Сабақ тақырыбы: Кіріспе Мен зерттеушімін Күні : 05. 09

Loading...


бет2/9
Дата09.04.2020
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ОІМ: ___________




Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктердің қандай түрлері болады?




Күні : 19.09







СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:5

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: жабайы және мәдени өсімдіктерді ажырату;




Оқушылардың басым бөлігі: өсімдіктердің негізгі бөліктерін білу;

Кейбір оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.

Ресурстар:

  1. өсімдіктердің суреттері;

  2. бөлме өсімдіктері;

  3. көкөністер мен жемістер.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Oқушылар өсімдіктердің әртүрлі тіршілік фор­ маларын­ оқып біледі.

  2. Ағаштар, бұталар және шөптердің негізгі ерекшеліктері­ мен ұқсас белгілерін біле алады.

  3. Мәдени және жабайы өсімдіктердің ерекшелік­ терімен танысады.

  4. Оқушылар жергілікті флора түрлерін (оқушылар елімізде өсетін кем дегенде 3 өсімдіктің­ түрімен­ танысады) қарастыру арқылы қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қамқор болуға үйренеді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Өсімдік үш түрлі қарапайым морфологиялық топқа бөлінеді. Мысалы: ағаштар, бұталар және шөптесін өсімдіктер. Ағаш — бір ғана сүректенген сабағы бар, көпжылдық өсімдіктің тіршілік формасы. Ағаштың жуан сүрегі дің деп аталады. Ал бұта дегеніміз — бірнеше сүректенген сабағы бар, көпжылдық өсімдіктің тіршілік формасы. Бұталарда дің болмайды. Бұталардың биіктігі ағаштарға­ қарағанда аласа. Шөптесін өсімдіктер дегеніміз — сүректенбеген, жұмсақ сабақтары бар біржылдық және көпжылдық өсімдіктер. Қолайсыз жағдайда шөптесін өсімдіктердің жерүсті бөлігі қурап қалады. Өсімдіктер мәдени және жабайы

болып екіге бөлінеді. Мәдени өсімдіктерді адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өсіреді. Жабайы өсімдіктерді адам қолдан өсіруінің арқасында мәдени өсімдіктерге айналдырған. Мә­ дени өсімдіктер жеміс, көгөніс, дәнді дақылдар, сәндік өсімдіктер болып бөлінеді. Жабайы өсім­ діктер дегеніміз — адам күтім жасамайтын өсімдік­ тер тобы.



Кіріспе тапсырма. “Өсімдіктер — тірі ағзалар” тарауын толық меңгерту үшін қарапайым сұрақ қоюдан бастауға болады.


  1. Жанды ағзалар жансыз заттардан қалай ерекше­ ленеді?




  1. Жанды ағзаларға не жатады?

  2. Жанды ағзаларға мысал келтіріңдер.

  3. Жансыз заттарға мысал келтіріңдер.


Бау-бақшадағы өсімдіктер. Оқулықтағы кі­ ріспе бөлімді оқып, оқушылардың назарын суретке аударыңыз. Оқушылардың бейнеленген өсімдік­ терді қаншалықты білетіндігін және осы өсімдік­тер­ дің қай жерлерде өсетінін сұраңыз.
Оқушыларды жұптастыра отырып, суреттегі өсімдіктердің бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екенін сұраңыз. Жауап беру барысында оқушы­­ лардың назарын өсімдіктің мөлшеріне, биіктігіне,­ сабағының санына аударыңыз. Оқушылар өсім­ діктерді­ ағаштар тобы, бұталар тобы, шөптесін өсімдіктер тобы деп анықтағаннан кейін, екінші суреттен осы топқа жататын өсімдіктерді табуды тапсырыңыз.
Оқып, білген білімдерін бекіту мақсатында оқу­ шылардың өмірлік тәжірибесімен байланыстыра отырып, ойын ойнауды ұсыныңыз. Тақтаға өсімдіктер топтарының атауларын (ағаштар, бұталар, шөптер) бекітіп, сыныпты үш топқа бөліңіз. Әр топ өз атауына сәйкес (бірінші топ — ағаштар, екінші топ — бұталар, үшінші топ — шөптер) неғұрлым көп өсімдіктерді атауы қажет. Оқытушы осы атауларды тақтадағы сәйкес бағанға жазады.
Өсімдіктерді ата. Егер ауа райы қолайлы болса,­ мектептің ауласындағы өсіп тұрған өсімдік­­ терді зерттеуге болады. Олардың мөлшерін анық­ тау үшін оқушыларды ағаштың немесе бұтаның жанына тұрғызыңыз. Оқушылар ағаш діңінің жуан­ дығын құшақ арқылы анықтап көрсін, егер бір оқушының құшағы жетпесе, онда екі немесе бір­ неше оқушы бір-бірінің қолдарынан ұстауына болады. Егер ауа райы қолайсыз болса, өсімдіктер туралы бейнефильм немесе фотосуреттерді көруді, терезеден қарап, күнделікті көріп жүрген өсімдік­­ терге қарауды ұсыныңыз.
Ормандағы және шалғындағы өсімдіктер.
Бұл тапсырманың мақсаты — “мәдени өсімдіктер” ұғымымен олардың өсетін жерлерін (бау-бақшада) зерттеу арқылы таныстыру. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударып, келесі сұрақтарды қойыңыз.


Өз мектебіңнің айналасында өсетін бірнеше өсімдікті ата.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Өсімдіктің биіктігін салыстыру.

Мәдени және жабайы өсімдіктер. Оқушылар әр пікірге сай келетін дұрыс жауапты қоршайды.

Жауабы: 1. Жоқ. 2. Жоқ. 3. Иә. 4. Иә.

Осыдан кейін оқушылардан мәдени және жабайы өсімдіктердің айырмашылықтарын атауын сұрауға болады.

Бағалау


Оқушылар өсімдіктердің тіршілік формаларын ажыратып, ағаштардың, бұталардың және шөп­ тердің негізгі белгілерін білулері тиіс.

Өсімдіктер тобы. Оқушыларға әр өсімдіктің қай топқа жататынын анықтатыңыз. Одан кейін тапсырманы біршама күрделендіруге болады. Оқу­ шылардан өсімдіктердің әрқайсысы қалай атала­ тынын сұрай отырып, олардың ағаш, шөп және бұта деп бөлінетінін еске түсіртіңіз.

Оқушылар мәдени және жабайы өсімдіктерді ажырата білулері тиіс.

Суретте не көрсетілген? Оқушылар суреттегі өсімдіктерді олардың дұрыс атауларымен байла­ ныстырып қосып, мәдени өсімдік түрлерін ғана бояйды. Тапсырманы орындағаннан кейін мәдени және жабайы өсімдіктер дегеніміздің не екендігін сұрауға болады.

Оқушылардың жұмысын қадағалаңыз. Әлі де жақсы оқи алмайтын оқушыларға көмек көрсетіңіз. Тапсырманы орындауда қандай қиындықтарға кез­ дескенін айтқызыңыз. Қажет болса, тағы да өсім­ діктер тобы арасындағы айырмашылықты түсінді­­ ріңіз.

Жауабы


Орамжапырақты, алманы, картопты, қызылшаны, сәбізді, пиязды бояу.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



ОІМ: ___________




Сабақ тақырыбы:

Өсімдік бөліктері




Күні : 26.09.







СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 5

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.2.1.1өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. өсімдік суреттері;

  2. бөлме өсімдіктері;

  3. үрмебұршақ тұқымдары;

  4. стақандар;

  5. пластикалық тостағандар (кішкене стақандар және басқа да ыдыстар);

  6. мақта;

  7. тұқымы бар жемістер (қызанақ, шие, алма, алмұрт және т.б.);

  8. алдын ала дайындалған тәжірибе нәтижесі.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Өсімдіктердің қандай бөліктерден тұратынын білетін болады.

  2. Суретте көрсетілген өсімдік бөліктерін (тамыр, сабақ, жеміс, тұқым) танып, ажыратады.

  3. “Тұқымдар қалай өнеді?” зерттеуін жүргізуде оқушылар бақылау, талдау, қорытындылау дағ­ дыларын жетілдіреді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғатта тіршілік формалары мен мөлшерінің алуантүрлілігіне қарамастан, өсімдіктердің құры­ лысы ұқсас болып келеді. Өсімдіктердің мүшелері­ вегетативтік (өсімді) және генеративтік (көбею) болып екіге бөлінеді. Қоректену және өсу қызметін атқаратын мүшелер вегетативті мүшелер деп аталады­. Өсімдіктердің ең маңызды вегетативті мүшелері­ өркені және тамыры болып табылады. Өсімдіктердің­ бұтағы сабақтан, жапырақтардан және бүршіктерден тұрады. Өсімдіктердің генера­ тивті мүшелеріне гүлдер мен олардан пайда болатын тұқымы бар жемістер жатады. Генеративті мүшелер өсімдіктердің жынысты көбеюін қамтамасыз етеді.

Өсімдік бөліктері
Суретке қара. Өсімдіктің бөліктерін көрсет және ата.

Жемістердің ішінде не болады?

Суреттегі тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді?

Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады? Ойланып көр.



Есте сақта!

Өсімдік бөліктері — тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс және тұқым.




Кіріспе тапсырма. Оқушылардың сабаққа қы­ зығушылығын­ арттыру үшін сабақты ойыннан бастауға­ болады. Оқушылардан өздерін өсімдіктер рөлінде елестетулерін сұраңыз: қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарының арасын ашсын. Оқушылардан қан­-дай өсімдікті бейнелегенін және қандай бөліктері бар екенін сұраңыз.
Өсімдік бөліктері. Оқулықтағы өсімдік бөлік­ тері бейнеленген суреттерге қарауды ұсыныңыз. Оқушылардан бұл өсімдіктерді бұрын қай жерден көргенін және оның бөліктерін атап көрсетулерін сұраңыз. Олар әр суретті мұқият қарап, әр мүшенің атауын оқып немесе тыңдап, оның ерекшеліктері мен орналасуын есте сақтаулары тиіс. Жұптасып немесе шағын топта бір-біріне өсімдік бөліктеріне қатысты сұрақ қоюды ұсыныңыз. Өсімдік бөліктерін нөмірімен атап, суреттерімен сәйкестендіру керек. Мысалы, 1 — тамыр.
Жеміс — өсімдіктің бөлігі. Оқушылардан оқу­ лықтағы суретке қарап, бейнеленген жемістерді атауларын сұраңыз. Олардан қандай жеміс-жидек­ терді жақсы көретіндерін және себебін сұраңыз. “Жидектер мен жемістерді жеу” деген пантомима ойнауға болады. Оқушылардың бірі оларды қалай жейтінін көрсетуі тиіс, ал басқа оқушылар жеміс не жидек екенін табулары керек. Оқушылардың назарын жемістердің алуантүрлілігіне аударыңыз. Олар жемістердің пішінін, мөлшерін, түсін, сонымен қатар құрғақ немесе шырынды екенін сипаттасын. Егер пантомима көрсету мүмкін болмаса, оқушы­ лардан жемістің іші қандай, олардың дәмі қандай екенін нақтылап сұраңыз. Өсімдіктің жемісінде не бар екенін сұраңыз. Оқушылардың жауабынан кейін ”Жемістің ішіндегі тұқымның саны қанша? Олардың пішіні мен мөлшері қандай?” деген сұрақтар­ қо­ йыңыз. Мүмкіндігінше бірнеше жемісті алдын ала дайындап қойыңыз. Ортасынан жарылған жемістерді көрсетіңіз.
Мектептегі өсімдіктер. Шағын тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз. Осы жұмыстың барысында оқу­ шылар “Барлық өсімдіктердің бөліктері бірдей ме?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Егер ауа райы қолайлы болса, далаға шығуға болады. Ал егер оған мүмкіндік болмаса, онда бөлме өсімдіктерімен сы­ ныпта жұмыс жасаңыз. Қауіпсіздік техникасы бо­-йынша­ нұсқаулық жүргізіңіз. Оқушыларға өсім­ діктерді немесе олардың бөліктерін жұлуға бол­ майтынын ескертіңіз. Олар өсімдіктермен жұмыс істегеннен кейін қолдарын жууы керек.

Зерттейік. Шағын тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз. Жұмыс барысында оқушылар “Тұқым қалай өнеді?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Бұл жұмыстың нәтижелері біраз уақыт күтуді қажет етеді. Сондықтан мұғалім алдын ала тәжірибе жасап, осы сабақта нәтижелерін көрсетуі керек. Кейін оқушылар өз жұмысының нәтижелерін мұғалімнің нәтижесімен салыстыра алады.

Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз.


Әр топқа қажетті заттарды беріңіз: үрмебұршақ, кішігірім құтылар, мақта, су, стақан.

Оқушыларға мынадай нұсқаулар беріңіз:



  1. Шағын ыдысты алыңыз.

  2. Түбіне мақта салыңыз.

  3. Мақта ылғалданатындай, бірақ тұқымдардың бетін жаппайтындай етіп, аздап су құйыңыз.

  4. Егер тұқымдардың бетін су жауып тұрса, олар бөртеді, бірақ өнбейді, себебі су ауаның өтуіне кедергі жасайды.




  1. Бірнеше тұқымды мақтаның үстіне қойыңыз да, қақпақпен жабыңыз. Қақпақта ауа өтетіндей тесіктер болуы керек.




  1. Тұқымды жылы жерге қойыңыз.

Шамамен үш күннен кейін тұқымдар бөртіп, бір аптадан кейін өнеді. Алдын ала осы екі нұсқаны жасап қоюға болады.


Ойлан! Тұқымдардың өнуіне ылғал қажет, сондықтан олар ылғалды мақтада өнеді. Егер мақта құрғақ болса, тұқым өне алмайды. Егер тұқымды суға батырып қойса, олар өнбейді, себебі тыныс алуға қажетті оттек жетіспей қалады.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Өсімдіктің биіктігін салыстыру.


Кейбір оқушылар қолда бар заттарды пайдалана отырып, өсімдіктің коллажын жасап, оның бөліктерін белгілей алады.


Бағалау


Оқушылар өсімдіктердің бөліктерін ажырата алады.
Өсімдік бөліктері. Оқушылар өсімдіктің әр бөлігінің атын жазады. Жаза алмайтын оқушыларға өсімдік бөлігін, оның атауымен қосуды ұсыныңыз. Тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалаңыз. Орындау жылдамдығы мен ұқыптылығына назар аударыңыз. Тапсырманы орындауға қиналған оқушы­ ларға көмектесіңіз.

  1. Оқушылар өсімдіктердің тұқымдары мен жеміс­ терін ажыратады.


Жемістер және тұқымдар. Оқушыларға жеміс-терді бояп, тұқымдардың суреттерін аяқтауды, со­ нымен қатар оны дұрыс атауымен қосып, өсімдікті атауды ұсыныңыз. Жемістердегі тұқым санына ерекше назар аударыңыз. Бұл оқушыларға қиын болуы мүмкін. Оқи алмайтындарға көмектесіңіз.

Тұқымның өнуі. Оқушылардан үрмебұршақ­ тың қалай өнетіндігін бақылауды сұраңыз. Тұқымның өнуін бақылап, 3 және 6 күннен кейінгі суретін са­ луды тапсырыңыз.
Мұнда оқушылардың бақылау жүргізу және ба­ қылау нәтижелерінің суретін дұрыс салу қабілет­ терін атап, мақтап отыру қажет.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...