Топтық жұмыс
1-топ
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қажетті мәліметті жинақтап , постер қорғаңдар
Мақсаты: оқушылар пайдалы тағамдармен
танысады.
Күтілетін нәтиже: балалар мәтінді оқиды, мағынасын түсінеді, денсаулықтың кепілі неде екенін анықтайды.
1-топ
Денсаулық мықты болу үшін пайдалы тағамдармен тамақтану керек. Пайдалы тағамдар кешенді және арнайы деп екіге бөлінеді.
Әр ағзаға өзінше пайдалы болатын тағам түрлері бар.
Миға арқан балық, тунец , сардина мен грек жаңғағы пайдалы. Ал бұлшық еттер үшін жұмыртқа ,соя сыры , қызыл балықтың пайдасы зор.Бұлшық еттеріңіз ауырса,банан жеген дұрыс. Шашыңыз жылтыр ,әдемі болсын десеңіз , қара , жасыл көкөністер , бұршақ тұқымдастарды пайдаланған жөн.Жүгері, жұмыртқаның сарысы және сәбіз көзге өте пайдалы .
Қызанақ ,қайнаған картоп пен өрік шырынын үнемі пайдалансаңыз , жүрегіңіз сау болады. Қара өрік пен йогурт іш қатудан сақтайды.Ішекке: қара өрік, йогурт. Сүйекке: апельсин, сүт, балдыркөк.
2-топ
Адам баласы туғаннан –ақ сүтті пайдаланып келеді. Өмірге келген сәби ана сүтін қорек қылады. Сүт тек жас балалар ғана емес ,үлкендерге де аса пайдалы.
Сүттің құрамындағы ақуыз шаш пен тырнақтың жақсы өсуіне ,сүйектердің мықты болуын септігін тигізеді. Сүттен жасалатын айранның да пайдасы үлкен. Айран артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Сол сияқты тауық еті де адамға өте пайдалы.Тауық етінің құрамында В тобындағы дәрумендер, ақуыз бен амин қышқылдары бар. Адам денсаулығына пайдалы тағамның бірі-балық.Балықтың құрамында адамға қажетті барлық элементтер бар. Балықтың құрамындағы антиоксиданттар адамға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
3-топ
Көкөністер адам денсаулығына өте қажет.
Сәбіз ,орамжапырақ , қызылшаның құрамында бета-каротин бар.Бетакаротин теріні қалыпқа келтіреді және асқазан үшін өте пайдалы.
Көкөністер қаназдық,дәрумен тапшылығы ауруларының алдын алады. Цитрусты жемістер , киви мен ананастың құрамында адамға өте пайдалы
С дәрумені бар. Бұл дәрумен көңіл-күйді көтеріп , ағзаның қорғаныс қабілетін күшейтеді.Тұмау , ринит сияқты аурулардың алдын алады. Асқабақтың құрамында калий , магний ,темір, мырыш , сияқты элементтер бар.
4 -топ
Шие сияқты тәтті жидектің құрамында ағзаның қорғаныс қабілетін күшейтетін каротин мен С дәрумені мол. С дәрумені өкпе , бүйрек ,қаназдық сияқты аурулардың алдын алса , каротин ағзадағы зиянды қалдықтардың сыртқа шығуына әсер етеді.Сол сияқты қара бүлдіргеннің де денсаулық үшін пайдасы мол.Бұл жидектің құрамындағы пайдалы заттар ағзадағы зат алмасу мен көздің көруіне жақсы әсер етеді.
Осындай пайдалы тағамның бірі-жаңғақ.Оның құрамында адамға қажетті барлық минералдар мен элементтер бар. Күніне бір уыс жаңғақ жеген адамның денсаулығы мықты болады.
2-тапсырма.
Дұрыс тамақтануға байланысты 2-3 мақал тауып жазыңыз.
Мысалы:
1.Ас –адамның арқауы
2.Арпа бидай ас екен,алтын ,күміс тас екен.
3.Құлақтай ет жеп , құмандай сорпа іш.
3-тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |