Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Білім беру сапасы және тиімділікті бағалау. Бағалау сапаны басқару элементі ретінде



бет13/52
Дата19.05.2023
өлшемі0.75 Mb.
#577638
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
Байланысты:
КБТ лекция және практика тезисі 2022
типы научной информации, 8 лабка, Силл. Дін әлеуметтануы мен психологиясының негізгі мәселелері, Антиплагиат, Бейбітқызы Айдана ППС-18к, 1 qaz -ad 8-syn 1-tar 22-cab qmzh 1-nusqa, Дәріс тезистері[1] 3, икт 5-10недели и мт, test2, кесте, 969KYjQ2cw4C6KmrTOCC8Q, психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы, crossword (4), Практикалық тезистер
Кілт сөздер: Жобалау технологиясы, педагогикалық диагностика.


Жоспары:

  1. Критериалды деңгейлік мақсаттылық негізінде педагогикалық үрдісті жобалау технологиясы

  2. Жобалау технологиясының құрылымдық компоненттері




  1. Педагогикалық жобалаудың кезеңдері, формалары.




  1. Оқу жетістіктерін критериальді бағалау жүйесіне оқушыларды бейімдеу.



Сабақ тезистері:

Жобалау технологиясы. Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі" – деп тұжырымдайды Хилпатрик.


Жобалап оқыту технологиясы ТМД елдерінің оқыту жүйесінде де кең өріс алып жатқаны белгілі. Жобалап оқыту технологиясының теориялық алғаш негіздеген Ресей ғалымдарынан В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В. Кузьмина т.б. ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәтижесінде, сонымен қоса Е.Н.Ильина, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов т.с.с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде қарастырылған. Жобалау әдісі білім беру ресурсы ол оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен


құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту. Жобалау әдісі біріншіден – қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды. Төменде көрсетілетіндей Е.С Полат жобалау әдісі жаңа педагогикалық технологиялар дидактикасының дамуына осылайша әсер етеді деп көрсетеді. Қазіргі таңда қолданылып жүрген стандартталған сабақтың класс-сабақ жүйесіне жобалау әдісі оңай еніп жүйенің ешқандай мақсатттары мен құрылымына әсер етпейді. Бұл технология интеграция кезінде мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген мақсатқа өте нәтижелі жетеді. Жобалау әдісі тек оқу материалдарының өнімді игерілуін ғана камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау, мұғалімге, оқушылардың бір-біріне кеңпейілді дұрыс көзқарас, тілдік қарым-қатынасқа бейімділік, бір-біріне көмекке келу сиякты қасиеттерін бекітеді. Қазіргі таңда жобалау технологиясы өте мұқиат шет және өз еліміздің әдіскерлерімен зерттелуде: И.Л Бим, И.А Зимняя ,Т.Е Сахорова, О.М Моисеева, Е.С Полат және т.б. Көптеген зерттеулерде жобалау әдісі нәтижелі білім беру жүйесінің ең маңызды компоненті және әзірлеудің түрін активті іс-әрекет түрі арқылы (жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез) дәстүрлі стандартты емес білім беру үрдісін көрсетеді. Жобалау әдістемесі жаңа педагогикалық жеке тұлғаға бағытталған технология ретінде гуманистік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды:



  • Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі;




  • Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау.

Педагогикалық жобалау –кез келген мұғалімнің кәсіби қызметі(оқушылармен өзара қарым қатынас жасау мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін іздестіру) болып табылады.


Педагогикалық жобалау алдыңғы іс-әрекетке қолайлы жағдайлар туғызу және оның нәтижелерін алдына ала болжау. Педагогикалық жобалаудың обьектісі: педагогикалық жүйелер, педагогикалық процесс, педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық процесс мұғалім үшін жобалаудың басты обьектісі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі