Б/Ж Ең көп ақпаратпен бөліскен 3-4 оқушыны тыңдаймыз.
Б «Өз тобынды тап».
Оқушылар қолдарындағы «тілшелерді» тақырыптары жазылған қорапшаларға салу ұсынылады.
Жұмыс уақыты.
Демалыс уақыты
Жалақы
Әр қорапшадан бір оқушы қорапшалардағы «тілшелерді» атай отыра өз «отбасыларымен» таңыстырады. Сынып толықтырады немесе қателерді дұрыстай алады.
Б/Т Кейс-стади технологиясы
Топтардағы (3 топ, «өз тобынды тап» әдісінің нәтижесі бойынша бөлуге болады) оқушылармен бірге төмендегідей ситуациялар талқылатып, еңбек субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін ашамыз. Топтық жұмыс бағаланады. (кейс құрамы: топта жұмыс істеу ережелері (қосымша 1), бағалау критерийлері (қосымша 3), құқықтық ситуация, ҚР Конституциясының 24-бабынан, ҚРЕК 22, 23-баптарынан, 16-тарауларынан қажетті тармақтар, сондай-ақ тапсырманы шешуге қатысы жоқ ақпараттар)
1ситуция:
«Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа тұрды. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмілетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).
2 ситуация:
«Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабынды дәлелде.)
3 ситуация:
«Зауытта апатты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитын он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады.Бүгін сабақ жоқ, сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, оныкі заңсыз болады деп мәлімдеді».
(Он жеті жасар Нұржанға әкімшіліктің талабы орынды немесе орынсыз? Неге? Дәлелде)
Топтар жауаптарын барлық сынып талқысына салады. Оқушылар жауабына талдау жасап, қорытындылаймыз
Ж Оқушыларға құқықтық жағдай беріледі. (қосымша 2) Үйде олар берілген жағдайдың құқықтық шешімін табады (кейс беріледі, бағалау критерийлері ұсынылады (қосымша 6) ).
|