Сабақ тақырыбы: Толық ішкі шағылу



Дата12.09.2021
өлшемі34.11 Kb.
түріСабақ




Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

11.3А: Геометриялық оптика

Мектеп:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Күні:




Оқушы саны:

Қатыспағандар саны:







Сабақ тақырыбы:

Толық ішкі шағылу




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 11. 6.2.4 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру




Бағалау критерийлері

Оқушы сабақ соңында:

  • сыну құбылысын сипаттайды;

  • толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіреді;

  • шектік бұрыш мағынасын түсіндіреді және мәнін есептейді;

  • шектік бұрыш мәнін практикада анықтай алады;

  • толық ішкі шағылу құбылысының практикалық қолданылуын сипаттайды;

  • талшықты оптиканың артықшылығына талдау жасайды.




Тілдік мақсат


Пәнге тән лексика мен терминология:

Жарық толқыны, толқынның таралу жылдамдығы, жарық сәулесі, түскен сәуле, сынған сәуле, түсу бұрышы, сыну бұрышы, салыстырмалы сыну көрсеткіші, абсолют сыну көрсеткіші, ортаның оптикалық тығыздығы, шағылудың шектік бұрышы


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде .... өзгереді, сондықтан оның таралу бағыты да өзгереді.

Жарық оптикалық тығыздығы .... ортадан оптикалық тығыздығы .... ортаға өткенде, сынған сәуле нормаль (-дан /-ға;) алыстайды/жақындайды.

Сыну бұрышы 900-қа тең болған кездегі түсу бұрышының мәні - шағылудың шектік бұрышы.







Құндылықтарды дарыту

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру;

  • Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;

  • Коммуникативтік дағдысын жетілдіру

  • Математикалық сауаттылығын дамыту




Пәнаралық байланыстар

Математика, химия, информатика




АКТ қолдану дағдылары

Презентация Power Point, сайттар: классная физика; bilimland.kz




Бастапқы білім


8-сыныптан толық ішкі шағылу құбылысы және оптикалық аспаптардың құрылысы туралы білім қорлары бар.

Алдыңғы тақырыптардан жарықтың сыну, шағылу заңдарын біледі.





Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар




1 минут

3-4 минут




І. Ұйымдастыру
ІІ. Оқушылардың алдыңғы білімдерін жаңғыртуға арналған тапсырма (қосымша_1)

Екі түрлі жағдайдағы (ауадан -суға, судан – ауаға өткен) жарық сәулесінің жүру жолдарын салыстырып, сипаттау.

Берілген тапсырманы оқушылар жұппен орындайды. Содан соң сыныпта талданады.

Дескрипторлар:

Оқушы:


  1. Ауадан суға өткен жарықтың түсу бұрышын белгілейді;

  2. Судан ауаға өткен жарықтың жүру жолын сызады;

  3. Екі суреттегі құбылыстың ұқсастығын анықтайды

  4. Екі суреттегі құбылыстың айырмашылығын анықтайды.

Презентация




6-7 минут

6-7 минут

3-4 минут


ІІІ. Толық ішкі шағылу құбылысына талдау

  1. Бейне материалмен танысу (сыныпппен)

https://www.youtube.com/embed/dFlFMkEHvn8

Оқушылар бейне материалды қарайды, содан соң мұғалім сыныппен талдауға арналған сұрақтар қойып, диалог ұйымдастырады.

Талдауға арналған сұрақтар:


  1. Неліктен жарық өзінің таралу бағытынан ауытқиды?

  2. Жарықтың түсу және сыну бұрыштары арасында қандай байланысты байқадыңыздар?

  3. Жарық оптикалық тығыздығы көп ортадан тығыздығы аз ортаға өткенде сыну бұрышы қалай өзгереді?

  4. Шектік бұрышты анықтауға арналған формуланы қорытыңыз.

Оқушылардан осы жағдай үшін Снеллиус заңын өз бетімен жазу сұралады, содан соң талданып, мұғалім қорытындылайды.


  1. Мәтінмен жұмыс (жеке жұмыс)

Мәтінде көп нүктенің орнына қалдырылып кеткен сөздерді орналастырады_ (қосымша_2)

Нәтижесін тексеру үшін үшін оқушылардың бірін-бірі бағалау әдісі қолданылады (парақтарын сағат тілі бағытымен ауыстыру немесе шағын топтарға бөліп, бірі -бірінің жұмысын тексеру)




  1. Практикалық тапсырма (жұптық жұмыс)

Оқушыларға оптикалық диск, жарық көзі және шыны жарты цилиндр, әр түрлі шыны призмалар үлестіріледі. Берліген құралдарды қолданып, әр шыны түрі үшін шектік бұрышты анықтауға тапсырма беріледі.


Толық ішкі шағылу-симуляция:

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/zharyqtyng-synuy

Шектік бұрыш:

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/zharyqtyng-synuy

Теория:

https://studfile.net/preview/2462309/page:20/

Құрал-жабдықтар:

Оптикалық диск, жарық көзі, жарты цилиндр, шыны призмалар







8-10 минут

IV. Толық ішкі шағылу құбылысының қолданылуы
Оқушыларды шағын топтарға бөліп, тапсырма беріледі:

  1. Толық ішкі шағылу құбылысын қолданатын салалар

  2. Талшықты оптиканың артықшылықтары

Оқушылар берілген тақырыпта ақпаратты анықтайды (ноутбук, смартфон, қосымша теориялық ақпарат көздері), постер жасайды. Содан соң сыныптағы басқа оқушылармен ақпаратты бөліседі.

Талшықты – оптикалық сымдар:

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/zharyqtyng-synuy

https://www.youtube.com/watch?v=U1JTqm6KcVU

https://www.youtube.com/watch?v=FFKDw1bni-g

Теориялық ақпарат_қосымша_3






4-5 минут

V. Қалыптастырушы бағалау (жеке жұмыс)_қосымша_4

Оқушыларға теориялық білімдерін пысықтау үшін өз бетімен орындауға тапсырма беріледі. Тапсырманы орындау кезінде оқушыға өзінің практикалық дағдысымен қатар теориялық білімін бағалау мүмкін болады.



Дескрипторлар:

  1. Құралдарды қолдану шартын анықтайды;

  2. Жарық жылдамдығын есептеуге арналған формуланы қолданады;

  3. Жылдамдық мәнін есептейді;

  4. Шектік бұрышты анықтауға арналған формуланы қолданады;

  5. Шектік бұрыш мәнін есептейді;

  6. Пластик түтікшедегі жарықтың жүру жолын сипаттайды

Үлестірме материал-қосымша_4




1-2 минут

VI. Рефлексия

Оқушылар бекіту тапсырмасын орындау нәтижесі бойынша өз жұмыстарына бағалау жүргізеді.



VII. Үйге тапсырма беру

Табиғатта толық ішкі шағылу арқылы түсіндірілетін құбылыстарды туралы ақпарат






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  1. Алдыңғы білімдерін жаңғыртуға арналған жетелеуші сұрақтар қою

  2. Демонстрациялық, ақпараттық бейне материалдар қолдану

  3. Жұптық жұмыс ұйымдастыру

  4. Қосымша теориялық материалдар ұсыну




        1. Өзара бағалау

        2. Өзін-өзі бағалау

        3. Қосымша сұрақтар арқылы




Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.



Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік