Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар топтарға бөлініп отырады.
1-топ: Дальтонизм
2-топ: Окулист
3-топ: Қарашық
Топ аттарынын мағынасын сұрау арқылы тақырыпты ашуға ой тастау.
«Миға шабуыл» әдісі
-Топ аттары нені білдіреді?
Сонымен, біздің сабағымыз қандай сезім мүшесіне арналады деп ойлайсыңдар?
Көздеріңді жұмып менің қолымдағы заттың пішінін, көлемін, түсін көрмей тұрып айта аласыңдар ма?
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың дұрыс немесе жалған екенін анықтайды.
Адам омыртқа жотасы S- тәрізді пішінді 4 иілімінің болуы, екеуі алға, екеуі артқа қарай иілген.
Бас сүйектегі шүйде сүйегі артқа қарай жылжыды. Бұл ми көлемінің артуына байланысты.
Адам- бас сүйегінің бет бөлімі ми бөлімінен едәуір артық болатын бірегей тіршілік иесі.
Адам мен приматтар бұлшық ет ұлпасы жасушалары құрылысы әртүрлі.
Астыңғы жақ сүйекте иек болады. Бұл анық сөйлеудің қалыптасуына байланысты дамыды.
Адамдарда қолдарына түсетін салмақ орталығы едәуір жоғары.
Табан күмбезі пайда болды. Тіпті жалпақтабандылық пайда болған адамда да кез келген маймылға қарағанда табан күмбезі жөғары болады.
Қолды төмен түсіріп айналдыру үшін білек бұлшық еттері дамыған.
Бас бармақ басқа саусақтарға 180’ градус орналасады.
Айырмашылықтар екі себепке: қоректенуге және еңбек етуге байланысты қалыптасты.
Топ аттары жазылған қағаздар
Слайд, интерактивті тақта
Сабақтың ортасы
13 мин
Жаңа сабақты бекіту
8 мин
5 мин
7 мин
Жаңа сабақ арнайы презентация арқылы түсіндіріледі. Презентация мазмұны:
Көз - оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады.Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар.Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза.Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған.
Тапсырма «Плакат» әдісі
Плакаттағы қалташаларға деңгейлік сұрақтар салынады, әр топтан оқушылар кезекпен шығып сурақтарға жауап береді.
Оңай деңгейлік сұрақтар
Орташа деңгейлі сұрақтар
Қиын деңгейлік сұрақтар
Оңай деңгейлік сұрақтар: Адамда қандай сезім мүшелері бар?
Көздің сезімтал жасушаларын ата.
Көз құрамына кіретін қосымша бөліктерін ата.
Көз алмасы қанша қабықтан тұрады және оларды ата.
Орташа деңгейлік сұрақтар: Тамырлы қабық дегеніміз не?
Көру өткірлігі дегеніміз не?
Көздің сыртқа бірінші қабығын ата.
Көздің үшінші қабатын сипаттап бер.
Қиын деңгейлік сұрақтар: Көздің оптикалық жүйесі дегеніміз не?
Дальтонизм қандай ауру?
Конъюктивит дегеніміз не?
Теледидарды көру ұзақтығы және оған дейінгі арақашықтық?