Сабақ тақырыбы: Сауалнаманы өңдеу әдістемесі

Loading...


Дата21.09.2021
өлшемі19.06 Kb.
түріСабақ

Пәні: «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны мен оқу-әдістемелік қамтылуы

Мамандығы: « Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу »

Біліктілігі: Тәрбиеші

Тобы: 121 (11)А

Күні: 14.09.2021

Курсы: 2


Бөлімі: Күндізгі

Сағат саны: 2

Сабақ тақырыбы: Сауалнаманы өңдеу әдістемесі

Сабақтың білімділік, дамытушылық, тәриелік мақсат-міндеттеріне жеткізтін келесі құзіреттілікті қалыптастыру:

Ақпараттық: Студенттерге дұрыс қарым-қатынас жасауға қажетті қасиеттердің, адамдардың бірін-бірі қабылдау мәнін түсіндіріп, қарым-қатынас мәдениеттілігіне, оны тәрбиелеуге үйрету.

Каммуникативтік: Студенттермен қарым-қатынас мәдениеті және қарым-қатынас түрлері туралы өз ойын сұрау.

Проблеманы шешу: Студенттердің тақырыпқа сай қызығушылығын арттыру, дамыту және қарым-қатынас түрлерін қарастырып, оң нәтиже беретін дұрыс қатынас жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас

Қолданылатын оқыту түрі: Түсіндіру, әңгімелесу, пікірталас

Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Жалпы сауалнама нәтижелері тек ғалымдарға ғана емес, сонымен бірге өкіметтік және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, жалпы қауымға да белгілі болады.

Сауалнама парақтары қатаң құрылымға ие және бірнеше бөліктерден тұрады.



Бірінші бөлім — кіріспе. Ол респондентке тікелей қатысты болады. Онда зерттеу мақсаты мен міндеттері жөнінде қысқаша айтылады, оның мәні, нәтижелердің қалай пайдаланылатындығы баса көрсетіледі.

Осы жерде сауалнаманы толтыру ережесі келтіріледі, жауаптардың құпиялығына кепілдік беріледі.



Екінші бөлім – негізгі. Онда қажетті  ақпараттарды алуға бағытталған сұрақтар болады. Сауалнама бірнеше міндеттерді  шешуге мүмкіндік беретіндіктен, олардың әрбірі өз сұрақ блогына сәйкес болуы керек. Бастапқы «нақты»,  қарапайым, тапқыр, қызығушылықты оятуға бағытталған  сұрақтар қою, респонденттерді сауалнаманы белсенді толтыруға бейімдеу ұсынылады.  Бұл нақты жағдайлар, дәйектер жөніндегі сұрақтар болуы мүмкін. Одан кейін  уәжді, пікірді, бағалауды  айқындауға арналған барынша күрделі сұрақтар келтіріледі.

Үшінші бөлімде сауалнама жүргізілетіндердің әлеуметтік– демографиялық сипттамалары: жынысы, отбасы жағдайы, білімі, әлеуметтік шығу тегі, кәсібі, оқу орны немесе жұмыс орны анықталады.

Қорытындыда  респодентке  сауалнаманы толтырғаны үшін  алғыс білдіріледі (бірқатар жағдайда бұл кіріспе бөлімде жасалады).



Сауалнама  шараларына  қойылатын талаптар (сауалнама жүргізу):

  • зерттеушілік міндеттерді нақты  анықтау;

  • тұжырымдардың респондент ұғымына сай қол  жетімді болуы;

  • сауалнама барысында әлеуметтік-психологиялық қатынас қағидаларының сақталуы;

  • респонденттердің ерекшіліктері мен құзыреттілігін ескеру;

  • респонденттердің жауаптарын белгілеу  нақтылығы;

  • сауалнама жүргізу  жағдайларын стандарттау;

  • университет бойынша тұтастай сенімді мәліметтерді жинау, ұсыну.

5.3 Сауалнама жүргізу мақсаттары (сауалнама жүргізу):

  • студенттердің оқытушылар кәсібилігін берілген параметрлер бойынша субъективті бағалау ерекшеліктерін айқындау;

  • студенттер мен жұмыс  берушілердің білім беру қызметіне қоятын талаптарын анықтау;

  • білім беру процесі сапасын бақылау;

  • университеттің сыртқы және ішкі ортасының күшті және әлсіз жақтарын анықтау;

  • білім беру сапасына, білім беру қызметтеріне, еңбек тіршілігіне және материалдық-техникалық жабдықталуға қанағаттанушылықты анықтау;


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...