Топтық жұмыс. Постер қорғау 1 тапсырма: Ойлау дағдысы: білу, түсіну «Өкіл» әдісі Мақсаты: Белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланыста болу.
Бағалау критерийі: Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын біледі және мысалдар келтіреді
1-топ: Сілтілік металдарға сипаттама 2-топ: Галогендерге сипаттама 3-топ: Инертті газдарға сипаттама Дескриптор: Тақырыптың мәнін ашады.
Табиғи ұяластырды біледі және мысалдар келтіреді
ҚБ: Басбармақарқылы бағалау
2 тапсырма: Деңгей: Қолдану Жұптық жұмыс «Төрт бөлікті күнделік әдісі». Оқулықты қолдана отырып берілген кестені толтырады
Мақсаты: оқушылар мәтінмен жұмыс істеу барысында оқылым-айтылым-тыңдалым-жазылым дағдыларын дамыту.
Химиялық элементтердің аты
Натрий
Калий
Йод
Хлор
Физикалық қасиеттері
- түсі
- тығыздығы
- қайнау температурасы
БК2: Дескриптор: -химиялық элементтің физикалық қасиетін сипаттайды;
- берілген элементтердің салыстырмалы атомдық массасын анықтайды
-химиялық элементтердің химиялық қасиеттерін анықтайды
Ширату жаттығуы: оқушылардың шаршағанын болдырмау және келесі тапсырмаларға зейінін аудару. «Еркін микрофон» әдісі арқылы бүгінгі сабақта кездескен терминдерді үш тілде атап шағады.
Сілтілік металл – щелочный металл – alkali metal
Галоген – галоген – halogen
Инертті газ - инертный газ – inert gas
3-тапсырма Химиялық реакция теңдеулерін өздеріне сай өнімдермен сәйкестендіріңдер
БК2: сілтілік металдар мен галогендердің химиялық қасиетін біледі
Дескриптор:
Химиялық реакция теңдеулерінің өнімдерін дұрыс анықтайды
ҚБ: Бағдаршам әдісі арқылы бағалау. (қызыл түсінбедім, жасыл түсінікті, сары сұрағым бар)
Сараланған тапсырма. Деңгей. Жинақтау «Ойлан, тап» әдісі арқылы есептер шығарады.
Массасы 14 г литий мен 46 г натрий сумен әрекеттескенде бөлінетін сутек газының көлемдері бірдей тең бола ма? Жауаптарыңды есептеулер арқылы дәлелдеңдер.
Бағалау критерийі: Табиғи ұяластардағы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массаға тәуелділігін дәлелдейді
ҚБ: От шашу әдісі арқылы бағалау.
Сабақты қорытындылау «Ыстық орындық» әдісі Мақсаты: Драматикалық пән бірігіп әсерленуді мадақтау үшін, «түсіну» мазмұнын түсіну,сұрақтар мен ұстанымдардың негізделуін зерттеуге мүмкіндік береді.
Үйге тапсырмаbilimlend – гі жаттығуларды орындау
Рефлексия
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін оқытушы алдымен, олардың ықылас - жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындалады. Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Қолдауды қажет ететін оқушылармен саралап жұмыс жүргізу үшін дайын сызба - нұсқаларды, жоспарларды, алгоритмді, есептердің үлгілерін т.б. пайдаланады.
ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрылады.
Оқушылардың нәтижеге жетуі әр түрлі болуы мүмкін.
Осыған орай барлық оқушылар «Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасай отырып, өз ойларын жеткізеді. «Өкіл» әдісі жаңа тақырыппен жұмыс жасауға арналған постер құру талдау тәсілдері табысты сабақты ұйымдастыру және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырады.Топтар өзара бір-бірін топаралық бағалау арқылы бағалайды. Барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі Оқушылардың барлығына бірдей тапсырма берілгенімен кейбір оқушылардың қарқындығы әр түрлі болады. Үлгермейтін оқушыға дереккөздерін мұғалім ұсынады.