Сабақ тақырыбы: Кіріспе Мен зерттеушімін Күні : 05. 09

Loading...


бет9/9
Дата09.04.2020
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Адамдар ғарышты қалай зерттеді?

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау.

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;




Оқушылардың басым бөлігі: ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшатын аппараттарды суреттеу;

Кейбір оқушылар: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ресурстар:

  1. күнтізбелердің әртүрлі нұсқалары: қабырғаға ілетін, үстелге қоятын, аудармалы және т.б. ал-ғашқы күнтізбелердің суреттері.

  2. Интернет-ресурстар:

  3. Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны туралы бейнефильм, мысалы, https:// www.youtube.com/watch?v=QNF68MokbFE.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. ерте заманнан бері ғаламды зерттеудің негізгі әдісі бақылау болғанын біледі. Олар астрономияның өте ұзақ қашықтықта орналасқан аспан денелерін зерттейтіндігін түсінеді;

  3. ерте заманда аспан денелерін бақылау арқылы қандай маңызды жаңалықтар ашылғанын түсінеді. Бұл үшін олар аспаннан жай көзбен нені көруге болатынын және осы білімдерінің көмегімен қан­ дай жаңалық ашуға болатынын анықтайды.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адамдар әрдайым жұлдызды аспанның құпия­ сын ұғуға тырысқан. Олар бақылау барысында жұл-дыздардың өзара орналасу қалпын өзгертпейтінін және шоқжұлдыз құрайтынын байқаған. Шоқжұл­ дыздардың көмегімен адамдар кеңістікте бағдар­ лауды үйренген. Бірақ аспан жұлдыздардың су­ реті салынған шар сияқты Жерді айналып жүреді деп есептеген. Айды бақылағанда, ол туу әрі толу нүктелерін және өзінің пішінін өзгертіп отыра­ тындығын анықтаған. Ай күнтізбелері мен гномон аспанды игерудің алғашқы жаңалықтары болып табылады. Гномон — Күннің биіктігін көлеңке арқылы анықтайтын,­ күнсағаттың негізі болып табылатын құрал. Кейіннен Күн күнтізбелері құрастырылған­. Оларда күн мен түннің теңелуі және Күннің тоқырау аралығы­ жыл болып есептелген. Әрине, қайсысы бірінші, қайсысы екінші болғанын нақты ешкім айта алмайды. Бірақ Ай күнтізбесі — Ай фазаларының ауысуын бақылағаннан кейін, Күн күнтізбесі гномон­ ның ашылуынан­ кейін пайда болды деген болжамның ықтималдығы жоғары.


Кіріспе тапсырма. Оқушыларға өздерін ерте замандағы адамдардың орнында елестетуін тап­ сырыңыз­. Сабақты былай бастаңыз: “Өздеріңді кең далада, түн мезгілінде жүрміз деп елестетіңдер. Айналада қазіргі замандағы биік үйлер жоқ. Барлық жерде ұшы-қиыры жоқ кеңістік. Алыста жануарлар жайылып жүр. Аспанға қараңдар. Сендер не көре аласыңдар?”
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, талқылаңыз­­ дар.
Осы ойынды сабақ көлемінде жүргізуге болады.
Алғашқы жаңалықтар. Алғаш қандай астро­ номиялық жаңалықтар ашылғанын ойланып көрсін. Ол үшін аспанға тағы бір рет “көз тігу керек”. Ең бірінші нені көруге болады? Барлық мүмкін болатын жауаптарды тыңдаңыз. Жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильмнің бас жағын дауыссыз көрсетуге болады. “Не көрінеді?“ — деп сұраңыз. Оқушылар “адамдар ең алдымен жұлдыздарды көріп, олардан шоқжұлдыздарды құрастырды” деген қорытынды жасаулары керек. Ол не үшін қажет еді? — деп нақтылаңыз. Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильм көрсетуге болады. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып, ерте замандағы адамдардың аспанның және аспан шырақтарының­ Жерді айналып қозғалатынын қалай көз алдарына елестеткендігі туралы айтып беріңіз.
Кейінгі жаңалықтар. Оқушыларға әлі де ерте замандағы адамдардың рөлінде бола тұруды тапсырыңыз. Оларға тіршілік ету үшін не қажет болғанын ойланып көрсін. Ерте замандағы адамдар­ дың, негізінен, диқаншылықпен және мал шаруашы­­ лығымен­ айналысқанын естеріне салыңыз. Ол үшін нелер қажет болғаны туралы оқушылар­дан­ сұраңыз. Оқушылар жылдың жазғы мезгілінде жаңбыр жау­ ғанда нені білу қажет болғанын айтып бере алады. Аспан денелерін бақылау жаңбыр жауатынын анық­ тауға көмектесе­ алатынын сұраңыз. Шағын сұрақ-жауап сайысын ұйымдастыруға болады. Нәтиже­сінде­ оқушылар “адамзаттың­ кейінгі ашқан жаңалығы­ күнсағат пен Ай күнтізбесі болды” деген қорытынды­ жасай алады.
Күнтізбе. Әртүрлі күнтізбелер нұсқасын көр­ сетіңіз. Оларды топтарға таратып беруге болады. Оқушыларға қазіргі күнтізбелердің көбінде мейрам күндері, Күннің тұтылуы, шығуы мен батуы жазылып тұрғанын көрсетіңіз. “Ерте замандағы адамдарға

күнтізбе не үшін қажет болды?” деген сұраққа қайтып оралыңыз. (Тіршіліктеріндегі маңызды оқиғалар: егін егу, өнімін жинау, жыл сайын болатын өзендердің арнасынан шығу уақытына дайын болу үшін.) Ерте кездегі күнтізбелер қазіргілерге ұқсас болуы мүмкін бе? — деп сұраңыз. Ерте кездегі күнтізбелер суретін көрсетіңіз, оларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауды тапсырыңыз. (Ал­ ғашқы күнтізбелердің ортасында Күн және Ай бейнеленген,­ ал айлар айнала орналасқан. Барлық күнтізбелерде­ күндер мен айлар белгіленген. Әр айдың белгісі мен атауы болған.)




Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар



Дүниетану. Оқиғалар мен нысандарды хроно­ логиялық тұрғыдан жүйелеу.


Ғарышты зерттеу
Бұл тапсырманы орындаған кезде мынадай сұ­ рақтар қойыңыз:
— Біз әдетте қандай да бір белгісіз, бұрын көрмеген затты қалай зерттейміз? (Ұстап көреміз, мұқият қараймыз, дәмін көреміз, иіскейміз, тыңдаймыз т.б.)
— Адам аспан денелерін қалай зерттейді? (Оларды бақылайды.)
— Неге? (Олар өте алыс; жақыннан олар үлкен; олардың барлығына жақындауға болмайды, мысалы, Күн — қатты қызып тұрған шар.)
Зерттейік. Оқушыларды шамамен әр топта алты-сегіз адам болатындай етіп бөліңіз. Топтарға бөлген кезде оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескеру керек. Тапсырманы орындау үшін: А4 фор­ матты парақтар (басқалардан баяу жұмыс жасайтын оқушылар үшін астрономиялық жаңалықтар жазылған парақтарды алдын ала дайындап қойыңыз), бояулар, түрлі түсті қарындаштар қажет болады.
Оқушылар ерте кезде ашылған астрономиялық­ жаңалықтарды парақтарға жаза алады. Бір парақ — бір жазба. Әр жаңалықтың суретін салып көрсетуге болады. Одан кейін оқушылар жаңалықтарды (па­ рақтарды)­ хронологиялық ретпен орналастырады. Нөмірлейді.

Топта оқушылар әр жаңалықты пантомима не­ месе рөлдік қойылым түрінде ұсынуға болатынын ойластырады.

Әр топ өз нұсқасын көрсетеді.
Оқушылар астрономиялық жаңалықтардың адамдардың­ өмірін жақсарту үшін жасалғанын түсі­ нетін болады. Сонымен қатар оқушылар осы тап­ сырманы­ орындау барысында өздерінің бақыла­ ғандарының­ нәтижесін ұсына алу дағдыларын жетілдіреді­ (ауызша, сурет, пантомима түрінде).


Бағалау


Астрономияда мәлімет алудың ең негізгі әдісі — бақылау екенін біледі, оның көмегімен қандай жаңалықтар ашылғанын түсінеді.

Алғашқы жаңалықтар. Оқушылар алғашқы астрономиялық жаңалықтар бейнеленген сурет­ терді таңбалап, белгілі ретпен нөмірлей алады. Жұмыс кезінде не себепті осындай рет сақталғанын нақтылап,­ олардың дәлелдерін тыңдаңыз.

Ықтимал жауаптар

Суреттерді орналастыру тәртібі бойынша: 4. Шоқжұлдыздар.

2. Күн мен түннің ауысуы.

1. Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолы.

5. Күнсағаттар.

3. Күн күнтізбесі.

Нақты хронологиялық реттілікті анықтау қиын болғандықтан,­ келесі нұсқаларды қабылдауға бо­ лады: 2—4—1—5—3; 4—2—1—5—3. Маңыздысы,­ Күн күнтізбесінің соңғы болуы. Гномон (күнсағат) тек Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолынан кейін болуы, ал Күн күнтізбесі бірінші болуы мүмкін емес.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?







Сабақ тақырыбы:

Қазір ғарышты қалай зерттейді?

Мектеп:№16

Күні :24.01.20.




Мұғалім:Смагулова .Г.К.

СЫНЫП: 1г

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: кейбір ғарыш денелерін сипаттау;




Оқушылардың басым бөлігі: ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау;

Кейбір оқушылар: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: кейбір ғарыш денелерін сипаттай алады және сұрақтарға жауап бере алады.

Күтілетін нәтижелер:

Олар құрылғылар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсінеді;

расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айыр­ машылығын түсінеді.



Сабақтың мақсаты:

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау



Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Қазір ғарышты қалай зерттейтіні туралы айтып беруі.

Ғарыш;


Расытхана;

Телескоп;

Зымыран.


Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, өзін-өзі тану, музыка

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуі тиіс. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын білуі тиіс.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі

Терең ғылым сананың,

Тегі дөп ой саламын.

Маңыз беріп оқимыз,

Ғылымға кіріспе сабағын.

1-тапсырма. Блиц-турнир.

1-. Көп жылдар бұрын адамдар ғарышты қалай зерттеген?

2-. Ертеде ашылған қандай астрономиялық жаңалықтар туралы білесің?

3-. Ежелгі заманда адам күнтізбелерді не үшін пайдаланды?


суреттер


Сабақтың ортасы

Бұл не? (дүрбі)

Дүрбі туралы не білесіңдер?


Сен білесің бе?

1. Галилео Галилей кім?

2. Телескоп деген не?

3. Расытхана деген не? Не үшін керек?

Сергіту сәті:

Т.Төреәлі «Байқоңыр»

2-тапсырма: Дәптермен жұмыс.

36-жұмыс парағы.

37-жұмыс парағы.
«Ойлан, бірік, бөліс»

1-. Жерден барлығын көруге бола ма?

2-. Ғарышқа бару үшін не қажет?

3-. Зымырандар мен Жер серіктері не үшін қажет?

3-тапсырма:

1-. Зымыранның суретін салады.

Сен білесің бе?

1. Байқоңыр ғарыш айлағы

2. Ғарышкер неге скафандр киеді?

3. Зымыран қалай ұшады?



Дүрбі
Слайд,суреттер

жұмыс дәптері


Түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы, қарындаштар, ермексаз

Видео


Сабақтың соңы

«Бағларшам» арқылы өзін-өзі бағалау

- Балалар зымыранды алып, аттарыңды жазыңдар да, өздеріңнің көрсетіңдер.

Жасыл – тақырыпты түсіндім, тапсырмаларды қиналмай орындадым;

Сары – тақырыпты жартылай түсіндім, тапсырмалар орындауда қиналдым;

Қызыл – тақырыпты түсінбедім, тапсырмаларды орындай алмадым


Баспалдақ суреті

Қосымша ақпарат

Дифференциация – балаларға қалай көмектесесіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздік






Тапсырмаларды орындау барысында

Көркем еңбек, өзін-өзі тану, музыка

Сергіту сәті


Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Қазір ғарышты қалай зерттейді?

Мектеп:

Күні : 24.01.20.




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: кейбір ғарыш денелерін сипаттау;




Оқушылардың басым бөлігі: ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау;

Кейбір оқушылар: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ресурстар:

ұшу аппараттарының әртүрлі суреттері;

телескоптардың суреттері. Интернет-ресурстар:

телескопты қалай жасауға болатыны туралы бейнежазба, мысалы, https://www.youtube.com/ watch?v=k6vs_sjzGFY;

Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы, мысалы, http://masik.tv/zapusk-kosmicheskoy-raketyi/.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Олар құрылғылар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсінеді;

  2. расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айыр­ машылығын түсінеді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ғарыш — бұл Жерді қоршап тұрған кеңістік. Оны зерттеу үшін телескоптар мен басқа да күрделі оптикалық құрылғылар қажет.
Жердің жасанды серіктерінің көмегімен метео­ рологиялық­ ақпараттар алынады, Күннің құбылыс­­­ тарын бақылайды, ормандардағы өрттерді анық­ тайды. Ғарыш аппараттары Айда, Шолпанда, Марста болған.
Қазіргі уақытта әлемде ғарыш аппараттарын ұшыратын­ ғарыш айлақтары көп емес. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы аумағында орналас­ қан әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы да бар.
Расытхана (обсерватория) — астрономиялық құбылыстарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы­ мамандандырылған мекеме. Ағылшынның­ “бақылау”­ сөзінен шыққан.
Асы-Түрген расытханасы — климатты бақылауға арналған Қазақстандағы ең қолайлы бірден-бір ра­ сытхана.
Тянь-Шань астрономиялық расытханасы Үлкен Алматы көлінің маңайында орналасқан.
“Каменское плато” расытханасы Алматыдағы В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтқа қарайды.

Ойлан

Жүзіп келе жатқан кемені кім бірінші көре алады: теңіз жағасында тұрған адам ба әлде биік ағашта отырған адам ба?




Кіріспе тапсырма. Блиц-турнир. Оқушыларды топтарға бөліп, оқулықтағы сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз. Немесе алдын ала қарсылас топтарға “Ғарыш” тақырыбында бірнеше тапсырмалар ойлас­ тыруды тапсырыңыз. Оқушылар ежелде ашылған астрономиялық жаңалықтарды еске түсіріп, оларды атап бере алады.
Телескоп. Оқушылардан дүрбі туралы не білетіндерін­ сұраңыз. Ғалым Галилео Галилей жайында айтып беріңіз. Оқулықтағы суреттерге назар аудартыңыз. Оларды салыстыруды ұсыныңыз. Оқушылардан­ алғашқы телескоптардың­ қандай кемшіліктері болғанын сұраңыз. Егер олар жауап беруге қиналса, сіз сұрағыңызды “Тым алыстағы нысандарды ескі телескоптардың көмегімен көруге бола ма?” — деп нақтылаңыз. Оқушылардың қайсысы қарапайым дүрбімен қарап көргенін сұраңыз. Кескін анық болды ма?
Оқушылар “заманауи телескоптардың ұлғайтып көрсету мүмкіндігі мол, сондықтан кескіндері де нақты болады” деген қорытындыға келеді.

Жер қандай

Ертеде адамдар Жердің пішінін қалай елестеткен



Зерттейік. Оқушыларды төрт топқа бөліп, нұс­ қаулықтар беріңіз.
1-топ. “Суретшілер” — зымыранның суретін салады. 2-топ. “Мүсіншілер” — оны ермексаздан жасайды. 3-топ. “Оригами” — зымыранның үлкен үлгісін қағаз­

дан жасайды. (Нұсқаулық беріп, қажетінше көмек көрсетіңіз.)


4-топ. “Тәжірибе” — зымыранды ұшырады. (Шыны ыдысқа құрамында көпіретін газы бар дәрілер салынып, оның бетіне қағаздан жасалған зымыран орналастырылады. Ол он секунд ішінде ұшады.)
Осы жұмысты орындағаннан кейін барлық топ мүшелерін жинаңыз. Оқушыларға өздерінің орындаған жұмыстарын талқылап, қорытынды жасау үшін бес минут уақыт беріңіз. Содан кейін қатысу­ шыларды­ таныстырылымдарын тыңдау үшін ортаға шақырыңыз. Әр топта өзара бағалау жасатып, тапсырма орындаудан алған әсерлерімен бөлісіп, алынған нәтижелер бойынша өз ойларын ортаға салу мақсатында оқу диалогін құрыңыз.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Апплиация жасау.



Ғарышкерлер тобында ойнауды ұсыныңыз. Ға­ рыштағы салмақсыздық туралы айтыңыз. Пантомима­ көрсетуді ұсыныңыз: ғарышкерлер қалай тамақ жейді, ішеді, ұйықтайды? Фильм көрсетуге болады. Мүмкіндігінше, расытханаларға саяхат ұйымдасты­ рыңыз. Егер ғаламторға шығу мүмкіндігі болса, Жер серіктері көмегімен ғарыштан алынған фото­ суреттерді көрсетуге болады.

Суретшінің қателігі. Оқушылар суретті қарап, сәйкес­сіздікті­ анықтап, себебін түсіндіре алады. (Расытханалардың­ айналасында көпқабатты ғима­-раттар­ болмауы керек, расытханалардағы телескоп­ тар заманға сай болуы керек.) Осыдан кейін оқу­ шыларға суретті бояп шығуды ұсыныңыз.

Бағалау





  1. Оқушылар ғарышты зерттеуге қандай құралдар мен аппараттар қолданылатынын біледі, олар­ дың көмегімен жаңалықтар ашылатынын тү­ сінеді.

Зымыран. Оқушылар зерттеу кезінде алынған зымыранның аппликациясын жасай алады. Әр оқу­ шыға өзінің ұшатын аппаратын жетілдіріп, элемент­­ тер қосып, атын ойлап табу ұсынылады. Кейбір оқушылар ойдан шығарған бөлшектерін толық сипаттап­ беруі мүмкін.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Жер ғаламшарының көрінісі

Мектеп:

Күні : 28.01.2019




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу апп-ын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

Саы мақсы:

Барлық оқушылар: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтау;




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдеріс­ терді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. шар;доп;глобус;желім;Ай тұтылуы кезіндегі Айдың фотосуреті;

  2. ойыншық кеме. Интернет-ресурстар:

  3. http://www.youtube.com/watch?v=pg9gelaIJmM

  4. https://www.youtube.com/watch?v=Emb62UbUaVc

  5. ғаламшарлар туралы ақпарат беретін мульт­ фильмнен және “Старик Хаттабыч” фильмінен үзінділер.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. Жердің шарға ұқсайтынын анықтай алады; шардың физикалық қасиетіне бақылау жүргізе алады;

жеке және топтық жұмыста өзінің сезіін жзе білуді әрі елестете алуды үйренеді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер

Ерте заман адамдарын Жер ғаламшарының пі­ шіні қандай екені жөніндегі ой толғандырған.
Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған.
Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай

қисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған.


Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді ден.

Кіріспе тапсырма. Бүгінгі сабақта “Ғарыш әле­ міне” саяхат жасайтындарын айтыңыз. Ауа райы қолайлы болса, сабақты сыртта жүргізіңіз. Оқушы­­-­ларды далаға шығарып, аспанға және көкжиек сызығына­ қарап тұрып, аспан мен жердің біріккен жерін тауып, көкжиекті анықтауға бағыт- бағдар бе­ ріңіз. “Аспан мен жер қалай түйісіп тұр? Не бай­қа­ дыңдар?” деген тәрізді сұрақтар қойыңыз.
Бақылау жүргізіп болған соң, бақылау барысында оқушының не түсінгенін, қандай ой туындағанын сұрап біліңіз. Оқушының барлық жауабын қабыл­ даңыз және “дұрыс емес” деген сөзді айтпауға тыры­ сыңыз. Қажет болған жағдайда тапсырманы өзіңіз нақтылаңыз.
Жер қандай? Оқушылардың назарын сурет­ терге аударыңыз. Ежелде адамдардың Жер ғалам­ шарын қалай елестеткені туралы айтып беріңіз. Неге олай ойлағаны туралы сұраңыз. Осы жерде “Старик Хаттабыч” фильмінен үзінді көрсетіп, бірлесе талқы­ лауға болады.
Оқушылармен тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз: қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз. Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді? — деген жетелеу сұрағын қойыңыз. Ертеде адамдар осы тәрелкедегі сияқты жердің шетіне шығып кетсе, онда басқа аймаққа өтіп кетеді деп ойлағаны туралы айтыңыз.
Зерттейік. Сыныпты екі топқа бөліңіз. Жердің домалақ екенін әр топ зерттеу жүргізе отырып дәлелдейді.
Бірінші топқа: Айдың тұтылу кезіндегі фотосу­­ ретін беріңіз. Оқушылардың назарын көлеңкеге аударыңыз. Тәжірибе өткізуді ұсыныңыз. Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қойыңыз. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасау керек.
Екінші топқа: энциклопедиядан көкжиек, көк­ жиек сызығы туралы материалды беріңіз. Орындап болған соң әр топтың оқушылары алған білімдері­ мен және жасаған қорытындыларымен бөлісуі үшін ортақ талқылау жасатыңыз.
Ойлан” айдарын оқып, тәжірибе өткізуді ұсыныңыз. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жа­ салған­ кемені паың үстімен жүрп көріңіз.

Суреттерге қара. Оқушыларға доп пен гло­ бусты салыстыруға беріңіз де, мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Мына доп пен глобус бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсас?
— Қандай айырмашылықтары бар?

Шардың сыртқы белгілері туралы сұраңыз:

— Шардың пішіні қандай?

— Ол неге ұқсайды?

— Шардың бұрыштары бар ма?

Мұның алдында жасаған бақылаулары бойынша қорытынды жасауға жетелеңіз. Өздігінен тұжырым жасауға ұмтылған балаларды мақтаңыз.



Шарға ұқсас заттарды ата. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беріңіз. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін. Қай жұп шарға ұқсайтын заттарды көп салғанына көңіл аударыңыз.

Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Математика. Шар —көл-ді геометриялық пішін.

Оқушыларға папье -машеден (қағаз массасынан жасалған қатты нығыз бұйым) шар жасауды ұсы­ ныңыз. Ең алдымен оқушыларды қауіпсіздік сақтау ережесімен таныстырып, желіммен және қайшымен жұмыс жасағанда, сақ болуларын ескерткеніңіз жөн. Шардың сыртына ұсақтап жыртылған қағаздарды желімдеп жабыстырып, Жер шарын жасаймыз. Шар кепкен соң сыртына құрлықтар, теңіздер, мұхиттар мен өзен-көлдерді бейнелейміз. Бұл тапсырманы топтық жұмыс ретінде ұсынсаңыз болады. Жұмыс барысын бақылаңыз, ынтымақтасып, бір -біріне қол-дау­ көрсетіп, шарды әдемілеп жасаған топтың жұ­ мысы сәтті болатынын ескертіңіз.

Бағалау


Оқушылар өздері өмір сүріп жатқан ғаламшар­ дың атын біледі. Ол қандай?

Оқушылар Жер ғаламшарын сипаттайтын сөзерді таңдап, ол сөздерді Күн сәулене жазады.

Негештің хаты. Оқушылар хатты оқу үшін О әріптерін сызып тастайды. Сонда “Жер” деген сөз қалады. Содан кейін “Жер шарға ұқсайды” немесе “Жер — бұл ғаламшар” деген сөйлемдерді жазуды ұсыныңыз.

Оқушы Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білуі керек.

Жердің пішіні. Оқушылардың бақылау жүргізу кезіндегі белсенділігі,­ тәжірибелік тапсырманы өз бетінше орындай алуы бағаланады. Оқушылар Жер­ дің пішіні тәрізді заттардың суреттерін таңдауы қажет. Тәрелкені­ таңдағанда: “Оның пішіні дөңес диск сияқты ма әлде шар тәрізді ме?” деп сұраңыз. Математика­ сабағынан: “Жазық қағаз бетінде кө­ лемді фигураларды­ көрсете алмағандықтан, шар пішіні дөңгелек болып беріледі” деп, оқушылардың естеріне салуға болады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ бар-да мен сынып не-се жеен оқлар тлы менің кесі сабды жетіуге көмектесетін не білдім ?


Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Глобусты қалай қолданады?

Мектеп:

Күні : 11.02.2018




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:0

Оқу мақсаты:

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пі­ шінін анықтау;




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеу қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. глобус (әр топқа біреу);

түрлі түсті түймелер.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. глобуспен танысады;

  3. oқушылар глобустан Қазақстан Республикасын таба алады;

  4. глобустан құрлықтар мен мұхиттарды табады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер

Глобус (латын тілінде шар деген мағынаны біл­ діреді) — Жер ғаламшарының бірнеше есе кіші­ рейтілген моделі.
Дәл осы модель біздің ғаламшарымыздың сыртқы бейнесін және оның бөліктерінің арақатынасын анық көрcетеді.
Глобус ежелгі заманнан бар. Көне жазбаларда Жер шары моделін 2000 жылдай бұрын Пергама тұрғыны Кратес жасаған деген дерек бар.
Ең бірінші глобусты неміс географы және саяхатшысы Мартин Бехайм жасаған (1492 ж.). Ол оны “Жер алмасы” деп атаған. Бірақ оның глобусында Солтүстік пен Оңтүстік Америка жоқ еді. Себебі ол кезде Оңтүстік және Солтүстік Америка әлі ашылмаған болатын.
ХVІІ ғасырда Лондонда пішіні апельсинге ұқсас, қалтаға сыятын кішірек глобустар сатылды. Оның жартышарының ішкі жақтарында аспан жарықшаларының картасы бейнеленген. Сол кезде бұл глобус Жердің де, аспан денесінің де моделі болып саналып келді. Осы күнге дейін Санкт-Петербург қаласындағы мұражайда диаметрі 3 метр 19 сантиметр болатын глобус сақтаулы.

Оның сыртқы бетінде Жер картасы, ал ішкі жағында жұлдызды аспанның картасы бейнеленген.



Кіріспе тапсырма. Оқушыларға алдыңғы сабақтағы ғарышқа сапар жалғасатынын ескертіңіз. Оқушылар өздерін ғарышта жүрміз деп елестетсін. Мұғалім “Балалар, біз бүгін де ғарыш кемесімен сапар шегеміз” деп, cабақты қызықтыруға болады. Бұл тапсырманы оқушылар өздерін теңізші, альпинист, орманшы ретінде сезінетіндей етіп, рөлдік ойын түрінде ұйымдастырыңыз. Олардың назарын Жер ғаламшарының өте үлкен екеніне аударыңыз. Ойын барысында сұрақтар қойыңыз:

— Жердің барлық түкпір-түкпірін көру үшін не істеу қажет?

— Біздің ғаламшарды оның үстінде тұрып тұтас көруге бола ма?

Жер. Оқушыларға ғарыштан түсірілген Жер ғаламшарының фотосуреттерін көрсетіңіз. Оларды талқылаңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Фотосуреттен не көріп тұрсыңдар?

— Жерді тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.)

— Неліктен? (Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін емес.)

— Осыншама үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте алмаймыз ғой?

Оқушылардың пікірін толық тыңдаңыз. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды бірден айтуға асық­ паңыз. Оның дұрыс- бұрыстығын келесі тапсыр­маны орындау барысында өздері түсінеді.

Ойыншықтар. Оқулық суреттеріндегі заттар­ дың моделін қарастыруды ұсыныңыз. Оқушыларға:­ “Бұл заттардың өзі емес, олардың моделі, кіші­ рейтілген көшірмесі” — деп ескертіңіз. Барлық оқушылардың дұрыс түсінгеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін алдын ала сынып бөлмесіндегі заттардың суреттерін,­ макеттерін дайындаңыз. Әр затты көрсете отырып, “Бұл не?” — деп сұраңыз. “Тек же­ келеген­ заттардың ғана емес, үйдің, бөлменің де моделін жасауға болады” — деп айтыңыз. Алдыңғы тапсырманы­ орындау кезіндегі “Біздің үлкен ғалам­ шарымызды зерттеу үшін оның суретін қалай салуға болады?” деген сұраққа қайта оралыңыз. Оқу­-шылардың пікірін тыңдап, бұл үшін бізге оның кіші­ рейтілген моделін жасау қажет деген тұжырымға келуге жетелеңіз. Олар “Мұндай модель — глобус. Глобус — Жердің кішірейтілген көшірмесі” деген

қорытындыға келуі тиіс.

Зерттейік. Оқушылардан ермексазбен кез келген заттың моделін жасауды ұсыныңыз. Кейбір оқушылар­ сынып бөлмесіндегі барлық заттардың моделін жасай алады. Модельдердің суреттерін де салуға болады. Жұмыс барысында оқушылардың не жасап жатқанын сұраңыз. Кейбір оқушылар Жердің моделін жасауға талпынуы да мүмкін. Ондай оқушылар болса, мақтап қойыңыз.

Глобуспен танысу. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Әр жұпқа бір глобус, түрлі түсті түймелер қажет. Оқушы глобустан көк түспен берілген жерлерді тауып, өзен, көл, мұхиттардың атауларын оқиды және сол жерге көк немесе көгілдір түсті түймелерді бекітеді. Құрлықтарды да осы әдіспен­ іздеп тауып, ол жерлерге қағаздан жасалған адамның­ бейнелерін жапсыртуға болады.

Глобустың басым бөлігі неліктен көк түспен боялғаны­ туралы оқушылардың өздері қорытын­ дылағаны жөн. Осы тапсырмадан кейін глобус — Жердің кішірейтілген моделі екенін тағы қайталап, алған білімдерін тиянақтау керек.

Сен білесің бе? Оқушылардың естеріне өт­ кен сабақтағы Жердің шарға ұқсайтыны туралы қорытынды жасалған тәжірибені түсіртіңіз. Жердің шар тәрізді екенінің тағы бір дәлелі — Жер шарын кемемен айналып шыққан адамдардың саяхаты екенін айтыңыз. Егер Жер “дөңес диск” тәрізді болса, теңізшілер шыққан жеріне қайта оралмайтынын түсіндіріңіз. Фернан Магеллан саяхаты туралы, яғни бес кеменің тек біреуі оралғаны туралы тарихты айтып беріңіз.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Модель сөзін математикамен байланыстырады.

Көркем еңбек. Ермексазбен жұмыс. Бөлменің моделін салады және картадан құрлықтар мен өзендерді, көлдер мен мұхиттарды тауып бояйды.




ат моделі. Оқушылар кез келген екі заттың моделін салады. Мүмкіндік болса google.planet.

сайтының көмегімен саяхатқа шығуға болады. Саралау мақсатында зерек оқушыларға­ әртүрлі

энциклопедиялардан Жер ғаламшары­ туралы үзін­ ділерді­ оқытып, мынадай тест жұмысын­ ұсынуға болады:

Глобус дегеніміз не?

а) оқу бөлмесінің моделі; ә) ғаламшар;

б) Жер ғаламшарының моделі.

Жер ғаламшарында неше құрлық бар? а) алты; ә) тоғыз; б) төрт.

Жер шарында неше мұхит бар? а) тоғыз; ә) бес; б) төрт.

Бағалау


Оқушылар глобус — Жердің кішірейтілген мо­ делі екенін біледі және алған білімдерін қолдана алады.
Сұрақтар бойынша әңгімелесу

  1. Глобус дегеніміз не?

  2. Глобус бізге не үшін қажет?

  3. Глобустың пішіні қандай?

  4. Глобустың басым бөлігі қандай түстермен боялған? Неге?


Глобус. Оқушылар глобус салынған суретті қа­ жетті түстермен бояуы керек. Оқушылардың “құр­ лық” және “су” ұғымдарының айырмашылығын түсін­ генін жұмыс барысында бақылаңыз

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Уақытты анықтау не үшін қажет?

Мектеп:

Күні : 27.02.201




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: уақыттың маңызын түсіну;




Оқушылардың басым бөлігі: уақытты өлшеу құралдарын анықтау;

Кейбір оқушылар: көрсетілген тәжірибені түсіндіру.

Ресурстар:

  1. құмсағат, механикалық және электронды сағат;

  2. күнсағаттың фотосуреті;

  3. табуға мүмкіндік болса, Е. Шварцтың “Жоғалған уақыт туралы ертегі” кітабы;

  4. ұзындық өлшегіш таспа. Интернет-ресурстар:

  5. әйгілі сағаттар туралы сайт, мысалы, http://old-clock.kz/o-chasax/samye-izvestnye-chasy-v-mire/.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. уақытты үнемдеудің қаншалықты маңызды екенін түсінеді;

  3. уақытты анықтайтын құралдар мен әдістерді атап, олардың ішіндегі ең дәл көрсететінін анық­ тайды;қанша уақыт кеткенін анықтайды.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әр тарихи кезеңде уақыт пен кеңістік туралы өз танымдары болған. Ертеректе адамдар күндерді, апталарды, айлар мен жылдарды көрінбейтін уақыт өзені ағызып әкетеді деп санаған. Тәуліктің жарық бөлігі аса маңызды саналған, себебі аңға шығу, тамақ табу, отын жинау жұмыстарын адамдар күндіз атқарған. Ал қараңғыда адамдар түрлі қауіптерге тап болуы мүмкін еді. Таң атқанда барлық тіршілік басталған. Кейіннен жасанды жарық көздері пайда болғанда уақытты арнайы құралдар көмегімен анықтау қажеттігі туды.
Уақыт — бұл қандай да бір әрекеттің, оқиғаның орындалу немесе қандай да бір заттың өмір сүру ұзақтығы. Айналадағы кеңістікте болып жат­-қан құбылыстар мен оқиғалардың барлығы уақыт аралығында болып жатыр. Уақыт үнемі қозға­

лыста болады, оны тоқтату немесе

кері қай­

тару мүмкін емес. Өміріміздің әр

секундында

біз уақыт кеңістігінде боламыз, оған

бағытталып

түрлі әрекеттер жасаймыз. Алғашқы сағаттар — күнсағаттар, онда уақыт көлеңкенің көмегімен анықталған. Кейін Ежелгі Мысырда сусағаттар (клеп­ сидрлер)­ пайда болған. Одан кейін құмсағаттар шықты. Бірнеше жылдардан соң механикалық және электронды сағаттар пайда болған.

Тілдік құзыреттілікті дамыту
Сынып оқушыларын шағын топтарға бөліңіз. Әр топқа тірек сөздер әріптері жазылған үлестірмелі қимақағаздарды таратып беріңіз.

Саяхат. Негеш пен Эврика саяхатқа шығуға жиналды деп айтыңыз. Оқушылардың қайсысы саяхаттап­ көргенін сұраңыз. Саяхаттан алған әсер­ лерін сипаттасын. Басқа елдерге саяхаттап баруға, қонақүйлерге, қонақжайларға тоқтауға болады деп айтыңыз. Сонымен қатар табиғатқа шығуға, орманға баруға, шатырларда демалуға болады. Оқулықтағы суретке назар аудартыңыз.

Сұраңыз:


— Негеш пен Эврика қалай демалмақшы ? (Жолдорбаларын алып, табиғат аясында белсенді серуендеуге барады.)
— Сапаржайдағы карта мен жазуға қараңдар. Біздің кейіпкерлеріміз қай жерден қайда барады? (Астанадан — Бурабайға.)
Оқушыларға Қазақстанның інжу-маржаны болып табылатын осы өлке туралы айтып берулерін ұсы­ ныңыз.

Төмендегі сұрақтарды қойыңыз:


— Балалар бірден Бурабайға жете ала ма? Неге?
— Олар қандай көлікпен жетеді?

— Ол қанша уақыт алады?



— Сендерге кейде уақыт “жүйрік” болып көріне ме?
— Ал кейде өте баяу жылжитындай болып көрінді ме? Қандай жағдайда? Айтып беріңдер.
Талқылау жүргізіп, қажетті жерге жету үшін белгілі­ бір уақыт керек деген қорытынды жасаңыз. Баратын жер неғұрлым алыс болса, жету үшін соғұр­ лым көп уақыт жұмсалады.
Гүлдің өсуіне қанша уақыт қажет? Суреттерге назар аудартыңыз. Сұраңыз: “Бірінші суретте не бейнеленген? (Тұқым.) Екіншіде? (Өскін.) Өскін қайдан пайда болды? (Тұқымнан.) Үшінші суретте не бейнеленген? (Өсімдік гүл жарды.) Сендер қалай ойлайсыңдар, бірінші сурет пен үшінші сурет арасында қанша уақыт өтті? (Бір айға жуық.) Уақытты тоқтатып қоюға бола ма? (Жоқ.) “Егер уақыт тоқтап қалса, онда...” — деп, қиялдауды ұсыныңыз.
Уақыт көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды деп қорытынды жасап, жинақтаңыз. Ол өткен шақтан болашаққа қарай жылжиды. Барлық өзгерістер уақыт аралығында болады.
Сағаттың түрлері. Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылардан сұраңыз:
— Сендер сағат дегеннің не екенін білесіңдер ме?
— Оларды қай жерден көруге болады? (Сапаржайда, мектепте, емханада, үйде, мұражайда және т.б.)
— Сағаттар қандай болады?

Ойлан!
Оқушыларға мәселелік сұрақ қойыңыз: “Сағаттың неше болғанын білу бізге не үшін керек?”
Оқушылардың ойларын тыңдаңыз. Оқушыларға кенеттен, бір мезетте барлық сағаттар жоқ болып кетсе немесе жұмыс істемей қалса, не болатынын көз алдарына елестетуін тапсырыңыз. (Ұшқыштар, жүргізушілер және т.б. сағат нешеде жолға шығу керектігін білмес еді. Апат көп болушы еді. Адамдар жұмысқа кешігетін еді және т.б.)
Зерттейік. Осы зерттеуді аулада немесе спортзалда жүргізсе,­ жақсы болады. Сыныпты үш топқа бөліңіз. Практикалық жұмысты жүргізу үшін бірінші топ құмсағатты, екінші топ — механикалық, үшінші топ — электрондық сағатты алады.
Сөренің және мәренің орнын анықтаңыз, аралығын ұзындық өлшеуіш таспамен немесе қадаммен өлшеңіз.
Оқушылардың арасынан осы арақашықтықты кезекпен жүгіріп өтетін үш оқушыны таңдап алыңыз. Әрбір жүгіру кезінде топтағы басқа оқушылар уақытты белгілеп, жазып тұрады.
Содан кейін оқушылар сағаттарын алмастырып, тәжірибені қайталай алады.

Уақыт қозғалысы. Оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аудартыңыз. Сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:
— Жағдайлардың әрқайсысында қанша уақыт өтті? Неге?
— Сәби бір минуттан кейін оқушы болуы мүмкін бе?
— Бала төсектен бір жылдан кейін тұруы мүмкін бе?.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар

Математика. Уақыт.


Оқушыларға картоннан сағат жасауды ұсы­ ныңыз. Циферблатты кесіп алып, оны әсемдеп, сандарды жазулары керек. Сағат тілін бөлек қиып алып, оны ортасына сымтемірден жасалған білік арқылы бекітсін. Сыныпта сағаттардың көрмесін ұйымдастыруға болады.

Бағалау


Оқушылар уақытты анықтайтын құралдар мен құрылғыларды біледі.
Кеш — ерте. Оқушыларға суреттерді қарауды тапсырыңыз. Сұраңыз: “Ағаш бас кезінде қандай болды? Содан кейін қандай болды? Ол бірден үлкен болып өсті ме? Қалай өсті?” Ағаштар қанша жыл тіршілік­ ететіні туралы мәліметті ұсынуға болады. Оқушылар суреттерді дұрыс ретімен орналастырып, нөмірлеп, бояйды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Табиғат физикасы

Жылытқыш құралдар

Мектеп: жнм

Күні : 06.03.2018




Мұғалімнің есімі: Коркем Кайркызы

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 5


Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: жылытуға арналған құралдарды анықтау;


Сабақтың мақсаты:

1.5.4.1 жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. әртүрлі жылытқыш құралдардың суреттері;

  2. А4 форматты парақ;

  3. түрлі үй-жайлардың: көпқабатты­ үй, сарай, шағын ағаш үй, қала сыртындағы үй т.б. суреттері (не­-месе олардың сипаттамалары);

  4. желім. Интернет-ресурстар:

  5. үй жағдайындағы жылытқыш құралдар туралы бейнефильм. Мысалы, https://www.youtube.com/ watch?v=-W6LH2oIo0I;

  6. алғашқы қауым адамдарының үңгірде қалай жылынғаны­ туралы қысқаша бейнефильм, https:// www.youtube.com/watch?v=3rE6OPRzuKM.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. жылытқыш құралдарға нелердiң жататынын біле­ тін болады;

  3. оқушылар түрлі жылытқыш құралдардың үй-жайды жылыту үшін қажет екенін түсінеді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ежелгі адамдар жылыну және суықтан қорғану үшін ашық отты пайдаланған. От, алау алғашқы жылыт­ қыш құрал болып есептеледі.
Алды ашық пеш (камин) (грек тілінен kaminos — ошақ) Ежелгі Римде пайдаланыла бастаған. Ол ашық оттығы және одан төбеге кететін мұржасы бар пеш сияқты болған.

XV ғасырда түтін шығатын мұржасы бар пештер пайда болып, қолданылған. XVIII ғасырға дейін олар сазбалшықтан және кірпіштен жасалған. Ұзақ жылдар бойы пеш үйдің жылуы мен жайлылығының бір бөлігі болып келген.


Техниканың дамуымен адамдардың өмірін ыңғайлы да жайлы ететін түрлі жылытқыш құралдар пайда болды. Жылытқыш құралдар — ол жылу тасымалдағыштан қоршаған ортаға жылу беретін құрылғы.

Соңғы жылдары олардың көптеген түрлері мен модельдері пайда болды. Мысалы, радиаторлар мен батареялар. Оларды пайдалану үнемді. Газ, электр, сұйық немесе қатты отын арқылы жұмыс істейді.


Соңғы жылдардағы ең белгілі жылытқыш құралға конвектор жатады. Оған төмен жағынан суық ауа келеді де, арнайы қондырғының көмегімен қызады, содан кейін жоғары көтеріледі.


Кіріспе тапсырма. Ол үшін оқушылар “қыс” сөзіне сипаттаушы сөздерді атап бере алады (мысалы: суық, ақ, аязды, қарлы т.б.).

Саяхатта. Оқушыларға суретке қарап, сипаттап беруді тапсырыңыз.

— Кім қысқы орманда болып көрді?

— Қысқы орманның ерекшелігі неде?

— Онда нені көруге болады?

— Негеш пен Эврика неге тоңып қалды?

— Олар жылыну үшін не істеді? (От жақты.)

— Балаларға от жағуға кім көмектесті?

Ежелгі заманда оттың адамдарды суықтан қор­ ғағаны жайлы айтып беріңіз. Осы туралы бейнефильм көрсетуге­ болады. Адамдар алдымен отты пайда­ лануды, содан кейін ғана оны жағуды үйренген деген болжам бар. Мүмкін, олар найзағай түсіп тұтанған ағашты тауып алып, оны жылдар бойы сөндірмей отырған болар.

Оқушылардың назарын екінші суретке аудар­ тыңыз.

Сұраңыз:

— Негеш пен Эврика үйде не істеп жатыр? (Қол­-дарын­ жылытып тұр.)

— Олар жылыну үшін нені пайдаланды? (Үй жылы­ татын құралды.)

Үйдегі жылу. Бұл тапсырманы ұйымдастыру кезінде “Қыс мезгілінде үйлерің жылы бола ма? Неге? Ол үшін не істейді?” — деп сұраңыз.

Оқушылардың көбі батарея ыстық болып, оның жылуы бөлмеге таралады деп жауап беруі мүмкін. Көпқабатты үйлерде радиаторлар мен батареялар сияқты жылытқыш құралдарды пайдаланады деп түсіндіріңіз. Ал кейбір үйлерде, ескі сарайларда адамдар пеш жағып, ошақты пайдаланады. “Егер біздің үйлерімізде жылытқыш құралдар болмаса, не болар еді?” — деп сұраңыз. Оқушылардың жауап­ тарын тыңдаңыз.

Әртүрлі құралдар. Оқушыларға суреттерге қарауды тапсырыңыз. Суретте бейнеленген әр құралды не үшін пайдаланатынын жұп болып тал­ дасын. Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған­нан­ кейін, суреттерді қандай екі топқа бөлуге болатынын анықтауды сұраңыз. Егер балаға қиын болса, “Үйді үтіктің, шәугімнің, қысқатолқынды пештің­ көмегімен



Зерттейік. Бұл зерттеу жұмысын жұпта ұйым­ дастырған тиімді. Ол үшін: А4 форматты парақ, желім, түрлі түсті қарындаш, жылытқыш құралдардың суреттері, әртүрлі ғимараттардың (көпқабатты үй, сарай, шағын ағаш үй, қала сыртындағы үй т.б.) сурет­ тері қажет. Жұптағы оқушылар қажет ғимараттар­­-дың суреттерін таңдап алады.
А4 парақта оқушылар осы ғимаратта орналасқан бір бөлменің суретін сала алады. Содан кейін жы­ лытқыш­ құралды таңдап алады да, оны қай жерге орналастыруға болатынын анықтап, сол жерге суре­ тін салады. Тапсырманы орындап болған соң, оқу­-шылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыруға болады. Оқушылардың әр жұбына өздерінің таң­ дауларын түсіндіріп беруді тапсырыңыз. Жұмыс барысында оқушылар жылытқыш құралдар туралы неғұрлым көп мәлімет алады.
Сен білесің бе?
Оқушылардан: “Киіз үй дегеніміз не?” — деп сұра­ ңыз. Одан кейін мынадай проблемалық сұрақтарды қойыңыз:

— Киіз үйде батарея орнатуға бола ма?

— Киіз үйде жылыну үшін не істеуге болады?

Киіз үйде жылыну үшін тастан немесе кірпіштен


жасалған, темір мұржасы бар пешті, темір пешті, ошақты пайдалануға болатынын айтып беріңіз. Пештер­ киіз үйдің ортасына орналастырылады. Ертеде адамдар киіз үйде қалай өмір сүргені, қалай ас әзірлегені, күн суықта қалай жылынғаны туралы бейнефильм көрсетуге болады.


Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Ежелгі адамдардың өмірі.

Суретші нені шатастырды? Оқушыларға су­ ретке мұқият қарауды тапсырыңыз. Суретші жіберген­ қателерді сұраңыз. Оқушылар тұрмыстық құрал­ дардың орнын анықтап, сызық арқылы өз орын­ дарымен қосады.

Жауабы:

Аспашам терезенің астында емес, төбеде. Үтік плитада емес, киім үтіктейтін тақтайдың үстінде. Жылытқыш радиатор киім үтіктейтін тақтайдың үстінде емес, терезенің астында. Шәугім үстелде емес, плитада.

Бағалау


Оқушылар жылу алу үшін қандай жылытқыш құралдарды­ пайдалану керектігін біледі.

Жылытқыш құралдар. Оқушыларға суреттерге қарап, жылытқыш құралдардың тұсына “✓” белгісін қоюды тапсырыңыз. Таңдап алған суреттерін бояуға болады.

Жауабы

Электр радиаторы, инфрақызыл жылытқыш, батарея, алауошақ, пеш.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Электр

Мектеп: ЖНМ

Күні : 13.03.201




Мұғалімнің есімі: Коркем Кайркызы

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 5


Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.5.5.1 адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру

1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау;

1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: адамдардың күнделікті өміріндегі электрдің маңызын түсіндіру;










Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. ұялы телефон;

батареялы ойыншықтар;

  1. батареялар;

  2. ток көзі. Интернет-ресурстар:

  3. электрдің адам өміріндегі маңызы туралы, бу мәшинесінің жұмысы жайлы бейнефильм, мысалы, http://pikabu.ru/story/esli_byi_ne_byilo_ yelektrichestva.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. адамдардың күнделікті өміріндегі электрдің маңызын білетін болады;

  3. электр энергиясын басқа да құралдардан алуға болатынын түсінеді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Электр — ол жарыққа немесе жылуға айнала алатын энергияның пайдалы түрі. Ол электр желісі арқылы беріледі.
Электр — электр тогын, өткізгіштердің немесе зарядталған денелердің маңайында электр өрісін түзуге қабілетті. Ежелгі грек философы Фалес, егер кәріптасты жүнге үйкесе, ол басқа жеңіл заттарды өзіне тартатын қасиетке ие болатынын байқаған. “Электр” сөзі гректің “электрон” — “кәріптас” деген сөзінен шыққан.
Жыл сайын электр құралдары жетілдіріліп келеді. Жанармаймен емес, электрмен жүретін электромобильдер шығарылып жатыр. Олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны аз, бірақ жиі зарядтауды қажет ететіндіктен, кең пайдаланылмай отыр.
Бүгін біз өмірімізді электрсіз елестете алмаймыз. Үйлерде жарық жанып тұр, теледидар, компьютер, түрлі электр құралдары жұмыс істейді, жолдарда

троллейбустар, электр пойыздары, электромо­биль­­ дер жүріп жатыр, зауыттар мен фабрикалардың­ жұмысы да электр арқылы жүреді. Бірақ біз электр қауіпті болуы да мүмкін екенін ұмытпағанымыз­ жөн.




Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы­ ларға сынып бөлмесіндегі электр құралдарын санап шығуды тапсырыңыз.

— Әр электр құралы не үшін қажет?

— Бөлмеде неше шам бар?

— Жарықты қалай жағу керек?


Алау маңында. Оқушылар ерте кездегі адамдар қандай жағдайда өмір сүргенін, үйлерін қалай жылыт­ қанын естеріне түсірсін. Олар ежелгі адамдар жылыну үшін алау жақты деген қорытынды жасаулары керек. Оқушыларға оқулықтағы бірінші суретке қарап, сипаттап беруді ұсыныңыз. “Ерте кезде адамдар­ алаудың отын тағы не үшін пайдаланып еді?” — деп сұраңыз.

(Ас әзірледі, киімдерін кептірді, оттың көмегімен жыртқыш аңдардан қорғанды, баспаналарының ішін жарықтандырды.)


Электр жарығы. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушыларға екі суретті салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табуды тапсырыңыз. Оқушылар жұпта екінші сурет бойынша әңгіме немесе диалог құруы мүмкін.
Содан кейін оқушылар көз алдарына кешке үйде электр энергиясы сөніп қалды деп елестетсін. Электр энергиясынсыз нені істеуге болады, ал нені істей алмаймыз деп сұраңыз. Жұпта ойланып, талдау үшін уақыт беріңіз. Оқушылардың жауаптарын тақтаға жазыңыз.
Оқушылар ерте кезде адамдар майшамның және ошақтың жарығымен оқып, жазған дегенді түсіне алады. Осының барлығы олардың көз жанарына кері әсерін тигізген. Қазіргі кезде біз үйді жарықтандыру және жылыту үшін түрлі электр құралдарын пайда­ ланамыз. Ток көздері мен ток қосқыштарды көрсетіңіз. Ток көздеріне компьютерді, теледидарды қосады деп айтыңыз. Зауыттар мен фабрикалар, көптеген медициналық құралдар электр арқылы жұмыс істей­

тінін айтыңыз.


Қауіпсіздік техникасы! Электр тогының қауіп­ тілігі туралы айтуды ұмытпаңыз. Ең бастысы: қауіпсіздік техникасын сақтау, үлкендерсіз еш уақытта электр құралдарын қосуға болмайды.
Сонымен қатар осы сабақта электрдің адам өмі­-ріндегі маңызы туралы және кейбір құралдардың бу арқылы жұмыс істейтіндігі жайлы бейнефильмді көр­ сетуге болады. Көріп болған соң оқушыларға электр және бу арқылы жұмыс істейтін құралдарды салыс­ тырып, ұнағанын таңдап алуын ұсыныңыз.
Зерттейік. Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Жұмысты ұйымдастыру үшін оқушыларға: пульт ар­ қылы басқарылатын ойыншық мәшинелер, ұшақтар, тікұшақтар, сондай-ақ пульттің батареялары, ұялы телефон, бөлек розеткалар мен қосқыштар (электр желісіне қосылмаған), электр шәйнегі қажет болады.

Сен білесің бе?

Оқушылардан электромобильдер туралы не білетінін сұраңыз. Олардың суретін көрсетіңіз. Олар неге осылай аталатыны, қалай зарядталатыны жайлы ойлансын. Мұндай мәшинелердің өте қымбат тұратындығы, бірақ айналаны ластамайтыны, эко­ логиялық тұрғыдан таза екендігі туралы айтып беріңіз. Электро­мобильдердегі энергия тез таусылып қалады, ал қала сыртында зарядтауға әрдайым мүмкіндік бола бермейді.




Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Ежелгі адамдардың өмірі.


Ток көзі. Оқушыларға суреттерге қарауды ұсыныңыз. Оқушылар ток көзіне қосылатын құрал­ дардың суреттерін бояйды, батарея арқылы жұмыс істейтін құралдардың суреттерін қоршап қояды. Кейбір құралдар әртүрлі ток көзінен алынған электр арқылы жұмыс істей алатындығына назар аудартыңыз.

Жауабы:

Қысқатолқынды пешті, шаш кептіргішті (фен), үтікті, теледидарды бояйды.

Қолшамды, ойыншық тікұшақты, телефонды қоршап сызады.


Бағалау

Оқушылар адамдардың өміріндегі электрдің маңызын біледі.

Сөзжұмбақты шеш. Оқушылар назарын сурет­ терге аударыңыз. Оқушылар құралды атап, оның атауының бірінші әрпін ұяшыққа жазып қояды. Әріп­ терді кестенің нөмірленген бағанына орналастыру­ арқылы оқушылар жасырылған сөзді таба алады.

Жауабы Компьютер. Теледидар.

Радио.

Жасырылған сөз: электр.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Магнит

Мектеп: Жнм

Күні : 20.03.2018




Мұғалімнің есімі: Коркем Кайркызы

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 5


Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау;

1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтау;











Оқушылардың басым бөлігі: магниттердің қасиетін зерттеу;

жүргізілген экспериментті түсіндіру.


  • Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. жолақты магниттер (әр оқушыға);

  2. металдан жасалған түрлі заттар (темір бұранда, бұрандалы шеге, кішкене темір шарлар, шегелер, қағаз қыстырғыштар, өшіргіштер, қарын­даштар­ және т.б.);

  3. көзәйнек (ескі, қажетсіз) немесе басқа шыны зат;

  4. құм салынған табақша;

  5. ине;

  6. пластикалық құмыра. Интернет-ресурстар:

  7. магнит туралы мультфильм, мысалы, https://www. youtube.com/watch?v=P1Tbebrf39Q



Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. магниттік қасиетке ие заттар болатынын біледі;

  3. магниттің қасиеттерімен танысады, магниттердің кейбір заттарды тартатынын түсінеді.







Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Магниттіліктің пайда болуы ертеректен белгілі, алайда оны түсіндіру біраз уақыт бұрын ғана мүмкін болды. Бір аңызға сәйкес Магнус есімді қария өзінің таяғының темір ұшы қызықты тасқа тартылғанын байқайды. Содан бері сол ерекше тасты “Магнус тасы” немесе магнит деп атап кеткен деседі.
Барлық заттардың нақты магниттік қасиеттері болады. Темір, кобальт, никель жақсы магниттелетін материалдарға жатады. Тұрақты магниттің екі магниттік полюсі болады: солтүстік (N) және оңтүстік
(S). Аттас полюстер бірін-бірі тебеді, ал аттас емес полюстер тартылады.
Электромагнит — өзінен электр тогын өткіз­ генде магниттік қасиеттері бар заттарды тартатын құрал. Әдетте ол ферромагнитті өзекшеден және орамнан тұрады.

Магниттер. Оқушылардың назарын суретке аударып, сұраңыз:

— Негеш нені қарап отыр?

— Ол не туралы ойланып отыр?
Осыны жұпта талдауды сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Мынадай сұрақтарды қойыңыз:
— Не болды? Барлық заттар магнитке тартылды ма? (Жоқ.)
— Магниттерді бір-біріне жақындатқанда не бо­ лады?
Осы кезеңде оқушылардың қайсысы бұрын-соңды магнитпен таныс болғанын және онымен тәжірибе жасап көргенін анықтап алу маңызды. Магниттердің бір-біріне тартылуы мүмкін деген қорытынды жа­ саңыз.

Тартыла ма әлде жоқ па? Эвриканың суретіне назар аудартыңыз.

Келесі сұрақтарды қойыңыз:

— Эврика қолына не ұстап тұр? (Магниттерді.)

— Магниттердің түсі қандай? (Бір ұшы — қызыл, ал екіншісі — көк.)


— Эврика не істемекші?

— Неліктен Эвриканың магниттерді қосуға талпынғанынан еш нәтиже шықпады? (Магниттер тебіледі.)


— Қандай қорытынды жасауға болады? (Магниттерді бірдей боялған шетімен жақындатқанда олар бір-бірін тебеді.)
Магниттік қасиеттер. Суретке тағы да қараңыз. Оқушылардан магнитке тартылған заттарды атауды сұраңыз. Қорытынды жасатыңыз. Осы заттардың барлығына ортақ не бар? Оқушылар ол заттар металдан жасалған немесе металл бөлшектері бар деген қорытындыға келе алады. Магниттердің кей­ бір заттарды ғана тарта алатынын айтып беріңіз. Магниттің осы қасиетін қалай атауға болатынын сұраңыз. (Магниттік қасиеттер.) Суреттерге сәйкес қандай заттар осы қасиетке ие?

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Ойын өткізіңіз. Оқушыларды жұптастырып, бір-біріне арқаларын тигізіп тұруын сұраңыз. “Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” — деп сұраңыз. Оқушылар “Тартыламыз!” деп жауап бере алады. Осыдан кейін оқушылар бір-біріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін өздеріне тартуға тырысады. “Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” деген сұраққа оқушылар “Тебі­ леміз!” деп жауап бере алады. “Қандай зат басқа заттарды­ тарта алады немесе тебе алады?” — деп сұраңыз­. Оқушылар “Магнит” деп жауап бере алады.


Зерттейік. Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз. Мүмкіндігінше әр топта қабілеттері әртүрлі оқушылар болсын. Бір топ магниттің көмегімен құмда жоғалған затты табу тапсырмасын орындай алады. Келесі топ су құйылған құмырадағы заттарды қолын суға малмай, құмыраны төңкермей алуға бола ма, соны зерттейді. Үшінші топ магнит өз қасиеттерін қатты қағаз бен ағаштың арғы жағынан сақтай ала ма, соны тексереді. Төртінші топ магниттің қасиетін шынының сыртынан тексереді.

1-топ Зерттеу жүргізу үшін табақшаға құмды сеуіп, оның


арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің бөлшегін тығып қойыңыз. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады.
2-топ Құмыраға су құйып, оған кішкене бұрандалар
мен сомындарды (гайка), резеңке бөлшегін салы ңыз. Оқушыларға құмырадағы суды төкпей, ішін­ дегі заттарды қалай алуға болатынын ойлануды ұсыныңыз. Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табады: магнитті құмыраның қабырғасына жақындатып, жүргізу керек.

3-топ Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу

керек, мысалы, қыстырғыштарды. Қағаздың астынан магнитті қозғалту арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көре алады. Оқушылар осы тәжірибені қатты қағаз орнына ағаш тақтайшаны, мысалы, парта бетін қолдану арқылы жасап көре алады. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақтай­ шаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады.

4-топ.


Тәжірибе жасау үшін бұл топқа шеті өңделген ескі көзәйнек пен қағаз қыстырғыштар қажет. Көзәйнек­-тің бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып, шыны­ның астымен магнитті жылжыту арқылы оқу­ шылар­ қағаз қыстырғыштар­ қозғала ма, жоқ па тексе­ реді. Тәжірибе барысында­ оқушылар: “Магниттің­ тартылысы шыныдан­ өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады.

Содан кейін әр топтағы оқушылар зерттеу үдері­ сінің орындалуы туралы айтып береді.

Оқушылар “магниттің күші қағаздан, пластиктен, шыныдан, ағаштан, судан және басқа да көптеген материалдардан өтеді” деген қорытынды жасай алады.

Сен білесің бе?

Электромагнит деген не? Оны қайда және не үшін қолданатынын түсіндіріп беріңіз. Оның өнеркәсіпте қолданылуы туралы бейнефильм көрсетуге болады. Аталған құрылғы адамдар еңбегін жеңілдете ме? (Ия.) Электромагниттердің ауыр жүк көтеруге қабілетті екенін айтып беріңіз.





Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Жасалған материалына қарай зат­ тарды салыстыру.

Оқушыларға тұсбағар (компас) жасауды тапсы­ рыңыз. Ол үшін ине, табақша, қағаз сүлгілер, магнит қажет. Алдымен инені магниттің көмегімен “магнит­ теп” алу керек. Содан соң табақшаға суық су құйып, оған қағаз сүлгіні салып, оның үстіне инені қойыңыз. Сүлгі суға батып кетеді, ал ине су түбіне түседі. Ине бұрылып, ұшымен солтүстікті көрсетеді. Нәти­-жені тұсбағар көмегімен тексеруге болады.


Кестені толтыр. Оқушыларға түрлі заттардың суреттері салынған үлестірмелі парақшаларды таратыңыз. Олардың арасында металдан жасалған және металл емес заттар болуы керек. Үлестірмелі парақшаларды нөмірлеңіз. Оқушылар берілген заттардың ішінен қайсысы магниттік қасиеттерге ие, ал қайсысында ондай қасиет жоқ екенін анықтаулары қажет. Осы тапсырмадан кейін оқушылар кестеге сәйкес нөмірлерді жазып, толтыра алады.

Бағалау





  1. Оқушылар магниттердің қасиеттерін біледі.


Сиқырлы магнит. Оқушыларға зерттеу нәтиже­ леріне байланысты магниттің қасиеттерін өткізетін заттар мен материалдарды атауды ұсыныңыз. Кестеде қай материал жоқ? (Құм.) Магниттік қасиеттерге­ ие заттардың суретін салуды ұсыныңыз.

Шыны









Пластик









Ағаш









Су









Топырақ










Қағаз












Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Жарық

Табиғи жарық көздері дегеніміз не?

Мектеп:

Күні : 08.04.2018




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар: табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;




  • Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.




  • Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. Тәуліктің күндізгі және түнгі уақыттарын көрсе­­ тетін cюжетті суреттер.

Интернет-ресурстар:http://intellect-video.com/2888/2-seriya-pochemuchka-family-online/.Найзағайдың пайда болуы туралы бейнефильм­ нен үзінді.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. әртүрлі жарық көздерінің жарық шығаратынын біледі

  3. табиғи жарық көздерін негізгі белгілер арқылы ажыратады;

  4. күн сәулесінің барлық тірі ағзалар үшін қажет екенін біледі

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Жарық табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Жарық майда бөлшектер ағыны әрі электромагнитті толқын болып табылады.
Ай жарығы күн сәулесінің шағылуынан пайда болады.
Күн — қызған газды шар. Күн сәулесіне тура қарауға болмайды.

Кіріспе тапсырма. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды позитивтік көңіл күйге келтіру және сабақтың тақырыбына логикалық түрде ауысу үшін “Жарық — қараңғы” деген ойын өткізу керек. Оқы­-тушы рет-ретімен тәуліктің күндізгі және түнгі суреттерін көрсетеді. Oқушылар күнделікті тәжі­ рибелеріне­ сүйене отырып, әр уақыттағы адамның­ іс-әрекетін көрсетеді.

Ойын аяқталған соң, оқушылардан “Неліктен адам қараңғыға қарағанда жарықта тым белсенді болады?” — деп сұраңыз.


Оқушылар “жарықта айнала жақсы көрінеді” деген қорытындыға келуі керек. Адам мен жан-жануар­ лардың табиғатпен қарым-қатынасын қараңғылық шектейді.
Қараңғыда кейбір тіршілік иелері белсенді өмір сүреді, олардың есту, көру және сезу қабілеттері өте жақсы дамыған. Кейбір адамдар өз мамандығы бойынша (дәрігер, өртсөндіруші, полиция, зауыт және фабрикадағы кешкі кезектегі жұмыскерлер) түнгі уақытта жұмыс істеп, күндізгі уақытта ұйықтап, демалады. Түнгі кезекте жұмыс істейтін мамандық иелеріне назар аударыңыздар.
Жұмбақты шеш. Оқушыларға жұмбақты шешуді ұсыныңыз. Жақсы оқи алатын оқушыға оқып беруді ұсынуға болады. Неге күндіз жарық? Жерді не жарық­ тандырады? — деген сұрақтар қойыңыз.
Оқушылар күн өз жарығымен біздің ғаламшарды жарықтандырады деп қорытындылауы керек.

Оқулықтағы суреттерді қарастырып және бәй­ шешекті мысалға ала отырып, өсімдіктердің­ дамуына әрі өсуіне күннің тигізетін әсерін талқылаңыз.


Дүниежүзі бойынша 19 сәуірде Бәйшешек күні атап өтіледі. Бәйшешек гүлі — шуақты күннің бастал­ ғанының белгісі. Күндіз жылы және жарық болған кезде гүлдер күлтелерін ашады, ал түнгі уақытта түйіршіктеніп жабылады.

жайлы бейнематериалдардың үзіндісін көрсетіңіз.



Суретке қара. Суретте қандай жарық көзі бей­ неленгенін сұраңыз. Әр суретті бөлек қарас­тыруын­ ұсыныңыз: қалай аталады, қалай жарықтан­дырады?­ Ай жарығының Күн жарығынан айырмашылығы­ қандай?­ “Егер қажет болса, Күннің жарығын қосып немесе сөндіре аламыз ба?” — деп сұраңыз. Оқу­ шылар табиғи жарық көздеріне адамдардың әсер ете алмайтынын түсінуі керек.

Жауабы


Табиғи жарық көздеріне жарық қоңыздары, Күн, жұлдыз, Ай жатады.

Зерттейік. Ауа райы ашық күні далада зерттеу жүргізуге болады. Жасалған зерттеулерді белгілеп немесе сурет түрінде түсіріп алу үшін оқушыларға қойындәптер және қарындаш таратып беріңіз. Мүмкіндік болса, қалаға саяхат ұйымдастырыңыз.
Алдын ала қоғамдық орындарда оқушының өзін ұстау тәртібіне байланысты қауіпсіздік техникасы ережесі бойынша нұсқаулық өткізіңіз.
Оқушылар күннің жарығында кімнің тым бел­ сенді болатынын бақылап, бақылау нәтижесін қойын­ дәптеріне түсіруі керек.
Сыныпқа қайтып оралғанда, оқушыларға бақылау нәтижелерімен алмасуын ұсыныңыз. Оқушылар белсенді тіршілік иесі ретінде кімді белгілегендерін­ айтады. Жалпы нәтижелерін жазады, қайталана­ тындарын сызып тастайды.
Бақылау арқылы oқушылар адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің күндізгі уақытта белсенді тіршілік ететініне көз жеткізеді. Адамдар оқиды, жұмыс істейді, спортпен шұғылданады, белсенді демалады және бір-бірімен араласады. Өсімдіктер өседі, гүлдейді және жеміс береді. Үй жануарлары мен аңдар ойнайды, аунайды.

Ойлан! Сұрақты оқып, кері ойлауды ұсыныңыз: “Дүниежүзінде жарық жоқ деп елестетіңіз. Не болады?”. Оқушыларға “Соқыртеке” ойынын ойнатыңыз. Жүргізушіден қараңғыда жол табу оңай болды ма деп сұраңыз. Оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты ойынға жеткілікті орынды қамтамасыз етуді ұмытпаңыз.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Жарық көздерін санау. Сандарды салыстыру. “Текше” туралы ұғым.

Текше пішінді зат. Тақырыпты бекіту үшін тек­ шенің қырларында­ орналасқан табиғи жарық көзде­­ рін атауды ұсыныңыз. Оқушы үш жағдайда текшенің үстіңгі қырында не бейнеленгеніне жауап беруі керек.

Жауабы

2, 1, 3.

Бағалау


Оқушы жарықтың не екенін түсіндіре алуы керек.

Сөздерді тап. Оқушылар жұмбақты шешіп, суреттегі қай зат екенін тауып жазады. Қиналып отыр­ ған оқушыларға көмектесіңіз. Қай сурет артық және неге артық екенін оқушылардан сұраңыз.

Жауабы:

Ай, Күн, жұлдыз, найзағай — табиғи жарық көздері. Артығы — түйе. Себебі ол жануар, жарық көзі емес.



Оқушылардың жауаптарын қадағалаңыз. Егер қиналып отырған оқушыларды байқасаңыз, оған қосымша уақыт беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Жасанды жарық көздері дегеніміз не?

Мектеп:

Күні : 08.04.2018




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;




Оқушылардың басым бөлігі: жасанды жарық көздерінің қажеттілігін білу

  • Кейбір оқушылар: және жасанды жарық көздерін анықтау.

Ресурстар:

  1. тірек сөз жазылған үлестірмелі материалдар жиынтығы;

  2. аппликациямен жұмыс жасау кезінде пайдала­ натын жиынтық;

  3. алғашқы жарық көздерінің суреттері. Интернет-ресурстар. http://svet58.ru/ru/articles/34).

Күтілетін нәтижелер:

  1. күнделікті өмірде адамдардың жасанды жарық көздерін пайдаланатынын біледі;

  2. кейбір жасанды жарық көздерін (шамшырақ, белгі беретін құрал және шамдарды) белгі беру үшін пайдаланатынын біледі;

  3. cабақ барысында оқушының белсенді оқуы ар­ қылы сыни тұрғыдан ойлауын және коммуника­­ тивті дағдысын қалыптастырады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғи жарық көздері әрдайым қажетті жерлерге түсе бермейді. Адам баласына жарықтың қажеттілігі артып, ерте заманнан бері жасанды жарық көздерін ойлап таба бастады. Алдымен от, алау, шырпы шам, кейіннен шырақ, майлы және керосинді шамдар, XIX ғасырдың соңында электр шамы пайда болды. От ең алғашқы жасанды жарық көзі болып саналады. Уақыт өте келе адамдар сапалы жарық көзін майлы тұқымды ағаштарды, майды және табиғи шайырды жағып алуға болатынын білді. Металл өңдеу технологиясын дамыту, шақпақ арқылы тез арада тұтату әдістері алғашқы жасанды жарық көздерін шығаруға және жетілдіруге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде жарықты кез келген жерге орнатуға, орнын ауыстыруға, жанар­ маймен зарядтауға мүмкін болды. Мұнайды, майды және балауызды өңдеудегі жетістіктер отын­ның керекті фракцияларын (тазартылған балауыз, пара­ фин, стеарин, пальмитин, керосин және т.б.) айыруға көмектесті. Осындай жарық көздеріне шырақ, алау,

майлы шам, кейіннен пайда болған мұнай шамы жатады.


Сабаққа қатысты ескертпелер
Кіріспе тапсырма. Жарық көздерін зерттеу үшін топтарға бөліп, саяхатқа аттануды ұсынуға болады. Саяхат барысында топ оқушылары тапсырмаларды орындай отырып ұпай жинай алады. Көбірек ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Кенеттен жел соғып, дауыл тұрды, теңізшілер болжамды бағытынан ауытқып кетті”.

Оқушылар топты құтқару үшін жағалаудың қай жақта екенін анықтап, оқулықтағы тапсырмаларға назар аударып, дұрыс шешімді табуы керек.



Жасанды жарық көздері. Оқулықтағы суретке қарауды ұсыныңыз. Оқушылар күнделікті қолданып жүрген жарық көздерін еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді. Жарық көздерінің қайсысын жиі кездестіресің? Бұл жарық көздерін қайдан көруге болады? Оқушылар күнделікті қандай жарық көздерін қолданады? Топ ішінде тізім құруды ұсыныңыз. Оқушылардың жауабы ұпайларын арттыруға көмектеседі.
Түнде жұмыс істейтін адамдар қандай жарық көзін пайдаланатынын айтыңыз, мысалы, наубайханада, зауытта және фабрикада. Оқушылардан қандай маман иелері түнде жұмыс істейтінін сұраңыз. Біреуі­ нің ата-анасы түнгі уақытта жұмыс істесе, жұмыс ту­ ралы егжей-тегжейлі біліп, сыныпқа айтуды ұсыныңыз.
Жасанды жарық көзі не үшін қажет? Оқушы­ ларға тапсырманың сұрақтарына жауап беруді ұсыныңыз. Талқылау барысында оқушылар кейбір жарық көздерін қолдану арқылы біреудің өмірін сақтап қалуға болатынын түсінеді. Оқушыларды саяхат жасауға шақырыңыз.
Дауыл күшейіп келеді. Экипаждың өмірін сақтап қалу үшін тез арада дұрыс шешім қабылдау қажет”.
Суретке қарап, жарық көздерінің қаншалықты маңызды екенін сұраңыз. Шамшырақ пен белгі

беретін құралға ерекше көңіл аудару керек. Адам өмірін сақтап қалу үшін жарық көзінің қаншалықты маңызы бар?

Жауабы

Шамшырақ. Кемелер жартастарға соғылмау немесе суасты үңгірлеріне түсіп кетпеу үшін және жағалаудың­ қауіпті аумағын жарықтандырy үшін қажет.



Үлкен аспашам. Бөлмені жарықтандыру үшін керек.

Көше шамдары. Түнгі уақытта көшені жарық­ тандыру үшін қажет.

Белгі беретін құрал. Белгілі бір арақашықтықта белгі беру үшін керек.

“Теңізшілер шамшырақтың (маяк) жарығын көрді”. “Шамшырақ” атты жаттығуды орындауды ұсыныңыз

(орындарынан тұрып орындайды).

“Көздеріңді жұмыңдар. Терең тыныс алыңдар. Теңіздің ортасында жартасты жағалау бар деп елестетіңдер. Аралдың ең биік нүктесінде шамшырақ тұр. Әркім өзін адамдарға көмектесетін шамшырақпын деп есептесін. Аралда күшті жел тұрғанда сен қозғалмайсың. Күн демей, түн демей сен мұнара басынан жарық сәулесін шашып тұрасың. Саған адамдар сенеді, көмекке дайын тұратыныңды бағалайды, көздеріңді ашыңдар”.

Сұраңыз: “Шамшырақтың орнында өзіңді қалай сезіндің? Теңізшілерге жол көрсетy сендерге ұнай ма? Сендерге қандай жағдайда сенім артуға болады?”

Ойлан! Оқушылардан далада жанған алауды көргені болса, еске түсіріп, от жалынының күшеюін қимылмен көрсетуді ұсыныңыз. Алаудың қандай жарық көзіне жататынын сұраңыз.



Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Көркем еңбек. Шамшырақтың аппликациясы.

“Білгір” ойыны. Оқушылар екі топқа бөлініп, жасанды жарық көзін атау бойынша жарысады. Кім қатесіз көп сөз атайды, сол жеңімпаз болады.

Жауабы: шырақ, от, алау, ошақ, белгі беретін құрал, отшашу, шамшырақ, торшер, шам, аспашам, қолшам және т.б.

Бағалау


Оқушылар адамның қандай жасанды жарық көз­ дерін қолданатынын білетін болады.

Үйіміздегі жарық көзі

Оқушылар өз отбасында қолданылатын жасанды жарық көздерінің суретін салады.

Адам өміріндегі жасанды жарық көзінің маңыз­ дылығын түсінеді.

Аппликация

Жұмбақ шешкенде жұмыс парағына аппликация­ дан шамшырақ жасап көрсетеді.

Оқушылардың тапсырманы орындауын қадағала­ ңыз. Егер оқушы табиғи және жасанды жарық көздерін айыра алатын болса, демек ол тақырыпты жақсы түсін­ гені. Ал айыра алмаса, зерттелген затты қайта көрсетіп­ түсіндіру қажет.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жарық не үшін қажет?

Мектеп:

Күні : 15.04.2018




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау







Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: жасанды жарық көздерін және оның қажет­ тілігін анықтау;




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. буындарға бөлініп жазылған тірек сөздері бар үлестірмелі парақшалар жиынтығы;

  2. ермексаз, онымен жұмыс істеуде пайдаланы­ латын тақтайшалар;



Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:



  2. мектепте жасанды жарық көзін жарықтандыру үшін пайдаланатынын білетін болады;

  3. жасанды жарық көзін қолайлы өмір сүру үшін, жол бойындағы қауіпсіздікті сақтау үшін пайдалануға болатынын біледі;



  4. жарық көңіл күйді көтеретінін, күнделікті өмірі­­ мізді ғажайыпқа айналдыратынын білетін болады.



Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қазіргі заманда жарықты пайдаланбайтын жерді табу қиын. Адам баласы жарықты жұмыстан басқа жағдайларда да пайдаланады. Қолайлы өмір сүруіне, өзінің қауіпсіздігі үшін белгі беру құралы ретінде және жол бойында пайдаланады.
Жарық тасымалдағыштар — жарық энер­гия­ сын тасымалдайтын аспаптар. Оның ішінде жіңішке қуыс жіп тәрізді, мөлдір талшықты жарық жетектері болады. Жарық екі орта шекарасында толық ішкі шағылу нәтижесінде таралады. Жарық тасымалдағыш­­ тары медицинада,­ фотоаппараттарда сәндік шырақ ретінде пайдаланылады.
Жалтылдақ шамшырақтар (мигалка) —авто­ көлік үстінде орнатылатын жарық сигналдарының

бірі. Ол барлық автокөліктерге арнаулы автокөлікті

өткізіп жіберу қажеттілігін ескертеді.
Дала қызғалдақтары — Қазақстанның мақта­ нышы. Маусым айында Қазақстанның барлық қорық­ тарында, ұлттық саябақтарда “Қызғалдақ күнін” атап өтеді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты — көпшіліктің­ назарын қызғалдақтың сирек кездесетін түрлеріне (Грейг, Кауфманн, Островский қызғалдақтары) ау­ дару. Жойылып бара жатқан Регель қызғалдағы­­ның дүниежүзіндегі жалғыз популяциясы Іле тауларында­ сақталған.
“Қызғалдақ мерекесі” дүниежүзі бойынша көп­ теген елде атап өтіледі.
Канадада “Қызғалдақ мерекесін” жыл сайын 600 мыңнан аса көрермен тамашалайды.
Голландияда барлық гүлдерге ерекше көңіл бөледі.
Швейцарияда сәуір айынан бастап, мамыр айы­-ның ортасына дейін Морже қаласында “Қызғалдақ мерекесі” өтеді.
Жапония қалаларында жүздеген әдемі гүлдерден таңғажайып суреттер салынады

Ойлан

Жаңа жыл мерекесінде мектеп қандай жасанды жарық көздерімен безендіріледі? Ол не үшін қажет?



Кіріспе тапсырма. Сабақты бастамас бұрын оқушылардың­ өткен сабақтағы жасанды жарық көз­ дері тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру. қушылардан қандай жасанды жарық­ көздерін көргендерін және оны не үшін қолдана­­ тынын сұраңыз.

Суретке қарап, айтып бер. Оқушылардың назарын суретке аударыңыз. “Мұнда қандай жарық көздері бейнеленген? Олардың әрқайсысы не үшін қажет? Әртүрлі жарық көздері не үшін керек?” — деп сұраңыз.

Жарық жарықтандыру үшін ғана емес, жақсы көңіл күй сыйлау және жанға жайлы жағдай жасау үшін де керек екені туралы әңгімелеңіз. Сабаққа байланысты деректі материалдарды пайдаланып, жарық жетектері туралы айтыңыз.

Зерттейік. Бұл жұмысты топтық жұмыс түрінде ұйымдастырыңыз­. Оқушыларға бөлме ішінде жан-жаққа қарап, қандай жарық көздерін көріп тұрғанын атап беруді сұраңыз. Одан кейін мектеп ішінде асханаға, акт залына шағын саяхат жасаңыздар. Көрген жарық көздерін салуды сұраңыз.

Жарық көздерін сипаттау барысында күн сәулесін өткізетін терезелердің үлкендігіне назар аудартыңыз. Егер табиғи жарық көзі ғимаратты толығымен жарық­ тандыра алмаса, онда жасанды жарық көздерін пай­ далану керек екенін айта кетіңіз.

Жауабы


Сахнаны жарықтандыратын софиттер. Қосымша жарық алуға арналған прожектор. Бөлменің бір қырын жарықтандыруға арналған бра. Үлкен аспа­ шам.

Ойлан! “Жаңа жыл мерекесінің қандай ерекше­ лігі бар? Оны безендіру үшін қандай жасанды жарық көздері пайдаланылады?” — деп сұраңыз.

Жауабы:

Ғимараттарды және шыршаны безендіру үшін шам тізбегі қолданылады.



Мерекелік қойылымдар. “Мерекелер не үшін қажет? Оны қалай безендіруге болады?” — деп сұраңыз. Жасанды жарық көзін қолданатын мерекелерді еске түсіріңіз. Мерекеде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін атап өтіңіз. Сабаққа байланысты деректі материалдарды пайдаланып, “Қызғалдақ мерекесі” туралы айтып кетіңіз.

Оқушылар мерекелердің әрбір отбасын, халықты және елді біріктірудегі маңызын түсінуі керек. Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді сақтау біздің бірлігімізді нығайтатынын және басқа мемлекеттермен бейбіт қатынас құруға көмектесетінін атап өтіңіз.

Жауабы:

Ұшатын шам, әр түсті шам тізбегі, алау, отшашу, шам, қызғалдақ сипатты шам.



Қызғалдақ мерекесі. “Қызғалдақ мерекесінің” суретін қарастыруын ұсыныңыз. Мерекеге қандай жарық көзінің қатысы жоқ? Оқушылар дүкен көрме­ лері мен жарнамаларға назар аударады. “Осы жерде жарық не үшін қажет: безендіруге ме әлде жарық­ тандыруға ма?” Күнделікті өмір үшін жарықтың маңыын сұраңыз.

Сен білесің бе? Ұшатын шамдарды тұрғын үй­ лерден, ағаштардан, жанғыш заттардан алыс жер­ лерде ересек адамдармен бірге ұшырады. Егер оны дұрыс пайдаланбаса, өрт қаупі тууы мүмкін. Алдын ала дайындалған бейнежазбаны көрсетуге болады. Оқушыларға кейбір фрагменттерді көрсетпеген дұрыс.



Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Ермексаздан жасанды жарық көздерін жасау.

Өткен тақырыпты бекіту және қол қимылдарын дамыту үшін оқушыларға ермексаздан жасанды жарық көздерін жасауды ұсыныңыз.

1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, жұмыстарды рет-ретімен орындауға түсінік­ теме беріңіз. Ермексазбен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін еске түсіріңіз.

Оқушылардың өздік жұмысын қадағалаңыз, жол көрсетіңіз және көмек беріңіз.

Мерекелер. Оқушылар дәстүрлі көктем уақы­ тында атап өтетін “Қызғалдақ мерекесіндегі”­ цирк алаңы мен сахнадағы суреттерді қарастырады. Сюжеттік­ суреттердің оң жағында жасанды жарық көздері бейнеленген. Ұсынылған үлгілерді пайда­ ланып, балалар жарық көздеріне сәйкес келетін бос торкөздердегі суретті аяқтайды.

Жауабы:

Жонглерлерде — шырақ; сымда — ұшатын қытай шамы; сиқыршыға шамнан жарық түседі; отшашудың сәулелері; сахнадағы әр түсті жарық шамы тізбегінің бөлігі; сахнаның ортасында — қызғалдақ тәрізді үлкен жарқыраған шам

Бағалау


Оқушылар жасанды жарық көзін қалай қолдана­ тынын түсіндіре алады.

Қай жерге жарық керек? Оқушылар жасанды жарық көздерінің қандай түрін мектепте және үйде қолданатынын белгілейді.

Жауабы:

Сарымен: үлкен аспашам, софит, үлкен прожектор. Қызылмен: теледидар (балалар оны жасыл түспен бояуы мүмкін), білтешам, торшер.



Жасылмен: үстел шамы, үй қабырғаларына орнатыл­ ған шам, төбеде орнатылатын ұсақ шам.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқусабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?


Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Қараңғы қай кезде қажет?

Мектеп:

Күні : 24.04.2018




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: қараңғылық дегеніміз жарықтың жоқтығы екенін түсіну;




Оқушылардың басым бөлігі: қарапайым тәжірибелер жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. шам;

  2. трафарет;

  3. сорғыш;

  4. әр түсті гуашь.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. қараңғы дегеннің не екенін біледі;

  3. жарық түскен кезде қараңғылықтың жойыла­ тынын біледі;

  4. зерттеу жұмыстарында ғылыми терминдерді пайдаланады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қараңғылық — қараңғы деген сөзге сәйкес. Жарықтың жоқтығы, түнек.
Қараңғылық — жарық көздерін зерттеуде қолда­ нылатын физикалық құбылыс ретінде қарастырылатын түінік. Сондықтан қараңғылықты өлшей алмаймыз.

Кіріспе тапсырма

Сабақ басталмас бұрын оқушыларға көзге арнал­ ған жаттығуды жасауды ұсыныңыз.




  1. Айналаның сұлулығын, Көзіңменен көресің. Бүкіл көрген

  2. білгеніңді, Сөзіңменен өресің. Зерделі адам зер салып, Көзбен

дүние таниды.


  1. Тура алдыңа қарап көзіңді жұмып, үшке дейін сана. Көзіңді ашып, алысқа қарап, беске дейін сана.

Жаттығуды үш рет қайталау керек.


“Қай кезде айналадағы заттар көрінбеді? Неге?” деген сұрақ қойыңыз.
Суреттерді салыстыр. Оқушылар оқулықтағы суреттерді қарастыра отырып, оларды салыстыруы керек.
“Бірінші суретте көрсетілген заттардың қай­ сысы бөлмеде бар? Екінші суретте олар неге кө­ рінбейді?” — деп сұраңыз.

Оқушыларға “Тимошка және Қараңғылық” ерте­ гісін оқып беріңіз. Қараңғылықтан қорықпау керек­ тігін түсіндіріңіз.


Тимошка және Қараңғылық! (қысқартылған)
Ертеде Тимофей есімді бала өмір сүрді. Ата-анасы және достары оны Тимошка деп атайтын. Тимошка жақсы бала болатын және ештеңеден қорықпайтын. Ол тек қана қараңғылықтан қорқатын.
Жаздың бір кешінде ол балалармен көршілес алаңда ойнап жүрген болатын. Кеш батып, айнала қараңғыланып келе жатқанын аңғармай қалады. Ол қараңғылықты байқап үйіне қарай жүгіреді. Көпір астынан жүгіріп бара жатқанда ол біреудің жылап отырғанын естіп қалaды. Тимошка көпір үстінде кішкентай қыздың жылап отырғанын көрeді.
Ол “Байғұс! Түсе алмай отырған шығар” — деп ойлады.
— Сен неге жылап отырсың? Қорқып отырсың ба? Қолыңды бері соз, түсуге көмектесейін!
— Мен түсуге қорқып отырған жоқпын. Мен басқа себептен жылап отырмын. Менімен ешкім дос болғысы келмейді. Менен барлығы қорқады.
— Неге? — деп, бала таңғалады.

— Білмеймін. Мен достарымның болғанын қалаймын!


— Мен сенің досың боламын! Есімің кім?

— Қараңғылық.

— Түнде болатын Қараңғылық па? — деп, бала селт ете қалады.
— Міне, сен де қорқасың. Мен ешқандай жаманшы­ лық жасамаймын. Менің анам Қараңғы түн және әкем Ақшам Патшасы үйреткендей тек Күннің батуында келемін.
— Сен шынымен ешқандай жаманшылық істемейсің бе? — деп Тимошка дір-дір етеді.
— Рас!

— Мен әлі де сенен қорқамын. Не істеймін?! — Тимошка одан қорқып тұрса да, Қараңғылықты аяп кетеді.

Қараңғылық Тимошкаға қалай көмектесерін біл­ мей отырды. Оларға қарап тұрған Ай:

— Сендер достасыңдар. Қараңғылықтың досы бола­ды,­ ал сен Тимошка одан қорықпайтын бо­ ласың, — деді.


— Кел, достасайық! — деді бала.

— Кел! — деп, Қараңғылық оған қолын созды. Тимош­ ка жымиып, оған қолын берді.


— Менің үйге қайтатын уақытым болды. Анам уайым­ дап отыр.
— Мен сені шығарып саламын! Олар көше бойымен жүрді.
Сол кезден бері Тимошка Қараңғылықтан қорық­ пайтын болды. Қараңғылық жерге түскенде до­ сына барып тұрады.
— Сәлем, досым, — дейді Қараңғылық.

— Сәлем, Қараңғылық, — деп, Тимошка жауап береді.


— Сен тыныш ұйықта, мен жаман түстерді қуып

отырамын.

Бала тыныштықта демалып ұйықтайды. Қараңғылық досының жанында тұрып, ұйқысын күзетеді.(Авторы: Мария Шкурина.)
Немесе “Егер де … не істейсің?” атты кітабындағы психолог Людмила Петрановскаяның кеңестерімен таныстырыңыз. Адамдар ежелгі заманда аңдардан қорғана жүріп, қараңғылықтың қауіпті екенін түсінді. Қазіргі заманда балалар өз қиялдарында жасап алған қорқынышты кейіпкерлерден қорқады. Бұл жағдайда өзінің қорқыныштарын суретке салып, құтылуға бо­ лады. Мүмкін болса, қараңғылықтан қорқатын оқу­ шылар үшін психологты шақыртыңыз.


Қараңғылық қажет пе? Сыныпты екі топқа бө-­ліңіз. Бірінші топ параққа кез келген заттың суретін көздерін жұмып салады. Ал екінші топ сол затты көз­ дерін ашып отырып салады. Нәтижелерін салыстыра отырып, оқушылар жұмулы көзбен тапсыр­­маны орындау қиын екендігін түсінеді, қараңғыда­ ештеңе көрінбейтінін біледі. Оқушылардан “Қараңғыда тағы не істеу қиын? Қараңғылық қай уақытта қажет? Қандай жерлерде әрдайым қараңғы?” деп сұраңыз.

Жауабы:


Фотозертхана.

Қойылымды көру уақытындағы кинотеатр залы. Кейде ауруханада, ғылыми зертханаларда. Жатын бөлмесі.

Қараңғы — жарық. Оқушылар екінші суретті қарастырып, келесі сұраққа жауап берсін: “Жарық болу үшін не істеуге болады?”.

Жауабы:


Жасанды жарық көздерін қосу керек.

Ойлан! Қараңғылықты салыстыруды ұсыныңыз. Осы бөлмені басқа бөлмемен салыстырғанда қараң­ ғылау деп айтуға бола ма?

Жауабы

Қараңғылықты өлшеу мүмкін емес, себебі ол өмір сүрмейді. Қараңғылық — физикалық құбылыс ре­ тінде жарық көздерін зерттеу үшін қажет.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқушылар сөз жазылған кез келген үлестірмелі парақшаны алады. Жүргізушінің белгісімен олар қарама-қарсы мағыналы сөздер жұбы пайда бо­ латындай бір-бірімен жұп құрып, тұра қалады.

Есте сақта! Қараңғы — жарық

сәулесінің болмауы,еш нәрсенің көрінбеуі.



Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Көркем еңбек. Трафарет бойынша әшекейлеу­ техникасы.


Түнде көрген түстің картасын дайындауды ұсыныңыз.

Фигура трафареттерін, қара түсті картон, гуашь, сорғыш, шүберек дайындаңыз.

Оқушылар картон үстіне трафаретті қойып, құр­ ғақ сорғышқа бояу жағып, трафарет қиылыстарын­ бояйды. Трафаретті абайлап алып тастау керек. Өз бетімен суретті жалғастырып салуға болады.

Шамды жақ. Шам жанған кезде қараңғылық жойылады. Ажыратқыштан әртүрлі жарық көздеріне дейін лабиринт бойынша жүріп өтуді ұсыныңыз.

Бағалау


  1. Оқушылар жарық жоқ жерде қараңғылық бола­ тынын түсінеді.


Дұрыс пікірді қоршап сыз. Оқушылар дұрыс пікірді анықтауы керек. Қиналған оқушыларға көмек­ тесіңіз, қажет болса тағы да түсіндіріңіз және әр пікірді айқындап беруді сұраңыз.

Жауабы

Қараңғы — жарықтың болмауы.

Oқушылар қараңғының қай кезде керектігін түсінеді.
Суреттерді белгіле. Оқушылар қараңғылау керек болатын жерді белгілейді. Тапсырманы орын­ дау барысында қиналған оқушыларға назар ауда­ рыңыз, мүмкін оларға адамдар және жануарлар тәуліктің жарық кезінде белсенді болатынын түсіндіру керек шығар.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Дыбыс

Табиғи дыбыс көздері дегеніміз не?

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.5.3.1 дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру;

1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажырату;





Оқушылардың басым бөлігі: экспериментті түсіндіру.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

жазуға арналған пластикалық планшеттер;
ермексаз;

фотоаппараттар. Интернет-ресурс:

табиғат дыбыстары туралы бейнефильм (мәселен, http://www.youtube.com/watch?v=wghf4fiuPWE).


Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:



  2. табиғи дыбыс көздерімен бірге басқа да дыбыс көздері болатыны туралы біледі;



  3. табиғи (жаратылыс) дыбыстар — бұл табиғи (жаратылыс)­ нысандардан шығарылатын дыбыс­ тар екенін­ түсінеді;



  4. бақылау дағдылары жетілдіріледі, табиғи дыбыс көздерін анықтай алады.



Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Біз дыбыс әлемінде өмір сүреміз. Дыбыстардың табиғи көздері бар. Бұларды табиғаттың дыбыс көздері деп те атайды. Оларға сайраған құстарды, жағаға соғылған толқындарды, уілдеген желді жат­ қызуға болады. Олардың барлығы табиғи дыбыстар деп аталатын әуен, жел гуілі, жапырақ сыбдыры се­ кілді дыбыстарды тудырады. Табиғи дыбыс көзінің мысалы ретінде ырылдау, жылау және басқа да дыбыс тудыратын жануардың немесе адамның дыбысын атауға болады.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы­ лардың тыныштық сақтауын және не естіп тұрғанын

сұраңыз. Естілген дыбысты кім немесе не тудырды? Жұмбақты шеш. Жұмбақты оқуын сұраңыз.

Мынадай­ сұрақтар қоюға болады: дыбыстың­ әріп­-тен қандай айырмашылығы бар? (Дыбыстарды біз естиміз және айтамыз, ал әріптерді жазамыз және

көреміз.) Дыбысты ұстауға бола ма?

Табиғи дыбыстар. Суретке назар аударыңыз. Оны суреттеуді сұраңыз. Кейбір оқушыларға шағын әңгіме құруын тапсырыңыз. Оқушылардың қайсысы осындай жерде болғаны туралы сұраңыз. Ол туралы әңгімелеуін сұраңыз.

Суретте қандай дыбыс көздерін көруге болатынын сұраңыз.

Жауабы:


Сарқырама, жел, жапырақтар, еліктің аяғының астында жатқан бұтақтар, аралар, Негеш пен Эврика.

Дыбыстарға еліктеу ойынын ұсыныңыз. Құс қалай сайрайды? Жел қалай соғады? Эврика қалай күліп тұр? “Жарық” тарауымен бірге үйлестікте өткізіңіз: “Жарықтың табиғи көздерін еске түсіріңдер. Оларды неге табиғи деп атайды? Суретте бейнеленген дыбыс көздері табиғи мa әлде жасанды ма? Табиғи дыбыс көздеріне нені жатқызуға болады?” Оқушылар табиғи дыбыс көздеріне табиғи нысандар жататыны туралы шешімге келуі керек. Бұдан басқа осындай дыбыс көздерінен туған дыбыстардың табиғи­ дыбыс немесе табиғат дыбыстары деп аталатынын­ айту қажет.



Зерттейік. Оқушыларды саябаққа немесе мектеп алаңына апарамыз. Тәртіп ережелері туралы ескертуді ұмытпаңыз. Алдын ала оқушылардың аллергиясы жоқтығына көз жеткізіңіз.
Оқушылар дыбыстың табиғи көздерін белгілеп және суретін салуы керек немесе атауларын жазуы қажет, мүмкін болса, суретке түсірсін. Адамның сөйлеуі табиғи дыбыс көзі екенін еске түсіріңіз. Ұқсас дыбыс көздерін жазбауын алдын ала ескертіңіз. Мысалы, егер торғайдың шырылын естісеңіз, екінші рет бұндай дыбысты жазбау керек.
Қайтарда топ бойынша бақылау нәтижелері туралы өзара пікір алысуын ұсыныңыз. Оқушылар белсенді нысан ретінде кімді белгілегенін атайды. Жалпы нәтижелер жазылады, қайталауларды ескер­ теді. Одан кейін сынып алдында нәтижелерді талқы­ лайды.

Сен білесің бе? Адам қандай дыбыс шығараты­­ нын еске түсіруді ұсыныңыз. (Күлу, жылау, түшкіру және тіпті ықылық дыбысы.) Бұл дыбыстарды көрсе­ туді ұсыныңыз. Кішкентай сайыс өткізуге болады. “Кім барлығынан ұзақ күле алады? Кім шынайы жылай алады?” және тағы басқа осы тәрізді сұрақтар қо­ йыңыз. Бұл дыбыстардың неге табиғи дыбыстарға жататынын сұраңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Мұғалім тірек сөздердің буындары бар үлес­ тірмелі парақшаларды топ оқушыларына таратады. Жүргізушінің нұсқауы бойынша оқушылар дұрыс сөзді құрастыра бастайды. Оларды құрастырғаннан­ кейін оқушылар тірек сөздерді дауыстап атайды.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Дауыс, дыбыс, дыбыстарға елік­
теу. Ермексаздан табиғи дыбыс көздерін жасау. Математика. Салыстыру. Ерекшеліктерін табу.


Оқушылармен табиғи дыбыс көздері туралы әңгімелесіңіз. Ермексаздан әртүрлі дыбыс көздерін жасауды ұсынсаңыз болады. Оқушыларды бір тобы — құс, екінші тобын — жануар жасайтындай топтарға­ бөлуге де болады.




Бағалау


Оқушылар табиғи дыбыс көздерін ажырата алуы қажет.

Суретке қара. Оқушылар табиғи дыбыс көздерін таңдай алады және оларды бояу керек. Сабақтың соңында сыныпта бағалау кезеңін өткізуге болады: суретті сипаттаңыз, ал оқушылар бейнеленген нысан табиғи дыбыс көздеріне жататынын немесе жат­ пайтынын ажыратады.

Жауабы:

Шұбаршымшық, күліп тұрған қыз бала, ара, тоқыл­­ дақ, мысық.



Айырмашылығын тап. Оқушылар екі иллюс­­ трацияны қарастырады, олардан табиғи дыбыс көз­-дерін тауып, қоршайды. Осыдан кейін оқушылар иллюстрацияларды салыстырады және олардан 5 айырмашылықты­ табады. Тапқан айырмашылық-­ тарын “✓” таңбасымен белгілей алады.

Жауабы:


Ерекшеліктер: қонжық жалғызаяқ жолға шықты, қоян шөп арасына тығылды, ара гүлге қонды, инелік бұлақ үстінде ұшты, құс ағаш үстінен ұшты.

Табиғи дыбыс көздері: бұлақ, инелік, қоян табаны­ ның астынан естілген жапырақ сыбдыры, ара, то­ қылдақ, қонжық.

Оқушылардың тапсырманы орындауын бақы­ лаңыз. Егер оқушы табиғи дыбыс көзін тез анықтайтын болса, бұл — оның тақырыпты жақсы түсінгендігі. Егер керісінше болса, оған көмектесу қажет және өткен тақырыпты қайтадан түсіндірген жөн.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Жасанды дыбыс көздері дегеніміз не?

Дыбыс қайда тарайды?

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажырату; қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.





Оқушылардың басым бөлігі: дыбыстың таралу ерекшелігін түсіндіру;
қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау;
тәжірибелерді түсіндіру.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

бөлме өсімдіктері;

табиғи және жасанды заттар;

сызғыш;

таразы.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғи дыбыс көздері табиғи нысандар мен құбы­ лыстардан пайда болады. Жасанды дыбыс көздерін адам ойлап тапқан. Мысалы, музыкада iшектерді тартып не бір нәрсені соғып, дыбыстар шығаруға болады. Мәшине шуы, балғаның тарсылы, есіктің сықырлауы­ — барлығы жасанды дауыс көздерінен шығатын дыбыстар.
Қазіргі адам тұрмысын теледидар мен телефонсыз, магнитофон дыбысынсыз, интернет байланысынсыз елестету мүмкін емес.

Скрипка — ысқымен ойналатын iшекті музыкалық­ аспап. Скрипканың төрт iшегі болады. Скрипка кор­ пусының бүйір жақтарында сопақша қуыстары бар.


Заттан шыққан дыбыс толқынға ұқсас, тас суға түскенде барлық бағыттарға бірдей толқын жайылып таралады. Дыбыс көзі — секундына 16 -дан 20 000 ретке дейін жиілігі бар тербелетін және дірілдейтін, теңселетін физикалық денелер.
Шайбалы хоккей — мұз бетінде, сырғытпа таяқ және шайба (кішкентай резеңке дискісiмен) арқылы ойналатын командалық спорттық ойын. Бұл — хоккейдің ең белгілі түрі. Хоккейдің отаны — Канада.
Көгалдағы хоккей — арнайы синтетикалық жабыны бар алаңда, сырғытпа таяқ және қатты доп арқылы ойналатын командалық спорттық ойын. Голландия, Германия, Испания, Англия, Ирландия, Аргентина, Австралия, Жаңа Зеландияда кең та­ ралған.
Допты хоккей (орыс хоккейі) — мұз бетінде, сырғытпа таяқпен, қатты және кішкентай доппен ой­ найтын командалық спорттық ойын.


Хоккейшілер
Суретке қара. Хоккейшілер қалай тұр?
Олардың барлығы жаттықтырушының дауысын естиді ме?





Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Музыкалық аспаптар, скрипка. Математика. Лабиринт бойынша өту.




Оқушылар табиғи дыбыс көздерін жасанды дыбыс көздерінен ажыратуы керек.
Стадионда. Барлық оқушыға өз бетімен тапсыр­ маны орындауды тапсырыңыз. Mұнда табиғи дыбыс көздерін — көк түспен, ал жасанды дыбыс көздерін жасыл түспен белгілеу қажет. Берілген тапсырманы оқушылардың бірін-бірі бағалауы арқылы тексеруіне болады.

Жұмыстың ұқыптылығына, жылдамдығына, оқу­ шылардың өз таңдауын қалай түсіндіргеніне назар аударыңыз.
Жауабы
Жасанды дыбыс көздері: ысқырық, телефон, құ­ лаққап.
Табиғи дыбыс көздері: жылап тұрған қыз, айқайла­-ған жанкүйерлер, күліп тұрған жанкүйер.


Бағалау


Сайыс ұйымдастырыңыз: бір топ — табиғи, ал екінші топ жасанды дыбыс көздерін атайды. Қай топ көбірек атайды, сол топ жеңеді.
Лабиринт. Оқушыларға лабиринт жолы бойынша өтуді тапсырыңыз. Сызықтардың жолдың ортасында болуына назар аударыңыз. Жасанды дыбыс көзін белгілеуі тиіс (қоңырау).



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...