкін болған тұтынушылардың сұранысына талдау, ғылыми-техникалық үрдісті болжау, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу базалары, өзге де өндірушілердің тұжырымдары, лицензияларынан туындаған жүйелі анықтама. Инновациялық жоба – қабылданған инновациялық ниет. Инновациялық қадам – дәстүрлі тапсырмаларды шешуге бағытталған, шығармашылықпен қайта қалыптасқан жағдай. Инновациялық жоспар – бекітілген инновациялық жоба. Инновациялық оқыту – білімді басқарудың ерекше типі. Дәстрүлі оқытуға қарағанда оқытушы мен оқушы қызметін ұйымдастырудағы демократиялық бастама.

Білім берудің инновациялық технологиялары: Инновациялық оқыту технологиялары – тұлғалық-бағдарлық, интеграциялық, ұжымдық қабілет, қпараттық, қашықтан оқыту, дамытушылық және т.б. технологиялар негізінде оқушының оқу үрдісіне деген қабілетін жақсарту. Инновациялық тәрбие технологиялары – тәрбиеленушінің жалпы адамзаттық түсінік негізінде тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру. Инновациялық басқару технологиялары – жетекшіге басқаруда шешім қабылдауға жағдай жасайтын жаңа экономикалық, психологиялық, диагностикалық, ақпараттық технологиялар. Инновациялық басқару технологияларының жетекшісі басқару қабілеті жоғары, білім беру менеджменті, инновациялық педагогика теориясынан кәсіби қаруланған шығармашылық тұлға болу керек. Инновациялық үрдістің құрылымы: Қызметтік құрылым – мотив, мақсат,міндет, мазмұн, түр, әдіс, нәтижелер бірлігі.

Субьективті құрылым – инновациялық үрдіс кезеңдеріндегі барлық қатысушылардың қызметі. Деңгейлік құрылым – халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі инновациялық қызмет субъектілерінің өзара байланысы. Мазмұндық құрылым – оқу орнын басқарудағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жаңашылдықты қабылдап, жүзеге асыру. Басқарушылық құрылым - өзара бірліктегі басқару қызметінің төрт түрін ұсынады: жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік, бақылау. Басқару аспектісі: Инновациялық менеджмент – педагогикалық инновацияны енгізу жағдайындағы білім беруді ұйымдастырудағы жетекшілік және басқару. Инновациялық барьер – инновацияны жүзеге асыруда кездесетін қиындықтар [2, 111-114 б.б.].

Білім беру жүйесіндегі инновация мәселесі ХХІ ғасырда бір жылға емес, бірнеше жылдарға азық болатын заманауи түсінік.

Сол себепті, келтірілген дәлелдерге айғақ болу үшін екінші тілді меңгертуде инновациялық технологияның бір элементі интербелсенді әдістер тиімділігіне тоқталсақ. Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновация шеңберінде оқыту – оқу, үйрету – үйрену сөздерімен алмастырылып отырғаны баршамызға белгілі. Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі «Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттігін 2006-2009 жылдарда дамыту тұжырымдамасында» келтірілгендей, «ақпараттың ақылға сыймайтын шамадан тыс, оны игеруде адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен артық» мөлшерде дамуы. Сол себепті де, оқу/оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және пратикада бетке алатын әдістерді қолдануды алға тартады. Бұл талап білім саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады, өйткені динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық дәуір экономикасы адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді. Өйткені, ол дәуірдің биологиялық, әлеуметтік саяси сұраныстары. Адамнан төмендегідей құзырлылықтарды талап етеді: ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану; проблемаларды шешу және шешім қабылдау; өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу; ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау; өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыра білу; өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан дамытып отыру [3, 61-62].

Яғни, инновациялық технология, интербелсенді әдістердің негізгі мақсаты біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.

Кілт сөздер
1. Инновация - Инновация - Innovation.
2. Инновациялық үрдіс - Инновационная тенденция - Innovative trend.
3. Процесс -Процесс - Рrocess.
4. Инновациялық орталық - Инновационный центр - Innovation center.
5. Педагогикалық неология - Педагогическая неология - Pedagogical Neology.
6. Педагогикалық праксиология - Педагогическая праксиология - Pedagogical Praxeology.
7. Технология - Технология - Technology.
8. Білім беру жүйесі - Система обучения - Education system

Аннотация

Инновацияны «білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. «Инновация» ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған. «Инновация» латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді екен. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация - бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.

Ұйымдастырушылық-тенологиялық аспект: Инновациялық ниет – мүмкін болған тұтынушылардың сұранысына талдау, ғылыми-техникалық үрдісті болжау, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу базалары, өзге де өндірушілердің тұжырымдары, лицензияларынан туындаған жүйелі анықтама. Инновациялық жоба – қабылданған инновациялық ниет. Инновациялық қадам – дәстүрлі тапсырмаларды шешуге бағытталған, шығармашылықпен қайта қалыптасқан жағдай. Инновациялық жоспар – бекітілген инновациялық жоба. Инновациялық оқыту – білімді басқарудың ерекше типі. Дәстрүлі оқытуға қарағанда оқытушы мен оқушы қызметін ұйымдастырудағы демократиялық бастама.


----------------------------------------------------
Назвать инновации «инновациями в системе образования» значило бы сузить ее значение. Понятие «новаторство» впервые появилось в исследованиях культурологов в XIX веке, то есть внедрение одного типа культуры в культуру другой страны, и это понятие сохраняется до сих пор в этнографии. «Инновация» на латыни означает «новый», «новость», «обновление». То есть, согласно словарю С. Ожегова, нововведение - это новинка, которая впервые публикуется, создается, недавно появилась, заменяет прежнюю, впервые обнаруженную, введенную давно неизвестную.

Организационно-технологический аспект: Инновационное намерение - это систематическая справка, возникающая на основе анализа потенциального потребительского спроса, прогнозирования научно-технических процессов, данных отечественных и зарубежных исследовательских баз, других производителей, лицензий. Инновационный проект - это принятое новаторское намерение. Инновационный шаг - это творчески преобразованная ситуация, направленная на решение традиционных задач. Инновационный план - утвержденный инновационный проект. Инновационное обучение - это особый тип управления знаниями. Демократическая инициатива в организации деятельности учителей и учеников, а не традиционное обучение.


----------------------------------------------------
Calling innovation “innovation in the education system” would narrow its meaning. The concept of "innovation" first appeared in the studies of culturologists in the 19th century, that is, the introduction of one type of culture into the culture of another country, and this concept is still preserved in ethnography. "Innovation" in Latin means "new", "news", "renewal". That is, according to S. Ozhegov's dictionary, an innovation is a novelty that is first published, created, recently appeared, replaces the old, first discovered, introduced long unknown.

Organizational and technological aspect: Innovation intention is a systematic reference arising from the analysis of potential consumer demand, forecasting scientific and technical processes, data from domestic and foreign research bases, other manufacturers, licenses. An innovative design is an accepted innovative intention. An innovation step is a creatively transformed situation that addresses traditional challenges. An innovation plan is an approved innovation project. Innovative learning is a special type of knowledge management. Democratic initiative in organizing teacher and student activities, not traditional teaching.



Әлтай Сабира

КЯ 19-3

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...