Сабақ тақырыбы: Кіріспе Мен зерттеушімін Күні : 05. 09

Loading...


бет8/9
Дата09.04.2020
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Қозғалыс дегеніміз не? Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: әртүрлі қозғалыс траекторияларын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету;




Оқушылардың басым бөлігі: табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыстың маңызын анықтау;

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. жайпақ төртбұрышты пластмасса немесе темір табақша;



  1. топтардың санына байланысты ойыншық мәши­ нелер,­ металл шарлар;

құм салынған ыдыс. Интернет-ресурстар:

  1. әртүрлі көлік құралдарының қозғалысы туралы бейнежазба, мысалы, https://www.youtube.com/ watch?v=H91_YUxcYVA

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. траекторияның не екенін біледі. Ол үшін әр­-түрлі нысандардың қозғалыс траекториясын көрнекі етіп көрсететін тәжірибе жасайды;

  3. түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс траекториясын­ ажыратады. Сондықтан траек­ тория түрін анықтауға арналған жаттығуларды орындайды. Сонымен қатар шарт бойынша көлік құралының траекториясын сызады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Дененің траекториясы — дененің кеңістікте
қозғалыста болған кезінде жүріп өткен бірнеше нүк­ телерін қосатын сызық.
Көлік құралы — адамдарды немесе жүктерді тасуға­ (тасымалдауға) арналған және осы мақсатта пайдаланылатын құрылғы.
Жол — бұл қозғалыстағы дене траектория­сының ұзындығы.
Дене түзу немесе қисық сызықты траектория бойымен қозғалады. Бір дене әртүрлі траектория­ мен қозғала алады.



Траекторияның өзгеруі

Суреттегі Бауырсақтың қозға­ лыс траекториясына назар аудар. Оның траекториясы неге өзгере­­ ді? Түзу­ сызық бойымен қозғалуға­ не бөгет болуы мүмкін? Үнемі түзу сызық бойымен қозға­луға­ бола ма? Неліктен?




Кіріспе тапсырма. Оқушыларға жолда жүру ережесін естеріне түсіруді ұсыныңыз. Көлік құрал­ дары қозғалысының әртүрлі бағытына назар аудар­ тыңыз. Түрлі көлік құралдарының қалай қозғала­-тыны туралы бейнежазбаны көрсетуге болады. Терезеден­ сыртқа қарауды, сыртқа шығуды өтініңіз. Көлік қалай қозғалады? Адамдар қалай қозға­-лады? — деп сұраңыз. Қозғалыстың ізі. Суреттерге назар аударың­ дар. Оның қайсысында қозғалыстың ізі көрінеді? (Біріншісінде, ұшақтан.) Тағы қай көліктің қандай жолмен жүргенін көруге болады? (Суда.) Жолдағы мәшиненің ізін көруге бола ма? (Тек жаңбырлы күні, соқпақ жолда.) Ізіне қарап нені білуге болады? (Көліктің қалай жүргенін.) Кез келген нысан жай көзге көріне ме, жоқ па, соған қарамастан белгілі бір сызық бойымен қозғалатыны жайлы айтыңыз. Бұл сызық траектория деп аталады.

Дененің қозғалысы. “Мәшине қандай сызық бойымен қозғалады? Ал ұшақ ше?” — деп сұраңыз. Оқушылар дене түзу сызық немесе қисық сызық бойымен қозғала алатыны туралы түсінуі керек. Ойыншық мәшиненің көмегімен бұрылыстарда және түзу күрежолдарда қалай жүруге болатынын көрсетіңіз. “Осы екі жағдайда қозғалыс траекториясы қалай бейнеленеді?” — деп сұраңыз. (Түзу және қисық сызықтар арқылы.)

Зерттейік. Әрбір бала тәжірибеге қатыса ала­ тындай етіп, 3 адамнан тұратын шағын топтар ұйым­ дастырыңыз.

Әр топқа құм салынған ыдыс, табақша (поднос), ойыншық мәшине және металл шарлар таратып беріңіз.

Нұсқау

Жайпақ табақшаға құм себіңіздер.



Еңістеу келген төбешік пайда болу үшін бір жақ шетіне кітаптарды немесе ағаштарды қойып, табақты сәл қисайта орналастырыңыз. “Төбешікке” ойыншық мәшинені қойып, итеріп жіберсін.

Құмда ойыншықтың ізінен қалған сызықты салсын.

“Төбешікке” металл шарды орналастырсын.

Шардың ізінен қалған сызықты салсын.

Тәжірибені бірнеше рет қайталау қажет.

Сызықтарды салыстырып, айырмашылықтарын көрсету керек.


Оқушылар топта тәжірибе нәтижесін салыстыра отырып, мәшине, көбінесе түзу траекториямен, ал шар әртүрлі траекториямен қозғалатынын бай­ қайды.

Жұмыс барысында оқушылар бақылау мен са­ лыстырулардың­ жазбаларын жүргізу қабілеттерін дамытады. Жұмыс барысын бақылаңыз, бақылау нәтижесін­ рәсімдеуге көмектесіңіз.



Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Ұзындықты өлшеу. Тәжірибелік жұмыс кезінде оқушылар ойыншық мәшиненің жүріп өткен қашықтығын белгілейді, салыстырады.

Траекторияны таңда. Оқушылар әртүрлі көлік құралдарының: ұшақтың, катердің және мәшиненің қозғалыс траекториясын анықтайды.

Тапсырманы күрделендіру және оқушылардың әртүрлі көлік құралдары туралы білімдерін бекіту мақсатында суда қозғалатын көлік құралының су­ ретін бояуды өтініңіз.

Жауабы:

Түзу жол — қозғалыс траекториясы.



Доға тәріздес қисық сызық — толқындар үстімен қозғалатын катердің траекториясы.

Бұрыш жасай жоғары бағытталған сызық — ұшақтың­ ұшу траекториясы.



Бағалау

Оқушылар көрсетілген тәжірибені түсіндіре алады.


Арақашықтық. Оқушылар зерттеу жұмысы­ ның нәтижесі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәшинемен тәжірибе жасап, тапсырмаларды орын­ дай алады. Жұмыс барысында тәжірибе кезеңдерін­ нақтылаңыз, мәшиненің жүріп өткен қашық­тығын қалай өлшеуге болатынын сұраңыз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Біз қалай қозғаламыз?

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: әртүрлі заттардың қозғалысына мысалдар келтіру;




Оқушылардың басым бөлігі: табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыстың маңызын анықтау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. қозғалысқа келтіруге болатын заттар: балалар арбасы, қоларба, бауы бар мәшине;

  2. кез келген радиомен басқарылатын модель;

  3. бесiк (немесе бесіктің суреті);

  4. асықтар (егер жоқ болса, онда балалардың спорттық кеглі).

  5. Интернет-ресурстар:

  6. “Бесiкке салу” рәсімінің бейнежазбасы, мысалы, http://www.youtube.com/watch?v=Ql_r2prvu7o

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. адам дене мүшелерінің арқасында қозғала ала­ тынын біледі;

  3. басқа денелердің әсерінен заттардың қозғалуын түсіндіре біледі және тәжірибе барысында көр­ сете алады;

  4. өзінің қозғалысы мен жануарлардың қозғалысын бақылайды және салыстырады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адамның қозғалысы дене мүшелерінің қимыл-қозғалысына, яғни бүгілуге, жазылуға және айналуға негізделген. Дене мүшелерінің ішінде ең көп қоз­ ғалатыны — аяқ пен қол, сонымен қатар дене мен бас та қозғалыста болады. Адамның денесі жүру, жүгіру, секіру сияқты әртүрлі қимыл-қозғалыстар жасай алады. Осы қозғалыстың әсерінен адам әртүрлі зат­ тарды қозғалысқа келтіре алады.
Пультпен (радио­мен)­ басқарылатын ойын­ шықтар. Әдетте мұндай ойыншықтар­ қайықтар­-
дың, мәшинелердің, ұшақтардың модельдеріне сәй­ кес жасалады.
ХІХ ғасырдың соңында (1898 жыл) Нью-Йоркте электр энергиясын қолдану салаларындағы жетіс­-тіктер бойынша жыл сайын өтетін көрме ұйымдас­ тырылды. Көрме орталығында айлағы бар үлкен бассейн болды. Оған желкенсіз үш діңгегі бар

кішкентай кемені байлап қойды. Ол көмір салу арқылы жұмыс істейтін ескі үтікке ұқсайтын еді, тек тұтқасы жоқ, бірақ алды мен арт жағында шамы бар. Бұл ең алғашқы радиомен басқарылатын кеме моделі болатын. Оны ұлы өнертапқыш Никола Тесла ойлап тапты.


Қазақ бесігі көшпелі тұрмыс үшін ыңғайлы. Оны талдан, ал екі жағын қайыңның қабығынан жасайды. Ата-бабаларымыз дәстүрді сақтап, осы күнге дейін бесікті атадан балаға мұра етіп қалдырып келеді. Көбіне ұлына әкесі жатқан бесік бұйырады.
Нәресте туғаннан кейін “бесікке салу” рәсімін өткізеді. Бесікке салу рәсімі жолы үлкен, өнегелі, көпбалалы әже-апаларымызға тапсырылады.

Кіріспе тапсырма. Сабақты ойыннан бастаңыз. Оқушылар музыка әуеніне ілесіп, белгілі бір қимыл-қозғалыстарды (бастарын, мойындарын, иықтарын айналдыру, қолдарын алға-артқа қозғау, бір орында жүгіру) жасаулары тиіс. Жаттығу аяқталған соң оқушылардан қандай қимыл-қозғалыс жасағандарын сұраңыз.
Спортзалда. Суреттегі балалар қандай жат­ тығулар жасап жатқанын сұраңыз. Осы жаттығу­ лардың әрқайсысын жасағанда қай дене мүшелері қозғалады?

Біз заттарды қалай қозғаймыз? Суретке на­ зар аудартыңыз. Алдымен балалар не істеп жүр деп сұраңыз. Ойыншықтар өз бетімен қозғалады ма?
Сурет бойынша сөйлем құрауды сұраңыз. Тап­ сырманы күрделендіру мақсатында кейбір оқушы­ ларға суреттерге қарап әңгіме құрауды ұсыныңыз.
Осыдан кейін оқушылардың назарын қалған екі суретке аудартыңыз. Кімдер бейнеленген? (Балалардың аналары.) Олар қандай заттарды қоз­ ғалтты? (Арба мен бесік.) “Бесікті кім біледі? Ол не үшін керек?” — деп сұраңыз. Бесік болса көрсетіңіз. Болмаса, “бесікке салу” салт-дәстүрі туралы түсінік беріп, бейнефильм көрсетуге болады. Бесікті қалай тербетеді? Оқушылар “әсер ету” сөзінің мағынасын түсінетініне көз жеткізіңіз. Жақсы түсінуі үшін сол сөздің синонимін мысал ретінде келтіріңіз: ықпал ету, қол тигізу арқылы қозғалысқа келтіру.

Зерттейік. Бұл жұмысты алаңда өткізуге болады. “Денелерді қасына жақындамай қалай қозғауға болады?” — деп сұраңыз. Топта асық ойнауды (немесе кеглді шарлармен құлатуды) ұсыныңыз. “Оқушылар асықты (кеглді) қалай қозғады?” — деп сұраңыз. Оларды жанасты ма әлде қашықтықтан басқарды ма? (Жоқ, оларды басқа асықпен (шармен) қозғады.)
Пульттің көмегімен ойыншықтарды басқарғанда, модельдерді қозғағанда олармен жанасады ма әлде қашықтықтан басқарады ма?
Оқушылар ойыншықты пульттің көмегімен қа­ шықтықтан­ басқаруға немесе басқа заттар арқылы қозғауға болатынын қорытындылауы қажет.

Сен білесің бе?
Пульт арқылы қозғалатын алғашқы кеменің суре­ тін көрсетіңіз, қазіргі заманғы модельдермен салыс­ тыруды сұраңыз.
Жануарлардың қозғалысы. Жануарлар да адам сияқты қозғалады. Алайда қимылдарында біраз айырмашылықтар бар: адам секіреді, жүгіреді, жүреді, жорғалайды, ал жануарлардың кейбіреуі осылардың біреуін ғана жасай алады. Оқушыларды оқулықтағы тапсырманың суреттеріне қаратып, мынадай сұрақтарды қойыңыз: “Бейнеленіп тұрған жануарлар қандай қимыл-қозғалыс жасап тұр? Адам осындай қимыл-қозғалыс жасай ала ма?”. Осы қимыл- қозғалысты жасауларын сұраңыз. Оқытылып жатқан тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ойын ұйымдастыруға болады. Мұғалім жануарды (жолбарыс, жылан, маймыл, бақа және т.б.) атайды, ал оқушылар осы жануарға тән қимыл-қозғалысты жасайды.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дене шынықтыру. Жаттығулар жасау. Дүниетану. Таңертеңгілік жаттығудың пайдасы.



Ойлан!

Мынадай сұрақтар қойыңыз: Егер адамдар қоз­ ғалмаса не болар еді? Жаттығулардың пайдасы неде? Күнделікті өмірде жаяу жүрудің немесе жү­ гірудің қандай пайдасы бар? Қозғалыстың аздығы денсаулыққа­ қалай әсер етеді?


Жануарлар не үшін қозғалады? (Тіршілік ету үшін: қорегін табу, тірі қалу.)

Кейбір оқушылар адамның қозғалысын зерттеу бойынша қосымша тапсырмалар орындай алады.


Оларға бір орында тұрып алға секіруді және секірген жердің ұзындығын өлшеуді тапсырыңыз. Оқушылар бірнеше рет секірсін. Алайда әр секірген сайын әртүрлі дәрежеде күш жұмсап секірулерін ұсыныңыз. Осыдан кейін секіру қашықтығының итерілу күшіне байланысы бар-жоғын сұраңыз.


Бағалау


  1. Оқушылар адам жасайтын қимыл-қозғалыстарды біледі және оларды орындай алады.

Адам қозғалыстары бейнеленген үлестірмелі парақшаларды кезекпен көрсетіңіз. Оқушылар бейнеленген қозғалысты жасасын.


Адам қалай қозғалады? Оқушылар қозғалысты салыстыруға шолу жасауы керек. Қозғалыстың қай жерде итерілу, қай жерде тартылу арқылы болаты­ нын тағы да айта кеткен маңызды. Мұғалім мынадай сұрақтар қояды: “Қай жаттығулар итерілуді қажет етеді? Балалар қай жерде тартылып тұр?” Бәрінің пікірін тыңдаңыз. Әр оқушыдан әртүрлі суреттер бойынша сұрауға болады. Өтілген тақырыпты дұрыс түсінбеген оқушыларды анықтау қажет немесе тапсырмалардың қатесіз, тез орындалып жатқанына көз жеткізіңіз.


  1. Оқушылар әртүрлі жануарлар жасайтын қимыл­ дарды біледі.


Жануарлар қалай қозғалады? Берілген сөз­ дерді оқып беріңіз. Қай жануарлардың осы қозға­ лыстарды жасай алатынын сұрап, олардың суретін салуды ұсыныңыз. Кейбір оқушыларға бейнеленген­ жануарлар туралы, олардың қалай қозғалатыны жайлы айтып беруге де болады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Жер және ғарыш

Ғарыш дегеніміз не?

Мектеп: жнм

Күні : 16.01




Мұғалімнің есімі: Коркем Кайркызы

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 5


Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар: астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;










  • Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

жұлдызды аспанның картасы;

ең танымал шоқжұлдыздардың суреттері. Интернет-ресурстар:

астрономия тарихы туралы бейнефильм, мысалы, https://www.youtube.com/watch?v=X-0Lzezbwmc;

астрономияның нені зерттейтіні туралы таным­ дық мультфильм, мысалы, https://www.youtube. com/watch?v=GI0OEuDqrE8&index=1&list=PLlnx ylws3Ecdcw9Tw13eBOnLzwN3nRMLX.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

ғарыш ұғымымен танысады. Астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді;

шоқжұлдыздар терминімен танысады және оның мағынасын түсінетін болады. Ол үшін түрлі аңыздарды оқиды, өз беттерінше шоқжұлдыздар туралы жоба дайындайды.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Астрономия — жер бетіндегі ең ежелгі ғылым. Ол ғаламды, аспан денелерін, олардың қозғалыс­ тарын, пайда болуы мен дамуын зерттейді.
Ерте заманда адамдар жұлдызды аспанды бақылаған,­ олар күн мен түннің және жыл мезгіл­ дерінің, Ай фазаларының ауысуын байқаған. Ежелгі мысырлықтар аспанда жарық жұлдыз Сириус пайда болғаннан кейін төртінші-бесінші күні Ніл өзенінің арнасынан асатынын білген. Ежелгі диқандар Күн көкжиектен неғұрлым биік көтерілсе, соғұрлым жылы болатынын, яғни жақын арада көктем келетінін анықтаған. Бақылау нәтижесінде алғашқы күн­ тізбелер­ жасалған. Күн және Ай күнтізбелері әр халықта әртүрлі болған. Олар әлі күнге дейін қазіргі

ғалымдарды зерттеулеріндегі дәлдігімен таңғалды­­ рып келеді.


Ғалам — уақытпен және кеңістікпен шектелмеген алуан түрлі әлем. Ол — адамның санасынан тыс тіршілік ететін әлем. Ғалам өте көп аспан денелерінен тұрады, олардың көпшілігінің мөлшері Жерден бірнеше миллион есе үлкен.
Шоқжұлдыздар — шоғырланып түрлі мүсіндерді­ түзетін жұлдыз­дардың­ тобы. Олардың көпшілігінің атаулары грек аңыздарынан шыққан. Птолемейдің “Альмагестінде” аспан мен шоқжұлдыздар жан-жақты сипатталған. Бұл классикалық сипаттама. Жылдар­ өте келе кейбірі ұмытылып, жаңадан пайда болды, бос орындар толтырылды. 1930 жылы қазіргі шоқжұлдыздардың тізімі жасалып, шекарасы бекітілді.


Кіріспе тапсырма. Ғарышқа саяхат. Оқушы­ лардан ғарышты қалай елестететіндерін сұраңыз. Суретке назар аудартыңыз.

Анықтаңыз:

— Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?

— Ғарышта не бар? (Ғарыш — бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар.)

Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұл­

дыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.

Ежелгі астрономия. Оқушыларды шағын топ­ тарға бөліңіз. Олардың назарын суретке аударыңыз. “Ежелгі адамдар астрономиямен не үшін айналысты, олар нені байқаулары мүмкін еді?” дегенге болжам жасап көруді тапсырыңыз. Талқылаудан кейін бар­ лығын тыңдаңыз, барлық жауап нұсқаларын тақтаға жазып қойыңыз. Егер қиындық туындаса, оларға ерте заманда адамдардың немен айналысқанын, қандай құралдарды қолданғанын еске түсіруді сұраңыз. Оқушылар сол кездегі адамдардың негізгі іс-әрекеті диқаншылық, аңшылық және балық аулау болғанын түсінуге мүмкіндік алады. Көптеген халықтар, сонымен қатар қазақтар да көшпенді өмір сүрді. Сондықтан олар жұлдыздардың қозғалысын бағдарлап, жыл маусымдарының ауысуын болжаған. Себебі оларға қай уақытта егін егіп, қай уақытта жинап алу керектігін анықтау қажет болды. Сонымен қатар кейбір ел­ дерде өзендердің арнасынан шығу кезеңдерін білу маңызды рөл атқарды. Оны алғашқы күнтізбелер-­ ден байқауға болады.

Сабақ барысында қазақтардың көшпенді өмірі бейнеленген суретке назар аудартыңыз. “Адамдар не үшін көшпенді өмір салтын ұстанды?” — деп сұраңыз. (Жайылымдық жерді ауыстыру үшін және жыл мезгілінің өзгеруімен байланысты көшпенділік салтын ұстанды.)

Бақылау. Тапсырманы орындай отырып, оқушы­ ларға сұрақтар қойыңыз:

— Аспанда не көрінеді? (Ай, Күн, жұлдыздар.)

— Жұлдыздардың барлығы бірдей болып көріне ме? (Жарық жұлдыздар, сонымен қатар күңгірттері де бар.)

Жұлдызды аспанның суретін көрсетіп, кейбір жұлдыздардың бір-біріне жақын орналасқанына ерекше назар аударуға болады. Осындай жұлдыздар тобы шоқжұлдыз деп аталатыны туралы айтып беріңіз. Қазіргі адамдар олардың барлығын ерте заманда көрінгендей көре алмайды. Жұлдыздардың бір бөлігі жоғалып, күңгірттеніп кетті. Оқушылардың қай шоқжұлдыздарды білетінін анықтаңыз.

Зерттейік. Оқушыларды топтарға бөліңіз. Топ­ тарда қабілеті жағынан деңгейлері әртүрлі оқу­ шылар болғаны дұрыс. Топтық жұмыс жасау үшін түрлі түсті қағаз, картон, А4 форматты ақ парақ, желім, түрлі түсті қарындаштар, шоқжұлдыздар ту­ ралы аңыз кітаптар қажет болады.

Таңдап алынған шоқжұлдыздар туралы аңыз­ дардан үзінді оқып беріңіз. Бұл шағын мәтіндер болуы керек. Тапсырмаларды күрделендіру­ мақса­ тында оқи алатын оқушыларға оны өз бетінше орын­ дауды ұсыныңыз.

Оқушыларға тауып алған ақпараттарын тірек сөздердің көмегімен жазып алуды тапсырыңыз. Топ мүшелерінің міндеттерді бөліп алуын ұйымдасты­ рыңыз: олардың жартысы шоқжұлдыздардың­ сурет-терін­ салады, келесі бөлігі шоқжұлдыздарды­ бір­ неше сөзбен сипаттай алады, қалған оқушылар кітаптың мұқабасын әзірлей алады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмыстарын сынып­ тың талқылауына ұсына алады.

Зерттеу барысында сұраңыз:

— Не себепті осы шоқжұлдыз таңдап алынды?

— Ол несімен қызықты?



— Шоқжұлдыздарды ажырату не үшін қажет бол­ ды? “Астрономия” сөзінің аудармасы жайлы айтып беріңіз. Оқушылардан: “Жұлдыздар қандай заңды­ лықтарға бағынады?” — деп сұраңыз. Әңгіме бары­ сында оқушылар жұлдыздардың белгілі тәртіппен орналасатыны, аспан денелерінің қозғалысы соған байланысты болатыны туралы айтып бере алады.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Ерте замандағы адамдардың өмір салты. Көшпенділер.



Шоқжұлдызды құрастыр. Оқушылар “ғалам­ шар” сөзінің әріптерін тауып алып, жұлдыздарды ретімен жалғастыра алады. Тапсырманы­ орындау­ нәтижесінде оқушыларда Жетіқарақшы шоқжұлды­­ зының бейнесі (ожау) пайда болады.


Бағалау





  1. Оқушылар ғарыштың не екенін түсінеді.


Ғарышқа саяхат. Оқушылардан өздерін ойша ғарыштамыз­ деп елестетуді өтініңіз. “Айналадан не көріп тұрсыңдар?” — деп сұраңыз. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар өздерінің ғарыш ту­ ралы қиялдарының суретін салып бере алады. Оқу­ шылардың тақырыпты қаншалықты жақсы меңгер­­ генін білу үшін: “Айналада ауа бар ма? Шарлар ұша ала ма?” — деп сұраңыз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...