Сабақ тақырыбы: Кіріспе Мен зерттеушімін Күні : 05. 09

Loading...


бет5/9
Дата09.04.2020
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ОІМ: ___________




Сабақ тақырыбы:

Адамдар жануарлардан не алады?




Күні : 24.10







СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:5

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: жабайы жануарларды үй жануарларынан ажыратуды үйрету;




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

жүн мен мамықтан жасалған бұйымдар;

ыдысқа құйылған сүт өнімдері: сүт, шұбат, мүмкін­ дік болса, қымыз немесе олардың суреттері;

үй және жабайы жануарлардың белгілері бар үлестірмелі парақшалар.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

қандай жануарлар үй жануарларына жататыны туралы білімдерін дамытады;

үй жануарларынан және үй құстарынан алына­ тын өнімдерді біледі;

қымыз, шұбат, құрт сияқты ұлттық сүт өнімдерімен танысады;

бақылау, талдау және түйіндеу дағдыларын жетілдіреді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Үй жануарларының адамға пайдасы көп. Сиыр­-дан сүт, ет, тері алынады.
Жылқы адам үшін жақсы көлік қана емес, сонымен қатар ол қымыз деп аталатын шипалы сүт береді. Тауық, қаз, үйректен ет, жұмыртқа, мамық алынады. Қойдан — ет пен жүн; ешкіден — ет, сүт, түбіт алынады. Түйе өте пайдалы сүт береді. Одан шұбат деп аталатын сусын жасалады.
Қалада жануарлар адамдармен бірге пәтер­­ лерде тіршілік ететіндіктен, адамдар тек өздері үшін ғана емес, сонымен қатар олар үшін де жауапты екенін сезінеді. Осы жауапкершілік баланың бойында барлық тіршілік иесіне деген мейірімділік, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерін ұялатады.

Сөйтіп, адам үй жануарларына қарау арқылы мейі­ рімді және қамқор болуға үйренеді.


Шұбат — бұл түйенің сүтінен жасалған қышқыл сусын. Ол ақ түсті, майлы және қою болады.
Қымыз — бие сүтін ашытып жасайтын, сергіт­-кіш, қышқылтым сусын.
Құрт — тұзды сүт өнімі.

Адам жануар етін, сүті мен жүнін пайдаланады. Түйе сүті — шұбат, ал жылқы сүті — қымыз деп аталады. Олар — пайдалы сусындар. Сиыр мен қой сүтінен май, құрт және ірімшік жасайды.

Жануардың жүні мен терісінен киім, аяқкиім тігеді.

Үй құстары

Сен жұмыртқа қосылған

тағамдарды ұнатасың ба?

Жұмыртқаны қайдан алады?

Қандай үй құстарын біле­сің?

Құстардан тағы не алынады?


Кіріспе тапсырма.
Басқа нұсқаны ұсынуға болады. Топтағы оқу­-шылар мұғалім ұсынған үй және жабайы жануар­ лардың белгілері бар үлестірмелі парақшаларды­ таңдайды.
Үй жануарлары
адамның жанында тіршілік етеді; адам оларға қора, үйшік салады; оларды қоректендіреді; оларды күтеді; төлдеріне қамқор болады.
Жабайы аңдар

орманда мекен етеді; суқоймада тіршілік етеді; тауда мекендейді; далада мекендейді; өзін-өзі қорғайды; өзін-өзі емдейді;


өздері төлдеріне қамқорлық жасайды; өздері қорек табады; өздері ін қазып, үңгірлерді мекендейді.

Адамдар және жануарлар. Анасы не сатып алды? Өнімдер қайдан алынaды? Адамдар жануарлардан қандай азық-түлік өндіреді? Азық-түлік өнімдерінен басқа жануарлардан тағы не алынады? Кім шұбат, қымыз ішіп көрді? Шұбатты, қымызды немесе құртты қалай жасайтынын көр­ гендерің бар ма? Тапсырма барысында aуылдың қаладан айырмашылығын нақтылауға болады. “Не себепті ірі үй жануарларын қаланың пәтерінде емес, ауылда асырайды?” — деп сұраңыз.
Үй құстары. Оқушылардан “Кім жұмыртқаның ақуызын жақсы көреді? Жұмыртқадан тағы қандай­ ас әзірлеуге болады?” — деп сұраңыз.
Зерттейік. Оқушылардың назарын алдын ала дайындалып қойған, олар күнделікті қолданатын­ азық-түліктерге аударыңыз. Егер азық-түліктер­ болмаса, суреттер көрсетуге болады. Зерттеуді шағын топтарда жүргізген ыңғайлы. Әр топ адамға өнімдер немесе азық-түлік беретін жануарларды жазып, төрт бағаннан тұратын кесте әзірлейді (немесе мұғалімнен алады). Оқушылар әкелінген бұйымдарды қарап, бұл өнімнің қай жануардан алынғанын анықтап, кестенің сәйкес бағанына жазады. Олар “адам үй жануарларынан өте көп бұйым алады” деген қорытындыға келулері керек.
Үйде ұстайтын жануарлар. Оқушылардың назарын дүкеннің­ қасында орналасқан көпқабатты үйге аударыңыз­. Кейіпкерлерді мұқият қарасын. “Негеш не істеп жатыр? Эврика не істеп жатыр? Адамға тотықұс, мысық, аквариум балықтары қандай пайда әкеледі?” деген сұрақтарға жауап ала отырып, оқушыларға жануарлардан азық-түлік пен киім жасайтын өнім (жүн, тері, мамық) алып қана қоймай, оларға қамқорлық жасау (емдеу, қоректендіру, қарау) керектігін түсіндіріңіз. Кімнің үйінде осындай жануарлар барын сұраңыз.
Ойлан!

Балалар арасында үйде тіршілік ететін жануар­ лар ғана үй жануары деп аталады деген түсінік қалыптасқан.


Келтірілген мысал арқылы оқушылар үй жануар­ ларына қайсысы жататынын талдайды.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Ауыл — қала ұғымдары. Музыка. “Үй жануарларының хоры” ойыны.


“Үй жануарларының хоры” ойыны. Сыныпты төрт топқа бөліңіз. Бірінші топ — сүт беретін жануарлар; екінші — үйде ұсталатын жануарлар; үшінші топ — жұмыртқа беретін, ал төртінші топ — қымыз беретін жануарлар.

Ойынды былай бастаңыз: “Тек сүт беретін жануарлар әндетеді (ме-ме-ме, мө-мө-мө-му)”. Әрі қарай үйде ұстайтын жануарлар әндетеді. Содан кейін жұмыртқа беретін жануарлар, соңынан тек сусын беретін жануарлар әндетеді.

Кесте. Бұл тапсырманы орындауды зерек оқу­ шыларға ұсынуға болады. Оқушының міндеті — қажетті сөздерді пайдаланып, кестені толтыру. Алдымен жануардың тұратын мекенін, содан соң одан алынатын өнім түрін таңдап алсын. Оларға кейбір сөздердің қайталануы мүмкін екенін айтыңыз.

Жауабы:

СИЫР: сиырқора, сүт, ет. ЖЫЛҚЫ: атқора, қымыз, ет. ҚОЙ: қойқора, жүн, ет.

ТАУЫҚ: күрке, жұмыртқа, мамық, ет. ТҮЙЕ: түйеқора, шұбат, ет.

Бағалау


Оқушылар адамның үй жануарларынан қандай өнімдер алатынын түсінуі тиіс.

Адамдар жануарлардан не алады? Бұл тап­ сырманы оқушылар өз бетінше орындауы керек. Тапсырманы орындау кезінде оқушылардың тақы­ рыпты қаншалықты меңгергендігін сырттай бақы­ лаңыз.

Жауабы Бояйды: жұмыртқа, сүзбе, қымыз, құрт, шұбат, сүт,

қаймақ, шұжық.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Мектеп:

Күні : 05.11




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: жануарлардың жыл мезгілінің ауысуына бейім­ делуін түсіндіру;




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. жыл мезгілдері, өрістейтін, ұйқыға кететін, қор жинайтын жануарлардың суреттері бар үлестір­­ мелі парақшалар;

  2. жаңғақтар, бүрлер, тұқымдар, дәндер, нан, сорпа, кәмпиттер (кейбірінің суреттері).

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. жануарлар жыл мезгілінің ауысуына қалай бейімделетінін білетін болады (қысқы ұйқыға кетеді, қысқы қор жинайды, өрістейді);

  3. жыл құстарымен, қыстап қалатын құстармен (бұлдырық, көкшымшық, шұбаршымшық, сұр тырна, сарыайдар үйрек) танысады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер

Жылдың әрбір мезгілі жануарлардың тіршілігіне өзінше әсер етеді. Жаздың соңы мен күздің басында тиіндер, тышқандар, боршатышқандар, аламандар қысқа қорек дайындайды. Аюлар, сарышұнақтар, борсықтар, кірпілер қысқы ұйқыға кетеді, оған дейін олар еселеп қоректенеді. Жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі — күрделі биологиялық үдеріс. Қыста суық кезде және азықтың жоқ кезінде жануарлардың күш-қуат шығынын азайту үшін дене температурасы төмендеп,­ жүректің соғу жиілігі баяулайды.
Кейбір жануарлар өрістейді. Өрістеу — бұл жануарлардың алыс қашықтыққа маусымдық қоныс өзгертуі. Албырт балығы уылдырық шашу үшін жылы суға кетеді. Негізінен, маусымдық қоныс өзгерту құстарда жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының аумағында миллиондаған суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстар, сондай-ақ ұшып өтетін құстар ұя салады.

Сабақ барысында оқушылар құстардың бірнеше түрін білетін болады.


Көкшымшық. Адамдар тұратын жерде тіршілік етеді, қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады.

Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйрек­ терінің қатарына жатады. Салыстырмалы түрде мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Сол­ түстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы.
Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екі жағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы.
Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей. Жыл құсы. Арқасы қоңыр, құйрық үсті сары жасыл­. Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті.
Сұр тырна. Түсі көбінесе сұр. Мойнының асты сұр. Бұл құстардың салмағы 3 кг-дан 6 кг-ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы.

Аюлар, борсықтар, кірпілер қыста азық таба алмайды. Сондықтан­ олар қыста ұйқыға кетіп, көктемде оянады.Есте сақта!

Күзде жануарлар қысқа дайындалады: қор жинайды, жылы жаққа қоныс аударады, ұйқыға кетеді.


Кіріспе тапсырма. Кезекпен күзден бастап, түрлі жыл мезгілдері бар үлестірмелі парақшаларды көрсетіңіз. Оқушылар әрбір жыл мезгілінің ерек­ шеліктерін (белгілерін) атауы керек.
Азық қоры. Тағы бір рет қыстың жаздан қалай ерекшеленетінін нақтылаңыз. “Жануарлар қыста да жаздағыдай тіршілік ете ала ма?” деп сұраңыз. “Жоқ, себебі шөп, жәндіктер жоқ әрі суық”. Тиін қысқа қалай дайындалады? (Қор жинайды.)
Оқушылардан қор жинайтын тағы қандай жа­-нуарларды­ білетінін сұраңыз (aралар, борсықтар, аламандар,­ сұр тышқандар).
Зерттейік. Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Әр топқа жем үлгілерін (немесе солардың сурет­ терін) таратыңыз, адам немесе жануарлар қорек­ тенетін азық-түліктерді қосуға да болады (ет, нан, шырын т.б.). Қысқа қор жинайтын жануарларды атап, жазып алуды тапсырыңыз (тиін, тышқан, aралар, борсық, құндыз, боршатышқан, аламандар). Оқу­-шылар әр жануардың ұсынылған үлгілердің ішінен қайсысынан­ қор жинайтынын анықтап, артығын алып тастасын. Олардың талқылауы: тиін жәндіктермен де қоректенеді, бірақ оны қысқа сақтау мүмкін емес, ол нанды да жейді, бірақ табиғи жағдайда оны табу қиын деген бағытта өрбігені абзал. Әр топтың нәтижесін салыстырыңыз. Олар өз таңдауын түсіндірсін. Содан кейін “Олар қорларын қай жерде сақтай алады?” — деп сұраңыз (көбінесе індерінің бір тармағындағы арнайы қоймаларда, аралар — омартада).
Құстар. Оқушылардың назарын құстардың суреттердегі атауларына аударыңыз. Олардың кейбірі оқушыларға таныс болмауы мүмкін. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып,

олар туралы айтып беріңіз. “Құстардың бұл тобы қалай аталады? Қыстап қалатын құстарға қалай кө­ мектесуге болады?” (Қосымша жем беру.)



Орман жануарлары. Оқушылардың жануар­ лардың қысқы ұйқыға кетуі — бұл жай ұйықтау емес, олардың ағзасының үнемдеу режіміне­ ауысуы екенін түсінгені маңызды. Ұйқыға кететін жануарлардан басқа қорегін қыста табатын­ жануарлар да бар. Екі қатардағы суретті салыстыруды­ тапсырыңыз. Бұлардың әрқайсысы қалай қоректенеді? Қасқыр мен түлкі — жыртқыш­тар­. Олар қыста қорек таба алады. Бұлан — бұтақтармен және қабықпен қорек­ тенеді. Қоңыр аю, борсық, кірпі қысқы ұйқыға кетеді.

Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Музыка, дүниетану.

Сен білесің бе?

Суыр өмірінің басым бөлігін ұйқымен өткізеді. Біздің елімізді мекендейтін суырлар тамыздың соңында ұйқыға кетіп, наурыздың басында оянады.



Шешуін тап. Кез келген тәртіпте сабақтың деректі материалын пайдалана отырып, сұр тырна, шұбаршымшық, сарыайдар үйрек, бұлдырық сияқты құстардың сипаттамасын оқыңыз. Оқушылар беріл­ ген тәртіпте торкөзге қажетті санды қояды.

Бағалау


Оқушылар жануарлардың жыл мезгіліне сәйкес бейімделуін білетін болады.

Қысқы орман. Оқушылар қысқы ұйқыға кететін жануарларды бояйды.

Жауабы:

Ұйқыға кететін жануарлар: аю, сарышұнақ, борсық. Қыстап қалатын жануарлар: бұлан, түлкі, тышқан, тиін, қасқыр.



Қысқа дайындық. Оқушыларға суреттерді сәйкес сөздермен байланыстыруды тапсырыңыз: азық қорын жинау, өрістеу, ұйқыға кету. Содан кейін суреттерді бояйды.

Егер оқушы тапсырманы қатесіз орындаса, онда тақырыпты жақсы түсінгені. Егер қате жіберсе, онда қай топтарды ажыратудан қателік кеткеніне назар аудару қажет.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Адам Адамның дене мүшелері

Мектеп:

Күні : 15.11.19




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-Г

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау


Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: адамның негізгі дене мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атау;




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

дене мүшелерінің атауы жазылған кестелер;

үлкен көлемдегі ватман парағы..

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

негізгі дене мүшелерін анықтау және ажырату икемділіктерін жетілдіреді;

суреттердің көмегімен оларды атайды;

қолдың және аяқтың бөліктері қалай аталатынын білетін болады;

дене мүшелерінің атқаратын қызметін анық­ тайды.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер

Адам денесі бес бөліктен тұрады: бас, мойын, тұлға, жоғарғы бөліктер (қол), төменгі бөліктер (аяқ). Әрбір бөлікте бөлімдерді ажыратады: баста — ми және беттік; тұлғада — арқа, кеуде, іш және жамбас; қолда — иық, шынтақ, білек, білезік және саусақтар; аяқта — сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар.

Әр бөлік өзінің қызметін атқарады. Баста ми, тұлғада жұлын орналасқан. Мойын бастың қоз­ ғалуын қамтамасыз етеді және бас пен тұлғаны байланыстырады. Аяқ — негізгі тірек мүшелерінің бірі.

Қол шынтақта бүгіле алады. Бұл оның жақсы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар амплитудасын және қызметін жоғарылатады. Қол­ дың көмегімен адам түрлі іс-әрекеттер жасай алады.

Паралимпиада. Мүмкіндіктері шектеулі адам­ дарға арналған халықаралық деңгейдегі спорттық

жарыс. Олимпиададан кейін өткізіледі.

Адамның қандай дене мүшелері бар

Ойлан

Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?



Біздің денеміздің қызметі

Дене мүшелері не үшін қажет?

Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады?

Сен білесің бе?

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!


Кіріспе тапсырма. Оқушыларға мынадай тап­ сырмаларды орындауды ұсыныңыз: секіру, жүгіру, бір жақтан екінші жаққа иілу, басты алға-артқа айнал­ дыру, үстел үстінен кез келген затты алу. Қай дене бөліктері оны істей алады? Сабақтың осы кезеңінде олар тек адамның дене бөліктерін атап өту керек.

Сұлбалар. “Бейнелеу өнері” сабағында өткен “сұлба” терминін еске түсіріңіз. Сұлба — ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынған заттың бейнесі. Суретке назар аударыңыз. Мынадай сұрақтар қо­ йыңыз: “Қай суретте Эвриканың бейнесі салынған?” (Шаш және киім үлгісі бойынша.) Әрбір сұлбаға назар аударыңыз. Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анық­ тауға бола ма деп нақтылаңыз (билейді, бокспен шұғылданады, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр). “Бұған қандай дене мүшелері қатысады?” (Аяқ және қол қимылы, бас бұру, дене иілуі.) Оқушыларға бұл қимылдарды қайталауын ұсыныңыз. Ойын ойнатуға болады: оқушылар кезекпен шығып кез келген мамандыққа немесе спорт түріне сәйкес келетін дене қалпын көрсетеді, ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табуы керек. Аяқтау үшін тағы да дене мүшелерін атап өтіңіз: бас, мойын, тұлға, қол, аяқ.

Қол. Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарап және жұппен оның бөліктерін анықтап көруін ұсыныңыз. Сосын әр бөліктің атын білу үшін оқулықтағы суретке назар аударыңыз. Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығуды ұсынуға болады. Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама- қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алатынын айтыңыз.

Аяқ. Оқушылардың назарын буындардың қоз­ ғалғыштығына, аяқ басындағы башпай санына ауда­ рыңыз. Аяқтың негізгі бөліктері қалай аталатынын айтыңыз. Оқулықтағы аяқтың барлық бөліктері (сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар) көрсетілген суретке назар аударыңыз­.

Аяқтың осы бөліктерін нығайту үшін бірқатар дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады. Санға: отырып-тұру және алға қарай ұмтылу. Жілін­ шікке: жүгіру және аяқ ұшымен жүру. Табанға: аяқ басын айналдыру. Орындау барысында аяқтың тап сол бөліктеріне қалай күш түсетініне және қалай жұмыс істейтініне назар аударуын сұраңыз.

Зерттейік. Сыныпты алты-жеті оқушыдан тұра­ тын топтарға бөліңіз.


Әр топқа оқушының бойы толығымен сыятын ұзындықтағы­ қағаздан таратып беріңіз.

Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдар жайлы айтқанда, Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде қазақстандық Қабира Асқарова және Александр Колядин туралы айтыңыз. Бұл адамдар мақсатқа жетуде батылдық пен табандылықтың үлгісі болып табылатынын айтып өтіңіз.



Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Сұлба түсінігі.

Дене шынықтыру. Жаттығуды орындау: иілу, отырып-тұру, айналу



Кімнің сұлбасы? Бұл тапсырманы жекелеген оқушыларға орындауды ұсыныңыз. Олар тапсыр­­ мадағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен қоршап қоюы керек.

Жауабы:

балерина, зілтемірші, боксшы, саңырауқұлақ те­ руші, шаңғышы, оқушы.

Қол немесе аяқ. Оқушылар кестені толтыра алады. Оқи алмайтын оқушыларға көмектесіңіз. Өз­ ара тексеруді ұйымдастырыңыз. Ол үшін оқушылар­ кестеде көрсетілген барлық жаттығуларды орын­ дайды.

Бағалау


Оқушылар адамның дене мүшелерін біледі.

Адамның дене мүшелерін олардың атауы­ мен біріктір. Оқушылар адамның дене мүшелерін

олардың атауымен байланыстыра алады. Оқи алмай­­ тын оқушыларға­ көмектесіңіз.

Тапсырманы орындау барысын қадағалап, тап­ сырманы тез және қатесіз орындауға назар ауда­ рыңыз. Әрбір дене мүшесі бір атаумен байланыс­­ қанын ескертіңіз.

Адамның қанша дене мүшесі бар? Оқушылар әр суреттің жанына адамның­ дене мүшесінің санын жаза алады. Сандарды жаза алмайтындарға көмек­ тесіңіз. Егер оқушы дене мүшесінің санын анықтауға қиналса, сол дене бөлігін өзінен тауып санауына болады. Тапсырманы күрделендіру мақсатында­ жаза алатын оқушыларға әрбір суреттің атауын жазуға ұсыныс жасаңыз.

Жауабы:


қол — 2; аяқ — 2; бас — 1; мойын — 1; көз — 2, мұрын — 1.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...