Сабақ тақырыбы: «Патентті ізденістер және патент алу жұмыстары»



бет2/12
Дата20.11.2021
өлшемі0.86 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Патент деген не?

  • Патент (лат. patents – ашылым)
  • Мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат.
  • Салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат; белгіленген шарттарды сақтау мен төлемді енгізу (патенттік алым) кезінде, белгілі бір қолөнер кәсібі немесе тірлікпен (сауда, тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға рұқсат беретін құжат.

Патенттер мен мақалалар саны т.б. көрсеткіштері бойынша әлемдегі мемлекеттердің рейтингі.

Шет ел тәжірибесі Еуразиялық өтінімді беру кезіндегі ақпарат (таблицаға саламын)

  • Қазақстандық өтінім берушілер еуразиялық патент алу үшін еуразиялық өтінім беру арқылы өз өнертабысына ТМД-ның 8 мемлекетінде – Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Түрікменстанда жарамды қорғау құжатына қол жеткізе алады. Осындай негізде берілетін аймақтық патент өтінім берілген күннен бастап 20 жылға жарамды.
  • Патенттік кооперация келісімі және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу ережесінің 7 тармағына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылдың 29 тамызындағы № 1350 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК қабылдау, тексеру және еуразиялық өтінімді Еуразиялық патенттік ведомствоға Еуразиялық патенттік ұйымға (Еуразиялық ведомство) жөнелту қызметін атқарады.
  • Еуразиялық патенттік конвенцияның Патенттік нұсқаулығының (Патенттік нұсқаулық) 29 Ережесіне сәйкес, еуразиялық өтінім екі данада беріледі Өнертабысқа еуразиялық патент беру туралы өтініш.
  • Еуразиялық өтінім құжаттарын рәсімдеуге байланысты өтінім берушіге қойылатын талаптар Еуразиялық патенттік конвенция (конвенция), Еуразиялық патенттік конвенцияның Патенттік нұсқаулығымен (нұсқаулық) регламенттелген.
  • «ҰЗМИ» еуразиялық өтінімді Нұсқаулықтың 33 және 34 Ережелері талаптарына сәйкестігін тексереді.
  • «ҰЗМИ» тексеруден оң нәтижемен өткен еуразиялық өтінімнің өтінім беру күнін анықтайды және Еуразиялық ведомствоға жөнелтуді жүзеге асырады.
  • Әр еуразиялық өтінім бойынша өтінімді қарау, тексеру және жөнелту үшін тиісті төлемдер жасалуы міндетті (Нұсқаулықтың 34(3) Ережесі).
  • Еуразиялық өтінімдерді беру кезіндегі төленетін төлем көлемі және төлем реквизиттері туралы ақпарат 
  • 2019 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Еуразиялық патенттік ұйым төлемдері туралы Ережесінің өзгерістеріне сәйкес Патенттік нұсқаулықтың 40(4) Ережесінде жеңілдетілген тариф қарастырылған, сонымен қатар Патенттік нұсқаулықтың 7, 13(5), 13(9) Ережесінде аталған өтінім берушілер, патент иелері, еуразиялық өтінім және еуразиялық патент құқығын өзгеге беру субъектілері төлемдерді төменде көрсетілген көлемде, яғни:
  • (i) Келісім құрамына кіретін мемлекеттің жеке тұлғалары – Еуразиялық патенттік ұйым төлем Ережесінің 2, 4, 5, 6, 7(1), 7(3), 8 және 11 тармақтарында қарастырылған төлем мөлшерінің 10 пайызын;
  • (ii) Келісім құрамына кіретін мемлекеттердің мемлекеттік ғылыми және білім беру ұйымдары - Еуразиялық патенттік ұйым төлем Ережесінің 2, 4, 5, 6, 7(1), 7(3), 8 және 11 тармақтарында қарастырылған төлем мөлшерінің 30 пайызын;
  • (iii) Келісім құрамына кіретін мемлекеттердің заңды тұлғалары (осы пункттердің (ii) абзацында көрсетілгендерден басқалары) - Еуразиялық патенттік ұйым төлем Ережесінің 2, 4, 5, 6, 7(1), 7(3), 8 және 11 тармақтарында қарастырылған төлем мөлшерінің 90 пайызын;
  • (iv) Конвенция қатысушылары қатарына кірмейтін мемлекеттердің жеке тұлғалары - Еуразиялық патенттік ұйым төлем Ережесінің 2, 4, 5, 6, 7(1), 7(3), 8 және 11 тармақтарында қарастырылған төлем мөлшерінің 50 пайызын төлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде