Сабақ тақырыбы: Кіріспе Мен зерттеушімін Күні : 05. 09

Loading...


бет7/9
Дата09.04.2020
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Демалыс үшін не қажет?

Демалыс үшін не қажет?

Мектеп: ЖНМ

Күні : 05.12




Мұғалімнің есімі: Көркем Қайрқызы

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:5


Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: адамның өсуіне және дамуына керек қажет­ тіліктерді анықтау;

Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.





Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.




Ресурстар:

оқушылардың жазғы демалысындағы фотосуре тері;

оқушының бір күнінің негізгі кезеңдері көр­ сетілген суреттер немесе жазуы бар тақтай­­ шалар;



доп;

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

ұйқының маңыздылығын түсінеді;

қысқамерзімді үзіліс кезінде, демалыс күндері және каникул уақытында қалай демалу қажеттігін біледі;

“Күн тәртібі” түсінігімен танысады және өзінің күн тәртібін құрастыра алады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адамдар демалудың маңыздылығын дұрыс ба­ ғаламайды. Балаларды дұрыс демалуға үйрету керек.
Мектептен шыққан соң бірден сабақ оқуға болмайды. Түскі астан кейін шамалы демалу керек, тек содан кейін үй тапсырмасын орындауға кірісуге болады.
Арасында үзіліс болу қажет. Әр жарты сағаттан соң он минуттық үзіліс жасап, іс-әрекетін өзгертіп отыру керек. Мысалы: қозғалу, тіпті ыдыс жуып, еден сыпыруға болады.
Демалыс кезінде баланың барлық уақытын диван­ да немесе компьютер алдында өткізбеуін қадағалау­ керек. Төменгі сынып оқушылары компьютер алдын­ да күніне 30 минуттан артық отыр­мағаны жөн. Оның орнына өз құрдастарымен бірге уақыт өткізіп, кітап оқып, қимылға құрылған ойындар ойнау пайдалы.

Бос уақытты отбасымен бірге өткізген дұрыс. Саябақта, хайуанат бағында серуендеп, ойын-сауық орталықтарына баруға болады. Ұйқының маңызын елемеуге болмайды. Таңертең ерте тұру үшін оқу­ шының сағат 22.00-ден кешікпей ұйықтауын ата-аналары қадағалауы керек. Жалпы, ұйқы 8 сағаттан кем болмауы тиіс. Күн тәртібі — ағзаның қалыпты қызметінің негізі. Ол уақыттың сағат бойынша дұрыс реттелуі: ұйқыдан тұру және түнгі ұйқы, тамақтану, жұмыс істеу және тынығу, дене жаттығуымен шұғыл­ дану, жеке бас гигиенасы және т.б. Күн тәртібін сақтамайтын адамдар өз денсаулығына зиян тигізеді.


Басқа жаққа қоныс аударғанда, жұмыс орнын ауыстырған кезде немесе жұмыс уақытын ауыстыр­ ғанда күн тәртібінде өзгерістер болуы мүмкін.

Алдын ала оқушыларға жазғы демалыс уақы­ тында түскен суреттерін әкелуді тапсырыңыз. Кей­ бір оқушыларға “Менің жазғы демалысым” атты презентация жасауды тапсыруға болады.

Кіріспе тапсырма. Фотосуреттерін немесе жазғы демалысының презентациясын көрсетуін сұраңыз­. “Қай уақытта адам демалу керек? (Көп жұмыс істегенде, шаршағанда.) Демалыс не үшін керек? (Күш жинау үшін.) Адам қалай демалады?” деген сұрақтар қойыңыз. Oқушылар: “Серуендеп, ойын-сауық орталықтарында демалуға болады” деп жауап беруі мүмкін.

Демалу. Оқушыларды топтарға бөліңіз. “Сендер мектептен келдіңдер. Үй жұмысын қалай және қашан орындайсыңдар?” деген сұрақ қойыңыз. Жауабын кішкене қойылым ретінде көрсетуін ұсыныңыз. Мектеп ауласында немесе сыныпта жеткілікті болатындай орын

Демалыс. Суретке назар аударыңыз. Сіз тұра­ тын аймақта қалай демалуға болады: отбасымен барып демалатын тау, орман, өзен немесе көл бар ма? Немесе саябақтар, хайуанат бағы, ойын-сауық орталықтары бар ма? Осыған байланысты оқушыларға демалыс немесе жазғы каникул уақы­ тында отбасымен қалай демалуға болатыны туралы кеңес беріңіз. Отбасымен бірге демалатын өзіндік

отбасылық дәстүрлері бар ма екен? Барлығы бірге қандай ойын ойнайды екен? Сол жайында сұраңыз. Барлық отбасы мүшелерімен бірге үстел үстінде ойналатын ойын ойнауға мүмкіндік болса, тіптен жақсы. Ойнау тәртібін түсіндіріп, оқушыларға топ­ пен домино ойнауға ұсыныс жасауға болады.

Ойлан!


“Ұйқысы қанбаған балалар мектепке бара жатыр (сабақта отыр, тақтада жауап беріп тұр және т.б.)” атты пантомима көрсетуін ұсыныңыз. Қысқаша сұрақ-жауап ойнауды ұсынуға болады:

Тапсырманы кім бірінші орындайды — сергек бала ма әлде ұйқысы қанбаған оқушы ма?

Жүз метрлік қашықтықты кім тезірек жүгіріп өтеді?

Кім жаңа тақырыпты тезірек меңгереді?

Оқушылар нешеде түнгі ұйқыға жатуы керек?

Оқушылар кемінде 8 сағат ұйықтау керектігін және сағат 22-ден кеш қалмай ұйқыға жатқан дұрыс екенін білуі керек. Ұйқы кезінде ағзаның жаңа күнге қажетті күш жинайтынын­ түсіндіруіңіз керек.

Жауабы:

Ұйқысы қанбаған оқушы сылбыр, тез шаршағыш, зейіні шашыраңқы болады. Кей жағдайда оқушы­ лар тіпті сабақ үстінде ұйықтап қалады.



Егер баланың ұйқысы үнемi қанбаса, өсуі нашар­ лайды, тәбеті бұзылады.

Күн тәртібі. Оқушылардан кім күн тәртібін сақтайтынын сұраңыз. Бұл сөздің мағынасын қалай түсінетінін нақтылаңыз. “Сабаққа байланысты дерек­ ті материалдарды” қолдана отырып түсіндіріңіз.



Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Отбасылық демалыс.


Сен білесің бе?
Оқушылардан қайсысы өздерінің көрген барлық түстерін есінде сақтайтынын сұраңыз. Әдетте ең қызықты түстер ғана есте қалатынын айтыңыз. Көр­ ген түстерінің ең жақсысының суретін салуға ұсыныс жасаңыз.
Оқушыларға алдағы жазғы демалысты елестетіп, қиялдап көруді ұсыныңыз. Олар оны қалай өткізгісі келеді? Осы сабаққа байланысты кейбір оқушылар өз ойын өзгертіп, белсенді отбасылық демалысты елестетуі мүмкін. Бұл тақырып бойынша сурет салуды тапсырыңыз. Сыныпты топтарға бөліп, сөз тіркестерін оқыңыз, ал топ мүшелері оның пайдалы не зиянды екенін айтып, түсіндіреді:

  1. егер бала жаттығу жасаса, …

  2. егер бала суға түсіп, күнге қыздырынса, …

  3. егер ол күн тәртібін орындаса, …

  4. егер ол таза ауамен тыныстамаса, …

  5. егер бала қолын жумаса, …

  6. егер бала уақытында тынықпаса, … .




Бағалау


Оқушылар күн тәртібін сақтаудың маңыздылы­ ғын түсінеді.

24-жұмыс парағы. Күн тәртібі.

Сенің күн тәртібің. Таңертеңгілік және күндізгі уақытқа қандай іс- әрекеттер тән екенін нақтылаңыз. Оқушылар өзінің күн тәртібіне сәйкес суреттерді бояйды. Бос ұяшықтарға суретте бейнеленбеген іс-әрекеттерді салады.

25-жұмыс парағы. Күн тәртібі.

Сен қалай демаласың? Бұл тапсырма алдың­ ғының жалғасы болып келеді.

Оқушылардың іс-әрекеттерді шатастырып ал­ мауын қадағалаңыз, мысалы, таңертең және күндіз­. Қалай демалған жақсы екенін нақтылаңыз.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Күш пен қозғалыс

Қозғалыс дегеніміз не?

Мектеп: жнм

Күні : 12.12




Мұғалімнің есімі: Көркем Қайрқызы

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 5


Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: әртүрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіру;




Оқушылардың басым бөлігі: қозғалыстың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтау;

Кейбір оқушылар: жасаған тәжірибесін түсіндіру.

Ресурстар:

өлшеуіш құралдар;

көлік бейнеленген ашықхат;

белгі беретін (сигналдық) парақшалар (қызыл, сары, көк);

жолақпішінді стикерлер.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

қозғалыс дегеніміз дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы екенін біледі. Ол үшін олар ойыншық мәшинелермен тәжірибелер жүргізеді;

мәшинелердің көлемі олардың жүріп өткен қашықтығына қалай байланысты екенін түсінеді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ұзындық — екі нүкте арасындағы қашықтық.
Орналасқан жері — нысан немесе дененің кеңістіктегі­ орналасқан жері.
Өзгеріс — кез келген қозғалыспен өзара әре­ кеттесу және бір күйден екінші күйге ауысу.
Қозғалыс — дененің кеңістікте және уақыт ара­ лығында бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыс­ тыруы.
Барлық денелер мен нысандар қозғалады. Адам заттар мен нысандардың бір нүктеден басқа нүктеге орын ауыстырып, қозғалуын көруге қабілетті.


Терезеге қара. Оқушыларға бірнеше минут терезенің арғы жағындағы қозғалыстағы заттарды бақылауды ұсыныңыз. Таймерді немесе түрлі ды­ быстық­ (музыкалық) сигналдарды пайдалану ар­ қылы алдын ала уақытқа шектеу қойыңыз. Оқу­ шылардан: “Терезенің арғы жағындағы қандай нысандар қозғалды? Олар қалай қозғалды?” — деп сұраңыз. Жанды ағзаларға тән белгілерді тізіп шығуын өтініңіз. Оқушылар барлық жануарлар, адамдар және өсімдіктер де қозғалатынын, бірақ олардың қозғалысы әртүрлі болатынын түсінулері керек. Олардан “Жансыз заттар қозғала ма?” — деп сұраңыз. Оқушылардан бір-бірінің қозғалысын бақылауды өтініңіз.
Ажырат. Денелер мен заттар қалай қозғала­ тынын тағы бір рет нақтылаңыз. (Кейбірі өздігінен, ал басқалары — күш түсіру әсерінен.) Адамдар мен жануарлар қалай қозғалады? (Жүгіреді, секіреді, жүреді, бауырымен жорғалайды.) Жансыз денелер қозғалуы үшін не істеу керек? (Итеру немесе тарту керек.) Суреттегі денелердің қайсысы өздігінен қозғала алады? (Негеш пен мысық — жанды ағза­ лар.) Ойыншық мәшине қалай қозғалады? (Оны итеру керек.) Арба қалай қозғалады? (Итеру немесе тарту керек.) Шана қалай қозғалады? (Тарту керек.) Итеріп жібергенде қозғалатын денелерге мысал келтіруді тапсыруға болады.

Өлше. Зерттеу кезіндегі Ахметтің және оқушы­ лардың мәшинелерінің жүріп өткен қашықтығын салыстыруды өтініңіз. Математикалық салыстыру белгілерін пайдаланып, нәтижені жазуды ұсыныңыз. Кімнің мәшинесі ең ұзақ қашықтыққа жүрді? Неге олай болғанын ойлансын. Олардың болжамдарын тыңдаңыз. Жауап алу үшін келесі тапсырманы орын­ дау керек.
Ойлан. Негештің және оқушылардың мәшине­ лерінің мөлшеріне назар аудартыңыз. Егер төбе­ шіктен үлкен жүк мәшинесі мен жеңіл мәшинені бір мезетте жіберсе, қайсысы ұзақ қашықтыққа жүретінін сұраңыз. Оқушылардың барлық болжам­ дарын тыңдаңыз. Шындығында дене неғұрлым­ ауыр болса, соғұрлым алыс қашықтықты жүріп өтеді. Шатаспас үшін одан әрі нақтылау қажет. Осы тәжірибені практикада тексеру үшін сыныпта жасап көруге болады.
Сен білесің бе?
Ең ұзақ түзу жол туралы айтып беріңіз. Оқушы­ ларға көздерін жұмып, осындай автострадада мәшинемен­ келе жатқанын елестетуін тапсырыңыз. Олардан нені сезгенін сұраңыз. Осындай жолда жүру жайлы ма? Оны сипаттап берсін. Осыдан кейін суреттерді көрсетіңіз, шындығында, осындай жолдар көңілсіз болып саналады, себебі жол жие­ гінде әдемі көрініс те, қалалар да жоқ.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Ұзындықты өлшеу. Тәжірибелік жұмыс кезінде оқушылар ойыншық мәшиненің жүріп өткен қашықтығын белгілейді, салыстырады.


Үш мәшине. Саралап оқыту мақсатында оқу­ шыларға ойыншық мәшинелердің жүріп өткен қа­ шықтығын өлшеуді ұсыныңыз. Оқушылар алынған өлшеу нәтижесін салыстырып, қорытынды жасай алады.


Жауабы

Мәшине неғұрлым ауыр болса, соғұрлым ұзағы­рақ жүріп барып тоқтайды.

Бағалау


Оқушылар көрсетілген тәжірибені түсіндіре алады.

Арақашықтық. Оқушылар зерттеу жұмысы­ ның нәтижесі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәшинемен тәжірибе жасап, тапсырмаларды орын­ дай алады. Жұмыс барысында тәжірибе кезеңдерін­ нақтылаңыз, мәшиненің жүріп өткен қашық­тығын қалай өлшеуге болатынын сұраңыз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...