Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері

Loading...


Дата08.04.2020
өлшемі143.79 Kb.
түріСабақ

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері

ОҚУ МАҚСАТЫ: 10.4.1.1 -Қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін

«мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдарын пайдалану;

10.4.1.2 -қазақ халқының материалдық мәдениетінің маңызды жетістіктерін анықтау;

- Қазақстандағы тарихи- этнографиялық процестердің сабақтастығын талдау



ҚЫСҚАША ТЕЗИСТІК КОНСПЕКТ:

Саба — молшылықтың, байлықтың белгісі. Жылқылы ірі байлар сабаның мөлшерін бәсекелесіп үлкен жасауға тырысқан. Мысалы, Есенейдеген атақты бай алты айғырдың терісінен саба тіктірген. Оны «тай жүзген» деп атаған. Мұндай сабаларға ас берерде немесе ұлы дүбір бір дуан елді шақырып той жасарда биенің сүтін сауып, жинап, құйып қымыз ашытқан.

Тегене — үлкен дөңгелек, шұңғыл ыдыс. Сабадағы қымыз осы ыдысқа құйылады. Сыйымдылығы да мол, орта есеппен 10—15 литр еркін кетеді, әрі құйылған қымызды сапырып отыруға ыңғайлы. Әдетте, тегенелердің іші-сырты мұқият өңделіп, сыртына ою-өрнек ойылады. Сүйек не күмістелген темір әшекейлермен әр түрлі асыл тастармен безендіріледі. Кейбір тегенелердің қақпағы ағаштан жасалып, күміс әшекейлермен көркемделеді. Тегенеге құйылған қымызды сапырып, аяқ-аяққа құю үшін ағаш ожау қолданылады. Қазақ арасында қымыз сапыратын ожаудың екі түрі жасалды. Оның ішінде Қазақстан жеріне ең көп тараған түрі — ұзын сапты ағаш ожау. Мұндай ожаудың сабын сүйектеп, күмістеп, оюлап безендіретін болған. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс аудандарында ожаудың қысқа сапты түрі де кездеседі. Ожаудың қай түрі болсын, мұқият өңделіп, сырт пішіні әркелкі жасалады. Қымыз ішуге арналатын үлкенді-кішілі шара, сапты аяқ, тостаған сияқты ыдыстарды да қайыңнан шауып, кейде сыртына ою ойып, күмістеп безендіреді.Саптыаяқ – саптыаяқ деп әдетте ағаштың безінен ойылған сабы бар бақыраш тәрізді шұңғыл ыдысты, яғни ағаштан жонып жасаған аяқты айтады.

Зерен – қымыз, шұбат құятын қадірлі ыдыс. Көлемі де, сырты да шараға ұқсас болады. Қатты ағаштан ойылып жасалады. Шұңғыл жиегі қалың бүйірі тіктеу келеді. Жиегінен, бүйірінен ойып, сәнді ою-өрнек жасалады орнықты болу үшін жалпақ, шығыңқы түбі болады. Түсін біріыңғай келтіру үшін ағаш қабықтары бояуымен қанықтырады.

Шара – қымыз құюға араналған ыдыс. Кей жерлерде тегене деп те атайды. Қымызды дастарқанға апарағанда сабадан осы шараға құйып апарады. Оның ішіне 10-12 литр қымыз сияды. Шараны емен, қайын сияқты қатты, кепкен ағаштардан ойып жасайды. Оның іші шұңғыл, өзі дөңгелек, жиегі тік болып келеді. Шара сырты ою-өрнектермен күміс немесе сүйек әшекейлермен көркем безендіріліеді. Өзіне лайық ағаш қақпағы болады. Ол да әшекейленіп жасалады. Сары қымыз әсем шара ыдысты дастарқан сәні, үйдің көркі, қолы берекелі әйелдің мәртебесі десе де болады.

Қазан – басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны мүлде жоғары. Өйткені ол күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) ең алдымен осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді.


ОҚУЛЫҚ ПЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРҒА СІЛТЕМЕЛЕР:

1.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D0%BC%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96


2.https://ikaz.info/aza-hal-yny-d-st-rli-k-shpeli-m-denieti/
3.https://www.youtube.com/watch?v=C1Nb5VZ-Mgg
4.https://ppt-online.org/189506


СОНЫМЕН БІРГЕ ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫ БЕРІЛГЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ ДАЙЫНДАЙДЫ:

(осы құжатта кіріктіруге болады немес бөлек құжат ретінде ұсынуға болады)



ТАПСЫРМАЛАР




Дескриптор

Білім алушы



  • салт-дәстүр/әдет-ғұрыптың 1-түрін сипаттап, маңыздылығын жазады;

  • салт-дәстүр/әдет-ғұрыптың 2-түрін сипаттап, маңыздылығын жазады;

  • салт-дәстүр/әдет-ғұрыптың 3-түрін сипаттап, маңыздылығын жазады;

  • салт-дәстүр/әдет-ғұрыптың 4-түрін сипаттап, маңыздылығын жазады;

  • салт-дәстүр/әдет-ғұрыптың 5-түрін сипаттап, маңыздылығын жазады;

  • «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген пікірге қатысты өз пікірін жазады.

Үй тапсырмасы: Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығы. SWOT-талдау
• S - Жағымды жақтары (Strengths
• W - Жағымсыз жақтары (Weaknesses)
• О- Мүмкіндіктері (Opportunities)
• T - Қатерлері (Threats)
Дескрипторлары: 
• кем дегенде 2 жағымды жақтарын анықтау 
• кем дегенде 2 жағымсыз жақтары 
• кем дегендн 2 мүмкіндіктерін анықтау
• кем дегенде 2 қауіп-қатерлерін анықтау;


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...