Дескриптор: әр оқушы өзіне берілген сұраққа дұрыс жауап береді.
Қ/Б: дұрыс жауап санына байланысты бағаланады. 1 жұлдыз
3- тапсырма. Топтық тапсырма.
Екі топқа ортақ тарихи диктант оқимын. Бірінші тапқан топ жауап береді.
Көтерілісшілер жасағының саны 500-дей адамға жетті. Олардың қатарында қазақтар, өзбектер, қырғыздар, мен тәжіктер болды.
Көтеріліске дайындаушы органдардың, салық инспекторларының қызметі түрткі болды.
1929 жылы қарашада 400-дей көтерілісші аудан орталығын басып алуға аттанды және оны бір апта ұстап тұрды.
Далаға БМСБ отрядтары жіберіліп, көтерілісшілер талқандалды және көтеріліс басып жанышталды.
1930 жылы көктемде Қазақстанда көтеріліс қозғалысы күшейе түсті.
Ірі көтеріліс Сырдария округі Созақ ауданында өтті.
Билік өкілдері мен белсенділер өлтірілді және 20 адам тұтқындалды.
Көтерілісті Сұлтанбек Шолақов басқарды.
Дескриптор: қалдырылған сөзді табу.
Қ/Б: әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
5 - тапсырма: «Бесеудің хаты» құжатын төменде берілген сұрақтар негізінде талдау.
Сұрақтар:
Бұл хаттың жазған кімдер?
Кілтті сөз тіркестерді анықтаңыздар.
Кімге жазылған құжат деп ойлайсыздар?
Құжатта кімнің мүддесі қорғалып тұр?
БК(б)П Өлкелiк комитетiне, Голощекин жолдасқа
...«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда («Қазақстанның 10 жылдығы» атты жинақ). ...Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады...
... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?.. Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды?
Ғабит МҮСIРЕПОВ
Достарыңызбен бөлісу: |