Сабақ. СӨз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің ролі. Жоспары: Сөз мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті

Loading...


Дата18.10.2020
өлшемі25.96 Kb.
түріСабақ
1-САБАҚ. СӨЗ МӘДЕНИЕТІ. АДАМ ӨМІРІНДЕГІ СӨЗ МӘДЕНИЕТІНІҢ РОЛІ.

ЖОСПАРЫ:




  1. Сөз мәдениеті.


  2. Сөйлеу мәдениеті.

Тіл – адамдардың түсінісу, сөйлесудегі басты құралы. Адамдар тіл арқылы бір‑бірімен пікір алысып, өзара ұғынысып қана қоймай, бірігіп еңбек етуге, сыйластықпен өмір сүруге ұмтылады.

Адамның өз көзқарасын, пікірін жеткізуі және жазбаша сауатты жаза білуді игеруі сөз мәдениеті деп аталады. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген сөзбен тығыз байланысты.

Сөз мәдениеті – адам мен қоғамның рухани мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігінің бірі. Себебі әрбір адам (әсіресе білімді) дұрыс және әдемі сөйлей білуі қажет. Атақты сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген – түбін білмейді», – деп бекер айтпаған.

«Сөз мәдениеті» тіркесі қазіргі лингвистикада екі мағынада қолданылады:

1.Сөз мәдениеті – тілдік нормаларды, оның ішінде әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады. Кейбір зерттеушілер тілдің көріктеу құралдарын, яғни стилистикалық заңдылықтарды дұрыс пайдалануды сөз мәдениетінің объектісі деп таниды.

2.Сөз мәдениеті –тілді нормалау мәселелерін жетілдіру мақсатында зерттейтін тіл білімінің саласы.




Сөз мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру. Осылардың бәрін қосып, сөз мәдениеті деген ғылым-таным саласын «ортология» деп атаушылық бар, яғни ортология – сөздің дұрыстығы туралы ілім» (Р.Сыздық). Сөз мәдениеті дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда, ең алдымен ана тіліміздің иелігіндегі барша дүниеліктерді – тілдің дыбыс жүйесін, оның ырғақ, әуездерін; сөзді оның мағыналық қырларын; сөздің тұлғалық құрылымдарын, оның жұрнақ, жалғауларын; сөз тіркесі мен сөйлем жүйелерін; тілдің стильдік құралдарын т.б. әдеби тілдің нормасына сай қолдана білу, дұрыс әрі бедерлі жұмсай білу деген ұғымды білдіреді.

Сөз мәдениеті – ұлттық сананы дамытуға қызмет ететін пән. Ұлттық сана – рухани мәдениет ғылым мен білім, материалдық мәдениет және дене тәрбиесі мәдениетімен байланысты аса күрделі құрылым. Ұлтты, отанды, тілді мақтаныш тұтатын сезім де ұлттық сананың құрылымына кіреді.


Мәдениет. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» –«қала, қалалық» деген сөзінен енген. В.Дальдің сөздігінде «культура» ұғымы: өсіру, өңдеу, күту, білім, ақыл-ой, ізгілік деген мағынада берілген.

Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағына білдірген. Кейінірек бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымда жұмсалған. Уақыт өте келе еуропалық тілдерде «мәдениет» сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие болады.

Рухани мәдениет. Рухани мәдениет  адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.

Сөз мәдениеті  орыс. культура речи – әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.

Сөйлеу мәдиенеті деп — қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата — анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.

Әдеби тіл — дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
Ситуациялық жағдаяттар
1 — жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» — деп, орнымды ұсынамын. )
2 — жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? («Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 — жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?

Есте сақтаңыз!

Сөз мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру.

Бекіту сұрақтары:

1. Сөз мәдениеті қандай тіркеспен тығыз байланысты?

2. Неге сөз мәдениеті адам мен қоғамның рухани мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады?

3. Сіз «Тілін білмеген – түбін білмейді» деген аталы сөзді қалай түсінесіз?

4. Сөз мәдениеті қандай мағынада қолданылады?

5. Сөз мәдениеті дегеніміз не?

6. Cөз мәдениетін зерттейтін ғылым қалай аталады?

7. Оны айтқан ғалым кім?



8. Ұлттық сана дегенді қалай түсінесің?

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...