Сабақ тақырыбы Таьиғат-тал бесігім



Дата18.03.2023
өлшемі17.26 Kb.
#502858
түріСабақ
Байланысты:
табиғат-тал бесігім
Тест-жинагы-Карипжанова-Г.Т-Омарова-С.К.-готовая (1), 8-семинар 2, ТЕСТЫ ПО ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ ДИАГНОСТИКЕ с ответами, ҚБ, ЖМШК, 1, Python бағдарламалау тілі МИ-31, ФИ-31, Short Stories to Read and Discuss (1)




Пән: Тәрбие сағаты

Мектеп: Бисен Жаникешев атындағы ЖОББМ

Күні:30.02.23.

Мұғалімнің аты-жөні: Мухтарулы Оралбек

Сынып: 4

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Таьиғат-тал бесігім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)




Сабақ мақсаттары

оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру бөлімі: Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер? Аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, өсімдік, аң, құс, адам – осылардың бәрі – табиғат деп аталады.
- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар? - Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер – біздің қазынамыз, байлығымыз. Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.





Сабақтың ортасы



Ұ: Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз» - деп табиғат туралы тақпақтарға кезек берсек.
Құлпыра берші, кең дала,
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағыңа енейін.

Қызғалдақтар қырда тұнып,


Жайқалады ырғатылып.
Анамыздай мейірлі Күн
Аймалайды шыңда тұрып.

Табиғат ол анамыз,


Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз.
Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауында,


Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
Кім жылдам? ойын Ал балалар енді білімімізді «Кім жылдам?» ойын арқылы дәлелдесек. Мен сендерге өлі табиғат пен тірі табиғаттан тапсырма жасырамын. Егер тірі табиғатқа жатса, алақанымызды соғамыз, егер өлі табиғатқа жатса қолымызды көтереміз. Күн, үй, адам, ағаш, ауа, су, кітап, сағат, сиыр, аю, құм, топырақ, тас, тырна, киім,ай,оқушы,мектеп Жарайсыңдар!
Ойлы болсаң,озып көр Топтарға сауалнама Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің ауылымыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? 1 - топ 2 - топ. ( суретін салу,пікір тыңдау)
Сыныпқа жалпы сұрақ. «Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде жоқ па?» Оқушылардың пікірін талдау




Сабақтың соңы

Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген. Туған жерді сүю – парыз, Сүю үшін білу – парыз Қасиетін ұғу – парыз, Күзетіңде тұру – парыз Ендеше, Отанымызды, Атамекен жерімізді аялай білейік, қадір тұтайық!





Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет