Сабақ тақырыбы: Абай және оның шәкірттері. Күні


М.Әуезов Абайтанудың негізін салушы



бет2/2
Дата19.01.2023
өлшемі187.85 Kb.
#417200
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Абай және оның шәкірттері
Погашение кредитов | Freedom Finance Bank, Қазақстандағы су ресурстары

М.Әуезов Абайтанудың негізін салушы



Абайтанудың алғашқы негізін де М.Әуезов жазған Абайдың ғылыми өмірбаянында жатқаны мәлім, Абай өмірбаянын ғылыми негізде жаза отырып М.Әуезов абайтану саласындағы бірнеше күрделі мәселелерді тұтастай қарастыруды бірден қолға алды. Себебі Абайдың жаңа типтегі ақын, қоғам қайраткері боп қалыптасқанын көрсету үшін, сол дәуірдің тарихи шындығын яғни жасаған әлеуметтік ортасы мен араласқан адамдарын, руларын, билік атаулары мен жер аттарын, ақын шығармалары нәр алған бұлақтарын, Абай мұрасындағы жаңа бағытты, Абай өлеңдерінің жазылу себептерін т.б. көптеген қосалқы мәселелерді қамту қажет еді. Бұларды тұтас қамту, дұрыс шешімін, бағыт-бағдарын табу - жазушыға зор даярлықты, қуатты шығармашылық ізденісті талап етті. 
Абай өмірбаянын қалпына келтірудің басты әдісі – ауызша сұрау, тірі архив иелерінің естеліктерін жинау, жариялау. Ең бастысы Абай өлеңдеріндегі негізгі әлеуметтік сарындарға сүйену арқылы М.Әуезов көп шындықтың бетін ашады. Осы арқылы жазушы Абай мұрасының зерттелу жолына зор үлес қосты.
М.Әуезов 30-жылдары Абай мұрасына әрқилы баға беріліп, қым-қиғаш пікірлер айтылып жүргенде, ақынның ұлылығын, қалдырған мұрасының аса құндылығын тани білді.
Ұлы Абайдың көзі тірісінде жарық көрмей қалған қымбат қазынасын жинастырып, баспаға әзірлеген, сонан соң оны ғылыми ыждағаттылықпен зерттеген М.Әуезовтің еңбегі оның Абай тақырыбына арналған көркем шығармашылық мұрасымен пара-пар еді.
Бұл бағыттағы М.Әуезовтің ең бірінші еңбегі – ақынның танымдық, мағлұматқа бай ғылыми және шығармашылық өмірбаянын жасап бергендігі. Сонау 1933 жылғы Абай жинағында жариялаған «Абайдың туысы мен өмірі» атты көлемді мақала мен сол томда ақын өлеңдеріне қосымша ретінде берілген түсінік кейін көлемді монографиялық зерттеуге ұласты.
Абайдың жалпы шығармашылық мұрасына арналған ғылыми еңбектердің ішіндегі ірісі – М.Әуезовтің осы монографиясы. Он тараудан тұратын бұл жұмыстың бастапқы үш тарауында абайтанудың ең алғашқы қадамдарынан бастап, елуінші жылдарға дейінгі бұл игілікті іске қосылған ірілі-ұсақты зерттеулер, сын мақалалар.
Жазушы кейінгі тарауларда Абайдың жастық шағындағы шығармалары бір жүйе, ал қаламгер ретінде қалыптасқан кезеңдегі туындылары жанр-жанр бойынша қарастырылады. Сол тараулардың ішіндегі маңыздысы - «Абай лирикасы» деп аталатын бесінші тарау.
Бұл тарауда М.Әуезов ақынның шығармашылық ғұмырының соңғы жиырма жылдан астам кезеңдегі өлеңдерін хронологиялық тәртіппен алып, оларға жан-жақты талдау жасайды. Тарауда өлеңнің шын мәніндегі лирикалық шағын түрлерін алғаш рет енгізген Абайдың жаңашылдық үрдістері сипатталады. Жазушы ақынның әр шығармада әр қырынан көрінген шыншыл реалистігін, суреткерлігін, қоғам өмірі мен адам мінезін бейнелеудегі сыншылдық бағдарын әрдайым ерекше мән бере атап көрсетеді,
М.Әуезов мұрасын зерттегенде, сөз болып отырған монографиямен ғана шектеліп қалған жоқ. Бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы ой таразысынан өткізіп, кеңінен толғай жүріп, жазушы ақын шығармашылығына байланысты өте маңызды проблемаларға арнап жекелеген мақалалар жазды, баяндамалар жасады, шабытты сөздер сөйледі. Солардың ішінен «Абай ақындығының айнасы», «Абай еңбектерінің биік нысанасы», «Ұлы ақын, ағартушы – Абай Құнанбаев», «Орыс классиктері мен Абай», «Пушкин мен Абай» сияқты зерттеу мақалаларын ерекше атауға болады.
Мұхтар Л.Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясын 1940 жылы Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттасын, киноценарий жазды. «Абай» трагедиясында ақын өмірінің соңғы кезеңі бейнеленген. Мұнда Абай – халықтың ортасынан шыққан ең таңдаулы адамдардың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер-білімді уағыздаған өнерпаз ақын, әнші жастардың тұтас бір ұрпағының тәрбиешісі. Пьеса біздің көз алдымызға үлкен ойшыл, прогресс пен мәдениет жолындағы күрескердің алып тұлғасын елестетеді. Мұхтар бұл трагедияға дейін Абай жайында роман жазуға бел байлайды. 
1937 жылы жазылған «Татьянаның қырдағы әні» атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған еді. Жазушы өз шығармасын Абайдың ұлы Пушкинмен рухани жақындасуын көрсетуден бастаған. Бұл автордың ойынша романның негізгі идеясын айқындайтын өзекті тақырыптардың бірі болатын. М.Әуезов көп ұзамай өз ойын жалғастыруға кірісті. Жазушы әуелі екі кітаптан тұратын «Абай», одан кейін мұның жалғасы ретінде тағы 2 кітаптан тұратын «Абай», одан кейін мұнын ретінде тағы 2 кітаптан тұратын «Абай жолы» романын жазды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, 4 томдық, «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды. М.Әуезов өзінің дарындылығы, ойшыл-даналығы, халықтың тілек-арманын, тарих тағылымын терең ұға алатын білгірлігі арқасында алдына қойған мақсатына жетті. Жазушы кесек, кең тынысты, сан миллион оқырмандардың жүрегіне жол табатын көркем шығарма арқылы Абайды әлемге әйгіледі. «Абай жолы» эпопеясы уақыт сынынан мүдірмей өтіп, адамзаттың ақыл ойы, көркемдік даналығы туғызған ең үздік, ең таңдаулы шығармалардың қатарынан орын алды. Эпопеядағы Абайдың тұлғасы, қай жағынан алсақ та, халықтың тағдырымен тамырлас, ажырамас бірлікте көрінетін, әлем әдебиетіндегі аса ірі көркем бейне.
М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ тарихи орны бар ұлы ақынның ғылыми өмірбаянын жазуды алғаш рет қолға алғанда осы бір үлкен жауапкершілікті ұғына білді. Жазушы қолға түскен беймәлім деректердің ғылыми тұрғыдан сырын ашып, оларды Абай атқарған ақындық-қоғамдық қызметіне сәйкестендіріп беруге күш салды. Абай өмірбаянын сан рет өзгерте жазып, уақыт өткен сайын дәуір талабына сай толассыз іздену, соны деректер көзін еселеп табу арқылы оны жаңғыртып, өсіріп, тереңдетіп отырған. М.Әуезов ұзақ жылдар бойы Абай өмірбаяны жөнінде деректерді, сұрыптау жолында «Абай жолына» аса қажетті көл-көсір тарихи деректер көзінің ірге тасын қалады.
Абай шығармашылығын зерттеудің кейбір маңызды проблемаларын өзі тікелей қарастыруға мүмкіндігі болмаған тұстарда, оларды мәселе қою түрінде әдеби жұртшылықтың талқысына салып, бұл бағыттағы жемісті жұмыстың жөн-жобасын, әдістемелік принциптерін анықтап берген еңбектері және бар. Олардың ішінен, мәселен, «Абай жайын зерттеушілерге», «Абай мұрасы жайында», «Абай Құнанбаев шығармашылығын зерттеудің маңызды мәселелері» сияқты мақалаларын атап өтуге болады.
Сонымен қатар М.Әуезов айқындап берген абайтанудың сегіз түрі тақырыптық зерттеу аясында құнды еңбектер жарық көрді. Мәселен, Абай өмірбаянына қатысты Б.Байғалиевтің «Абай өмірі – мұрағат деректерінде» монографиясы, Абайдың Шығысқа қатысы жайлы М.Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» монографиясы, «Абай және Шығыс монографиясы, Қ.Салғариннің «Тереңге тартқан тамырлар» зерттеуі, С.Оразалиевтің «Абай және Дауани», Ғ.Есимовтің «Хакім Абай», А.Машановтың «Әл Фараби және Абай», Ж.Ысмағұловтың «Абайдың ақындық тағылымы», М.Бекбосыновтың Абайдың библиографиялық көрсеткіштері (1965, 1988, 1995), М.Әліпханның «Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі» т.б. зерттеушілердің зерттеулері жазылды.
Қорыта айтқанда ХХ ғасырдың бас кезінде басталған Абайтану мен Абай дәстүрін игеру мәселесі шектелмейді, қазіргі Тәуелсіздік кезеңдегі әдеби процеспен сабақтасып, жалғасын тауып жатыр


Қазақ зиялылары ә, дегенде-ақ, Абай туралы туралы келелі ойларын сол кездегі түрлі басылымдарда жариялай бастады. Оның ішіндегі елді елең еткізер, оқушылары тұшынып оқыр, рухани азығы молы да, кеңге қанат жайғаны да, әрине, «Қазақ» газеті болды. «Қазақ» халыққа қызмет көрсетуге жарарлық, халықтың көкейкесті ой-арманын көрсете алатын материалдарды ғана жариялап, озық үлгідегі дүниелерге ғана орын берді. Және әрбір жарияланымдағы ұлттық сипаттың айқындылығына көңіл бөлді. Соның бірі қазақ зиялыларының әдебиетке, әдеби тұлғларға қатысты пікірлері. Ал, енді газеттегі әдебиетке қатысты мақалалардың негізгі авторлары А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов екендігі тағы шындық.
Алаш ардақтаған басылым өзінің алғашқы сандарының бірінде «Қазақ тарихы» деген мақала жариялап, онда мынадай ой айтылды: «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ, осы ғасырдың ғылыми жарығында қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай және өзіміздің әдет-ғұрыпқа сай «қазақ мәдениетін» құрып, бір жағынан «қазақ әдебиетін» тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы». Бұдан біз газеттің негізгі мақсаттарының бірі қазақ әдебиетін өркендету болған айқын аңғарамыз. Осы тұрғыдан алғанда, «Қазақ» әдебиетіміздің озық үлгілерін насихаттауда ерекше қызмет атқарды. Кемел ой мен келісті сыр тоғысқан, сұлу сезім мен мұңлы шер шарпысқан көрікті де көркем жырдың шебері Абай шығармаларына айырықша назар аударуы осының бір айғағы. Әрине, газеттегі қайбір мәселе болмасын іргелі ойға қозғау салушы – бас жазушы Ахмет Байтұрсынов екендігі белгілі. Соның ең үлкен мысалы Абай сияқты ұлы тұлғаны кеңінен насихаттап, оның шығармашылығына айрықша назар аударып, терең талдау жасап, әділ бағасын беруге көшбасшы болуы.
Қазақ сөз өнерінің «патшасы» Абай арқылы қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы сөз қозғап, өлең сөздің қадір-қасиеті жайлы толғаулы ой қозғаған алғашқы мақала Ахмет Байтұрсынов қаламынан шықты. Абай туралы “Қазақ” газетінің 1913 жылғы 39-41– сандарында газет редакторы Ахмет Байтұрсыновтың “А. Б.” деп қол қойған “Қазақтың бас ақыны” атты көлемді мақаласы жарияланды. Мұнда қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев туралы алғаш тереңнен тартып ой айтылған. Абай өлеңінің асыл қасиетін терең түсінген, өлең өнерінің озығы екеніне көз жеткізген А.Байтұрсынов: “Одан асқан бұрынғы-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ” деген тың да түйінді тұжырым жасайды.
Жалпы Ахмет Байтұрсыновтың өзі басқарып отырған газетінің бетінде жарияланған өлеңдерден Абай үлгісін көргісі келетіні, ақындардан сол деңгейдегі талап-талпынысты танығысы, оларды сол бағытта баптап, тәрбиелеуді мақсат тұтатыны анық сезіледі.
Ахметтің Абай шығармаларын өте жоғары қоятыны әуелден-ақ, әр кезде, әр жағдайда жарияланып жүрген түрлі мақала, жазба-ларынан белгі беріп қалатын. Ал мына мақала сол бір Абай жайлы толғамды ойларының түгел күйде жарыққа шығып, оның өз талап-тілегінің негізсіз еместігін дәлелдей алғанының нақты көрінісі еді.
Автор өз мақаласында бүгінгі зерттеушілеріміз көтеріп жүрген көптеген өзекті мәселелерді тілге тиек еткен. Ол Абай шығармаларының тілінің ауырлығы, мазмұнының қабылдауға қиын екендігін айтар ойға азық етіп, оны шеберлік қыры ретінде көрсете алған. “1903 жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қаласың. Кей сөздерін ойлап дағдыланған адамдар болмаса, біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас», — деген жолдар жоғарыдағы сөзімізге нақты дәлел бола алады.
Автор мақаласында өзі пір тұтып, талантын, дарындылық қасиетін ерекше бағалаған Абай ақынды сол заманның ақындарынан даралап көрсетеді, оның артық екенін дәлелдейді. Жалпы Ахмет Байтұрсынов қалың жұртқа Абайды таныстыру мақсатында оның шығармаларын газет бетіне жиі жариялап тұрған. Ол “Қазақ” газетін екінші Абай мектебіне айналдырды. Ахмет айналасындағы алаш зиялылары өздерінің шығармалары арқылы Абай дәстүрін әрі қарай жалғастырды.
Абайды әр қырынан ашуға тырысқан мағыналы мақалада мынадай жолдар бар: «Орыс ақындарымен танысып, өлең орны қайда екенін білгеннен кейін, Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрмет-ықыласпен күтіп алып, төр түгіл тақтан орын берген. Бірақ басқа сөзден өлеңнің таққа мінгендей артықшылығы қандай, оны да көрсетіп, айтып қойған. Айтушы мен тыңдаушының көбі надан болғандықтан, өлең болып айтылып, тыңдалып жүргендердің көбі өлең емес екендігі, өлең жазушылар болса да, келістіріп жазушылары ішінде бірен-саран таңдама екендігі, жұрт мағыналы, терең сөзден гөрі мағына жоқ, маңыз жоқ, желдей гулеп, құлаққа дыбысы тиіп өте шығатын жеңіл сөздерді таңдауға құмар екендігі Абайдың өлең жайынан жазған сөздерінде көрсетілген» [2]. Мұндағы Ахметтің айтпағы — Абай ақынның сыншылық көзқарасының өткірлігі мен нағыз ақынға қажетті де керекті шеберлікті толық игерген жасампаздық тұлға екендігі.
Замана ауыртпалығын, елдің басына түскен зорлық-зомбылықты терең сезініп, жүрегімен түсініп, жырлай білген Абайды «Қазақ» газетінің авторлары пір тұтқан, ұлы ұстаз тұтқан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан