Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру Осы сабақта қол жеткізіле тін оқу мақсаттары



бет3/5
Дата20.01.2023
өлшемі105.81 Kb.
#417554
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру (Ашық сабақ)
Тәжірибелік сабақ 5
Сабақ барысы

Сабақ
тың жоспар
ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс
тар

Сабақтың басы
10 минут



І Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасып, үй жұмысын тексереді.

  2. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

  3. Оқушыларды топқа бөлу.

  4. Алдыңғы өткен материалдарды қайталау.

Сипаттау:
Сабаққа мотивация жасау.
Мұғалім: Адамның денсаулығы — қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың — салауатты өмір салтын сақтау.
Өміріміз — өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.
Біздің өміріміздегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? Оқушылар: Денсаулық.
Сабаққа эпиграф:
Есепті дұрыс шығара білу – ол суда жүзе білу, шаңғы тебе білу секілді практикалық білік. Оны тек еліктеу немесе үздіксіз жаттығулар арқылы ғана меңгеруге болады.


ІІ Ойын формасында «Шапалақтаймыз, аяқты тарсылдатамыз» үй тапсырмасын тексеру.
№606 есептің жауабын айтқанда дұрыс болса – алақанды шапалақтаймыз, егер жауап қате болса – аяқты тарсылдатамыз.


ІІІ «Қайталау - білім анасы» сатысы.
Топ басшысы тобындағы оқушыға тапсырма береді: №1, 2 тапсырмалар.
Оқушылар бір-біріне тапсырмалар беру арқылы өтілген тақырыпты еске түсіреді, қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет