Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесі, түгендеу .
Психологиялық ахуал: «бүлінген телефон» ойыны арқылы.
Топқа бірігу: «Пазл» әдісімен.
1 -пазл /1-ТОП/ адам баласы жылап туады,
кейіп өледі.
2-пазл
/2-ТОП/
үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
3-пазл /3-ТОП/ «Адам баласының ең жаманы - талапсыз»
Үй тапсырмасын сұрау «Қызықты викторина» ойыны арқылы.
Абайдың қара сөз жазудағы мақсаты не?
Қазақ мақал-мәтелдері туралы қай қара сөзінде айтты?
Адам баласы анадан қандай мінезбен туады деп айтты?
Тән құмарлығы және жан құмарлығы туралы ақын қай қара сөзінде айтты?
«Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады». Бұл ой Абайдың қай қара сөзінде айтылады?
Абайдың 10-қара сөзінде қандай мәселе көтеріледі?
«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?» Қай қара сөзден алынған үзінді?
Он бесінші қара сөзінде Абай ақылды кісі мен ақылсыз кісі туралы не дейді?
«Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті». Қай қара сөзден алынған үзінді?
Адам тағдыры туралы нешінші қара сөзде айтылады?
Абай қара сөздерінің бірінде мақтаншақтықтың түрлері жайында айтады. Сол нешінші сөзі және ол мақтан түрлері туралы қандай пікір айтты?
Сократ, Аристотель туралы нешінші қара сөзінде айтады?
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:................................................?
Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Қай қара сөзден алынған үзінді?
Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай? Қай қара сөзден алынған үзінді?
|
Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім А.Құнанбайұлының бір афоризмін оқушы құлағына сыбырлайды, ол келесіге... осылай жалғаса береді соңғы оқушы дауыстап айтады. Мұғалім өзі айтқан сөздің қаншалықты дұрыс жеткенін айтады. Мысалы «Абайды оқы, ерінбе!»
Білім алушылар Ақын Абай афоризмдерін құрастыру арқылы топтарға бірігеді.
Білім алушылар сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
|
«Монеталар» арқылы бағалау
|
Пазлдар қимасы
Тәтті монеталар
|