Сабақ тақырыбы: Виртуалды шынайылықтағы адам Оқу бағдарламасын сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/36
Дата20.09.2021
өлшемі298.14 Kb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

Бекітемін:______________

Бөлім

2-бөлім. 3D модельдеу

Педагогтің аты-жөні:

Мысаева Рысты

Күні:

17.11.2020ж

Сынып:

11

Сабақ тақырыбы:

Виртуалды шынайылықтағы адам

Оқу бағдарламасын сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.4.2 - виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері туралы айту

Сабақ мақсаттары

Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері туралы айту.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу

Шаттық шеңбері: оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады.

Өткен сабақты пысықтау: «Ыстық орындық» әдісі Оқушылар орындықта отырған оқушыға өткен тарау бойынша сұрақтар қояды. Оқушы тез жауап беруі керек, себебі орындық ыстық

Оқушылар сәлемдеседі

Оқушылар сұраққа жауап береді




Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау




Сабақтың ортасы 30 мин

«Миға шабуыл» әдісі

  • «Процедура» және «функция» ұғымдарымен танысыңдар?

  • Оларды программада не үшін қолданады деп ойлайсыңдар?

  • Программалау барысында процедураны пайдаланбауға болама?

Процедураларды программа жазуда қолданудың қандай тиімді жақтары бар деп ойлайсыңдар?

Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:



  • виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың адамның психикалық және физикалық денсаулығына ықпалын;

  • виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологияларының даму болашағын білетін боласыңдар.

Оқулықпен жұмыс

– Бұқаралық ақпарат құралдарынан, көркем әдебиетте және түрлі

интернет ресурстарда иммерсивтілік деген ұғымды естіген шығарсың. Көптеген сарапшылар: «Иммерсивті есептеулердің жаңа дәуірі басталды» деген пікірде.

Соңғы 30 жылда технологиялар керемет дамыды. Біз қаншама

жыл компьютерді басқару үшін пернетақта мен тінтуір қолдандық. Смартфондар дәуірінде «сырт еткізіп басуға», «саусақпен жұмыс істеуге» және «сөйлесуге» болатын

«ақылды» экрандардың пайда болды.

Педагог мәтінді бөліктерге бөліп оқытып, әр бөлікке түсіндіру жұмысын жүргізеді:

Білу және түсіну

Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып отырады:

+ - мұны білемін;


  • - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты; v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;

? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.

Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.


Жұптық жұмыс:

1 тапсырма: Ұсынылған нұсқалардың қайсысы виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың негізгі бағытына жатпайды?



    • Мобильді ойындар, нұсқаулыұтар;

    • «Сатып алмас бұрын зерделе», қызметтер жайлы ақпарат.

    • Навигация, қосылған орам.

    • Шынайылық – нақтылық құрылымдарын түсіну, мәліметтерді өңдеу.

    • Геолокациолық білім, аударма.

2 тапсырма: Виртуалды шынайылықтың пайдалы және пайдасыз жақтарын белгіле.



Деңгейлік тапсырмаларды орындайды:

А деңгейі. Виртуалды «өмірдің» оң және теріс жақтарын салыстыр.

В деңгейі. Елордамыздың көрнекті жерлері бойынша виртуалды тур жаса және алған әсеріңді жол жазбасы ретінде жаз. Мына интернет-ресурсын қолдануға болады: http://city3d.kz/nash-gorod/

С деңгейі. «Виртуалды ойынға деген тәуелділіктің алдын алу» тақырыбына буклет жаса.



ДК-мен практикалық жұмыс. Топтық жұмыс

Оқулықтан алынған материалды оқу, ДК-мен мұғалім дайындаған қосымша материалды қарау, топтың атынан бір адам сөйлеуге (постер немесе слайдтар) дайындалады:



  1. Күнделікті өмірге виртуалды және кеңейтілген шынайылықтарды ендірудің қауіп- қатерлерінің қаншалықты екенін талқылаңдар.

  2. «Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтардың бағыттары» бойынша 2-суретіне өз пікіріңді білдір. Оған тағы не қосу керектігін айт, сонан соң оны топта талқылаңдар. Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату

  1. Зерттеу және ойын-сауық салаларында виртуалды технологияларды қолдануды дамытуға не кедергі болып тұр?

  2. Білім беруде виртуалды және кеңейтілген шынайылықтарды қолданудың тиімділігі туралы өз ойыңды айт. Оқу үдерісін қызықты, тартымды ету үшін виртуалды және кеңейтілген шынайылықтарды қалай қолдануға болатындығына ұсынысыңды білдір.

Ұсынылған сызбаны қарастырып, өзара әрекеттесу технологияларын дамытудың келесі кезеңін болжа.

Сұрақтарға жауап береді

Мәтінді түсініп оқиды

Тапсырмаларды орындайды


Ауызша мадақтау, ынталандыру

Смайликтер



Оқулық

bilimland.kz




Сабақтың соңы 5 мин

Рефлексия: (Ж). «Бес саусақ» әдісі.

Басбармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Үй тапсырмасы (таңдауына қарай)

  1. Кестені толтыр.

  2. Информатика, физика, химия, биология бойынша виртуалды лаборатория зерттеуін жүргіз. Хабарлама дайында.

Сұрақтарға жауап береді

Тақырыптан түсінгенін айтады




Кері байланыс

2 тапсырма Виртуалды шынайылықтың пайдалы және пайдасыз жақтарын белгіле.

VR-дің пайдалы жақтары

VR-дің пайдасыз жақтары

  • Түрлі фобияларды өңдеу.

  • Шектеулі кеңістік жағдайында жаттығу мүмкіндігі.

  • Шынайы өмір мен ойдан шығарылған әлемді ажырата алмау.

  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарды шынайы өмірге қосу.

  • Тәуелділік.

  • Оқыту сабақтарын өткізу.

  • Бос уақытты тиімді ұйымдастыру.

  • Жүйке жүйесіне салмақ түсіру.

  • Дұрыс өмірлік құндылықтарды адам бойына дарыту.

  • Дербес ойлау қабілеті дамыту.

  • Медициналық оталарды жасау.

  • Түрлі фобияларды өңдеу.

  • Шектеулі кеңістік жағдайында жаттығу мүмкіндігі.

  • Шынайы өмір мен ойдан шығарылған әлемді ажырата алмау.

  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарды шынайы өмірге қосу.

  • Тәуелділік.

  • Оқыту сабақтарын өткізу.

  • Бос уақытты тиімді ұйымдастыру.

  • Жүйке жүйесіне салмақ түсіру.

  • Дұрыс өмірлік құндылықтарды адам бойына дарыту.

  • Дербес ойлау қабілеті дамыту.

  • Медициналық оталарды жасау.

Үй тапсырма:




Адамның денсаулығына тигізетін оң әсері

Адамның денсаулығына тигізетін теріс әсері

Виртуалды шынайылық







Кеңейтілген шынайылық










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік