Сабақ тақырыбы: Кіріспе Мен зерттеушімін Күні : 05. 09

Loading...


бет4/9
Дата09.04.2020
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ОІМ: ___________




Сабақ тақырыбы:

Жануарлар — тірі ағзалар




Күні : 17.10.

Мұғалімі: Көркем Қайрқызы

Мектебі: ЖНМ

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:5

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну; жануарлар және өсімдіктерді салыстырып, олардың­ ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау;




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта заттары, құбылыстары мен үдерістерін зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. қағаз ұстағышы бар тақтайшалар;

  2. фотоаппарат (бейнекамера);

  3. ермексаз;

  4. жануарлардың суреттері. Интернет-ресурстар:

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар жануарлардың тірі ағзаларға жата­ тынын мына белгілер бойынша біледі: олар қо­ ректенеді,­ өседі, дамиды, көбейеді.

  2. Оқушылар өсімдіктердің жануарлардан қандай айырмашылығы бар екенін түсінеді, оның ішінде жануарлардың қозғалуға қабілеттілігін түсінеді.

  3. Оқушылар бақылау, талдау, түйіндеу, түсіндіру дағдыларын жетілдіреді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Тірі ағзалардың айқын белгілері: қоректену, өсу және даму, тыныс алу мүмкіндігі. Барлық тірі ағзалардың қоректенуі әртүрлі. Бірде-бір жанды ағза тыныс алмай тіршілік ете алмайды. Жануар­ ларға да өсімдіктер сияқты жоғарыда аталған белгі­ лердің барлығы тән. Яғни, жануарлар — жанды ағзалар. Жануарларға қозғалу тән, бұл олардың өсімдіктерден ерекшелігі болып табылады.
Түйе. Шөлді аймақтарға бейімделген ірі жануар. Екі өркешті түйелерді Қазақстанда және Моңғолия­ да өсіреді.

Әлемде алуан түрлі жануарлар бар. Жануарлар да өсімдіктер сияқты тірі ағзаларға жатады. Фотосуреттерге қара. Топтарға бөл. Қандай топтар шықты.



Өсімдіктер мен жануарларды салыстыр

Суреттерге қарап, өсімдіктер мен жануарлардың үш ұқсастығын анықта.



Суреттерді сипатта.

Мысық не істеп жатыр? Мысық пен гүлдің айырмашылығы неде?

Жануарлар өсімдіктер сияқты өседі, қоректенеді, тыныс алады және көбейеді. Жануарлар қозғалады әрі түрлі қимылдар

жасайды: жүреді, жүгіреді, қарғиды, секіреді, өрмелейді, ұшады, қалықтайды, қонады, жүзеді, сүңгиді т.б.



Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушылардың эмоциялық көңіл күйін сабаққа аудару үшін

“Қайырлы таң” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Ойын барысында мұғалім оқушыларға “Қайырлы таң!” деп тілек айтады. Мұғалімнің айтқанына келісетін оқушылар қол соғуы керек.

Әрі қарай оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында мұғалім “Өсімдіктер дегеніміз не? Өсімдіктер қандай болады? Олар неге тірі ағзаларға жатады?” деген сияқты сұрақтар қояды.

Топтарға бөл. Бұл тапсырманың мақсаты өсім­ діктер және жануарларды топтастыру болып табы­ лады. Тапсырманы оқушыларға жұппен орындатуға­ болады. Берілген жұмыс нәтижесінде оқушылар­ өсімдіктердің­ жанды ағза екенін түсінеді.

Жауабы

Өсімдіктер: қарағаш, итмұрын, түймедақ. Жануарлар: құлан, түйе, аққу.



Өсімдіктер мен жануарларды салыстыр.

Оқушылардың­ назарын бірінші қатардағы суретке аударыңыз. “Өсімдіктің қандай ерекшелігі бар? Жанды ағзалардың қандай белгілері көрсетілген?” Әрі қарай үш бағандағы суреттерді салыстырып, қандай ортақ белгісі барын анықтаңыз. Бірінші ба­ ғандағы сурет (өсімдік өскіні де, марғау да қорек­ теніп жатыр, яғни екеуі де қоректі қажет етеді) пен екінші бағандағы суреттерде не ортақ (өскіннің де, марғаудың да өсіп қалғаны байқалады, яғни екеуі де өсуге қабілетті) және үшінші бағандағы суреттерге назар аударыңыз (өсімдік гүлге айналды, кішкене марғау — мысыққа айналды, гүлдің жанында жас өскіндер пайда болып келеді, ал мысықтың жанында кішкене марғау пайда болыпты, яғни екеуі де ұрпақ беріп, көбеюге қабілетті).

“Көжек” атты сергіту сәті

Суреттерді сипатта. Оқушылардың назарын тағы бір рет үш бағандағы суреттерге аударыңыз. Бірінші қатардың екіншісінен басты айырмашылығы не екенін табуды сұраңыз. Бұл жұмысты топпен орындауға болады.

Марғау қалай қозғалатынын сұраңыз. Үлкен мысық сияқты қозғала ма? Қимылдарды пантоми­ мамен­ көрсетуді ұсыныңыз. Ең жақсы пантомимаға жарыс ұйымдастырыңыз.

Зерттейік. Егер ауа райы қолайлы болса, оқу­ шыларды мектеп алаңына шығарып бірнеше­ жанды ағзаларды тауып алуға ұсыныс жасаңыз­. Ол үшін қағаз ұстайтын тақтайшалар мен фотоап­парат­ немесе бейнекамера керек.

Зерттеу алдында тағы бір рет жанды ағзалардың белгілерін қайталаңыз. Оқушылардың алдына нақты мақсат қойыңыз, мысалы, бес жанды ағзаны табуы керек екенін айтыңыз. Олар жанды ағзаларды тауып, суретке түсіріп, жазып, сыныпқа келгеннен кейін өсімдіктер мен жануарлар тобына бөлуі керек.
Есте сақта!
Жануарлар — бұл тірі ағзалар. Олар тыныс алады, өседі, қозғала­ ды, қоректенеді және көбейеді.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Сүйікті жануарлардың бейнесін ермексаздан жасау.


Оқушылар ермексаздан өздері ұнататын бір жануарды жасап, оның басқа жануарлардан қан­ дай ерекшелігі бар екенін айтуы керек. Жасаған жануардың ерекшелігі мен ол туралы есте қалған қызықты сәттерін еске түсірсін.

Мысық қалай өсті? Оқушылар мысықтың өсу кезеңдерін анықтап, дұрыс тәртіппен нөмірлеуі тиіс. Кейбір оқушыларға бұл тапсырманы жеке орындауға, қалғандарына топпен орындауға ұсыныс жасаңыз.

Бағалау

Оқушылар тақырыпты қаншалықты жақсы мең­ гергенін тексеру үшін рефлексия ретінде кез келген жануарды сипаттап беруін және қандай да бір өсім­ дікпен салыстырып, жануарлардың тірі ағза екенін түсінуі керек. Tапсырманы жеңілдету үшін оларға екі суретті (жануар мен өсімдікті) немесе нақты мысалды ұсынуға болады.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



ОІМ: ___________




Сабақ тақырыбы:

Жануарлардың қандай түрлері болады?




Күні : 24.10.

Мұғалімі: Көркем Қайрқызы




СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 5

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алу;




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. белгілі үй жануарлары, олардың қорасы, күтуге арналған құралдар бейнеленген үлестірмелі материалдар.



Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. үй және жабайы жануарлардың кейбір түрлері­ мен танысады;

  3. жабайы жануарлардың үй жануарларынан қан­ дай ерекшелігі бар екенін түсінеді;

  4. үй жануарларының тұратын жерінен сиырқора­ мен, атқорамен, түйеқорамен, қойқорамен, ит­ тің үйшігімен танысады;

  5. жануарларды қалай күту керектігін білетін болады;

  6. бақылау нәтижелерін жазуға дағдыланады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әлемде жануарлардың орасан көп түрі бар. Алғашында олардың барлығы жабайы болған, бірақ адам кейбірін қолға үйретті. Адамдар үй жануарларына қамқорлық көрсетеді. Қамқорлық көрсету дегеніміз — оларды қоректендіру, емдеу, қорасын салу, олардың ұрпақтарына қамқорлық

көрсету болып табылады.


Үй жануарлары үшін адам малқора соғады. Сиырға арналған малқора — сиырқора деп аталады. Бұл үлкен, жылы қора, онда су құюға арналған науа, жем салатын астау болады.
Жылқыға арналған малқора атқора деп аталады. Бұл — ұзын ағаш қора, екі жағынан қашаларға

бөлінеді.

Түйеге арналған қора — түйеқора, ал қойға арналғаны қойқора деп аталады.
Арқар. Жұптұяқты сүтқоректі. Денесінің ұзын­ дығы 1 м-ден 2 м-ге, биіктігі 1 м-ге дейін жетеді. Тау бөктерінде, жартасты тау етегінде, шатқалдарда тір­ шілік етеді.
Құлан. Сырттай есекке ұқсайтын түз жануары, бірақ жылқымен ортақ белгілері көп. Жазықта, шөл және шөлейт жерлерде тіршілік етеді, тау бөктерлерінде де кездестіруге болады.
Құндыз. Сүтқоректі, ірі кеміргіш. Денесінің ұзындығы кейде 1 м-ге дейін жетеді. Жүзе алады, артқы аяқтарының саусақтарының арасында жар­ ғақтары бар, алдыңғы аяқтарымен бұтақтарды қар­ мап ұстап, жерді қаза алады. Судың астында 15 минутқа дейін бола алады. Ағаштың қабығы мен сүрегін қорек етеді.


Кіріспе тапсырма. Сабақты жануарлар туралы жұмбақтар дайындап әкеліп, шешкізуден бастаңыз.
Мұғалім: “Сендер бұл жануарды білесіңдер ме? Қазақстанның қандай жануарларын білесіңдер?” — деп сұрайды.
Жануарлар дүниесі. Оқушылар суреттерге қарасын. “Бейнеленген жануарлардың қайсысын білесіңдер? Олар туралы не айта аласыңдар? Қай­ сысы біздің өлкемізде тіршілік етеді?” деп сұраңыз. Мәліметті сабаққа байланысты деректі материал­ дардан немесе энциклопедиядан қарауға болады. Суреттердегі жануарларды қандай топтарға­ бөлуге болатынын сұраңыз. (Жабайы және үй жануарлары.) Егер оқушылар жауап беруге қиналса, жетелеуші сұрақтарын қойыңыз. “Суреттегі әр жануар қай жерде тіршілік етеді? Немен қоректенеді?”­
Жабайы және үй жануарлары. Оқушылардың назарын суреттерге аударыңыз.

Сұрақ қойыңыз: “Суреттердегі әр жануар не істеп жатыр? Салыстырыңдар. Суреттер несімен ұқсайды? Ит пен құндыздың іс-әрекеттерінде қандай айырмашылық бар? Осы екі суретті жұптастыруға бола ма? Сендерде қандай жұптар шықты? Неге?” Суреттерді төмендегідей етіп жұптастыруға болады:




  1. қоректену: құндыз қорегін өзі табады, итке адам тамақ береді;




  1. емделу: құндыз жарақатын жалап жазады, ал итке адам қамқорлық жасайды, мал дәрігеріне апарады;




  1. баспана: құндыз өзіне ағаш бұтақтарынан ін жасап алады, ал итке адам үйшік жасайды. Оқу­

шылардан өмірде осы әрекеттердің қайсысын­ көргенін сұраңыз.







Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Жануарларды қолға үйрету.


Енелері мен төлдері. Үй жануарларын атап шығуды тапсырыңыз. Әр жануар қандай дыбыс шығаратынын дыбыстап көрсетуге болады. Сонымен қатар “Жалғастыр” ойынын ойнасын. Мысалы: ит — күшік, тауық — балапан, мысық — марғау, үйрек­ — балапан, қаз — балапан.
Зерттейік. Мұғалім алдын ала әзірленіп қойған белгілі үй жануарларының, олардың қораларының, азықтарының, бағып-күтуге арналған құралдардың суреттерін таратады. Мысалы, сиыр, түйе, ит, жылқы, шөп, қырғыш, жем-шөп, сүйектер, сиырқора, ит үйшігі, қойқора, атқора.
Оқушылар топпен талдап, адам әр үй жануары үшін не істей алатындығын сәйкестендіреді. Әр топқа бір жануарды таңдап алып, ол туралы мәлімет дайындауға ұсыныс жасауға болады.

Ойлан!
Оқушылар мынадай сұрақтар бойынша ойланып көрсін: Ит қандай әрекеттер жасайды? Қасқыр ше? Олардың қандай ұқсастығы бар? Негізгі ерек­ шеліктері не?

“Орман” және “үй” деген үлестірмелі материал­ дарды оқушыларға таратып беріңіз. Мұғалім жа­ нуарларды атайды, ал оқушылар оны жабайы жануар деп санаса “ОРМАН”, үй жануары деп ойласа “ҮЙ” белгісін көтереді.


Сөздер: сиыр, бұғы, қасқыр, қой, есек, бұлан, кірпі, қоян, тауық, қаз, түлкі, мысық, аю.

Бағалау


Оқушылар жабайы жануарларды үй жануар­ ларынан ажырата білуі керек.

Үй және жабайы жануарлар. Бұл тапсырманы барлық оқушыларға жеке орындауға беріңіз. Тап­ сырманы аяқтаған соң өзара бағалау арқылы тек­ серуді ұсыныңыз. Тапсырманы орындау жылдамдығы мен дұрыстығына назар аударыңыз. Содан соң бейнеленген жануарларды тағы бір атап шығуды ұсыныңыз.

Жауабы:

Үй жануарлары: 2, 4, 5, 9. Жабайы жануарлар: 1, 3, 6, 7, 8.



Оқушылар әртүрлі жануарлардың тіршілік ете­ тін орнының атауларын біледі.

Адасқан жануарлар. Оқушылар жануарларға өз мекендейтін орнын тауып алуына көмектесуі қажет. Тапсырманы орындау барысында тағы бір рет жануарлардың және олардың мекендейтін орны­ның атауларын айтып өтеді. Жұптағы балалардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастырыңыз. Жауап беруге қиналған оқушыларға көмектесу қажет.

Жауабы:

Үйшік — ит, қойқора — қой, атқора — жылқы



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...