Сабақ тақырыбы: Кіріспе Мен зерттеушімін Күні : 05. 09

Loading...


бет6/9
Дата09.04.2020
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Адам қалай есейеді?

Мектеп:

Күні : 19.12




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;










Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарды зерттеудің маңыздылығын түсіну.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

оқушылар өмірінің түрлі кезеңдерінің фото­ суреттері;

адам өмірінің түрлі кезеңдеріне арналған заттар, мысалы, тамақтандыруға арналған бөтелке, кішкентай пирамида, қаламсауыт, сылдырмақ, үлкен текше, картон кітап;

фломастер, шытыра моншақ, мата қиындысы, бау.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. адамның өсу кезеңдерімен танысады;

  3. адамның есеюі арқылы өзгеретінін біледі, салыс­ тырады;

  4. үлкенді сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адам өмірі көптеген кезеңдерден тұрады.
Сәби (1 жасқа дейін) — бұл кезеңде адам қор­ шаған әлеммен таныса бастайды. Оған ерекше тамақ қажет, ол — ана сүті, арнайы қоспалар.
Ерте балалық шақ (шамамен 1 жастан 4 жасқа дейін) — бала көп затты басқа адамның көмегінсіз істеуге тырысады.
Мектепке дейінгі балалық шақ (шамамен 6—7 жасқа дейін) — негізгі әрекеті ойын болып табылады. Ойын арқылы бала қоршаған әлемді таниды.
Мектеп жасы (кіші мектеп жасы) (шамамен 11— 12 жасқа дейін) — негізгі әрекеті оқуға ауысады.
Жасөспірімдік кезең (шамамен 15 жасқа дейін) — адам әлеуметтік ортада өз орнын біледі.

Жастық шақ (шамамен 19 жасқа дейін) — адам өзінің болашақтағы мамандығы туралы ойланады, таңдайды.
Кемелдену кезеңі — адам еңбек етеді, тұрмыс құрады, мансапқа жету жолдарын қарастырады.
Қарттық шақ — адамның өсуі тежеледі, бел­ сенділігі төмендейді.
Қазіргі уақытта ересектік пен қарттықтың шегін ажырату қиын. Қалыптасқан пікірлерге қарамастан барлық қарт адамдар жиі ауырмайды, жүре алмай қалмайды­. Қарт адамдардың ішінде денсаулығы мықты, жүрістері қалыпты, өзін жақсы сезінетін адамдар да бар. Саламатты өмір салтын ұстанатын адамдарда сергектік сезімі ұзақ сақталады

Сенің інің немесе қарындасың (сіңлің) бар ма? Олар туралы айтып бер.

Сен қалай өстің?

Суреттерді салыстыр.

Өзіңнің кішкене кезің есіңде ме?

Сен өсіп келе жатқанда қалай өзгердің?
Сен дүниеге келдің, сәби болдың. Одан әрі сенің балалық шағың басталды. Қазір сен оқушысың.

Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға не керек?

Суреттердің көмегімен өсіп, дамыған кезеңдеріңде саған не қажет болғанын есіңе түсір.

Тағы қандай заттарды қосуға болады?

Кіші мектеп жасынан кейін жасөспірімдік кезең, одан кейін жастық шақ, кемелдену кезеңі, қарттық шақ келеді.



Есте сақта!

Бала сәбилік, балалық шақта және жасөспірімдік кезеңде тез өседі. Жастық шақта өсіп-жетіледі. Кемелденген және қартайған шағында адамның өсуі тежеледі.

Зерттейік. Оқушылар жұмысты топпен жалғас­ тырады. Зерттеу бірнеше кезеңде өтеді.

Нұсқау


1-кезең. Бастапқыда мұғалім сұрақ қояды, топ мүшелері ақылдасып, дәлелмен жауап береді. Әр топқа атасын немесе әжесін қосуға болады.

Сұрақтар:

— Кім жүз метрлік арақашықтықты тез жүгіріп өтеді: атасы ма әлде немересі ме?— Адамдар кімнен ақыл сұрайды: әжесінен бе әлде немересінен бе?

— Кім тауға тез көтеріледі: атасы ма әлде немересі ме?



Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар





Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға не керек?

Мынадай сұрақ қойыңыз: Сәби қалай тамақтанады? Оған не беру керек? Қандай ойыншықтар керек? Содан кейін оқушыларды топқа бөліңіз. Әр топқа бірнеше заттан алуды сұраңыз, мысалы, тамақ­ тандыратын бөтелке, қаламсауыт,­ сылдырмақ, текше және т.б. Алған заттарын­ өмірінің кезеңдеріндегі қажеттілігіне байланысты­ төрт топқа бөліп, таң­ дауының себебін түсіндіруін сұраңыз.

Жауабы:

Сәбилік шақ: тамақтандыратын бөтелке, сыл­ дырмақ ойыншық.

Ерте балалық шақ: текше. Мектепке дейінгі кезең: кітап. Оқушы: портфель.

Бағалау


Оқушылар өмір кезеңдерінің ретін біледі.

Отбасы. Оқушылар кестедегі бағандарға өз­ дерінің отбасы мүшелерін өмір кезеңіне сәйкес орналастырады. Ал кейбіреуі отбасы мүшелерінің атын және жасын ғана жазып қоймай, оларды жасы­ ның өсу ретімен жаза алады.

Оқушылар кезеңдердің жастық ерекшеліктерін біледі (балалық шақ және қарттық шақ).

Атасы мен немересі. Оқушылар бір түспен атасы немесе немересі орындай алатын іс-әрекетті бояйды. Тапсырманы мұқият және қатесіз орындаған оқушыны мақтаңыз.

Жауабы

Немересі: жүгіру, секіру, велосипед тебу, ағашқа өрмелеу.



Атасы: оқу, ертегі айту, жазу, табыс табу, естелік айту.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Мектеп

Күні : 26.11




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: адамның өсуі және дамуы үшін керек қажет­ тіліктерді анықтау;




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсін­ діру;

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

тамақтану пирамидасы салынған плакат;

“бос” тамақтану пирамидасы бар парақтар;

оқушылардың алдын ала дайындаған азық-түлік тізімі (бір күн бойы жеген тағамдары). Интернет-ресурстар:

Қазақтың ұлттық тағамы туралы бейнефильм, мысалы, http://www.youtube.com/ watch?v=nZH30H-gq-I.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

қандай азық-түліктің денсаулыққа пайдалы еке­ нін және олардан қандай тамақ әзірлеуге бола­ тынын түсінеді;

дұрыс тамақтану ережесімен танысады;

қазақтың ұлттық тағамдарының атауларын біледі.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Тамақтану пирамидасы — дұрыс тамақтану­
дың негізгі қағидаларының сызбалық көрінісі. Ол Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінде америка­­ лық диетолог Уолтер Виллеттаның жетекшілігімен құрастырылған.
Пирамиданың төменгі жағында тамаққа жиі қол­ данылатын азық-түліктер, ал төбесінде шектеулі­ мөлшерде қолдануға тиісті азық-түліктер орналас­­ тырылған. Кейіннен Азия, Жерорта теңізі мемле­ кеттері мен ет тағамдарын жемейтіндерге арнап тамақтану пирамидасын жасады.
Шұбаттың құрамында кальций және фосфор микроэлементтері, А, В, С дәрумендері бар. Құра­ мында жоғарыда аталған пайдалы заттары бар құртты жылдап сақтауға болады. Ерекше құрамға ие

қымыз өкпе ауруларын және кейбір асқазан ауру­ ларын емдеуге көмектеседі.Таңғы асқа балаға жұмыртқа, картоп, макарон, ботқа тағамдарын дайындаған дұрыс. Оған қоса жеміс, көгөністің де пайдаcы зор.



Оқушыларға алдын ала ұлттық тағам түрлерін алып келулерін тапсыруға болады: қазақ, орыс, украин және т.б. Санитарлық-гигиеналық талап­ тардың орындалуын қадағалауды ұмытпаңыз.
Кіріспе тапсырма. Оқушылардан олардың отбасындағы сүйікті тағамдарды естеріне түсіру­ лерін сұраңыз. Сосын мынадай сұрақтар қойыңыз: Отбасылық мерекелер қалай өтеді? Қандай тағамдарды сүйіп жейсіңдер? Кім аналарына ас әзірлеуге көмектеседі? Ол үшін не істейсіңдер? Не үшін тамақтану керек?
Дастарқан. Оқушылардың назарын суретке аударыңыз. “Тағамдарға назар аудар. Олардың ішінде­ қайсысы саған таныс? Қандай азық-түлік­ терден дайындалған? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесің?” — деген сұрақтар қойыңыз. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы бейнефильм көрсетіңіз. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқта­ лып өтіңіз. Оқушылардың негізгі тағамдардың атау­ ларын білуі маңызды: ет асу, бауырсақ, қазы, шұжық, қымыз.
Алып келген тағамдар арасында жоғарыда атал­ ғандар болса, балаларға ауыз тиюге беріңіз (aлдын ала оқушылардан қандай тағамға аллергиясы бар екендігін, қандай диетаны ұстанатынын анықтау қажет). Оқушыларды топтарға бөліп, “Дастарқан басында” атты қойылымды ойнатуға болады. Егер оқушылар әңгімелесу барысында өз үйлерінде ұста­ натын дәстүрлермен бөліссе, жақсы болар еді.
Қалай дұрыс тамақтану қажет? Төмендегі сұ­ рақтарды тақтаға жазып қойыңыз.

  1. Күніне неше рет тамақтану керек?

Мөлшері қандай болу керек?

Қай уақытта тамақтанған дұрыс?

Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс?

Топпен талдап, ой-пікірлерін білдірулерін ұсы­ ныңыз.

Жауабы:

Дастарқанда шұжық, қазы, бауырсақтар, шелпек­ тер, жаңғақтар, жеміс-жидектер.



Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы: 8.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы.

Дастарқан

Суреттегі барлық тағам түрлерін ата. Сен олар туралы не білесің? Қалай дұрыс тамақтану керек



Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Дүниетану. Отбасын-дағы дәстүрлер.

Оқушылардан басқа ұлттардың тағамдары туралы не білетіндерін сұрап көріңіз. Қазақтың ұлттық тағамдарымен салыстыру жүргізіңіз. (Мы­ салы, өзбектің және қазақтың палауы, бауырсақ пен орыстың домалақ наны және т. б.)

Аспаз болып көр. Оқушылар үш күнге арналған таңғы ас мәзірін құрастырады. Олар таңғы астың бірінші күніне қажет азық-түліктерді — көк түспен, екінші күндікін — жасыл түспен, ал үшінші күндікін — қызыл түспен қоршап сызады.

Бұл тапсырма шығармашылықпен орындалады және оның әртүрлі жауаптары болуы мүмкін. Тағам дайындау үшін оқушының қандай азық-түлік түрле­­ рін таңдағанын бақылаңыз.

Жауабы:

Берілген азық-түліктерден: күріш ботқасын, қара­ құмық ботқасын, сүзбе қосылған нан, уыздық, омлет, жеміс-жидек салаты, сарымай жағылған бутерброд дайындауға болады. Сусын: шырын, сүт, сүт қосылған­ какао. Қант ботқа мен какаоға қосу үшін қажет.

Бағалау


Оқушылар қандай азық-түліктен жасалған та­

ғамдар пайдалы болатынын түсінеді.

Әжеңе көмектес. Оқушылар тек пайдалы азық-түліктерден дайындалған тағамдарды бояйды. Тағамдарды­ дұрыс бояған оқушыларды анықтаңыз. Егер оқушылар неліктен дәл осы тағамды таңдағанын түсіндірсе, жақсы болады. Осы тапсырманы орындай алмаған оқушыларға көмектесіңіз.

Жауабы:

Жеміс, көгөніс, піскен ет, қымыз, шырынды бояу керек.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...