Сабақ тақырыбы: Кіріспе Мен зерттеушімін Күні : 05. 09

Loading...


бет1/9
Дата09.04.2020
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
ОІМ: ___________


Сабақ тақырыбы:

Кіріспе Мен зерттеушімін




Күні : 05.09







СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:5

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну;




  • Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жүргізу.

  • Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. бөлме өсімдіктері;

  2. табиғи және жасанды заттар;

  3. сызғыш;

  4. таразы.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің қажеттілігін түсінеді;

  2. қоршаған ортадағы құбылыстарға қалай бақылау­ жасау керектігін біледі.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Зерттеу дегеніміз — қандай да бір құбылысты ғылыми түрде оқып-үйрену үдерісі. Адам ба­ ласы қоршаған ортаны тани бастаған шақтан зерт­ теушілер пайда бола бастады. Алғашқы зерттеу­­ шілер философтар және дін қызметкерлері еді. Олар ғылымның жеке салаларын зерттемей, тұтас қарастырды. Мысалы, Ежелгі Мысыр абыздары бір мезгілде жыл санаумен, астрономиямен, матема­ тикамен және медицинамен айналысты. Ұлы ғалым­-дардың көпшілігі Ежелгі Грекиядан шықты. Олар — есімдері дүниежүзіне белгілі Сократ, Платон, Аристотель, Пифагор, Гиппократ, Архимед т.б.
Қазіргі заманғы ғылымның көптеген бағыттары бар. Өмірін ғылымға арнаған ғалымдар теориялық та, практикалық та тұрғыда зерттеулер жасай алады. Олар барлық қолда бар құжаттарды зерттейді немесе әртүрлі тәжірибелік бақылаулар жүргізеді.
Кіріспе сабағының барысында оқушылар зерт­ теушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді. Олар өз жұмысында ғылыми әдістерді пайдаланады және тексерістен өткен деректерге сүйеніп, зерттеу жасайды. Деректер құбылыстарды тікелей бақылау, өлшеу, тәжірибелер жасау ар­ қылы алынады. Ғалым жұмысының негізгі бөлігі мәлі­ меттермен жұмыс жасап, оларды жазу және сараптау болып табылады.

Есте сақта!

Зерттеушілер бізді қоршаған

Әлемді зерттейді. Олар бақы­

лайды,­ өлшейді, тәжірибелер

жасайды­ және нәтижелерін жазып отырады.


Кіріспе тапсырма. Оқулықтағы мәтінді оқыңыз. Оқушыларға айна­ ламыздағы заттар мен құбылыстарды зерттейтін адамдарды зерттеушілер деп айтатынымызды түсін­­­ діріңіз. Ғылым саласындағы зерттеулермен ғалым-дар айналысады. Олардан ғалымдардың нені зерт-­ тейтіндерін­ айтып беруді сұраңыз. Талқылау бары­ сында оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады: ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың өте көп екенін, олардың қандай түрге жататынын, қайда өсіп, мекендейтінін, немен қоректенетіндерін біл­ дік. “Заттар қалай қозғалады?” және “Не үшін қозға­ лады?” деген сұрақтарға ғалымдардың өз пайымдауы­ болатынын айтыңыз. Мысал келтірулерін сұраңыз, кейбір оқушылар өз нұсқаларын ұсынуы мүмкін. Тапсырманы жұппен ауызша орындауға болады.
Талқылаудан кейін ойын ойнатыңыз. Оқушыларға әртүрлі заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың суреттерін таратыңыз. Әрбір оқушы зерттеуші рөлін ойнап, өз қолындағы суретті көрсетеді. Мысалы, аюдың суретіне қарап, оқушы: “Мен зерттеушімін, мен аңдарды зерттеймін”, — деп айтады.

Бақыла.

Сен білесің бе? Оқушыларға қазіргі заман зерттеушілері табиғатта болып жатқан әртүрлі құбылыстар мен заттарды да бақылай алатынын айтыңыз. Қазіргі таңда олар көзге көрінбейтін заттарды бақылауды үйренді. Ғалымдар көзге көрін-­бейтін заттарды бақылау үшін лупаны (үлкейтіп көрсететін арнайы құралдарды) пайдаланады. Oқу­ шыларға көзге көрінбейтін ұсақ затты үлкейткіш әйнекпен немесе микроскоппен бақылатуға болады. Егер сыныпта оқушылардың біреуі телескопты көр­ ген болса, көргенін айтып беруін сұраңыз.
Бөлме өсімдігін зертте. Оқулықтағы тапсыр­ маға кіріспес бұрын, оқушыларға өлшеу әрекеті туралы мәтінді оқып беріңіз. Оқулықтағы суретке назарларын аударып, балалардың не істеп жатқан­ дарын сұраңыз. Жақсы зерттеуші болу үшін заттарды өлшей білу қажет екенін айтыңыз. Өлшеудің көмегімен олар заттың көлемін немесе салмағын анықтай алады. Оқушыларды топтарға бөліңіз, әр топтағы оқушылар саны 4-тен аспағаны дұрыс. Oларға өлшеу жасай алатындай әртүрлі заттарды ұсыныңыз. Өлшеуге пайдаланатын затты оқушы­ лардың өздеріне таңдатыңыз. Оқушыларға бөлме өсімдіктерін беріп, оларға ұқыпты болуларын сұ­ раңыз. Тәжірибеге мысал келтіріңіз, мысалы: өсім­­ діктің биіктігі 2 қаламға сәйкес т.б. Оқушылар өз өлшеулерінің нәтижелерін сурет салу арқылы көр­ сетсін.

Нәтижесін жаз. Оқушылардың назарын оқулықтағы мәтінге аударыңыз, зерттеушілердің өз бақылаулары мен өлшеулерінің нәтижелерін не үшін

жазатындығы туралы сұраңыз. Жауаптарды тыңдап алып, оқушыларға бұл нәтижелерді ұмытып қалмау үшін және кейін тексеру кезінде қолдану үшін жазу керек екенін айтыңыз. Оқушыларға өздерінің бақылаулары мен өлшеулерінің жазбаларына қайта қарап, оларды сыныптағы басқа оқушылардың жазбаларымен салыстыруды ұсыныңыз.




Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Адамдар өздерін қоршаған ортаны қалай зерттейтіндіктері туралы талқылайды.
Көркем еңбек. Бақылау барысында сурет салу. Oқушылар зейінді болып, заттың суретін неғұрлым нақтырақ салулары тиіс.

Кейбір оқушыларға оқулықтағы тапсырмаға қосымша ретінде өсімдіктерді сызғыштың көмегімен өлшеуді ұсынуға болады.


Бөлме өсімдігін зертте.

Бөлме өсімдігінің бірін ал.

Оның биіктігін қолыңда бар

заттармен өлше.

Нәтижесін жазып отырады.



Сен өсімдіктің биіктігін әртүрлі заттармен өлшедің. Зерттеу нәтижесін қағазға жазып ал немесе суретін сал.

Бағалау


  1. Оқушылар бақылау жасай алады.

Оқушыларға өздерінің айналасындағы заттарға бақылау жасатыңыз.




  1. Оқушылар әртүрлі өлшеулер жасай алады. Қолда бар заттардың көмегімен заттарды өлшеу­ ді тапсырыңыз.




  1. Оқушылар жасаған бақылаулары мен өлшеуле­­ рінің нәтижесін жаза алады.

Бақылаулары мен өлшеулерінің нәтижелерін жазып отыруды ұсыныңыз.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



ОІМ: ___________




Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктер — тірі ағзалар.




Күні : 12.09







СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:5

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;




Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

Бөлме өсімдіктері; жанды және жансыз заттар­ дың суреттері..

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар табиғаттағы жанды және жансыз заттарды ажырата алады.

  2. Өсімдіктердің тірі ағза ретіндегі негізгі ерек­ шеліктерін табады. Олардың өсетінін, қорек­ тенетінін, тыныс алатынын және көбейетінін­ біледі.

  3. Зерттеу жұмысы барысында оқушылар бақылау, сараптау, қорытындылау дағдыларын жетілдіре түседі.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғатта заттардың түрі көп. Оларды жанды және жансыз табиғат деп бөледі.

Жанды және жансыз табиғат
Суреттерден нелерді көріп тұрсың? Олардың қайсысы жанды табиғатқа жатады?

Қайсысы жансыз табиғатқа жатады?

Ал қайсысы бұрын тірі ағзаның бөлігі болған?

Есте сақта!
Өсімдіктер — тірі ағзалар. Олар өседі, қоректенеді,­ тыныс алады, көбейеді. Жансыз табиғат нысандары өспейді,­ қоректенбейді, тыныс алмайды және көбеймейді.


Тас пен өсімдік

Тас пен өсімдікті салыстыр. Нені байқадың? Өсімдіктердің тірі ағза екенін қалай білуге болады?



Зерттейік

Айналаңа қара. Қандай жанды табиғат нысандарын көріп тұрсың?



Зерттейік
Тапсырмаларды орындағаннан кейін шағын тә­ жірибелік жұмыс жасаңыздар. Жұмыс барысында оқушылар мынадай сұраққа жауап беруі тиіс: Біздің айналамызда жанды заттар бар ма? Егер ауа райы қолайлы болса, далаға шығуға болады, егер мүмкіндік болмаса, жұмысты сыныпта орындаңыздар.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Адамның әртүрлі тұрмыстық зат­ тарды жасауы мен өмірде пайдалануын талқылау адамның айналадағы әлемге қалай бейімделетінін көрсетеді.

Кейбір оқушыларға алдын ала дайындалып қойған екі өсімдікті ұсынуға болады. Оның бірі үнемі суарылған, екіншісі суарылмаған болсын. Оқушылар өсімдіктердің суреттерін салып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба алады.





Бағалау


  1. Оқушылар жанды және жансыз заттарды ажырата алулары тиіс.

Жанды — жансыз

Оқушылар суреттерде салынған жанды ағзалар мен жансыз заттарды ажырата алады.


Жұмыстың дұрыс орындалуын бақылаңыз. Егер оқушыға тапсырманы орындау қиынға соқса, онда оған көмектесіңіз. Сонымен қатар тапсырманы тез, нақты әрі қатесіз орындаған оқушыларды ерекше атап өтіңіз. Тапсырманы орындай алмаған оқушылар кездессе, оның себебін анықтап, сабақ тақырыбын тағы да түсіндіру қажет.

Жауабы

Жанды: ағаш, ит, гүл, қоңыз, құс.

Жансыз: сағат, тас, су, үстел, асықтар, домбыра, құс қауырсыны.

Оқушылар бақылау, сараптау дағдыларын жетіл­ діреді.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...