Сабақ тақырыбы: Абай және оның шәкірттері. Күні



бет1/2
Дата19.01.2023
өлшемі187.85 Kb.
#417200
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Абай және оның шәкірттері
Погашение кредитов | Freedom Finance Bank, Қазақстандағы су ресурстары

Тексерілді: ___________________________



6-сынып

Қазақ әдебиеті

Бөлім:

Абайды оқы, таңырқа!

Сабақ тақырыбы:

Абай және оның шәкірттері.

Күні: 14.11.2019

Қатысқаны:

Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

  1. әлеуметтік-қоғамдық мәселені табады;

  1. әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсіндіреді;

  1. әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

Бағалау критерийлері:

әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

Тілдік мақсат:

Тірек сөздер, мысал

Құндылықтарға баулу

  • адамгершілік

  • сыйластық

  • құрмет

Пәнаралық байланыс

Орыс әдебиеті

Алдыңғы оқу:

А. Құнанбаев

Сабақ барысы

Жоспарлан ған
уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Сабақ басы
5 мин

Топқа бөлу. «Есімдер ұяшығы» әдісі. Оқушылар есімдерін берілген ақ бетке жазады, мұғалім жинап, топқа бөледі:
1-топ: Шәкәрім Құдайбердіұлы;
2-топ: Ахмет Байтұрсынов;
3-топ: Мұхтар Әуезов.
Қызығушылықты ояту. «Ой түрткі» әдісі.
-Оқушылар, сіздерге кімдердің суреттері үлестірілді?
-Олар туралы қандай ақпарат білесіздер?
-Не үшін ақын-жазушы негізінде топқа бөліндік?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.




Сабақ ортасы
30 мин

М. Әуезов, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов
- М. Әуезов-жазушы, ұстаз, ғалым, Ш. Құдайбердіұлы-ақын, азгер, Абайдың шәкірті, А. Байтұрсынов-ақын, публицист
-Себебі, үш тұлға да Абайтанушы, шәкірті.


1-тапсырма
Оқушылар берілген уақыт ішінде мәліметтерді оқып, пысықтап, постерге салады.
1-топ: Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Абай
2-топ: Ахмет Байтұрсынов пен Абай
3-топ: Мұхтар Әуезов пен Абай
Дескриптор
-Постер құрастырады;
-Абайдың бейнесін көрсету;
- әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;
-Орфография, калиография талаптарына сай болу;
-Мәлімет бойынша 6 сұрақ құрастыру.
«Шығармашылық» сайыс
«Абай мұрасын зерттеушілер» тақырыбында эссе жазу(сөз көлемі 90-100 сөз)
Эссе талаптары:
-Тақырыпты ашады;
-Сөз көлемін сақтайды;
-Нақты деректерден мысал келтіреді;
-Тұрақты тіркес, мақал-мәтел, қанатты сөздерді қатыстырады;
-Орфографиялық, калиографиялық талаптарды ескереді




Сабақ соңы
5 мин

Рефлексия. «Пікір білдір» әдісі

Тақырып бойынша түйгенім

Сабақта қызықты болды

Сабақта қиын болды
















Үйге тапсырма

Эссе талаптарын ескере отырып, «Абай мұрасын зерттеушілер» тақырыбында эссе жазу







Қазақ халқының ой алыптары Абай және Шәкәрім тағдыры мен шығармашылығында ұқсастықтыр мен айырмашылықтар бар. Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға және іні, рухани туысқандар, ұстаз және шәкірт, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 16-17 жасынан бастап Абайдың ықпалымен өлең жаза бастайды.
«Мынау Абай бір ғалым жол шығарлық
...Кісі емес, ескерусіз бос қаларлық»,- деп жазады ол алғашқы өлеңдерінің бірінде. Бірақ жасында шығармалық еңбек жазумен онша әуестенбей, Шәкәрім ел ішінің жұмыстарына көбірек айналысады, оқиды, ел аралайды, жылқы бағады, аңшылықпен айналысады, ауыз әдебиетінің байлығынан үйренеді, тарихи деректер жинап, кейін шежіре жазады. Оның жазушылыққа біржола ден қойып кірісуі қырық жасынан, яғни 1898 жылдардан басталады.
Шәкәрім Батыс пен Шығыс елдерінің әдебиетіне көз жіберді. Пушкин мен Толстойды, бертінде Некрасовты ұстаз тұтты. Ол Шығыс әдебиетінен Қожа Хафиз, Науаи, Физулиді жоғары бағалады. Ол «Дубровский» аудармасының алғы сөзінде былай деп жазған:
Айтқан сөзі ауруға ем, жанға құмар,
Тауып айтқыш тәтті тіл, сайраушылар.
Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов,
Қожа Хафиз, Науаи Физули бар. – деп Пушкин мен Толстойды Абай қандай сүйсе, Шәкәрім де сондай сүйеді.
Абай өзінің мұрасымен классик ретінде танылып қана қоймай, өзіне тән дәстүрі бар ақындық, адамгершілік, ағартушылық мектебін ашқан, өз маңайындағы шәкірттері қанаттанып ұшуына үлкен ықпал жасаған ұстаз ретінде танылады. Белгілі абайтанушы М. Әуезов көрсеткендей, қазақ еліндегі басқа ақындармен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы – тарихи жаңалық.
Шығармалық өнерінде Шәкәрім Абай қандай бағыт ұстанса, сондай бағыт ұстанған. Барлық шығармаларының идеясы қазақ қоғамын еңбекке, мәдениетке, адамгершілікке, әділдікке шақыру болады, адал махаббатты жырлайды, әлеуметтік теңсіздікті сынайды, соның ішінде әсіресе әйел теңдігінің жыршысы болады, әйелдерді кем санап, тағылық, деспоттық жасаушыларға қарсы шығады.
Тақырып, мазмұн жақтарынан ұстаз бен шәкірттің өлеңдері, карасөздері ұштасып жатады. Абайдың тәлімдік, тәлімгерлік таланты Шәкәрімнің сегіз қырлылығында өз көрінісін табады. Ұстазында кездесетін, өзіне дейін қазақ мәдениетінде ұшыраспайтын құбылыстарды дамытқан. Қазақ халқының этногенезі туралы Абай екі ауыз сөз қалдырып, сол сөзінде этногенезді зерттеу бағдарын анықтаған. Абайдың тапсырмасымен 19 жасынан мәліметтерді жинаған Шәкәрім мазмұн және форма жағынан ерекше «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресін» құрастырған. Өзге дәстүрлі шежірелерден айырмашылығы – тек қана жүздер мен рулардың пайда болуы туралы аңыздардың жазба түрдегі жинағы емес, бұл автордың қазақ елінің тарихи санасын, ұлттық сезімін жоғары көтеретін тәлімдік ойлар қорытындысы еді.
Ұстазы Абай сияқты Шәкәрім де алдымен реалист ақын. Жоғарыда айттық, ол да шығармаларында өмір шындығын, әлеуметтік қайшылықтарды, өткендегі үстем таптың зорлық-зомбылығын, бұқара халықтың ауыр күйін жырлайды. Дәулетті таптың өкілдерін ақын мынадай сөздермен шенейді:
«Мақсаты жаман жанды өзі білмек,
Ол қашан өзгелерді көзіне ілмек.
Сатса мейлі, қонаққа сойса мейлі,
Халықты қой есепті айдап жүрмек».
Ол ағасы Абай сияқты, өлеңді өнер деп білген, оған мол талантын, еңбекқұмар жігерін барынша жұмсап, қасиет тұта кіріскен. Оның әрбір өлеңі ұйқасқа қысылмайды, сөздері сара-сара, мағыналы да терең мазмұнды да, бейнелі де кестелі.
«Ән - өлшеуіш, өлең – күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.
Артық алу, не кем салу
Қапы қалу жарамас...»,- дегенді өзі ұстанып, өлеңнің буынына, әрпіне, ауаздылығына, әсерлілігіне қатты көңіл бөледі.
Сондай-ақ Абайдың «Қарасөздері» - қазақ философиясының негізгі ой түрткісі болса, Шәкәрімнің «Үш анығы» - қазақ философиясының шыңы. Форма жағынан Абай туындысы әдеби эссе болса, «Үш анық» - трактат.
Оқырмандар жақсы түсініп, берік меңгеріп, есте сақтауына ыңғайлы болуы үшін трактат стилі қолайлы, өз ойларын автор бірнеше рет қайталап жазады, негізгі дәлелдерін келтіреді, қорытындысын анықтайды. Араб, орыс терминдерін міндетті түрде қазақ тіліне аударады, дербес терминдер ұсынып, қазақ тіліндегі философиялық категориялар, атаулар негізін қалайды.
Екі ойшылды қызықтырған жан мәселесі. Табиғат өлсе де жан өлмес деген Абайдың пікірін Шәкәрім түрлендіреді. Оның пайымдауынша, дүниедегі барша нәрсенің жаны бар, жан өлмейді, өзгереді, өзгерген сайын өседі, жоғарылайды: сезімді жан (инстинкт), аңғарлық жан (сознание), ойлайтын жан (мысль), ақылды жан (ум).
Ақын қазынасы көптеген өлеңдер мен поэмалардан, мысалдар мен нақылсөздерден, әңгімелер мен философиялық толғаулардың негізінде құралғанын білеміз. Оның қай туындысын алып қарасақ та жаңа лебімен, сазды үнімен, ойлылығымен, сұлулығымен ерекшеленіп, оқырманды баурай түсетіні анық. Шәкәрімнің танымдық әлеміне Абай мұрасы арқылы кіру – ұтымды боларына айрықша ден қою керек, өйткені бұл жол жантану ілімін танып білуде адастырмас темірқазығымыз.
Екі ой алыбы өз туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін танып білу жолында толассыз ізденіске түскен.
Алдымен, Абай өз поэзиясында 1889 жылдан өмірінің соңына дейін түп иені танып білу жолында жүрек культін көтере жырлау арқылы толық адам ілімінің негізін салуға батыл қадам жасауға ұмтылды. Бұл ұмтылысты Шәкәрім дәстүрді жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы әдебиетте философиялық лириканы классикалық биік деңгейге көтере білді. Әсіресе, бұл өте күрделі, шешуі қиын мәселені Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ояну дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны танып, тың ойлар желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика табиғатына сай молынан қамтып, зерттеп терең мән бере қарады. Анығына келсек, Абай мен Шәкәрімдегі философиялық лириканың өзекті тақырыбына айналып отырған аса күрделі де ұғынуы қиын ғарыштық танымдағы жантану ілімі туралы мәселе таза ақыл қуатымен танып жырланған өзіндік қайталанбас терең сыры бар тылсым құбылысқа айналды.
Қазақ поэзиясының биік белеске көтерілуіне, әдеби тілдің ауқымының кеңеюіне Абай шығармашылығығының үлкен үлес қосқаны анық. Шәкәрім де Абайдан соңғы қазақтың ең көрнекті тұлғаларының бірі. Абай мен Шәкәрімнің мол әдеби мұрасынан өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек танимыз. Қос ақынның өлеңдерінде, поэмаларында, философиялық ой-толғауларында бір пендеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң жатыр. Бұл өлең өрісін, өнер көкжиегін айқындайтын биік меже. Біздің туған тілімізде, ұлттық әдебиетімізде Абайдан соң ғана мүмкін болған биік жетістік. Шәкәрім Абайдан соңғы ең танымал есім, ең көрнекті тұлға. Сондықтан да қос алыптың шалқар дүниетанымы, нұрлы жаны, талантты тебіренісі, өзгеше бітімі, биік мақсұты, ақыл-ой тереңдігі қазақ халқының арымайтын рухани биігі болып қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет