Сабақ Сүйекті балықтар класының жіктелуі Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар

Loading...


Дата16.04.2020
өлшемі224.34 Kb.
15 Практикалық сабақ Сүйекті балықтар класының жіктелуі

Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар.

Қалаққанатты балықтар

Қалаққанаттылар (Sarcopterygii) - сүйекті балықтар класс тармағы. Сәулеқанаттылармен туыстас. Желі сақталған, омыртқалары шеңбер, жартылай шеңбер немесе диск тәрізді. Жоғарғы жақтары бас сұйегімен жалғасады немесе тұтасып бітеді. Қабыршақтары космоид типтес. Ішкі танау тесіктері жетілген. Қос жүзбеқанаттары етті, қабыршақпен қапталған немесе талшық тәрізді, 2 арқа жүзбеқанаттры бар. Құйрық жүзбеқанаттары гетероцеркальды, (қазба түрлері) немесе дифицеркальды. Торсылдағы мен клоакасы құрсақ жүзбеқанаттарының түбірі аралығында ашылған, спиральды ішек қақпашасы және жүректің артериальды конусы бар. 2 инфракласқа, (отряд жоғарғы тармағы): саусаққанаттылар және қостынысты балықтар жатады; қазіргі уақытта 7 түрі белгілі.

1.Саусаққанаттылар (лат. Crossopterygii) — өте ескі, әрі толығынан дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Девон мен карбон дәуірінде кеңінен таралып, мезозойда олардың түрлері азайып, тараған ауданы да қысқарған. Саусаққанаттылардың қос тынысты балықтар сияқты желбезектерімен қатар өкпелері де болған, бірақ олар өзгеріске ұшыраған ішкі танау тесіктері жоқ. Олардың мезозойда тіршілік еткен саусақ қанаттылардан айырмашылығы ауадағы оттегімен тыныс ала алмайды. Қос қанаттарының құрылысында өздеріне сәйкес өзгешеліктері бар. Олардың табан жағында етті жалпак қалақшасы болады, соның ішінде қанат қаңқасының негізгі бөлімдері жатады. Аяқтарының бұлшық еттері жер бетінде тіршілік ететін омыртқалылардікі сияқты, аяқтарының қозғалып тұратын бөлімдеріне бекіген. Кейбіреулерінің қанат қаңқалары бес саусақты алақан сияқты болып келеді. Қанат негізінің тіреуі бозлия болады және ол иық сүйегіне ұқсайды. Иық сүйегінен кейін базалияның екі элементтері тарайды, бұлар кәрі жілік пен шынтақ сүйектеріне ұқсайды, одан әрі қарай бірнеше саусақ сияқты қауырсындар тарайды. Сондықтан оларды саусаққанатты балықтар деп атайды. Дене пішіні ромб немесе дөңгелек келген қалың сүйек пластинкаларымен — космоидты қабыршақтармен қапталған. Пластинкалардың үстіңгі беті түрі өзгерген дентинмен, яғни косминмен және жұқа эмаль қабатымен жабылған. Терісінің мұндай сүйектенуі алғашқы кездегі амфибилерді еске түсіреді. Сонымен қатар, саусаққанатты балықтарда висцеральдық саңылаудың қалдығы бар, ол амфибилерде ортаңғы құлақ қуысына айналады. Саусақ қанаттылардьщ қос тынысты балықтарға жакын екенінде ешқандай күмән жоқ және олар бір түбірден тараған болуға тиіс. Олар алғашқы кезде тұщы суларда тіршілік еткен және онда әрдайым оттегі жеткіліксіз болған болу керек. Соның салдарынан қос тыныс жолы пайда болып, оттегі жетіспеген кезде бұл балықтар да қос тыныстылар сияқты әлсін-әлі су бетіне көтеріліп, атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алған. Су өсімдіктерінің және олардың қалдықтарымен ластануы қанаттарының жүзу қызметін атқарумен қатар денеге тірек болуына бейімделуіне себепші болған. Сондықтан бұл жүзу қанаттарының бессаусақты аяққа айналуына себепші болған факты болып саналады. Мезозойда саусаққанатты балықтар теңізде тіршілік етуге көшкен. Осындай саусаққанатты балықтар тобының қалдықтары осы кездегі латимериялар болып саналады

2.Қостыныстылар, немесе қостынысты балықтар (лат. Dipnoi) — сүйекті балықтардың қалаққанаттылар класс тармағына жататын балықтар. Қазба қалдықтары девонның орта шенінен белгілі; пермь-ге дейін саны көп болған. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақ сүйегі бас сүйекке бітісіп кеткен). Тістері шомбал, 2 – 3 жұптан тұрады. Жұп жүзбе қанаттарында жалпақ терілі қалақтары болады. Желбезегімен қатар атмосфералық ауамен тыныс алатын торлы 1, 2 торсылдағы болады. Бұларда “өкпелік” қан айналу шеңбері бар. Жүрегінде оттекпен тотыққан қан бар және жүрекшесі оң және сол бөліктерге бөлінген. Қостыныстылар тұщы суларда тіршілік етеді. Олар мүйізтістітәрізділер отрядына (Ceratodontіformes) топтастырылған. Оның екі тұқымдасы бар.

Бірөкпелілердің жалғыз өкілі неоцератод (Neoceratodus forsterі) Австралиядағы (қорғауға алынған) түбі батпақты және шөптесінді тайыз суларды мекен етеді. өз. 2 м-дей. Еті өте дәмді. Уылдырығын (ұзындығы 7 мм-дей) шөптерге шашады. Моллюскілермен, құрттармен, шаянтәрізділермен қоректенеді.

Екіөкпелілердің жұп жүзбе қанаттарының қаңқасы біраз редукцияланған, қанаттары ширатылған мататектес; 5 түрі бар: оның 4-еуі – протоптерустер, Орталық Африкада кең тараған. Ұзындығы 30 см-ден 2 м-ге дейін. Өзендер мен көлдерде тіршілік етеді, су омыртқасыздарымен, балықтармен, қосмекенділермен қоректенеді. Кейде су бетіне көтеріліп, ауа жұтады. Африкадағы аса ыстық кезеңде су деңгейі төмендегенде, ін қазып, өз шырышынан қатты жамылғы жасап сақтанады. Інінің жоғарғы жағына ауа келетін жіңішке қуыс қалдырады. Осы жағдайда келесі жылы жауын жауғанша бірнеше ай (кейде 2 – 3 жыл) тіршілік етеді. 5-түрі – лепидосирен – Оңтүстік Америкада кездеседі. өз. 1,2 м-дей. Су деңгейі төмендегенде протоптерустер сияқты сақтанады, тек айырмашылығы денесін қатпаған шырыш жабады. Еті дәмді, жергілікті халық тағамға пайдаланады.

Қауырсын қанаттылар

Қауырсын қанаттылар (лат. Actinopterygii) — Сүйекті балықтардың класс тармағы. Осы уақытта тіршілік ететін балықтардың, түрінің 90 процентінен астамы осы класс тармағына жатады. Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр түрлі қабаттарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы сулардан — өзендерден, бұлақтардан, көлдерден, бөгеттерден кездестіруге болады. Қауырсын қанаттылардың, барлық түрлеріне тән дене құрылысында мынандай белгілері бар.Дене скелеті толығынан сүйектен тұрады, ал шеміршек кейбір жерінде ғана сақталған. Көкірек қанаттарының, әдетте базалиялары болмайды, қауырсындары бірден иық белдеуіне бекиді. Сондыктан балықтың, бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды.

Тіршілігінің саналуандығына байланысты сыртқы пішіні де әр түрлі. Бұлар орта девоннан бері белгілі. Тұщы су қоймаларында пайда болуы мүмкін. Ашық суларда мекендеушілер болған және жақсы жүзушілер. Девонда сәулеқанаттылар көпшілік жағдайда ганоидты балықтар болған, бұлар пермь мен триаста гүлденген. Сонан соң олардың саны қысқарып, б.з бар-жоғы 50-ге жуық түрі жеткен. Орта триаста ганоидтылардың орнын сүйекті балықтар (Teleostei) басты, қазір олардың 20-мыңнан астам түрі бар.



Бекіребалықтар (лат. Acipenseridae)бұларға бекіре, қортпа, пілмай, калуга, шоқыр, сүйрік балықтары жатады. Бекіре балықтарында сүйек болмайды. Олардың етінен әр түрлі балық тағамдарын және ысталған тағамдар әзірлейді. Бекіре еттері көптеген кулинарлық тағамдар әзірлеуге жарайды. Бекіре тек Каспий теңізінде, Еділ мен Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 м-дей, салмағы 200 кг-ға дейін. Бекіре тұқымдас балықтардың ішіндегі семізі және еті жұмсақ. Бекіре балықтары саудаға суытылған, мұздатылған және ысталған түрде түседі, сонымен қатар оны балық өнімдерін және әр түрлі балық консервілерін өндіруде қолданады

Майшабақтәрізділер (лат. Clupeіformes) — сүйекті балықтар класының нағыз сүйекті балықтар тобының отряды. Қазба қалдықтары жоғарғы юра кезеңінен белгілі. Құрылысы қарапайым, морфологиясы мен биологиясы әр түрлі. Майшабақтәрізділердің денесінің екі бүйірі қысыңқы, оған циклоидты қабыршықтары бос бекігендіктен оңай алынады. Бүйір сызығы жоқ, бірақ желбезек қақпақшасында сейсмосенсорлы өзекшелері жақсы жетілген. Құрсақ жүзбе қанаттары кеуде жүзбе қанаттарынан әлдеқайда кейін орналасқан. Жүзбе қанаттарында тікенек талшықтар болмайды. Желбезек жарғақтары тамағына бекімеген — жаға тәрізді. Жақ сүйектерінде тістері болады. Майшабақтәрізділердің ішінде теңізде, тұщы суда тіршілік ететіндері және өрістегіш түрлері де кездеседі. Отрядта 3 тұқымдас бар:

  • майшабақтар (Clupeіdae)

  • анчоустар (Engraulіdae)

  • дорабтар (Chіrocentrіdae).

Алдыңғы екеуінің өкілдері майда (ұзындығы 5 — 45 см, салм. бірнеше г-нан 1,2 кг-ға дейін), ал дорабтар ірі (ұзындығы 3,7 м-дей). Олар топтанып жүретін пелагик. балықтар; 300-дей түрі бар. Майшабақтар мен анчоустардың көпшілік түрінің дүние жүзінде кәсіптік маңызы зор. Бірақ жыл сайын, әр түрлі себептерден (тіршілік жағдайының өзгеруі, әсіресе, өткінші түрлер үшін, шамадан тыс артық аулау, т.б.), олардың саны бірте-бірте азаюда. Қазақстан суларында майшабақтар тұқымдасының 11 түр мен түр тармақтары тіршілік етеді. Бұлардың 10-ы Каспийде тіршілік ететін жергілікті балықтар, ал Балтық майшабағы (салака) Аралға жерсіндірілген. 1980 жылға дейін Каспий майшабақтарының кәсіптік маңызы үлкен болатын, қазіргі уақытта негізінен килькалар мен тюлькалар ауланады. Еділ майшабағы өте сирек кездеседі.

Албырттар (лат. Salmonidae) – нағыз сүйекті балықтардың бір тұқымдасы. Каспий, Арал теңізінде, Зайсан көлінде, Бұқтырма су бөгенінде, Ертіс, Жайық өзенде, Каспий, Арал албырттарында, Ақбалық, Сылан түрлері кездеседі. . Албырттардың тұщы суларда тұрақты мекен ететін (Сигалар, Омулдар мен таймендер деп аталатын) түрлері бар. Албырттардың дене тұрқы 130 см, салм. 2-3 кг. Денесі тығыз қабыршақты келеді, бүйір сызығы жақсы дамыған. Албырттар — қазіргі кезде тіршілік ететін сүйекті балықтардың ішіндегі өте қарапайым түрі. Оның басқа балықтарға қарағанда бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өңешпен бірігіп кеткен. Қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты, ал арқасындағы жүзгіш қанаты қысқа. Сонымен қатар арқасында жұмсақ тері қатпары бар, оны майлы қанат деп атайды. Албырттар — өткінші балықтар. Олардың өсіп жетілуі көбінесе теңізде өтеді де, ал уылдырығын өзендерге шашады. Уылдырық шашу кезіндегі өрістеуі бірнеше мың км-ге дейін жетеді. Уылдырықтарын өздері қазған су түбіндегі арнаулы шұңқырға шашып, оның бетін ұсақ тастармен, немесе ірі құмдармен жауып тастайды. Шабақтары өзенде қыстап шығады да, көктемде теңізге өтеді. Албырттар — кәсіптік маңызы зор, өте бағалы балықтар. Олар өте дәмді еті әрі қызыл уылдырығы үшін ауланады.

Жыланбалықтәрізділер (лат. Аnguіllіformes) – сүйекті балықтардың бір отряды. Қазба қалдықтары бор кезеңінен сақталған.

Жыланбалықтәрізділердің 23 тұқымдасына бірігетін 350-дей түрі бар. Бұлардың көпшілігі тропиктік және субтропиктік теңіздерде (кейбір түрі теңіздің ең терең жерінде) тіршілік етеді. Аnguіllіdae тұқымдасының өкілдері ғана тұщы суларда кездеседі. Жыланбалықтәрізділердің денесінің ұзындығы 10 см-ден 3 м-ге дейін, салмағы 15 г-нан – 65 кг-ға дейін болады. Көпшілік түрінде жұмсақ, тікенексіз ұзын арқа және құйрық асты (аналь) қанаттары құйрық қанаттарымен бірігіп кеткен. Қазіргі Жыланбалықтәрізділердің құрсақ қанаты болмайды (осыған байланысты бұларды аяқсыздар деп те атайды). Желбезек саңылауы кішкентай. Құйрық қанаты үстіңгі-астыңғы қалақшаға бөлінбеген. Қабыршағы өте ұсақ, терісі қалың, шырышты келеді. Суда және теңіздің ең терең жерінде жылан сияқты қозғалады. Түрлену арқылы көбейеді. Жапырақ тәрізді мөлдір дернәсілі(лептоцефал) ересек дарабасына (особь) мүлдем ұқсамайды. Бұлардың көпшілігінің қанының құрамында ихтиотоксин деген улы зат болады. Қазақстанда Каспий теңізініңсолтүстігі мен Жайық өзенінің сағаларында сирек те болса кездесіп қалатын – кәдімгі жыланбалық (Аnguіlla anguіlla) деген бір түрі бар. Бұлар дымқыл ауалы, сусыз жерлерде 36 сағатқа дейін тіршілік ете алады. Күндіз тығылып жатып, түнде ғана қоректенеді. Ересек дарабастары бір-ақ рет уылдырық шашады да, өліп қалады. Жыланбалықтәрізділер негізінен жыртқыш балықтар.


16 Практикалық сабақ: Көлбақаның сыртқы және ішкі құрылысы

Тип: Хордалылар – Chordata

 Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata 

Бөлім: Жақауыздылар - Gnathostomata 

Класс үсті: Төрт аяқтылар – Tetrapoda

 Класс тармағы: Доға омыртқалылар - Apsidospondy 

Отрядүсті: Секіргіштер - Salentia 

Отряд: Құйрықсыздар- Anura 

Тұқымдасы: Көлбақалар - Ranidae 

Туысы: Көлбақа - Rana 

Өкілі: Көлбақа  Rana ridibunda Pallas

Денесі 2 ден 25 см дейін. Көпшілік түрлерінің тістері жоқ. Денесі жалпақ, ауыр, аяқтары кысқа тырнақтары қарапайым, дискісіз. Антарктидан басқа барлық жерде 21 туыстың 300-дей түрі таралған. Ең қарапайым түрі Африкада таралған тірі туатын Қ., (Nectophyrinoides туысы). 200-ден астам түрі Bufo туысынан. Көз қарашығы горизонтальді орналасқан, көздің артқы жағында, ірі құлақ маңы улы бездері орналасқан, артқы аяқтарының саусақ аралығы жартылай жүзу жарғағымен қосылған, арқасында тұтас өте ұсақ улы бездері бар.

 Ас корыту жүйесі:Көптеген амфибилердің ауыз тесігі өте үлкен болады да,



кейбір аздаған құйрықсыздардың түрлерінде ғана ауыз тесігі кішірек. Ауыз тесігі өте кең келген ауыз жұтқыншақ қуысына ашылады. Ауыз -жұтқыншақ қуысына ішкі танау тесік (хоана), евстахиев түтіктері, көмекей саңылау және сілекей бездерінің жолдары да ашылады. Ауыз жұтқыншақ қуысы арт жағынан тарылып, өңешке айналады. Сілекей бездерінің шырыны қоректік заттарға химиялық әсер етпей, тамақ заттарын ылғалдап ішке қарай жылжуын оңайлатады. Ауыз – жұтқыншақ қуысының түп жағына жақсы жетілген тілі орналасқан. Тілінің пішіні қосмекенділерде әртүрлі болып келеді. Бақалардың тілі ауыз - жұтқыншақ қуысына алдыңғы ұшымен бекінеді де, олар тілін сыртқа шығара алады, тек құрбақалардың бір туысының тілі ғана артқы ұшымен бекіген. Ал саламанданың тілі саңырауқүлақ пішінді болады да, хамелеондар сияқты тілін аузынан өте алысқа лақтыра алады. Барлық қосмекенділердің тілінің үстіңгі бетінен желімге үқсас шырын бөлініп түрады. Осы шырынды тілінің жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстап қорек етеді. Біраз ғана амфибилердің тілі болмайды. Қосмекенділер тамақ затын ұнтақтамай тұтас жұтуына байланысты, тістер ұсақ біркелкі конус тәрізді болады. Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ сүйектеріне өре сүйегіне де, төменгі жақ сүйегіне де орналасады. Құрбақалардың жақ сүйектерінде тістері болмайды. Қосмекенділердің ауыз - жұтқыншақ қуысындағы қоректік заттардың өңешке қарай жылжуына көз алмасы да көмектеседі. Өйткені көз алмасын ауыз - жұтқыншақ қуысынан жұқа шырынды перде ғана бөліп тұрады және ол арнауты ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде қоректік заттардың ауыз - жұтқыншақ ішіне қарай итереді. Қысқа өңеш нашар бөлінген қарынмен жалғасады. Ішектері балықтардың ішектеріне қарағанда ұзынырақ болады. 12 елі ішектің иініне ұйқы безі жабысып жатады. Бауыры үлкен, оның өті болады. Ішектің екінші бөлімі аш ішектен тоқ ішек айқын ажыратылмаған. Керісінше, тік ішек бөлімі жақсы дамыған, ол клоакаға ашылады.

Тыныс алу жүйесі:Ересек қосмекенділер өкпе, желбезек және терісі арқылы тыныс алады. Өйткені өкпенің құрылысы керегесі ұсақ, жұқа ұя тәрізді қуыстардан тұратын екі қалтаға ұқсайды. Тері арқылы тыныс алуының зор маңызы бар. Оларда газ алмасу терісі және шырынды ауыз - жұтқыншақ қуысы арқылы жүзеге асады. Қосмекенділердің дернәсілдері тармақталған сыртқы жебезек арқылы тыныс алады, ол көптеген түрлерінде метаморфоз кезінде жойылып кетеді. Бірақ протейлер мен сирендерде олар өмір бойы сақталады. Ал амфиумдардың ересектерінде өкпемен қатар ішкі желбезегі де болады. Көкірек қуысы болмағандықтан тыныс алу механизмі ерекше болады. Ауаны ендіріп шығарып тұрудынасостың қызметін ауыз - жұтқыншақ бөлімі атқарады. Ауыз жұтқыншақ қуысының түбі төмен түскенде ашылып, қалғаны танау арқылы ауа ауыз қуысына енеді, бұл кезде көмекей саңылауы жабық тұрады. Одан кейін сыртқы танау тесігі жабылып, сонымен бірге ауыз – жұтқыншақ куысына өкпеден ауа келіп, атмосферадан келген ауамент араласады. Бұдан әрі ауыз қуысының түбі көтеріліп, аралас ауа ауыз қуысынан өкпеге қарай өткізіледі. Одан әрі жоғары көтерілген ауыз қуысының түбі таңдаймен жабысып, ауыз қуысындағы қалған аралас ауаны ашылған танау тесігі арқылы сыртқа шығарады. Одан кейін алғашқы фаза қайталанады. Тыныс алу жолдары қосмекенділерде нашар дамыған. Құйрықсыздарда көмекей кеңірдек куысы өте қысқа, ол өкпеге

  • ашылса, құйрықтылар мен аяқсыздарда көмекей - кеңірдек қуысы

  • ұзындау болып келіп, кеңірдектің бастамасы ретінде қарастыруға болады.

Қан айналу жүйесі: Өкпе мен бауыр аралығында өте жұқа пленкадан құралған перикардиялақ қуыс ішінде бақаның жүрегі орналасқан. Жүрек үш камералы, ол екі жүрекше, бір қарыншадан тұрады.

Нерв жүйесі: Қосмекенділердің бас миы балықтармен салыстырғанда прогрессивті белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Негізінен бұл алдыңғы миының үлкендігімен, ол ми жарты шарларына бөлінуімен сипатталады. Сонымен қатар алдыңғы қарыншаларының түбі ғана емес, олардың бүйірі мен үсті де ми заттарынан құралған. Сөйтіп қосмекенділерде нағыз ми күмбезі - архипалиум пайда болады. Бақаның бас миы 5 бөлімнен тұрады: алдында алдыңғы ми жарты шарлары орналасқан. Алдыңғы миы жарты шарларының алдынан иіс бөлімі тарайды. Алдыңғы мидан кейін аралық ми орналасқан, оның үстіңгі жағына эпифиз орналасқан. Ортаңғы миы екі дөңгелек келген көру бөлімі ретінде байқалады. Бұдан соң нашар дамыған миы жатады. Бұдан әрі ромб пішінді ойшығы бар сопақша ми орналасқан. Бұл ми жіңішкере келіп жұлынмен ұштасады. Мидан он жұп бас нервтері шығады, он бірінші жұбы дамымаған, ал он екінші жұбы ми сауытынан тысқары бөлімнен шығады. Ал жұлын нервтері иық және жамбас белдеулеріне нерв торларын құрайды. Симпатикалық нерв системасы жақсы дамыған.

Зәр – жыныс жүйелері Бұл органдардың құрылысы шеміршекті балықтардың жыныс органдарының құрылысына ұқсайды. Ұрықтың даму кезіндегі зәр шығару органдарының қызметін пронефрос, ал ересектерінде Вольфов каналдары арқылы сыртқа ашылатын – мезонефрос атқарады. Зәр заты алдымен клоакақуысына, одан кейін қуыққа барады. Қуық толғаннан кейін қуық тесігі арқылы клоака қуысына, одан сыртқа шығарылады.

Көбеюі және дамуы:Қосмекенділер дара жынысты хайуанат. Аталығының бүйректерінің жынысында орналасқан екі аталық без, аналығында дене қуысында жататын екі үлкен аналық без болады. Қосмекенділердің басым бөлігі сырттай ұрықтанады, тек аяқсыз қосмекенділер ғана аталық сұйықтықты клоакасы арқылы аналықтың клоакасына құйып, іштей ұрықтанады. Аталық безде жыныс өнімін шығаратын арнайы өзек болмайды, жыныс сұйықтығы несеп арқылы клоакаға құйылады. Аналық бездерде жетілген жұмыртқа дене қуысына түсіп, жүмыртқа жолының бастапқы бөлігіне барады да, одан жұмыртқа жолы арқылы клоакаға шығады. Қосмекенділер уылдырық шашу арқылы суда ұрықтанады. Көбею кезінде аталық және аналық без төңірегінде жыныс бездерінің қорегі мен сперматозоид, жұмыртқа түзуге қажетті кенеулі зат - сары түсті майлы дене пайда болады. Көктем басталысы мен қысқы ұйқыдан оянған қосмекенділер көбеюге кіріседі. . Бұл кезде суқоймалардан бақалардың бақылдаған шуылы естіледі. Кейбір бақалардың аталықтары қатты бақылдаған кезде басының екі жағынан қапшық томпиып шығады. Бұл бақалардың көбеюге дайындығы. Екі - екіден бөлінген бақалардың аналығы суға балық уылдырығына ұқсас уылдырық салады да, оған аталық

бақа сперматозойдтары бар сұйықтық құяды. Сөйтіп ұрықтанған уылдырық дами бастайды.

17 Практикалық сабақ: Көлбақаның қаңқасы және оның бөлімдерінің құрылысы

Қосмекенділердің өкілі көлбақаның жалпы қаңқасы:

Қосмекенділердің омыртқа жотасы жартылай құрлықта тіршілік етуге байланысты балықтармен салыстырғанда, едәуір жақсы жіктелген.

Омыртқа жотасы - мойын, көкірек, сегізкөз, құйрық бөлімдерінен тұрады.

1. Мойын бөлімі сақина тәрізді бір ғана омыртқадан тұрады, ол өзінің буындық екі оязы арқылы бас сүйекпен қозғалмалы байланысады.

2. Көкірек бөлімі бақада 7 омыртқадан тұрады.

3. Сегізкөз бөлімінің омыртқасы біреу ғана, ал аяқсыздарда тіпті болмайды. Сегізкөз омыртқасының көлденең өсінділеріне жамбас сүйегінің екі мықын сүйегі бекиді.

4. Құйрықсыздар дернәсілдерінің құйрық бөлімі көптеген жекелеген омыртқалардан тұрады да, бұл омыртқалар метаморфоз процесі кезінде бірімен - бірі бірігіп уростиль деп аталатын бір ғана сүйекшеге айналады. Ал құйрықты қосмекенділердің құйрық бөліміндегі омыртқа саны 26 - 36 болады.

Көкірек омыртқаларының пішіні көпшілік бақаларда процельді типті, яғни омыртқа денесі алдынан ойыс та, артынан дөңес болып келеді, тек соңғы көкірек омыртқасы

амфицельді болып келеді. Омыртқаның жоғарғы жұлын қуысын түзіп, арқа өсіндісімен аяқталады.Омыртқалардың бір - бірімен байланысуы омыртқа денелерінің бір - бірімен жалғасуымен және буындық екі ояздары арқылы орындалады. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда болады, бірақ та олардың қабырғалары өте қысқа келеді. Ол омыртқалардың көлденең өсіндісіне жалғасады. Бас сүйегі: Қосмекенділердің ми сауыты шеміршекті балықтардың ми сауыты сияқты түбі кең, көздері алшақ орналасқан және бұлардың арасында мидың алдыңғы бөлімі жататын болғандықтан, плаизабальді типке жатады. Бас сүйегі сүйекті балықтармен салыстырғанда көптеген шеміршектерден құралады және сүйектерінің мөлшері азырақ болады. Бас сүйегінің шүйде бөліміндегі шеміршектің тек қана бүйір бөлімі сүйектеніп бүйір шүйде сүйегін құрайды да, негізгі және шүйде бөлімдері шеміршек түрінде қалады. Есту капсуласының маңайында алдыңғы құлақ сүйегі қалыптасады да капсуланың қалған бөлімі шеміршек күйінде қалады. Құйрықсыздардың көз ұясының алдыңғы бөлімінде иіс сына сүйек дамиды. Ал қалған ми сауытының бөлімдері шеміршек сипатын сақтайды да, оларды пайда болған жамылғы сүйектер бекітеді. Басты үстіңгі жағынан төбе және маңдай сүйектері қоршап жатады. Бұл сүйектер құйрықсыздарда жымдасып, төбе - маңдай сүйектерін құрайды. Бұлардың алдында мұрын сүйектері орналасқан. Ми сауытының артқы екі бүйір жағына орналасқан бұдыр бетті жақ сүйектері болады. Ми сауытының түп жағы екі сүйектен тұрады: ол крест пішінді үлкен парасофеноид және оның алдыңғы жағында орналасқан өре сүйектерден құралады. Өре сүйегінің

алдында жұп ішкі танау тесік - хоана орналасқан. Бас сүйегінің түбін құрауға висцералдық сүйектер де қатысады. Бұған таңдай мен қанат тәрізді сүйектер жатады. Таңдай сүйегі өре сүйекке, ал қанат тәрізді сүйектер бұдыр бетті жақ сүйектеріне келіп жалғасады. Амфибилердің бас сүйегі - аутостилді, яғни таңдай шаршы шеміршегі ми сауытымен жымдасып қосылып кеткен. Таңдай –шаршы шеміршекке екінші жоғарғы жақ жабын сүйектері жалғасады. Оларды жұп жақ аралық сүйектер мен жоғарғы жақ сүйектерінен құралған сүйек доғасы атқарады. Алғашқы төменгі жақ қызметін Меккелев шеміршегі атқарады, оның сыртын екінші төменгі жақ құратын тіс және бұрыш сүйектері қаптап жатады. Ми сауытының аутостильді болуына байланысты тіл асты доғасы жақ аппаратының ми сауытына бекінуіне қатыспайды. Тіл асты және желбезек доғалары мен желбезек қақпақшалары редукцияға ұшырайды да, тіл асты доғасының үстіңгі элементі -гиомандибулярге кішкене үзенгі сүйекке айналады да, жаңадан пайда болған ортаңғы құлақ қуысына орналасады. Қалған тіл асты доғасының элементтері мен желбезек доғасының төменгі бөлімдері тіл асты пластинкасына және олардың мүйізшелеріне айналады. Бұл пластинка жақтың төменгі тарамдарының аралығынорналасады. Аяқ қаңқасы мен олардың белдеулері: Қосмекенділердің аяқ скелеттері құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың аяқ скелетіне ұқсағандықтан балықтардың қанат сүйектерінің құрылысынан айтарлықтай өзгешелігі бар. Яғни, қосмекенділердің аяқтарының құрылысы көп буынды болады. Бес саусақты аяқтары үш бөлімнен тұрады. 1. Алдыңғы аяқтары тоқпан жілік, артқы аяқтары ортан жілік деген бір- бір сүйектен тұрады. Бұлардың проксимальді ұшы белдеулерге, тоқпан жілік иыққа,ортан жілік жамбас белдеулеріне жалғасады. 2. Алдыңғы аяқтары кәрі жілік,артқы аяқтары асықты жіліктің сүйектерінен тұрады. Бұл бөлімнің әрқайсысы параллель орналасқан екі сүйектен тұрады: кәрі жілік шыбық пен шынтақ сүйектерден, ал асықты жілік үлкен асықты жіліктен және оның шыбығынан тұрады.



3. Алдыңғы аяқтары қол басы сүйектерінен тұрады. Артқы аяқтары табан сүйектерінен тұрады. Бұлардың әрқайсысы үш бөлімшеге бөлінеді. 1) алдыңғы аяқтары білезік сүйектерінен, ал артқы аяқтарытоларсақтан тұрады. Бұл бөлімше сүйектері үш қатар болып орналасқан 9-10 ұсақ сүйекшелерден тұрады. 2) алдыңғы аяқтары 5 ұзынша алақан, артқы аяқтары 5 ұзынша келген табан сүйектерінен құралады. 3) алдыңғы аяқтарында саусақтар, артқы аяқтарында башпайлар болады. Бұлар бес қатардан тұратын бірнеше ұсақ сүйекшелерден құралған. Иық белдеуі доға тәрізді иілген және көкірек бұлшық еттерінде бос орналасқан. Доғаның жоғарғы бөлімі жауырыннан тарайды да, бұның жоғарғы етегі шеміршек күйінде қалады. Төменгі бөлімі каракоидтан және оның алдыңғы жағында жатқан прокоракоидтан құралады. Прокаракоидтың үстіне шеміршектен тұратын бұғана орналасқан. Осы айтылған сүйектерінің ұштары тоқпан жіліктің ұршық басының бекитін жерінде ұштасып буын оязын қүрайды. Оң және сол коракоидтардың қосылған жерінің алдыңғы жағында төс сүріншегі ал арт жағында төс жатады. Әр жамбас белдеуі үш жұп сүйектен қалыптасқан. Сол сүйектердің үштары түйісіп, жамбас шүңқырын құрайды. Ұзын мықын сүйегі өзінің проксималды ұшымен сегізкөз омыртқасының көлденең өсіндісіне бекиді. Артқа және алдыға созылған шап сүйек белдеуі басқаларда шеміршек күйінде қалады. Бұның арт жағында шонданай сүйегі орналасқан. Жамбас белдеуінің элементтерінің мұндай болып орналасуы құрлықтағы барлық жануарларға тән қасиет.
18 Практикалық сабақ: Бауырымен жорғалаушылар класына жалпы сипаттама

Бауырымен жорғалаушыларрептилиялар (лат. Reptilia) – жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар.

Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.Әйткенмен рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылар-дың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Денежылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14—32° градустың арасында болады.Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлармозазаврларптерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозойкайнозой шөгінділерінен түрлі тасбақаныңкесірткеніңқолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...