Сабақ тақырыбы Отбасылы қ портрет

Loading...


Дата05.05.2021
өлшемі25.99 Kb.
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-тарау: Менің отбасым және достарым

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып, күні: 2


Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасылық портрет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.2.1

жұмысты жасауға әсер ететін факторларды анықтай отырып, әр түрлі өнер, қолөнер, дизайн түрлерінің кейбір сипаттамаларын танып білу және сипаттау

2.1.3.1

Идеяларды талқылау және сұрақтар қою



Сабақ мақсаттары

Идеяларды талқылау және сұрақтар қою арқылы жұмысты жасауға әсер ететін факторларды анықтауды үйренеді.

Бағалау критерийлері

  • «Портрет» ұғымының сипаттамасын анықтай алады;

  • Идеяларды талқылайды;

  • Отбасылық портретті орындай алады.

Тілдік мақсаттар

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Суреттен кімдерді көріп тұрсыздар?

  • Портреттің не екенін білесіздер ме?

  • Пропорция, бет пішіні, бас мүшелері, мамандық.

Құндылықтарды дарыту

Сыныптастардың бір-біріне деген , бір-бірінің ойына деген, пікіріне деген сыйласымдықты диалогтік оқыту арқылы арттыру.

Бастапқы білім

Оқушылар түстік қатынасты біледі, түстің реңктерін алуды біледі. «Натюрморт» жанрын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


Ұйымдастыру бөлімі

  1. сәлемдесу.

ә) оқушыларды түгендеу.





Сабақтың ортасы

35 минут


Зерттеу жұмысы № 1 (2 минут).

Әртүрлі отбасы бейнеленген атақты суретшілердің салған суреттерінің көшірмесін, әртүрлі отбасы фотоларын қарастыру.



Оқушыларға арналған сұрақтар қатары:

Суреттерден кімдерді көріп тұрсыздар?

Бұл қандай суреттер?

Осы суретті бейнелеу өнерінің қай жанрына жатқызамыз, айта аласыздар ма?



Зерттеу жұмысы № 2 (жұптық жұмыс, 5 минут):

Жұппен (немесе шағын топпен) көркем өнер туындыларын зерттеңіз және келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

Суреттен сіз не көріп отырсыз?

Суретте бейнеленген немесе фотодағы адамдар немен айналысатынын, олардың мамандықтары қандай екенін таба аласыз ба?

Сіз мұны қалай сипаттайсыз?

Суретші киімді қалай бейнелеген?

Суреттен қандай пішін, түс және реңк аңғаруға болады?

Практикалық жұмыс (28 минут):

Оқушылар зерттеу жұмыстарын саралап болған соң отбасылық портрет салатын болады. Портретте кімнің мамандығы қандай екені түсінікті болуы тиіс екендігін түсіндіремін. Оны қалай жасайтындығын оқушылардан сұрауға болады немесе өзім түсіндіріп өтемін.

Оқушылар мамандықты қамтып көрсететін әртүрлі элементтер туралы және оны суретте қалай бейнелеу керек екендігі туралы ойларын дамытады.

Оқушылар алдымен жылдам ойлана отырып, пішіннің сұлбасын жасап, композицияны графитті қарындашпен белгілейді, содан соң жұмысты бояумен бастауға болатындығын айтамын.



Жұмысты төмендегі кезеңдерге сай орындаған дұрыс:

  • Портретті парақтың қай бөлігіне орналастыру керегін шеше отырып, нысандардың сұлбасын қарындашпен сызу.

  • Өз жұмысыңызда түстерді пайдаланыңыз.

  • Суретке қажетті бөлшектерді қосу.

  • Техника қауіпсіздігін сақтау.

  • Жұмысты аяқтау.


Дескриптор:

  • Портретті парақта дұрыс орналастырады;

  • Түспен ұқыпты боялған;

  • Портретте мамандық иесі анық көрсетілген;

  • Жұмысы аяқталған.

Слайд


Көркем шығармашылық бояу құралдары, альбом немесе А 4 форматты қағазы

Сабақтың соңы

3 минут


Рефлексия.

Оқушыларға келесі сұрақтарды қоюға болады

Саған не оңай болды?

Қолыңнан не жақсы келді?

Не қиын болды?

Неге олай ойлайсың?

Жаңадан не үйрендің?




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың барысында қабілеті жоғары оқушыға тапсырманы күрделетемін

Өзара бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі және мұғалім бағалауы (дескрипторлар арқылы) жүреді

Денсаулық сақтау технологиялары. Интерактивті тақтаны 10-мин артық қолданбау

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет. Бұл сабақта практикалық жұмыс жасау барысында оқушылар орындарынан тұрып жүреді



Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелері


Сабақбойыншарефлексия
Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...